1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


Етістіктің шақ формалары. Нақ осы шақ. Нақ осы шақтың болымсыз түрі. Қалып етістіктердің қолданысы



бет113/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Етістіктің шақ формалары. Нақ осы шақ. Нақ осы шақтың болымсыз түрі. Қалып етістіктердің қолданысы
Нақ осы шақ қалып етістіктің (“жүр”, “жатыр”, “отыр”, “тұр”) тікелей жіктелуі арқылы немесе негізгі етістіктерге осы қалып етістіктердің тіркесіп, жіктеліп келуі арқылы жасалады (“Мен отырмын, жазып отырмын”. “Сен отырсың, жазып отырсың”. “Сіз отырсыз, жазып отырсыз”. “Ол отыр, жазып отыр”). Мұнда нақ осы шақтық мәнді қалып етістіктердің семантикасы береді, сондықтан өзге түбір етістіктерден өзгеше тікелей жіктеледі. Оның мәні қалып етістіктердің қазіргі тұлғалары түбір емес: “отыр” — “ол турур”, “тұр” — “тұрұр”, “жүр” — “Жүрүр”, “жат” — “жатыр”, яғни болып жатқан қимылды білдіретін “ур”, “ұр”, “үр”, “р” қосымшаларының кірігуінен жасалған. Нақ осы шақ қимылдың сөйлеуші хабарлап жатқанда болып ,жасалып жатқанын білдіреді.Мысалы: Міне,біз екі шатқалдың арасында тұрмыз. Бүгінгі сөзіңізге таң қалып отырмын. Нақ осы шақ хабарлайтын қимыл сөйлеуші хабарлаған кезге қатысты болғанмен, оның ішінде ұзаққа созылатын қимыл да болады, сондықтан ол басқа кезеңге де қатысты бола алады. партизандар ішінде жүр,оқып жатыр деген нақ осы шақтағы етістіктер мен екі шатқалдың арасында тұрмыз деген нақ осы шақтағы етістіктердің арасында айырмашылық бар.Алғашқы 2 етістік қимылдың ұзаққа созылғанын білдіреді, сонд.ол сөйлеуші сөйлеп тұрған уақыттан басқа уақытты да қамтиды. Ал үшінші мысалдағы қимыл сөйлеуші хабарлған кезге ғана қатысты.Бұл нақ осы шақтың мағыналық ерекшеліктері.
Нақ осы шақтың жасалуы:
Н.О.С. аналитикалық форманттар арқылы жасалады:
1. - ып отыр: оқып отыр,көріп отыр, тыңдап отыр
2. –ып тұр: көріп тұр, оқып тұр,айтып тұр
3. –п жүр: келіп жүр, сынап жүр, біліп жүр
4. –п жатыр: оқып жатыр, өсіріп жатыр, қайтарып жатыр
. Жіктік жалғауы бұл 4 формантқа тікелей жалғануы міндетті, нақ осы шақта жіктік жалғаудың толық түрі келеді. Отыр,тұр,жүр етістіктерінің түбірінде нақ осы шақ мағынасы болғандықтан , олар сен тұрсың, мен отырмын деген сияқты қолданыста осы шақ мағынасын береді. Тілдің кейінгі даму сатынсында Отыр,тұр,жүр жатыр нақ осы шақтың көрсеткішіне айналып, -п отыр,-п тұр,-п жүр,-п жатыр аналитикалық форманттары қалыптасқан. Бұл форманттар қимылдың нақ осы шақта даму үстінде екенін білдіретін -п бара жатыр,-п келе жатыр деген күрделенген аналитикалық орманттар қосылған. п отыр,-п тұр,-п жүр,-п жатыр форманттарының нақ осы шақ мағынасында айырма жоқ, бірақ мағыасында іштей реңк бар. Бұл форманттар нақ осы шақ мағынасаһымен бірге қимылды субъектінің қандай қалыпта жасағанын білдіреді. Демек нақ осы шақ тың форманттарныың мағынасы күрделі деп тану керек.
Нақ осы шақтың болымсыз мағынасының жасалуы:
ма,-ме болымсыз жұрнағы арқылы
Жоқ көмекші сөзінің тіркесуі арқылы
Дара нақ осы шақтың отыр, тұр,жатыр,жүр етістіктеріне –ған,-ген,қан,-кен жұрнағы жалғанып, оған жоқ көмекшісі тіркесіп, жіктік жалғауы жоқ көмекшісіне жалғану арқылы жасалады. Тек жатыр етістігі жат түбіріне -қан жұрнағын қабылдап, жоқ көмекшісімен тіркеседі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет