1. Ақпараттық блок. Тақырып: Іш қуысының хирургиялық ауруларымен жарақаттары



бет1/6
Дата11.05.2024
өлшемі36.93 Kb.
#500865
  1   2   3   4   5   6
Іш қуысы 1 блок


1.Ақпараттық блок.
Тақырып: Іш қуысының хирургиялық ауруларымен жарақаттары.

Берілген тақырыпты жеткілікті денгейде игеру үшін сіздер анатомия және физиология, жалпы патология және фармакология пәндерінен алған білімдерінізді жұмылдыруыңыз қажет. Сонымен бірге мейіргер ісі және ішкі аурулар пропедевтикасы пәндерінен алған білімдер мен дағдыларды кен қолдануыныз қажет. Біреуінізге бұл қайталау, біреуінізге бұл бар білімінізді жүйелеу болып табылады!


Клиникалық пәндерді оқу кезінде анатомия мен физиология пәндерінің орыны өте маңызды. Сондықтан біздер іш қуысының анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне назар аударайық.
Іш қуысы жоғарғы жағынан - кеуде диафрагмамен, артынан - іш қуыс артындағы шел қабатпен, төменгі жағынан - жамбас диафрагмасымен, алдынан – іш прессі бүлшық еттерімен шектелген кеңістік.
Іш қуысында ас-қорыту жүйесіне жататын қуысты, паренхиматозды және безді органдар орналасқан. Асқазан, ұлтабар, аш және мықын ішектер, соқыр, жоғарға бағытталған, көлденең, төменге бағытталған, сигматәріздес және тік ішектер қуысты органдарға жатады. Бауырмен талақ паренхиматозды органдар, панкреаз - ұйқы безі.
Асқазанда тамақтың механикалық өндеуі аяқталып тұз қышқылы, пепсин, амилаза ферментерімен қорытылуы басталады. Ұлтабар денгейінде ас-қорыту жолдарына екі бездің сөлі бөлінеді - өт және ұйкы безінің сөлі. Бауырдан бөлінген өт майларды эмульсияға айналдырады, ал ұйқы безі протеазалар, липаза диастаза ферментерді бөледі. Осы ферменттер ас-қорыту жолдарына түскен түрлі тағамдарды ыдратады. Жінішке ішек денгейінде қорытылған тамақтың пайдалы заттары қанға сінеді. Қалған бөліктері қалың ішекке түсіп нәжісті қалыптастырады. Қалын ішек те нәжістен артық суы қанға сіңеді.
Іш тұсының сыртқы ориентирлері: жоғары бөлігінде - қабырға етектері, төс шеміршегі; төменгі бөлігінде мықын сүйектерінің қанаттары, шап қыртыстары және симфиз. Іштін ортаңғы бөлігінде кіндік және іштің тік бұлшықеттері көрінеді. Іштің алдынғы қабырғасын екі көлденең және екі ұзына бойы сызықтармен тоғыз топографиялық аймаққа бөлуге болады.Көлденен өтетін сызықтар қабырға етегі және мықың сүйек қанаттары деңгейден есептеледі, ал ұзына бойы сызықтар іштің тіке бұлшық етінің сыртқы шекарасы болып есептеледі. Сонымен іш тұсының жоғарғы,ортанғы және төменгі қабаттары, оң жақ, сол жақ және ортанғы бөлігі анықталады. Жоғарғы қабатында оң жақ ,сол жақ қабырға етектері және төс шеміршек асты аймақтарға табылады.Ортанғы қабатында оң жақ бүйір сол жақ бүйір және кіндік айналасы аймақтары табылады. Төменгі қабатында оң жақ мықын,сол жақ мықын және қасаға үсті аймақтары табылады.(сұлбасы төменде көрсетілген).
Оң жақ қабырға етегі тұсында бауыр өт қуығы және ұлтабардың ортаңғы бөлігі орын алады,төс шеміршек астында асқазан, ұлтабар, ұйқы безінің басы мен дене бөлігі орын алады, сол жақ қабырға етегі тұсында талақ және ұйқы безінің құйрық бөлігі орын алады. Оң жақ бүйірде қалың ішектің жоғары бағытталған бөлігі, сол жақ бүйірінде қалың ішектің төмен бағытталған бөлігі, кіндік айналасы тұсында жіңішке ішек ілімдері. Оң жақ мықын аймағында соқыр ішек және оның құрт тәрізді өсіндісі(әйелдерде- жатырдың оң жақ қосалқылары) орын алады.Қасаға үсті аймақта қуық(әйелдерде жатыр)орын алады. Сол жақ мықын аймақта сигма тәрізді ішек (әйелдерде- жатырдың сол жақ қосалқылары).
Іш тұсы ауырған науқастарды көбінесе жатқан қалпында тексереді. Кейбір жағдайларда тұрған күйінде сынамалар өткізеді. Науқастарды тексерудің жалпы әдістері ішкі аурулар пропедевтика пәнінде берілген. Ауырғандық және диспепсиялық синдромдарға сүйеніп хирургиялық аурулардың клиникалық ағымның ерекшелігіне тоқталып кетейік.
Сонымен, іш қуысы мүшелердің ауруларында ауырғандық және диспепсиялық синдромдарды анықтау өте маңызды.
Ауырғандықтың сипаттамасы келесі белгілермен жүргізледі:орналасуы, таралуы, үнемділігі, күштілігі.
Ауырғандықтың орналасуын бір немесе бірнеше топографиялық аймақтармен өткізіледі.
Ауырғандықтың таралуы(иррадиация) жоғарға,төменге, белбеуше, немесе мүше атаулары бойынша көрсетіледі.
Ауырғандық ұстамалы немесе үнемі ауырғандығымен сипатталады.
Ауырғандықтың күштілігі шыдамды, қатты және өте қатты түрлері бойынша сипатталады.
Ауырғандық белгісін жан-жақты зерттегеннен кейін ауыру мүшені болжауға болады.
Диспепсиялық синдромның зерттеуі құсық,лоқсу,кекірік, тәбеттің нашарлауы,іштің өтуі,іштін қатуы,құсық пен нәжісте патологиялық қоспалардың табылуынан құралады. Құсық пен іштің өтуінің жиілігі мен мөлшері манызды ақпарат береді. Құсық жеңілдікті қысқа уақытқа немесе әкелмеуі мүмкін.Осы және т.б. клиникалық сипаттар кешенді түрінде ауыруды болжауға мүмкіншілік туғызады.
Хирургиялық ауруларында анықталатын негізгі іш-қуысы симптомдарды анамнездық,визуалдық, перкуторлық, пальпаторлық және аускултативтық түрлерге бөлуге болады.
Анамнездық симптомдарға аурулардың зерттеуге дейінгі шағымдары жатады.Мысалы:бастапқы кезеңде ауырғандық эпигастрий тұсында орналасып,содан соң, оң жақ мықың тұсына ауысады(жедел аппендицитте кездесетін Кохер симптомы).т.б..
Визуалды симптомдарға іштін кебуі немесе қабысуы, әлсіз аймақтардың томпаюы, іш қабырғасының тыныс алуға қатысуы немесе қатыспауы, операциядан кейінгі тыртықтардың болуы және іш түсының ассиметриясы жатады.
Перкуторлы симптомдар: бауыр тұсының тынық дыбысы(бауыр шекарасының үлкеюі немесе кішіреюі) іш тұсының ылди аймақтарында тынық дыбысының болуы немесе кеңге таралған тимпанды дыбыстың табылуы, сонымен бірге, ең қатты перкуторлық ауырсынудың орналасуы.
Жедел хирургиялық ауруларда кездесетің пальпаторлы сиптомдардың ең негізгісі Щеткин-Блюмберг симптомы болып есептеледі. Симптомды анықтау әдісінде іш қабырғасын саусақтармен басып тұрып тез арада қолды іш қабырғасынан үзген кезде іштегі ауырғандық күшейеді. Бұл қабынған іш пердесінің сілкініп кетуіне байланысты. Осы симптом арнайы бір ғана ауруға тән емес, бұл түрлі жедел хирургиялық аурулардың салдарынан іш пердесінің қабынып тұрғанын көрсетеді. Сондықтан диагнозды болжауға Щеткин-Блюмберг симптомның анықталған аймағы маңызды.
Аускультациялық симптомдарында ішек перистальтикасы естілу-естілмеуі өте маңызды.
Қосымша зерттеу әдістеріне жалпы клиникалық қан мен несеп анализдері(анемия, лейкоцитоз, гематурия), қанның биохимиялық анализі(билирубин, диастаза,креатинин мөлшелері). Диагнозды дәлелдеу үшін аспаптық зертеулер кең қолданылады: рентгенологиялық, эндоскопиялық, ультрадыбыстық,т.б.. Кейбір жағдайларда диагнозды қою үшін лапароцентез немесе диагностикалық лапаротомия операцияны өткізуге мәжбүрлік туады. Лапароцентез –іш қуысын троакар мен тесіп троакардың түтігінен іш қуысына полимерлік үзын түтік енгізіп сол арқылы 1000мл. физиологиялық ерітінді жіберіп, ішті пальпациялап дене қалпын өзгертіп сүйықтықты ағызып шығарады. Шыққан сүйықтықта патологиялық коспалары(қан, нәжіс, несеп, өт,т.б.) болса жарақаттың барын көрсетеді.
Енді «Іш теспесі» «Острый живот» синдромына жататын ауруларын қарастырамыз. «Іш теспесі» синдромы аурулары кенеттен іш қуысындағы қатермен сипатталатын жағдайларды жатқызамыз.Осы ауруларға уақытымен, қажетті хирургиялық көмек көрсетілмесе, науқастың жағдайының ауырлануына немесе өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Аурухана дейінгі кезенде «Іш теспесі» синдромды болжам диагноз ретінде қолдануға болады. Бүл диагноз науқасты, күттірмей ауруханаға жеткізіп дәлелірек зерттеуді талап етеді. Синдром атауында келесі аурулар біріктірілген: іш қуыс жарақаттары(ашық және жабық), іш қуысының іріңді қабыну аурулары(жедел аппендицит,жедел холецистит, жедел панкреатит) іш қуысының деструктивті аурулары(асқазан жарасының тесілуі,ас-қазан жарасынан қанның кетуі), іш қуысының обструктивті аурулары(іш жүрмеуі,шажырқай тамырларының тромбозы).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет