1. 1 «Қиын бала» ұғымының шығуы және ғалым-педагогтардың


Қиын жасөспірімді тәрбиелеудегі мектеп ұжымы мен отбасының рөлі



бет2/6
Дата27.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#161139
1   2   3   4   5   6

1.3 Қиын жасөспірімді тәрбиелеудегі мектеп ұжымы мен отбасының рөлі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында девиантты мінезді оқушыларға мынадай анықтама берілген: «балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан үнемі жалтаруы, отбасынан немесе балалардың оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы»(43.).

Олардың әр кезеңде әртүрлі аталғаны бізге белгілі: «тәртібі нашар», «қиын», «тәрбиесі қиын» тағы басқа.

Ғылыми тұрғыдан зерттегенде, дәл осы балалардың оқуға қызығуларының жоқ екені, олар мектепке де сыймай, үйге де сыйлы болмай, мұғалімдердің берекесін кетіріп, түптің түбінде олардың басым көпшілігінен дайын заң бұзушылар мен қылмыскерлер шығатыны бұрын да дәлелденген.

Әрбір оқушының өзін қоршаған ортасымен тығыз қарым-қатынаста болатынын, солардың әсерімен дамитынын ескере отырып «қиын» балалардың мінезіне отбасы, мектеп және көшенің қалай әсер ететін жағдайларына жеке-жеке тоқталып көрелік.

Бала тәрбиесіне отбасының жағымсыз әсер ету жақтарын сөз еткенде, оны үш топқа бөліп қарастыруға болады.

1. Бірінші топ – баланы қалай тәрбиелеуді біледі және дәл солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда, өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекеттерімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді.

2. Екінші топ - өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ, қалай тәрбиелеу керек екенінін білмейді. Мұндайлар ата-аналардың басым көпшілігі. Олар білмегендіктен балаларына кері әсер етуі мүмкін.

3. Үшінші топ – балаларды тәрбиелеудің жолдарын білмейді, білгісі де келмейді, педагогтерге қарсы тұратын төмендегі әлеуметтік топ. Бұлар соншалықты көп болмағанымен, «қиын» балаларды беретін отбасылар.

Енді осы факторларды тарата айталық. Халық даналығы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Не ексең соны орасың», десе ұлы Абай «тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі - ақымақшылық» деп түйіндейді. Ал атақты физиолог И.Павлов «әрбір баланың мінез-құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекеттерінен үлгі алу барысында қалыптасады» (43.) деп тұжырымдайды.

Бала отбасы жағдайында өмірдегі әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасында бірін-бірі сыйлау, қамқоршы болу, бірлесіп еңбек ету секілді игі дәстүрлер қалыптасқан болса, ол ортадан қоғамға қарсы тұратын тәрбиесіз адам шығуы теориялық жағынан алғанда мүмкін емес. Бұл әңгімеміз, әрине, бірінші топтағы ата-аналарға қатысты.

Моралдік жағынан азғындаған отбасында, әдетте, балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Балалар ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, оларды А.С.Макаренко «ертеңгі күннің қуанышын жоғалта бастайды» (49),- деген. Сондықтан олар отбасында өздеріне алмаған жылылық пен қайрымдылықты сырттан, көшеден іздейді. Бірақ, көп жағдайда оларды қоғамға жат элементтер өз «қамқорлығына» алады. Олар бұзақылар тобы , нашақорлар, жезөкшелер және тағы басқа әлеуметтік топтар болуы мүмкін.

Отбасы тәрбиесінде ең маңызды мәселенің бірі – ата-аналардың педагогикалық көзқарасының қалай қалыптасуында. Қазіргі кездегі аса бай отбасылардың пайда болуы, оларда бала тәрбиесінің дұрыс тәжірибесі қалыптасты деген сөз емес. Міне, осындай отбасылардың кейбір ата-аналары балаларының кез келген сұрансын мезетте қанағаттандыру, аламын деген нәрсенің бәрін сөзге келмей сатып әперу, үй тірлігіне қатыстырмауы баласының өзімшіл, тек қана тұтынушы, жалқау, басқаның есебінен жақсы өмір сүргісі келетін, арамтамақ болып қалыптасуына әкеліп соқтыратынын ескере де бермейді.

Дәл осыған қарама-қарсы әрекет істейтін ата-аналардың да түсінгі балаларын тура жолдан шығаруға итермелейді.

Мұндай ата-аналар өз балаларын аса қаталдықпен тәрбиелеймін деп әртүрлі қысым мен тыйымдарды қолдану, сәл нәрсеге бола қатаң жазалау, ар-намысын қорлайтын әрекеттер жасау арқылы балаларын өздеріне қарсы қояды. Мұндай жағдай да әрине, балалар ата-анасын сыйламайды, олардың баласына айтқан «ақылы» кері әсер етеді. Осындай отбасында «тәрбие» алған баланың тәрбиелі болуы да екіталай.

Үшінші топқа жататан ата-аналар өз балаларының не істеп, немен айналысып жүргендерімен ісі жоқ, оны өзінің міндеті деп санамайтындар. Олардың балалары қараусыз қалғандай әсер береді. Бұл – ең қауіпті әрі сөз жоқ, девиантты мінезді балалардың басым көпшілігін беретін отбасылар.

Мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы кемшіліктердің де бала тәрбиесіне кері әсер етері даусыз. Олардың бірнеше түрін атап өтсек мына төмендегідей:


    1. Тәртіп бұзуға бейім тұратын оқушылардың дер кезінде анықтап, олармен алдын ала жұмыстар жүргізбеу.

    2. Мектеп ұжымының осы мәселеде алаусыз болуы немесе жүйелі жұмыстың болмауы. Мектептегі өзін-өзі басқару жұмысының дұрыс жүрмеуі.Сыныптан тыс, мектептен тыс өтілетін іс-шаралардың сапасының төмен екендігі.Тәрбиесі қиын балалардың отбасыларымен қарым-қатынастың нашар ұйымдастырылуы.

    3. Девиантты мінезді оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орната білмеу немесе мұғалімдер мен тәрбиешілердің кәсіби деңгейінің төмендігі.

    4. Кейбір мұғалімдердің сабақ беру әдісінің төмен болуының әсерінен оқушылардың сабаққа қызықпауы, үлгерімнің нашарлығы, сөз жоқ, оқышылардың тәртібін әлсіреді және ол мұғалімдердің де беделін төмендетеді.

    5. Кейбір мұғалімдердің педагогикалық этиканы білмеуі немесе сақтамауы оқушыларды өзіне қарсы қоюға әкеліп соғады да, ұзаққа созылған шиеленісті туғызады.

    6. Көшедегі кездейсоқ топтардың оқушының теріс мінезін қалыптастырудағы қосар үлесі де аз емес. Өйткені, қазір көшелерді, аймақтарды белгілі бір топтардың бөліп алып, сол жерлерде билік жүргізілетіні ешкімге де құпия емес.Олар өз түсініктері бойынша өмір сүреді және өз қатарын өзі сияқтылармен толықтырып отырады. Ал олар сол ортада өздерін еркін әрі ыңғайлы сезінеді. Себебі отбасында, мектептегі қағидалары мен адами құндылықтары өздерінше қалыптасқан. Сондықтан қоғамдық мораль мен нормалар олардың түсінігіне сай келмейді. Олардың еліктейтіндері: түрмедегі беделділер, зоршылық пен тонаушылық «ерлік» істері. Ендеше қоғамға жат құмар ойыны, ішкілік ішу, дөрекі сөйлеу, нашақорлықпен, жезөкшелікпен айналысу олардың күнделікті қатардағы тірліктері іспетті. Нәтижеде отбасындағы тәрбиенің нашарлығы мен мектептегі тәрбие беру ісінің дұрыс жолға қойылмауының кесірінен девиантты мінезді балалар тәртіп бұзушылардан «көше» тәртібін қабылдайды. Сөйтіп, ақырында кәдімгі қылмыскерлерге айналады.

Енді осы девиантты мінезді оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне тоқтала кетелік.

Бұл қиын балалар өздерінің интеллектуалдық қабілеті жағынан өз қатарларынан қалмайды. Алайда, олардың жоғары психологиялық қасиеттері: зейін, абстрактілі ойлау, есте сақтау тағы басқа әртүрлі жаттығулар мен дағыдыларды дамытпағандықтан артта қалған. Соның салдарынан олар қисынды ойлай білмейді, өз ісінің ақырын болжай алмайды, сондай-ақ танымдық белсенділігі төмен, ғылым және саяси-қоғамдық мәселелер мүлдем қызықтырмайды, рухани мәдениеттің не екенінен тіпті бейхабар. Негізінен, олар қарапайым күнделікті өмірдің күйбеңінен аспайды, онда да тек даярға тап болып үйренген, салиқалы да пайдалы іс-әрекеттен гөрі уақытты босқа өткізгенді тәуір көреді.

Дегенмен, олар өздерінің алдына қойған мақсатын орындау үшін (темекі, ішімдік, есірткі зат, ұрлық жасау) әртүрлі тапқырлық көрсете алады. Сабақ оқу, уәдеде тұру, режимді сақтау, саналы тәртіпке бағыну сияқты оқушыға тән міндеттер мен парызды орындауға келген олардың ерік-жігері тым төмен, табандылығы жетіспейді.

Зерттеулер көрсеткендей, ер балалар мен қыздардың арасында едәуір психологиялық айырмашылықтар бар. Ер балалар қыздарға қарағанда белсенді, іс-әрекеті жылдам, ұрыс-керіс бейім. Қыздар өз көңіл күйіне көбірек берілген, айтқанды орындағыш әрі жанашыр болуға жақын тұрады. Сондықтан тәрбие беруде ер балалардың осы ерекшеліктерін есепке алу керек. Жасөспірім шағында олар «нағыз жігеттерге» ұқсағысы келеді. Дегенмен олар дөрекі, тек күшіне сенетін, төбелескіш болып келетіні жиі байқалады. Сол себепті де қыздарға қолданған тәрбие құралдары ер балаларға барлық кезде жарамды бола бермейді.

Девиантты бозбалаларды қайта тәрбиелеу кезінде олардың темпераментін ескермей кетуге болмайды. Мысалы, сангвиник өзіне қойылған талаптарды тез қабылдайды, бірақ дәл солай тез ұмытады. Холерик өзіне қойылған талапты өзін күлкіге айналдыру, мазақтау, кемсіту деп түсініп, оны дөрекі түрде қабылдамай тастайды. Меланхолик өзін ұнамдысын, өз көзқарасына тура келген жерін ғана қабылдап, басқасына көңіл де аудармайды. Флегматик бәрін әбден терең әрі жан-жақты ойланады. Осыған орай, тәрбие жұмысында темперамантінің ерекшеліктерін ескермейінше, педагогикалық шаралардың іске аспай қалуы әбден мүмкін.

Тағы бір ескеретін жайт, жасөспірімдердің жыныстық даму кезеңінде болатын дене құрлысындағы өзгерістер.

Егер жақсы бағытта дамыған өзгерістер баланың санасына дұрыс әсер етсе, онда ол психологиялық жағынан да дұрыс қалыптасады. Ал керісінше, оның дене құрылымында бойы қортық, артық салмақ, көзінің, тілінің не басқа да кемістіктері болса, онда оның дұрыс мінез қалыптасуына кері әсерін тигізері сөзсіз. Сондықтан да тәрбиеші мұндай балалармен ерекше ілтипатты болуы тиіс.

Көтеріңкі көңіл күй, құрмет көрсету, сенім білдіру сияқты психикалық жағдайлар тұлғаға педагогикалық әсер етудің әсерлігін күшейтеді. Ал ашуланшақ, бойын қорқыныш билеген, өкпелегіш сияқты жағымсыз сәттер оқушының жақсы болып қалыптасуына үлкен бөгет. Сондықтан оқушыға педагогикалық әсер етер кезінде оның қандай психологиялық жағдайда екенін ескеру өте-мөте қажет-ақ.

Әлеуметтік педагогтың тағы бір ескеретіні: ол оқушының өзін адами тұрғыдан тең ұстауы, оған сенім ұялата білуі керек. Егер әлеуметтік педагог өзінің айтқанын оқушылардан қалай да орындауын талап етсе, олардың адамгершілік қасиеттерін есепке алмай әрекет жасаса, олардың сый-құрметіне бөленбек түгілі балалардың енжар тартуына себепші болады.

Девиантты мінезді оқушыға ата-анасының да, мектептің де жағымды әсер етуі арқылы оны дұрыс жолға салуға болмайтыны белгілі болса, онда ол баланы кешіктермей дәл уақытысында жабық түрдегі ерекше педагогикалық режимдегі арнайы тәрбие мекемесіне жіберу керек. Әрине, бұл соңғы шара, себебі қиын балалармен жұмыс жүйесін қалыптастыру қаншалықты ауыр болса да, мінез-құлқын түзету шараларын төмендегіше ұйымдастыру жөн деп санаймыз.



  1. Тәртіп пен заңды бұзуға бейім тұратын, сабақ үлгерімі нашар оқушыларды сынып және мектеп бойынша анықтау. Ол үшін біріншіден, әр тоқсан сайын бір немесе екі пәннен үлгермейтін оқушыларды анықтап отыру қажет. Үлгермейтін оқушылардың барлығының тәртібі нашар болмас, алайда, қиын оқушылардың басым көпшілігі бірнеше пәндерден үлгермейтіні ақиқат. Екіншіден, сауалнама жүргізу арқылы қиын оқушылар мен педагогтардың қарым-қатынасын анықтап, оны жолға қою мәселесін шешу қажет. Зерттеулер көрсеткендй, девиантты мінезді балалардың басым көпшілігі бір немесе бірнеше мұғалімдердің шиеленісті жағдайда болады,ондай қарым-қатынас олардың түзелуіне кері әсер етеді. Үшіншіден, қиын оқушылардың өз сыныптастарымен қандай жағдайда екенін анықтау және соған лайықты іс-шаралар жүргізу. Олардың көпшілігі өз сыныбында – басбұзар, іріткі салушылар және өзі сияқты бұзақылардың жетекшісі болып келеді. Төртіншіден, ата-аналармен және достарымен әңгімелесу арқылы тәрбиесі қиын оқушылардың бос кездерінде кімдермен жүріп-тұратынын, қандай топтарда, орталарда болатынын анықтау. Себебі дәл сол бейресми топтарда болу арқылы олар темекі шегу, арақ ішу, құмар ойындарын ойнауды әдетке айналдырады.

Сонымен қатар, олар өзінен кішілерге әлімжеттік жасауын, жануарларды қаншалықты жәбірлейтінін анықтау да олардың мінез-құлқының бұзылығын көрсетеді.

Жоғары да көрсетілген төрт көрсеткіштің екеуінің бар болуының өзі-ақ оқушыны тәрбиесі қиын балалар қатарына қосуға жеткілікті.

2. Аталған тәрбиесі қиын балалардың тәртібі мен адамгершілік қасиеттерін дамытудағы ауытқушылықтардың себебін зерттеу және жеке басының психологиялық ерекшеліктерін зерделеу.

Қиын балалардың «қиындығы» неде екенін білу үшін оның себебін табу керк. Біріншіден, оның жүйкесі мен психикасында ауытқушылық бар-жоғын анықтап білу керек. Мамандардың пікірінше, олндай ауытқушылығы бар оқушылардың 10-15 пайызы жүйке немесе психикалық ауру жағдайына байланысты болады екен. Мұндай оқушыларды тәрбиелеуден бұрын емдеу керек.



Екіншіден, сау балалардың адамгершілік қасиеттеріне қандай факторлар жағымды, ал қандай факторлар жағымсыз әсер ететінін анықтап алу үшін ақпарат жинау. Ол үшін әңгімелер, бақылау сауалнама жүргізу, құжаттарды зерттеу әдістері қолданылады. Олардың бәріне дұрыс талдау жасау дегеніміз – қиын балаларды анықтауда қателікке бой ұрмау жағын қарастыру болып табылады.

Девиантты мінезді оқушыны қайта тәрбиелеу кезеңінде төмендегі факторларды есепке алмайынша істің табысты болмайтыны белгілі: отбасындағы жағдайы, досы кім, бос уақытында кіммен және қалай өткізеді, сабақ оқуда неден қиналады, сынып ұжымымен және педагогтармен қарым-қатынасы қалай, оның өзінің тұлғалық ерекшеліктері. Осындый ерекшеліктерін есепке алу оған дұрыс диагноз қоюмен бірдей. Дұрыс қойылған диагноз аурудың дұрыс ем қабылдауына оң әсер ететіні белігілі жайт.



  1. Девиантты балаларған педагогикалық әсер ету жолдары.

Ойланып жоспарланған түзету жұмыстары оқу-тәрбие жұмысында қиын балаларды қайта тәрбиелеу кезеңінде аса маңызды болып табылады.

Біріншіден, мектеп жоспарында қиын балалардың барлығы үшін жүргізілетін іс-шаралар белгіленуі тиіс. Екіншіден, әрбір қиын оқушымен жүргізілетін жеке жұмыс жоспарының болуы ләзім.

Осындай жоспарларда қиын балалрға отбасы тәрбиесінің жағымсыз факторларын болдырмау, кездейсоқ топтардың жағымсыз әсерінен оларды қорғау, сабаққа қызығуын арттыру, қандай да бір істерге ынталандыру сияқты мақсаттар қойылуы шарт. Сондай-ақ, қиын оқушылардың жағымды жақтарын нақтылап, оны олардың өзін түзету ісіне ұтымды пайдалана білу - әлеуметтік педагогтің нағыз ерлігі болып саналды. әрине, әлеуметтік педагог барлық уақытта сабырлы болуы тиіс. Өйткені, түзету жұмыстары өз жемісін тез арада бере қоймайтынын саналы ұғынуымыз керек.



  1. Қиын балалардың сыныптастары және пән мұғалімдерімен қарым-қатынасын өзгерту жолдары.

Қиын балалардың басым көпшілігі өздерін өзі оқитын сыныптан оқшау ұстайды, оларды сыныптың тіршілігі қызықтырмайды, олардан қашқақтайды. Олар, әдетте, нашар оқығандықтан, сыныптастары оларды себепті тәрбиеші барлық кезде сабырлы болуы тиіс. Өйткені, түзету жұмыстары өз жемісін тез арада бере қомайтыны саналы ұғынумыз керек.

Девиантты мінезді оқушылар өздеріне ұрысқанды ұната бермейді. Сондықтан мектеп мұғалімдері олармен болған қарым-қатынаста педагогикалық этиканы аса қатаң асқақтауы қажет.



  1. Қиын оқушыларды әртүрлі жағымды істерге қатысуға тарту арқылы оларды табысқа жетелеу.

Қиын оқушыларды қайта тәрбиелеу дегеніміз: оның жағымсыз әдеттерін жағымды әдеттермен шығарып тастау. Оқу жасындағы балалардың негізгі айналыстаын істері – оқу, еңбек ету мен қызыққан ісімен айналысу.

Оқу оқушылардың негізігі қызметі болып табылады, сондықтан қиын оқуышларды мектепке қайтару, оқуға қызығуын арттыру – аса күрделі әрі әлеуметтік педагогтің беделін артытыратын іс. Себебі қиын балалардың 90 пайызының сабаққа ықыласы жоқ. Сондықтан оларды сыныптан тыс іс-шараларға тарту арқылы, спортқа, техникаға, өнерге қызықтыру арқылы оқуға бірте-бірте тарту әлеуметтік педагогтердің және пән мұғалімдердің қасиетті ісі болып табылады. Себебі, аталған қызметтердің бірінде жеңіске жету оларды басқа да істерге табысты болуға жетелейді.

Ол үшін әлеуметтік педагог адамның өзін-өзі дамытушылық қасиетімен өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндігін еспке алуы керек.

әрбір баланың жақсы болуға тырысатын кездері болады: оның сондай белсенділігі мен талпынысына қолдау көрету, демеп жіберу, сеніммен қарау балаға қанат бітіріп, басқаларға деген сенімен ұлғайтады.

Қиын оқушыларға әртүрлі жағдаяттар туғызу арқылы сыныпта оның беделін көтеруге мүмкіндік беру, ұжымдық шығармашылық істерге тарта отырып оның қабілетін жақсы жағынан көрсете білуіне жәрдемдесу олардың мектеп ұжымына қайта оралуына әсер ететін бақытты сәттер болып есептеледі. Әлеуметтік педагог қиын оқушылармен жұмыс жүргізгенде осыларды іске асыруға міндетті.


  1. Қиын оқушылардың отбасылық жағдайын өзгерту.

Отбасының қиын жағдайы бала тәрбиесіне кері әсер ететіні бұрын да бірнеше рет дәлелденгені ақиқат.

Біз жоғарыда айтқандай, қалыптағы отбасыдан «қиын» бала шыға қоймайтыны белгілі. Алайда Л.Толстой жазғандай: «барлық бақытты отбасылар бір-біріне қандай ұқсас болса, әрбір бақытсыз отбасы бір-біріне ұқсамайтындай әрқилы бақытсыз»(43.).

Бұл жерде айтпай кетуге болмайтын біраз жәйттер де бар. Өзінің физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты қыздарға қарағанда ұл балалардың ішінде девиантты мінезділер анағұрлым жиі кездеседі. Оның дәлелді себебі жоқ емес. Қазіргі кезеңде тәрбие жұмысында фемизиациялану үрдісі жүріп жатыр немесе бала дүниеге келгеннен бастап әйелдердің тәрбиесін көріп өседі: отбасы, балабақша, мектеп. Ана тәрбиесі мен әке тәрбиесі бірдей жүрмеген жағдайда табиғи теңдік бұзылатыны айдан анық нәрсе. Себебін ашып көрелік.

Анасы баланы көтергеннен бастап оны тоғыз ай бойы өз бойында сақтайды, құрасығында жетілдереді. Сол уақыттың бәрінде ана мен баланың арасында тығыз биологиялық байланыстар орнайды. Ананың көптеген қасиеттері балаға беріледі. Дүниеге келген соң да бала ана сүтімен қоректеніп, жүргенге дейін тек анасының қамқорлығында болады. Бала-бақшаға баратын жағдай туды делік, онда да оны қарсы алатын өзінің анасы сияқты тәрбиешілер, бастауыш сыныпта да әріп танытатын әйел мұғалімдер. Осы факторлар ер балаларда ер адамға лайық мінездердің толық қалыптаспауына әкеп соғады. Себебі, үлкендер олар үшін үлгі. Ал ер балалардың алатын үлгісі тек «ақ жаулықты аналар» болғандықтан, олардың мінез-құлқы солай қалыптасады. Біз бұл жерде әйелдерді кемсітуден аулақпыз, тек осындай мәселенің бар екенін айтпақпыз. Мінезі солай қылыптасқан ер бала жігіттің сөзі, намыс, уәде, ар сияқты еркекке тән ұғымдарды бойына дарыта қоймайды да ұсақтыққа көбірек кетіп қалады. Сөйтіп, олар тез өкпелегіш, біріне-бірін шағыстырғыш, өтірік айтуға бейім болып қалыптасады.

Біз бұл жерде ер балаға әкенің тәрбиесінің қаншалықты әсерлі екенін көрсетуді мақсат етіп ғана айтып отырмыз. «Баланың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге», «Атадан бала туар, атасының жолын қуар», «Ата – балаға сыншы», «Ата баласының ат меңіндей белгісі болады», «Атадан - өсиет, анадан - қасиет» деген қазақ мақалдары әкенің балаға қаншалықты тәлім-тәрбие берудегі рөлі мен орнын көрсететіні сөзсіз. Ал жапон мақалы «Ер балаға жүз мұғалімнен бір әке артық» десе, белгілі педагог В.Сухомлинский «ер бала үшін жақсы минстрден жаман әке артық» деп түйіндейді.

Баланың алғашқы адами құныдлықтары, әрине, отбасында қалыптасады. Алайда, ешбір ата-ана өз баласының жаман болғанын қаламайтыны даусыз. Егер әртүрлі себептермен баласы тура жолдан шығып кеткеннің өзінде ол ата-аналарды кіналай бермей, бірлесіп жұмыс істеу үшін олармен дұрыс қарым-қатынас орнату керек, ал екіншіден, ол отбасының барлық жағдайын зерттеу керек. Бұл үшін «Менің отбасым», «Мен не үшін ата-аналарымды жақсы көремін (сыйлаймын)», «мен бос уақытымды қалай өткіземін?» тақырыптарында шығарма жаздырған жөн. Үшінден, істелген жұмыстың бәрі алдын ала терең жан-жақты ойластырған болуы керек. Ата-аналармен, олардың тәрбиесі қиын балалармен жүргізілетін жұмыс сол отбасының жеке ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланғаны дұрыс: Төртіншіден, барлық жүргізілген жұмыстар өзінің оң нәтижесін бермесе, онда атқарушы органдарға немесе құқық қорғау орындарына, басқа да комиссия және сотқа жүгінген жөн.




ІІ тарау. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен агрессивті балалармен жұмыс істеу ерекшелігі

2.1 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылардың балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының басты себептерінің бірі тәрбие жұмысының дұрыс жүргізілмеуінен деп есептеймін.

Еліміздің болашағы – білімді ұрпақ. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы ежелден – ақ, өз ұрпақтарының болашағы мен тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарап, ерекше көңіл бөлген.

Тәрбие халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көз қарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру болып табылады.

Тәрбиенің негізгі мақсаты : дені сау , ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор , іскер, бойында басқада қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесі қазіргі заман талабына сай өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты жаңарып отыруы тиіс. Қазіргі қоғам жан – жақты үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етіп отыр.

Тәлім – тәрбиенің мақсаты - баланың жасы мен жеке басының ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, салауатты ұрпақты тәрбиелеу. Қоғамдық тәрбие халықтың педагогикадан бастау алып, ғылымда дәлелденген нәтижелерге сүйенсе, тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, игілікті тәрбиенің негізі қаланбақ.

Бала тәрбиесін жалпы мынадай үш түрге бөлуге болады : рухани тәрбие, ата-ана тәрбиесі, стихиялы тәрбие.

Жасөспірімдерге берілетін осы үш тәрбиенің қазіргі жағдайы қандай ?

1. Рухани тәрбие. Кеңес дәуіріндегі комунистік рухани тәрбие қазір жоқ екендігі баршамызға аян. Оның орнына қазір халықтың педагогика негіздерін пайдалану қолға алынып жатыр.

Жас ұрпақ – иіліп тұрған көк шыбық. Оның түзу немесе қисық өсуі бағбанның дұрыс күтіп, бағуына байланысты. Сол сияқты баланың болашағы да оның ата-анасы мен ұстаздарынан алған тәрбиесінің сапасына тікелей байланысты. Жас ұрпақтың рухани тәрбие алуына ұстаздардың берері мол.

Ұстазы білімді ұрпақ қана еліміздің болашағын көркейтер азамат болып жетіледі. Ұстаз - ұрпағымыздың адамгершілікке , азаматтыққа, ана тілін және ұлттық салт – дәстүрлерді ардақтауға тәрбиелейді. Мектептегі тәрбие жүйесіне тікелей жауапты мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының алдындағы міндеттер өте жауапты әрі күрделі. Негізінен мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары сынып жетекшілерімен , әлеуметтік педагог – психологтармен және ата-аналармен бірлесе жұмыс жасауымыз керек. Тәрбие ісінің меңгерушілері өздерінің күнделікті қызметінде «сынып жетекшілер әріптестірімен, отбасымен, жұртшылықпен бірігіп жұмыс істейді» деген түсінікте. Бірақ қазіргі таңда бұл пікірді анықтау қажет сияқты : біріншіден, сынып жетекшілер оқушыны тәрбиелеу жөнінде өзара келісті, ал оқушы бұл жағдайдан – бейхабар. Ол оқушыға осы жағдайда қандай көмек қажет , немесе ол өзінің проблемаларын өзі шешетіндей мүмкіндігі бар ма ? Бұл жағы тасада қалады. Сондықтан , көп жағдайда, тәрбие жұмысы нәтиже бермейді. Тәрбие жүйесіндегі сынып жетекшісінің орнын анықтау барысында ең басты бағыттан айырылмаған абзал – ол оқушы мен сынып жетекшісінің өзара байланысы. Оқушының қалыптасуына ықпал жасайтын жағдайлардың бірнеше түрлерін атап өтсек. Олар: баланың бос уақыты, баланың өмір сүретін ортасы, тұрмыс – қалпы және мектептен тыс мекемелеріндегі (спорт мектебіндегі) тәлім – тәрбие.

Оқушының бос уақытын ата – анамен бірлесе отырып тиімді ұйымдастырылса, оқушының тұрмыс қалпы тек қана үйдің материалдық жағдайымен шектеліп қалмайды. Мектепте ауық – ауық белгілі бір модаға байланысты «эпидемиялар» болып тұрады. Мысалы «Бригада» фильміне еліктеу. Кейбір оқушылар (әсіресе , ересек) сыныптарындағы, құрбыларындағы киім тағы басқа және сол сияқты заттар болмағанына налып, кемісітіп жатады. Сондықтан, көп жағдайларда ата – аналармен келіспеушілік туады.

Осымен рухани тәрбие жөнінде қорыта келе ұстаздардың басты назарында – оқушы – Адам, оқушы – тұлға, әр оқушының ерекше қасиеттері, оларды қорғау, дамыту міндеттері. Ал сынып ұжымы - әр балаға қолайлы ортаға айналуы керек.

2. Ата-ана тәрбиесі. Қайтсек күнімізді көреміз деп базарда тиын санап жүрген ата-аналар балаларының тәрбиесіне дұрыстап көңіл бөлуге мүмкіндіктері мүлде аз. Сабақтан тыс бос уақыттарда ата-ананың бақылауынсыз қалған балалар компьютер клубында немесе сая бақтарда уақытын өткізуде. Бұл жастарға кері әсерін тигізуде . Қазақстан Республикасы Ата заңының 27 баптың 2 тармағында « балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы» делінсе, Қазақстан 2030 бағдарламасында «Әкелер мен аналардың өз балалары алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз...» делініп, ұрпақ тағдыры мен мемлекет тағдыры қатар қойылған.

Баланың өсу процесінде ата-анаға деген көз қарасы үш бөлімнен тұрады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет