1. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың рөлі. Акт стандарттары


Заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін және олардың даму тенденциялары



бет14/23
Дата07.05.2024
өлшемі75.19 Kb.
#500703
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
акт

50. Заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін және олардың даму тенденциялары
Ақпараттық технологияның даму кезінде бір-бірін күшейтетін және бір-бірімен байланысқан бес ақпараттық тенденция пайда болады:
• Ақпараттық өнімдердің күрделенуі
• Сәйкестікті қамтамасыз ету
• Аралық есеп звеноларын жою
Ауқымдылық
• Конвергенция
Ақпараттық өнімдердің күрделенуі
Ақпараттық технологияда екі бөлімді ерекше атап өтуге болады:
• ақпараттық өнімді сұраныс бойынша сұрыптау мүмкіндігі;
• осы ақпараттық өнімді қолайлы уақытта және пайдаланушыға ыңғайлы түрде жеткізу әдістері.
Ақпараттық өнімнің өзі кейбір ақпараттық мазмұнды пайдаланушы қолдануына әкелетін спецификалық қызмет түрінде болады. Ақпараттық өнім – бұл жалпы түрде «жіберу» және ақпаратты жеткізу (компьютер экраны, қағаз, магнитті лента, магнитті диск, оптикалық диск және т.б.).
Хабарлаудың құндылығы – ақпарат және білім – олардың көмегімен табиғатта және қоғамда ағымды процестерде көрінетін шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Қоғамның жинақталған ақпараттық ресурсы – оның тиімді экономикалық активтілігінің кілті.
51. Электрондық кестелермен жұмыс істеудің негізгі құралдарын зерттеу
МS Excel – Windows ортасы үшін бірден-бір танымал бағдарлама, кестелік процессорлар деп аталатын электрондық кестелерге жатады. МS Excel жай бағдарлама емес, ол көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекі етіп әр адамға түсінікті түрде жүргізе алады. МS Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы медицина саласында, экономикалық және инженерлік есептерді шешуге, диаграммалар мен графикалық тәуелділікті тұрғызуға, сонымен қатар мәліметтер қорын жасап, олармен жұмыс істеуге, сандық эксперименттер өткізуге мүмкіндік береді.
Excel бағдарламасына жалпы сипаттама
Excel кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізу т.б. мүмкіндіктер беретін Windows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы бағдарламалық кесте.
Мәліметтерді енгізудің алдында Excel-дің жұмыс терезесімен танысу кедергі келтірмейді. Экранда көрініп тұрған электрондық кестені жұмыс парағы деп, құжат түрінде қарастырылатын бір тақырыпқа арналған кестелер жиынтығын жұмыс кітабы деп атайды (6.1-сурет). Үнсіз келісім бойынша кітап үш парақтан тұрады. Кітапқа 255 параққа дейін кірістіре аламыз. Электрондық кестенің жұмыс аймағы қатарлар мен бағаналардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Қатарлардың максималдық саны 65536, ал бағаналар саны — 256. Кез келген бағана мен қатардың қиылысу нүктесінде тұрған тор ұя (ұяшық) деп аталады, ол ұяға мәліметтер (мәтін, сан, формула) енгізуге болады. Microsoft Office Excel 2013 электронық кітаптың үнсіз келісімі бойынша құжаттың аты Кітап1 (Книга1), ал кеңейткіші *.xlsx.
6.1 — сурет. Excel жұмыс кітабының стандартты бос терезесі
Жұмыс кітабымен жұмыс. Excel файлы — бірнеше жұмыс (үнсіз келісім бойынша үш) парақтарынан тұратын жұмыс кітабы. Парақты терезенің төменгі сол жақ бұрышында орналасқан лақап парақтарын айналдырып көрсететін оның лақабын шерту арқылы белсенді етуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет