1-тапсырма.Осы өлшемдердің ішінен біреуі ата-бабаларымыздың ерте кезде бөлшек ұғымы болғандығын көрсетеді. Ол қайсысы? 1.Шынашақ елі; 2. Бір елі;
3.Сере қарыс; 4. Сынық сүйем;
2-тапсырма. Пұт, мысқал, қадақ , келі,батпан осы атаулар қанша килограммды білдіреді? 3-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құрап жазып, орыс тіліне аударыңыздар. Жалғыз,біреу, жарты, жарым, егіз, қос, сыңар, ширек. қарыс, сүйем, елі, құлаш, таяқ тастам жер, сүт пісірім уақыт.
4-тапсырма. Сан есімдердің қай сөзге қатысты, қандай мүше екенін айырыңыздар. 1. Бірі —17— 18 жастағы бала жігіт (С. С:). 2. Ж асы сол кезде қырықтарды алқымдаған, сақалды, мұртты кісі еді (С. М.). 3. Не үшін сексен сегіз емес, не болмаса тұп-тура тоқсан емес, деген ой келеді (Ғ. М.). 4. Сол жылы онда екі-үш-ақ қүлынды бие, бірер ғана бұзаулы сиыр бар (С. М.). 5. — Со кісі сіздің үйге екі-үщ жыл дәмдес болды ғой? — деп сүрады біреу (С. М.).' 6. Ж асы 30—40 шамасында (С. С.). 7. — Әрине,— деді Мәшік,— со кезде ол үйде мың жарымдай жылқы, екі-үш мыңдай қойы бар екен (С. М.). 8. Бұл екеуіиің елі жақын, 30—40 шақырымдай ғана жерде (С. С.).
СӨЖ: Ел ішіндегі жүрген табиғатқа қатысты халық болжамдарын жазыңыз.
ОСӨЖ: Халық өлшемдеріне қатыста 5 мақал жазып, жаттаңыздар.
Жоғары деңгей (С1) 7-апта
Жаһандық жылыну. Етістіктің болымсыз түрі. Бұйрық, талап ету, қалау, өтініш формасы. Соңғы уақыттары Жер шарында климаттың үлкен қарқынмен өзгеріп жатқанын байқауға болады. Әлемнің бір нүктесінде қар түсіп аяз орнаса, енді бір жерде аномалиялық аптап ыстық болып тұр. Климаттық өзгерістер айқын көрініс табуда. «Жаһандық жылыну». Бәріміз естіп жүрген ұғым. Алайда күнделікті өмірде әсіресе соңғы уақыттары қолданыста жүрген бұл ұғымның астарында біз ойламаған шындық жатыр... Жаһандық жылыну - жердің бетіндегі орташа температураның артуы. Ауаны ластау, өнеркәсіп санының артуы, ормандарды құрту, жанартаулардың атқылауы ғаламдық жылынудың басты себептері болып табылды. Жаһандық жылынудың себептері -Жер шарындағы Күн белсенділігінің артуы. Жалпы жер бетіндегі климаттық өзгерістердің барлығы тікелей Күннің белсенділігіне байланысты. -Адам қолымен жасалған әрекеттері. Өнеркәсіп, кәсіпорындар жұмысы, көліктердің шығаратын көмірқышқыл газы атмосферада көп мөлшерде жиналып қалады. Жерге түскен Күн сәулелерінің әсерінен көмірқышыл газы сейілмей ғаламшар қатты қызып кетеді. Көмірқышқыл газынан басқа жаһандық жылынуға әсер ететін басқа да газдар бар. Олар метан, азот оксиді және т.б сияқты газдар адам қолымен жасалады. -Климаттың өзгеруіне әсер ететін бірден бір себеп- мұхит. Мұхиттағы ауа циркуляциясы өте аз зерттелген. Мұхиттағы орташа ауа температурасы 3,5 цельси градус екені белгілі. Судың құрамындағы көмірқышқыл газдар атмосфераға барады. Біздің ғаламшарымыз қызып жатыр. Осы қызу- жер шарының мұз бөлігіне апаттық деңгейде әсер етуде. Ауа температурасы көтеріліп мұз еріп жатыр.
Мұхит деңгейі осыдан 100 жыл бұрынғыға қарағанда 2 есе жылдам көтерілген. Тарихи хроникалар мен метеорологиялық бақылаулар, мұхит тұнбаларын зерттеу мен Арктика, Антарктида мұздарын талдау арқылы ғалымдар климаттың өзгеруін байқады. Әлемдегі ең танымал климатолог, климаттың өзгеруі Халықаралық Үкімет сарапшылар тобының мүшесі Жан Жузель климаттың өзгеруі – үлкен проблемалық мәселе дейді. «Климатты зерттеу соңғы 50 жылда жақсы қарқынмен жүргізіліп жатыр. Жаһандық жылынуды алдын-алуды қазірден бастау керек.