МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ........................................................................................................................5
1 ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІПНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ.........................................7
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері .....................7
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері.....13
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар......................19
2 «МАВИД» ЖШС-НІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ.....................28
2.1 «Мавид» ЖШС-нің сипаттамасы және өндірістік–шаруашылық қызметін талдау..........................................................................................................................28
2.2 Өнім ассортиментін және өндіріс ырғақтылығын талдау...............................32
2.3 Негізгі қорлардың пайдаланылуын талдау.......................................................35
2.4 Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін, еңбек өнімділігін талдау..........................................................................................................................37
2.5 Өзіндік құн, табыс және рентабельділікті талдау............................................39
2.6 «Мавид» ЖШС-нің бәсекелік ұстанымын бағалау..........................................43
3 НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ.....................................................................................48
3.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін жақсарту..48
3.2 «Мавид» ЖШС-ғында бәсекелестікті жоғарылату мақсатында өнім ассортиментін кеңейту және өндірістік қуаттылықты пайдалануды жетілдіру..58
3.3Ұсынылған шаралар тиімділігінің жинақ есебі.................................................61
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................65
КІРІСПЕ
Ғаламдану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті ұлттық шаруашылық пен жекелеген экономикалык субъектілердің бәсекелес қабілетін қалыптастыру және қолдау болып табылады. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту максатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізгі міндеттері: ғылыми көлемді және жоғары технологиялық экспортты өндірістердің құрылуына жағдай жасау; жоғары құнды кызмет көрсету мен тауарлар пайдасына сай елдің экспортты деңгейін диверсификациялау инновациялык үрдістермен бірігіп, әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялау.
Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары, тұтынушылық сұраныстың дифференциялануы, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігі және өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде.
Әйтсе де, ғаламдық даму үдерімінің қазіргі кезеңінде колда бар жетістіктерге канағаттану жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс-әрекетті арқау еткен әлемдік нарык өндірушілері барынша жаңа нарықтарды игеруге, ондағы тұтынушыларды жаулауға белсене кірісуде. Нарықтың бұл қатал шарты отандық өнім өндірушілердің бәсекелік кауқарын нығайтуды, кәсіпорындардың бәсекелік қыспақтарға төтеп берерлік қабілетін арттыруды, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары өнім өндіруге тиімді әсері бар тетіктерді айқындауды кажет етеді. Бұл жағдай Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу - негізгі міндетіміз болып қала береді.
Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелік қабілетін арттыру арқылы, ...қол жеткіземіз».
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізін кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулыктары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық кұжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері жылдық есептемелік кұжаттары құрайды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімен, қорытынды мен пайдалынылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысының кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, зерттеу объектісі, теориялык және әдістемелік негізі қарастырылган.
Бірінші бөлімінде кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінін теориялык жақтары, қазіргі нарыктық экономикадағы орны қарастырылған.
Ал, екінші бөлімінде «Мавид» ЖШС-нің қызметіне өндірістік-шаруашылық және сол кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі бойынша талдау жасалады. Яғни, сол кәсіпорын қаншалықты бәсекеге кабілетті екендігі талданады.
Үшінші бөлімінде нарықтық жағдайындағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу жолдары қарастырылған.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІПН АРТТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ
-
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері
Ұлттық экономикадағы нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде, отандық өндірушілердің өнімдерін әлемдік нарықтың сұранысына сәйкестендіру бағытында атқарылатын іс-шаралардың тобына шығарылатын өнімдердің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету мәселесін жатқызуға болады. Қазіргі кезде өзекті болып отырған мемлекеттің экономикалық, азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру әрекеттері де сыртқы өндірушілердің ұқсас өнімдеріне төтеп бере алатын отандық өнімдердің өндірілуіне тәуелді.
Еліміздің табиғи, экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне сай иелігіміздегі құндылықтарды барынша тиімді, әрі ұтымды жұмсау, тек ішкі нарықта ғана емес, әлемдік нарықта да жоғары сұранысқа ие болатын халық тұтынатын тауарлар шығару, сол нарықтың қомақты бөлігін қосылған құны жоғары өнімдер өткізу арқылы иемдену, осы арқылы мемлекетіміздің беделін арттыру бүгінгі таңда қарқынды жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық үрдістердің негізін қалайды.
Сонымен қатар, тұтыну нарығындағы өскелең талаптар да отандық тауар әндірушілерге шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға койып отыр. Мұның өзі бәсекелік ортаның дамуына, өндірілетін өнімнің сапасын жоғарылатуға, бағаны төмендетуге ықпалын тигізіп, тұтынушылардың кең көлемді сұранысын қанағаттандыруға итермелейді. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі фактор екенін уақыттың өзі дәлелдеуде.
Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз — кез-келген экономикалык объектілерге тән қасиет. Физикалық табиғатына және атқаратын қабілетіне қарамай, барлық тауарлар, сондай-ақ оларды өндіру, пайдалану жүйелері бәсеке мәселесі шеңберінде қарастырылады, тіпті мұндай талдау аспектісі абстрактілі емес, нақты экономикалық қызметтің практикалық мәні.
М. Эрлих жэне Дж. Хайн пікірлері бойынша бәсеке қабілеті — фирманың өз тауарын сату қабілеті.
«Бәсеке қабілеттілік» түсінігі XX ғасырдың 70 жылдарында Батыста пайда болды. Шамамен сол уақытта өнімнің бәсеке қабілеттілігі мәселесімен КСРО да айналыса бастады.
Бәсекеге қабілеттілік — өнеркәсіптік өнімнің құндық және сапалық параметрлерін ғана қамтымай, сондай-ақ кәсіпорын қызметіндегі инвестиция мен инновациялық басқаруға, менеджмент деңгейіне тәуелді жан-жақты ұғым.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі — тауарлардың тұтынушы қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты өз орнын табуы. Басқа сөзбен айтқанда, бұл тұтынушының талғамына сай келетін және оның сатылуын қамтамасыз ететін өнімнің қасиеттері.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің сипаттамалары кандай? Оның негізгі кұрауыштарын атап өтейік:
А. Негізгі құрауышы өнімнің өзімен тікелей байланысты және оның сапасына көп көңіл аударылады. Көптеген зерттеулер нәтижесінде өнімді сатып алу туралы қорытынды шешім (30-35%) оның сапалық сипаттамаларымен байланысты екенін көрсетеді.
В. Екінші құрауышы өнімді сату мен сервисімен байланысты. Тұтынушы көбіне өнімнің сапасы төмен, бірақ сенімді және қымбат емес сервиспен (мысалы, авто-мототехника) сатылатын тауарды таңдайды.
С. Үшінші құрауыш бұл тұтынушыга, субъективті фактор ретінде жағымды немесе жағымсыз әсерін тигізетінің бәрі. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін модельдеудің мақсаты бәкелес кәсіпорынның өнімдері арасында нарықты бөлудің нарықтық механизмін модельдеуге келіп тіреледі. Мұның негізінде өнімнің бәсекеге кабілеттілігінің қалыптасуының механизмін көрсетуге болады (сурет 1).
Сурет 1. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуының механизмі
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір фактордардың ықпалымен калыптасады. Олардың арасындағы негізгілері:
• Баға;
• Сапалық;
• Жаңалық;
• Жарнама;
• Пайдалану сенімділігі;
• Көркемдеу, мэнерлеу;
• Буып-түю, т.б.
Кең мағынады бәсекеге қабілеттілік бұл - күрделі нарықты жағдайдағы жұмыс философиясы. Ең алдымен ол тұтынушының қажеттілігі білу мен қанағаттандыру; нарықтың дамуы мен жағдайды түсін бәсекелестердің мүмкіндіктері мен кимылдарын алдын-ала білуін бағытталған.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін оны басқа кәсіпорынмен салыстырғанда ғана аныкталады, бұл салыстырмалы көрсеткіш болып табылады. Ол берілген тауардың басқа тауарынан белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру дәрежесі бойынша айырмашылығын көрсетеді. Тауардың бәсекеге кабілеттілігін анықтау үшін белгілі бір қажеттілікке сәйкес келу дәрежесі бойынша басқа тауарлармен салыстырып қана қоймай, сонымен бірге тұтынышының тауарға жұмсаган шығыны мен өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін оның әрі қарай қолданылуы да есептеледі.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік мәселесі қазіргі жағдайдағы әлемде әмбебаб сипатқа ие болды. Әрбір мемлекеттің тұтынушының экономикалық және әлеуметтік өмірі оның қаншалықты табысты шешілуіне карай байланысты. Бәсекеге қабілеттілік - мемлекеттің, өндірушінің өнім шығару мен өткізудің мүмкіншілігінің жиынтығы десек те болады. Бәсекелік факторының өзі мәжбүрлік сипатқа ие, нарықтан ығыстыру қорқынышы өндірушілерді өз тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі мен сапа жүйесімен тоқтаусыз шұғылдануға мәжбүр етеді, ал нарық олардың қызметінің нәтижелерін объективті және қатал бағалайды. Дамыған бәсекелестік нарықта өнімнің бәсекеге қабілеттілігі оның коммерциялық табыстың шешуші факторы болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік тауардың нарық жағдайына, тұтынушының қажеттілігіне тек сапа, техникалық, экономикалык, эстетикалық сипаттамалары бойынша ғана емес, сонымен бірге коммерциялық және өткізудің басқа жағдайларына (баға, жеткізу мерзімі, өткізу жолдары, сервис жарнама) байланысты болатын көп аспектілі түсінік. Сонымен катар, өнімнің бәсекеге қабіліттіліктің негізгі құрама бөлігі болып эксплуатация уақытына тұтынушының шығын деңгейі табылады. Басқаша айтқанда бәсекеге қабілеттілік -нарыктағы табысты анықтайтын тауардың тұтынушылық және құндылық (бағалық) сипаттамалардың кешені, яғни бәсекелес аналог тауарлардың алдында берілген тауардың артықшылығы. Тауарлардың артынан олардың өндірушілері тұрғандықтан, сәйкесінше бәсеке қабілеттілікті кәсіпорындар, кәсіподақтар, фирмалар, мемлекеттің негізінде айтуға болады. Нарықтағы әрбір тауар қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру көрсеткішіне тексеру өтеді: әрбір сатып алушы оның жеке қажеттілігін толығымен қанағаттандыратын тауарды сатып алады, ал барлық сатыпалушылар бәсекелес тауарларға қарағанда қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін (яғни, бәсекелестік нарықта коммерциялық тиімді өткізудің мүмкіншілігі) бәсекелестердің тауарларын бір-бірімен салыстыру негізінде ғана анықтауға болады. Басқаша айтқанда, бәсекеге қабілеттілік нақты бір сату уақытына байланысты салыстырмалы түсінік. Әрбір сатып алушыда өз қажеттіліктерін қанағаттандырудың бағалаудың жеке критериі бар болғандыктан, мұнда бәсекеге қабілеттілік жеке сипатка ие болады. Сондыктан, бәсекеге қабілеттілік тұтынушы үшін қызуғышылық туғызатын (берілген қажеттіліктерді қанағаттандыруына кепіл береді) қасиеттермен ғана анықталады. Бұл қызығушылықтың шегінен шықкан өнімнің барлық қасиеттері бәсекеге қабілеттілікті бағалағанда белгілі бір жағдайда оған қатысы жок деп есептеледі. Нормалар, стандарттар мен құқыктардың шамадан тыс асуы (мемлекеттік талаптардан басқа) өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жаксартып қана коймай, керісінше оны түсіреді, өйткені ол сатып алушының құндылығын көбейтпей, бағаның өсуіне әкеледі; сондықтан ол өнім тұтынушыға тиімсіз болып көрінеді.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің зерттелуі оның өмірлік циклының фазаларына тығыз байланысты үздіксіз және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Мұның өзі бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің төмендеудің бас кезеңін уакытылы анықтау мен лайықты шешімдерді қабылдау (мысалы, өнімді өндірістен шығару, оны модернизациялау, нарықтың басқа секторына ауыстыру, т.с.с.) үшін қажет. Егерде ескі өнім өз бәсекеге қабілеттілік ұстанымын түгелдей жоймаса, ал кәсіпорын жаңа өнім шығаруды көздесе бұл экономикалық тиімсіз болады. Сонымен катар, әрбір тауар нарыққа шыққаннан кейін өзінің бәсекеге қабілеттілік әлеуметін бірте-бірте жұмсай бастайды. Бұл процесті баяулатып, уақытша ұстап тұруға болады, бірақ оны тоқтату мүмкін емес. Сондыктан, жаңа өнім ескі өнім бәсекеге қабілеттілігінде маңызды жоғалтулар болған кезде нарыққа шығаруды қамтамасыз ететін график бойынша болжайды. Яғни жаңа тауардың бәсекеге қабілеттілігі озық және ұзақ уақыттық болу кажет.
Тауар өндіруші өзінің нақты бәсекелестерін, олардың мүмкіндіктерін, артықшылықтары мен кемшіліктері ғана емес, сондай-ақ таңдаған нарықтағы бәсекелестірдің жалпы жағдайын, яғни осы нарықтың бәсекелестік сипатына байланысты типін, өзінің салалық нарығындағы бәсекелестіктің қозғаушы күштерін өте жақсы білуі керек. Бұл жағдайда өз бәсекелестерінің іс-әрекеттері сипатын бағалау жүйесін, оның ішінде олардың іс-әрекеттерінің құрылымдық талдауын пайдалануға болады (сурет 2).
Бәсекелестіктің салалық деңгейдегі қозғаушы күштерін зерттеу нарықтық экономика жағдайында барлық деңгейлерде көрініс табатын жалпылама бәсекелестік механизмінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай зерттеу келесідей аспектілерді қамтиды: Салада потенциалды бәсекелестердің, яғни жаңа тауар өндірушілердің пайда болуы, бағалардың төмендеуі және (немесе) шығындардың өсуі, тиісінше пайда нормасының түсуіне алып келуі мүмкін өндірістік қуаттардың артуына әкеліп соқтырады.
Нарыққа жаңа бәсекелестердің енуі барысында белгілі бір тосқауылдар болуы мүмкін. Олардың негізгілері:
• өндіріс қажеттіліктерінің үнемделуі;
•өнімнің жіктелуі мен сатып алушылардың да сол кезеңдегі шығындары;
• тарату каналдарының салыстырмалы жетіспеушігі;
• саладағы артықшылықтардың болуымен белгіленетін тосқауылдар.
Нарықта әрекет етуші компаниялар арасында бәсекелестіктің қарқандылығы мынандай факторлармен анықталады:
• бәсекелестердің сан жағынан көп болуы және олардың күштерінің теңдігі;
• саланың салыстырмалы баяу өсуі;
• үстеме шығындар немесе тауарлы-материалдык корлар құны түріндегі тұрақты шығындардың жоғары деңгейі;
• дифференциацияның жоқтығы (және тиісінше - конверсия шығындары);
• қуаттардың секірмелі өсімі;
• жоғары деңгейге шығу тосқауылдары.
Бәсеке сипаттамалары және оларды анықтайтын факторларды шартты түрде микродеңгейлі (өнімнің сапасы мен бағасын көрсететін), мезодеңгейлі (салалардың қолда бар өндірістік қорларын тиімді қолданудың көрсеткіштерін жақсартатын) және макродеңгейлі (шаруашылық жүйелердің жалпы қалпын, олардың балансын, инвестициялық климатын, салық тәртібін, тариф кедендік саясатын және т.б. көрсетеді) болып бөлінеді.
Сурет 2. Нарықтағы бәсекелестер іс-әрекетінің күрылымдык талдауы
Келтірілген бәсеке сайыстың және бәсекелесу қабілетінің факторлары мен сипаттамаларының субъектілерінің құрамы осы күрделі дәреженің элементтерінің құрамын сипаттауға және олардың байланысын шығаруға мүмкіндік береді. Бұл оның талдауына қажетті тиімді тәсілдер шығаруға, қолда бар қорларды алуға қосымша мүмкіндіктер ашуға және сүт өнімі кәсіпорындары үшін әр деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті жоғарлатудың стратегиялық бағытын анықтауға көмек көрсетеді.
Экономикалық әдебиетте бәсекені оның әдістері бойынша бағалық (баға негізіндегі бәсеке) жэне бағадан тыс бәсеке (тұтынушылық құнның сапасы негізіндегі бәсеке) бөлуге болады. Қазіргі әлемде бағалық бәсеке бағадан тыс әдістердің бәсеке сайысына қарай мәнсіз болып келеді. Бұл қазіргі нарықта «бағалар кақтығысы» жоқ дегенді білдірмейді, олар бар, бірақ соншалықты анық емес. Бағадан тыс бәсеке алдыңғы қатарлы бәсекелестерге қарағанда тауардың тұтынушылық құнын арттырады. Бағадан тыс әдістердің санына фирманы басқарудың бүкіл маркетингтік әдістері жатады. Олардың негізгілері: тауардың жаңартылуы, сапа, жарнама, халықаралық стандарттарға сәйкес келу, т.с.с.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы, оның жақсаруы көбінде іске асырылатын өнімнің сапасы мен өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейіне тәуелді.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың бірнеше әдістері бар (оны біз 1.2 бөлімінде толык қарастырамыз). Бірақ барлығының да бір ортақ кемшілігі бар, онда тұтынышыны қызықтыратын өнім бағасы мен сапаның қатынасы ескерілмейді, тек тауардың басқа қасиеттерінің жиынтығы ретінде анықталады. Осылайша, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі біз оның өнімнің бағасы пайдалы тиімділікке қатынасындағы салыстырмалы баға деп анықтаймыз. Әрбір нарықтың өзіндік бір ерекшеліктері бар. Баға өткізу кезіндегі ұсынысты анықтау керек, ал жаңа өнім ұсынысы бағамен ынталандыруы кажет. Осылай, егер «баға» тек өнімді өткізу кұралы ғана болса, «бәсекеге қабілетті сапа» нарық дамуының жалғыз факторы - тек өнімнің белгілі бір көрсеткіштері ғана емес, сонымен бірге ақырғы тұтынушыға бағытталған шаралар кешені. «Бәсекеге қабілетті сапа» зерттелуі перспективті нарықты бөлшектеп зерттеуінен басталады:
• жаңа өнімге талаптарды дайындау;
• сапалы шикізат жабдыктаушылады таңдау және күшейтілген бақылау;
• өндірістің барлық кезеңдері мен аралық бақылауды регламенттеу. Ақырғы өнімнің шығу кезеңінде ол барлық белгілі бір сипаттамаларға (яғни, бағалық ниша мен нарыққа шығудағы бастапқы баға, оның мақсатты сегменті анықталады және сонымен сәйкес өндірілетін көрсеткіштер мен қасиеттер) сәйкес келу керек. Бәсекеге қабілетті сапаның ажырамас бөлігі сервистік қызмет көрсету деңгейі болып табылады. Өнімнің нарықта өмір сүруі үшін соңғы мәселе өте маңызды болып келеді және ол нарықтық жағдайлардың өзгеруіне тез және нақты жауап беруі тиіс.
Өнімді нарыққа шығару — өте жауапты кезең. Жаңа өнім үшін жаңадан өткізу нарығын құру керек. Жаңа өнімнің бәсеке қабілеттілігіне немесе нарықта өнімнің өтуіне әсер ететін факторларды карастырайық. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің жоғары көрсеткіші кезінде табысты өтуі тек өнімнің жаңалық дәрежесі мен оған тұтынушының қызығушылығы ғана емес, сонымен бірге бағалық стратегияға да байланысты. Әдетте, өнімнің модификациясы сату көлемін жаңалыққа карағанда тезірек ұлғайтады, өйткені тұтынушы берілген өнім туралы біледі. Модификацияланған өнімнің бағасы бұл этапта модификацияланбаған өнімнің баға деңгейіне карағанда сәл жоғары болуы мүмкін. Жаңалык өнімнің бағасы бірінші этапта аналог бағалық нишаның жоғарғы шегімен анықталады және жақсы жарнамалық, ақпараттық пен сервистік сүйеуден кейін бәсекеге қабілеттілік деңгейіне сәйкесінше жоғарылауы мүмкін.
Тауардың өмірлік циклының өсу этапында ғана өндіріс, маркетинг шығындары айтып, білінетін табыс алуға болады.
Бөлімді аяқтай отырып, айта кететін жайт, бәсекелік күресте нарықты дұрыс және уақытылы бағалай алатын өндіруші ғана ұтады.
-
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін бағалаудың эдістемелік
негіздері
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі өнімнің бәсеке қабілеттілігімен тікелей байланысты. Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалау келесі жүйелілікпен асады:
1. нарықты талдау — потенциалды сатып алушылар мен бәсекелестердің қажеттіліктерін зерттеу;
2. тауарға нарыктық талаптарды қалыптастыру және оны бағалық көрсеткіштер құрылымында көрсету;
3. салыстыру көрсеткіштер базасын таңдау;
4. бағалық класс моделінің түрін таңдау;
5. тауарды бәсеке қабілеттіліктің жеке және интегралды көрсеткіштер бойынша бағалау;
6. бәсеке қабілеттілік туралы қорытынды жасау және оның өндіріс пен сатып алу мақсаттылығы туралы шешім қабылдау.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау тұрғысынан нарықты зерттеудің нәтижесі тауардағы қажеттілікттердің әрекеттестік динамикасы мен жағдайы туралы ақпаратты жинау болып табылады. Әрбір қажеттілік сатып алушы нарықта тауарға талаптар түрінде мәлімдеме жасайтын белгілі бір параметрлер жиынтығымен сипатталады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдарын жобалау оның нақты және уақытылы бағалауына тікелей байланысты. Өнімнің бәсекеге түсу қабілеттілігі талданатын өнімнің параметрлерін салыстыру базасының параметрлерімен салыстыру арқылы бағаланады. Салыстыру базасының орнына әдетте нарықтағы ұқсас тауар немесе тұтынушының қажеттілігі алынады. Ал ұқсас тауар ретінде сатылу көлемі максималды және болашағы жарқын тауар алынады. Егер өнімнің параметрлерінің физикалық өлшемі боласа, онда оған балмен бағалау әдістері қолданылады.
Бәсекеге кабілеттілікті бағалаудың негізгі критерийлері:
• өнімнің жаңалық дәрежесі;
• өндірілу сапасы;
• өнім туралы ақпаратты тарату үшін материалдық базасының болуы;
• өткізуді ынталандыру бойынша шаралар; өткізу динамикасы;
• өнімнің нарықтық талаптарына ыңғайлану мүмкіндігі;
• қаржылық жағдайы.
Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілікті салыстырмалы құн мен салыстырмалы пайда бағалық көрсеткіштері бойынша карастыруға болады. Егер өнімнің бәсекеге қабілеттілігін баға бойынша бағалайтын болсақ, өнімнің бағасы, сапасы мен дизайны ұқсас тауардан кем түспесе, онда өнім бәсекеге қабілетті болып саналады. Ал егер өнімнің бәсекеге қабілеттілігін салыстырмалы қүн бойынша бағалайтын болсақ, онда салыстырылатын мемлекеттерде өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек бірлігінің салыстырмалы құны бір валютада есептелінеді. Бәсекеге қабілеттілікті пайдалылық бойынша бағалағанда, кәсіпорынның пайдалылығы жоғары болған сайын оның өнімінің бәсекеге қабілеттілігі де жоғары болады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістері келесідей:
Біз бәсекеге қабілеттілікті талданатын өнім мен салыстыру базасының техникалық, экономикалық және басқа параметрлер бойынша салыстыру арқылы бағаланатынын айтқанбыз.
Бағалау екі әдіспен жүргізіледі:
- дифференциалданған;
- комплексті.
Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың дифференциалданған әдісі талданатын өнім мен салыстыру базасының параметрлерін қолданып салыстыруына негізделген.
а) Егер бағалау базасы ретінде қажеттілік алынатын болса, онда бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші мына формула арқылы есептелінеді:
Q1 = Рi/Ріо* 100% (і= 1,2,3. ..,n) (1)
Мұндағы, Qі - і-параметрі бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жеке параметрлік көрсеткіші;
Рі - талданатын өнім үшін і-параметрдің мөлшері;
Ріо - қажеттілік толығымен қанағаттандырылғандағы і-параметрдің мөлшері;
n - бағалау параметрлерінің саны,
Нормативті параметрлер бойынша бағалау кезінде жеке көрсеткіш 1 немесе 0 мәнін қабылдауы мүмкін. Егер талданатын өнім міндетті норма мен стандартка сай келсе, онда көрсеткіш 1-ге тең; егер сай келмесе, көрсеткіш 0-ге тең болады.
Техникалық және экономикалық параметрлер бойынша бағалау кезінде жеке көрсеткіш 1-ден үлкен немесе 1-ге тең болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |