Жоғарғы жақ немесегаймор қойнауы
Жоғарғы жақсүйектің қойнауы жұп болып келеді және олар жоғарғы жақсүйектердің денесінде орналасқан. Бұлар ең үлкен қойнаулар – әрқайсының орташа көлемі 10,5-17,7см³ тең. Қойнаудың алдыңғы және артқы, жоғарғы және төменгі, сол сияқты медиалды қабырғалары деп бөледі.Алдыңғы немесе беттік қабырғасының сыртында шұңқырлау жер бар – ит шұңқыры fossa canina және оны ұрттың жұмсақ тіндері жауып тұрады, fossa canina үстінен сүйектен бірден n.infraorbitalis шығады. Ит шұңқырының тереңдігі әртүрлі болуы мүмкін, егер шұңқыр терең болса, онда қойнаудың алдыңғы және жоғарғы қабырғалары қойнаудың медиалды қабырғасына тым жақын болады.Қойнаудың медиалды қабырғасы сүйекті, тек оның жоғарғы бөлігінде сүйектің болмауы мүмкін, онда бұл жерде ол тек сілемейлі қабықтың қосқаттамы болып табылады. Медиалды қабырға мұрынның төменгі және ортаңғы жолдарына сәйкес келеді. Оның алдыңғы бөлігінде көзжас-мұрын каналы өтеді, ал жоғарғы бөлігінде яғни мұрынның ортаңғы жолында көз шұңқыры жиегінің астында қойнаудың мұрын қуысына ашылатын тесігі бар. Ол кейде жай тесік емес, ал ұзындығы 1см дейін канал болады. Қойнаудан шығатын тесіктің – оның жоғарғы бөлігінде орналасуы, ол тесіктің енсіздігі, ал кейбір жағдайда тесік емес каналдың болуы қойнаудан бөліністің сыртқа ағуына қолайсыз жағдай туғызады, сөйтіп бұл жерде қабыну процесінің пайда болуына итермелейді. Қойнаудың медиалды қабырғасы өзінің жоғарғы бөлігінде торлы сүйектің жасушаларымен шектеседі, бұның өзі қабыну процесінің екі бағытта таралуына әкеледі.Жоғарғы жақсүйек қойнауының жоғарғы қабырғасы біруақытта көз шұңқырының төменгі қабырғасы болып есептеледі, бұл ең жұқа сүйекті қабырға және осы қабырғада көзасты нервісініңканалы орналасқан. Кейде бұл қабырғада тек сілемейлі қабықпен жабылған дегисценция, яғни туа біткен сүйектегі жарық, яғни сүйек саңылауы кездеседі. Осыған байланысты операция кезінде бұндай дегисценция арқылы байқаусыз көз шұңқыры ішіндегілерін зақымдап алуға болады. Кейбір кездерде қойнаудың жоғарғы және медиалды қабырға аралығы бір-біріне тым жақын тұрады, бұндай жағдайда қойнауға мұрын жолы арқылы пункция жасау қауіпті, өйткені иненің көз шұңқырына өтіп кету мүмкіндігіне және ондағы іріңді қабынудың пайда болуына байланысты.Жоғарғы жақсүйектің альвеолалықөскіні – қойнаудың түбі немесе төменгі қабырғасы болып табылады, көп жағдайларда үлкендерде қойнаудың түбі мұрынның түбінен төмен болады. Атап айту керек үлкендерде қойнау түбіне барлығынан жақын 2-ші кіші азу тіс және екі бірінші үлкен азу тіс орналасқан, кейбір жағдайда тістер түптерінің ұштары қойнауға кіріп тұрады және тек сілемейлі қабықпен жабылған. Бұның өзі сол тістерден қабыну процесінің қойнауға жиі таралуын түсіндіреді.Қойнаудың артқы қабырғасы қалың, жоғарғы жақсүйектің тығыз сүйекті төмпешігінен құралған, ол таңдайқанат шұңқырының алдын жабады, онда жоғарғы жақсүйек нервісі, таңдайқанат түйіні, ішкі жақсүйек артериясы, таңдайқанат веноздық өрімі орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |