Құқықтық нормалар. Мемлекет бекіткен және қабылдаған бәріне міндетті және орындалуы, сақталуы кажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы. Құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде ең маңызды және реттеу, қорғау функциялары қоғамдық қатынастардың кең ауқымын қамтиды.
Әдет-ғұрып нормалары — деген әрбір этностың тарихи дамуы барысында олардың шаруашылық ұйымдастыру, географиялық факторларға және этникалық ерекшеліктерге байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан-алуан рет қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығы.
Әдет-ғұрып нормаларын қоғамдағы әлеуметтік нормалардың ішіндегі, құрамындағы ең кең тараған нормалар жүйесіне жатады. Мемлекетте өмір сүретін ұлттар мен этностар көп болатын болса, әдет-ғұрыптар да көп болады. Моно халықтар қалыптасқан елдерде әдет-ғұрыптар бір этностың ғана ғасырлар бойы қалыптасып, қабылдаған нормалардан құралады. Әдет-ғұрып нормалардың пайда болып, қалыптасуы мына жағдайларға байланысты:
Әр халықтың әдет-ғұрып нормаларының сан түрлі болуы географиялық қоршаған ортаға байланысты болып қалыптасады. Климат, жердің көлемі, ландшафты, жердің орналасуы және т.б. табиғи фактор әдет-ғұрыптың мәніне, түрлеріне тікелей әсер етеді. Африка континентінде өмір сүретін этностардың әдет-ғұрыптарымен Еуропаның дәстүрлерін салыстыруға болмайды. Себебі климат, ландшафт адамдардың сол ортаға бейімделуіне байланысты әдет-ғұрыпты қалыптастырады, тәуелді етеді. Мысалы, қазақ халқының қонақжайлық әдет-ғұрпы тікелей географиялық факторларға байланысты қалыптасқан.
Діни нормалар. Адамзат тарихында жаратқан иемізден жер бетіне төрт кітап, өсиет түскен. Мұса пайғамбарға — Тауарт, Дәуіт пайғамбарға — Забур, Исаға — Інжіл және ең соңғы пайғамбарымыз Мұхаммедке – Құранды жіберді. Діни нормалар осы кітаптарда және діни ілімдерде көрсетілген талаптар мен ережелердің жиынтығы. Діни нормалардың өзіне тән мынадай ерекшеліктері бар:
а) Орындау жеке адамның өз еркімен болды. «Дінде зорлық жоқ», — деп көрсетілген қасиетті Құранда.
ә) Діни нормалар зайырлы мемлекеттерде адам және азаматтардың бәріне бірдей міндетті емес. Дін мемлекеттен, мешіт мектептен бөлінген. Діни нормаларды қабылдау әркімнің жеке басының ісі. Ал, мұсылман мемлекеттерінде, әсіресе ислам діні мемлекеттік дәреже санатындағы Сауд Арабия, Иран, Пәкістан, Марокко, Йемен, Біріккен Араб Эмираттары сияқты 28-ге жуық елдерде діни нормаларды орындау өздерінің барлық азаматтарына міндеттелінген.
б) Мемлекет діни нормаларын уағыздайтын қоғам, ұйымдардың қызметтерінің антиконституциялық насихатқа жол берілмеуін қадағалайды, қажет болған жағдайға сот арқылы тыйым салады. Мысалы, Қазақстанда «Хизбуд Тахри» діни ұйымы антиконституциялық деп танылған, олардың қызметіне тыйым салынды.
в) Діни нормаларын насихаттау арқылы гуманизм, адамгершілік сияқты қағидаларды іс жүзіне асыру қажеттігі бүкіл қоғамға пайдалы жемістерін бермек. Діни нормалар құдайға құлшылық етуге шақырып, құқық бұзушылықты ең ауыр күнә деп таниды.
Достарыңызбен бөлісу: |