1 апта: Кіріспе. Инклюзивті білім берудің философиялық–гуманисттік мінездемесі



бет1/20
Дата12.12.2023
өлшемі151.71 Kb.
#486211
түріКонспект
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Дәрістер жинағы Инклюзивті білім беру 2023 2024 ж


ЖН-04-22 ФР 01

,
ЖҰМАБЕК АХМЕТҰЛЫ ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ
«Бастауыш білім және өнер» факультеті
«Педагогика және бастауышты оқытудың әдістемесі» кафедрасы

ДӘРІС КОНСПЕКТЕРІ (ТЕЗИСТЕР)
Білім беру бағдарламасының коды, атауы: 6В01101-Педагогика және психология
Пәннің коды, атауы: IBB 4312 Инклюзивті білім беру
Курс 3 семестр 5
Дәріс сабақтарының сағат саны: 15

Шымкент, 2023


Дайындаған: п.ғ.к. доцент, Қойшыбаева Н.И. магистр оқытушы Бердібек А.М.

Кафедраның мәжілісінде талқыланып, бекітілген.


Хаттама № __ ___ _______ 2023 жыл

Кафедра меңгерушісі _________ М.Н. Атем


Кафедраның мәжілісінде талқыланған.


Хаттама № __ ___ _______ 2023 жыл

Кафедра меңгерушісі _________ М.Н. Атем





1 апта: Кіріспе. Инклюзивті білім берудің философиялық–гуманисттік
мінездемесі
1,2 лекция тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім беруде ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Жоспар:
1.Инклюзивті білім берудің маңызы
2.Инклюзивті білім берудің идеологиясы
3.Мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға қоғамдық қарым-қатынастың модельдері
Әрбір адамның маңызды құқықтары мен еркіндіктері жүйесіндегі негіз қалаушы фактор болып білім алу құқығы табылады. Қазақстан Республикасында, барлық дамыған мемлекеттерде сияқты, аталған құқыққа, әлеуметтік немесе материалдық деңгейге, жынысы мен діни көзқарастарға, денсаулық қалпына және т.б. ерекшеліктерге қарамастан, барша адамдар ие. Біздің мемлекетімізде бірде бір бала дамуындағы интеллектуалдық немесе физикалық бұзылыстар себебінен бұл құқықтан айырылмайды. Барлық балалардың білім алуға құқығы біздің мемлекетіміздің басты заңы - Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілденген. 1994 жылы біздің мемлекетіміз БҰҰ-ның бала құқықтары жайлы Конвенциясын ратификациялай отырып, денсаулық және даму бұзылыстары бар балаларды «білім беру саласындағы қызметтерге нәтижелі қол жеткізу», баланы, мүмкіндігінше, әлеуметтік өмірге қосу арқылы жеке тұлға ретінде, мәдени және рухани дамуын қоса алғанда, дамыту міндеттерін алды.
Осы сәттен бастап ҚР-да денсаулық және даму бұзылыстары бар балаларды толыққанды өмір сүруге сапалы білім алуға қолжеткізу арқылы дайындау міндеті негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Мемлекетімізде барлық балаларға келешекте қалыпты деңгейдегі адамдар мен олардың ортасында өзіндік және толыққанды өмір сүруге, еңбекте, шығармашылықта және жеке өмірде максималды жетістіктерге жетуге негіз болатын бірдей мүмкіндіктер жасау басты бағыттардың бірі. Осындай бағыттардың бірі болып инклюзивті білім беру табылады: даму бұзылыстары бар балаларға білім алуда басқалармен тең құқылы болып, кез-келген шеттетудің алдын алып, ерекше жағдайларды (материалды-техникалық, кадрлық, психологиялық-педагогикалық, сауықтыру және т.б.) қарастыратын жалпыға білім беруді дамыту үрдісі.
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру идеяларының пайда болуы мен енгізілуі п.ғ.д., профессор Р.А.Сулейменованың атымен байланысты. Р.А.Сулейменова даму кемістіктері бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби–еңбектік реабилитациялау Республикалық ғылыми-практикалық орталығының негізін қалаушы, директоры, соңынан бас директоры.
Р.А.Сулейменова берген анықтама бойынша, «инклюзивті білім беру – балаларды бөліп қарастыру кедергілерін жоюға бағытталған, барлық балаларды жалпыға білім беру процесіне қосу мен оларды әлеуметтік бейімдеуде жасына, жынысына, этникалық, діни қатынасына, даму кемшіліктеріне немесе экономикалық статусына қарамастан, отбасының белсенді қатысуымен, балаға түзету-педагогикалық және нақты әлеуметтік қолдау көрсету арқылы, адекватты білім беру жағдайларын жасауда, балалардың білім алу қажеттіліктері мен жеке ерекшеліктеріне баланы емес, ортаны бейімдеуге бағытталған мемлекеттің саясаты.
Яғни, бұл анықтамада инклюзивті білім беру жүйесі барлық балаларға, олардың физикалық, интеллектуалдық, әлеуметтік, эмоционалдық, тілдік немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, білім беруді ұйымдастыруда тең мүмкіндіктер жасалуын қамту қарастырылған. Кең мағынада, инклюзивті білім беру дегеніміз – балаларды өздерінен ерекшеленетін құрдастарымен бірге оқыту. Нәтижесінде өсіп келе жатқан адам қоғамның толыққанды мүшесі болып қалыптаса алады.
Р.А.Сулейменова ұсынған «инклюзивті білім берудің» анықтамасы ҚР-ң дамуында түрлі бұзылыстары бар тұлғаларға білім беру аймағындағы мемлекеттік саясатының негізін құрады. Білім беру саясатының негізгі ережелері бірқатар нормативті-құқықтық құжаттарда қарастырылған: ҚР «Білім беру заңы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау туралы Заңы», 2011-2020 ж.ж. ҚР білімді дамыту Мемлекеттік бағдарламасы және т.б. Сонымен қатар, «2011-2020 ж.ж. ҚР білімді дамыту Мемлекеттік бағдарламасы» негізінде Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен үлкендерге бағытталған тиісті деңгейдегі мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, мектептік және кәсіби білім беруді қамтамасыз ететін «инклюзивті оқыту жүйесі» құрылады.
Мүмкіндігі шектеулі балалар – қалыптасқан тәртіпке сай дәлелденген, туа, тұқымқуалаушылық, жүре немесе замқымдардың нәтижесінде пайда болған аурулардың себебінен өмірлік іс-әрекеттерінде шектеулері бар, физикалық және (немесе) психикалық кемістіктері бар он сегіз жасқа толмаған балалар.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың топтары:
1. Есту бұзылыстары бар балалар (кереңдер, нашар еститіндер, саңыраулар).
Көру бұзылыстары бар балалар (соқырлар, нашар көретіндер, көру мүмкіндігінен кеш айырылғандар).
3. Қимыл-қозғалыс аппаратының функциясында бұзылыстары бар балалар.
4. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалар.
5. Ақыл-есі кем балалар.
6. Психикалық дамуы тежелген балалар.
7. Іс-әрекетінде және эмоционалдық-еріктік аймағында бұзылыстары бар балалар.
8. Күрделі бұзылыстары бар балалар, сонымен қатар соқыр-естімейтіндер.
Инклюзивті немесе «біріктіріп қосылған» білім беру - мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру мектептерінде оқыту процесін сипаттауда қолданылатын термин. Инклюзивті білім беру – адамдардың түрлі қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастырылған жалпыға білім беру процесінің дамуы. Инклюзивті білім беру оқушылардың айырмашылықтарын мойындаудан басталады. Оқытудағы инклюзивті бағытты дамытуда мұндай айырмашылықтар білім беру процесінің негізін құрайды.
Инклюзивті білім берудің концепциясы барлық балалар, олардың мәдени және әлеуметтік деңгейлеріне, қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарамастан бірдей мектептерге баруы керек, оқуда түрлі қажеттіліктері бар балалар индивидум болып табылады - деген пікірлерге негізделеді. Бүгінгі күнде қарастырылатын нормативті-әдістемелік құжаттармен нақты анықталған даму мүмкіндігі шектеулі балалар өзінің мекен-жайына жақын орналасқан, балаға қажетті түзету көмегін көрсетуі тиіс, кез-келген жалпыға білім беру мекемесінде оқи алады. Мұндай оқыту процесі балаға отбасынан, үйінен, туыстары мен жақындарынан, достарынан ажырамай білім алуға, қоғамға қосылып әлеуметтену мәселелерін нәтижелі шешуге көмек береді. Есейе келе, балалар өзіндік ерекшеліктерін қабылдап, басқа адамдардың ерекшеліктерін ескеруге үйренеді. Әлеуметтік–философиялық мағынада инклюзивті білім беру қоғам мен білім беру институттар жүйесі қолдап, дамытатын қалыпты балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың бірге өмір сүруінің түрі (формасы). Бұл контекстте инклюзивті білім беру әрбір оқушы білім алу орнын, тәсілі мен тілін таңдауға құқылы, білім беру мекемесінде мүмкіндігі шектеулі балалардың нәтижелі білім алуы мен дамуына қажетті жағдай жасау, оларды жалпыға білім беру мекемесінің оқу процесіне толық қосу – деп, қарастырылады.
Инклюзивті білім беру барлық балаларға толық мөлшерде балабақша, мектеп, институт ұжымының өміріне, баршаға тең құқылы деңгейде ұжым мен қоғамның іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті білім беру келесі ұстанымдарға негізделеді:
1. Барлық адамдардың құқықтары тең болу принципі (индивидуалдылық пен ерекшеліктерді ескеру жағдайында).
Кез-келген дискриминациялау түрін болдырмау, яғни мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу мен әлеуметтік өмірге қатысу құқықтарын шектемеу.
3. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік-қоғамдық өмірдің барлық аймақтарына байланысты ерекше қажеттіліктерін қамту құқықтарын қабылдау, сонымен қатар, білім алуда (әлеуметтік инфрақұрылымның нысаналарына қол жеткізе алу мен білім алудағы ерекше жағдайлар).
4. Мүмкіндігі шектеулі баланың нәтижелі әлеуметтенуіне қажет жағдайлар мен қызметтерді ұсынудағы қоғамның міндеттері.
5. Барлық балаларды мектепке дейінгі мекемелер мен жалпыға білім беру мектептеріне қабылдауғажағдай жасау, барлық мүмкіндіктерді пайдалану.
Анықталған ұстанымдарды мектепке дейінгі мекемелер мен жалпыға
білім беру мектептерінің педагогикалық ұжымдарымен қатар ата-аналар және қатысты тұлғалардың ұжымдары орындаулары тиіс. Инклюзивті білім беру екі әлеуметтік субъекттердің бір-біріне бағытталып, жақындастыратын екіжақтамалы процесс:
1. Мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты деңгейдегі құрбыларымен бірге оқу процесіне қосылуға ұмтылысы, сонымен қатар олардың ата-аналары арасындағы осындай байланыс.
Аталған бірігіп оқу процесін құруға қажетті жағымды ұйымдастыру-функционалдық, адамгершілік-психологиялық жағдайларын қамтитын жалпыға білім беру процесінің өзі.
Инклюзивті бағыт балалардың түрлі білім алу қажеттіліктерін түсіну мен қажеттіліктерді ескеру арқылы білім беру процесіне қатысуға керек қызметтерді ұсынуды қарастырады. Бұл процеске қоғам қатысып, білім беру саласындағы сегрегация мен дискриминацияны жою тиіс.
Қалыпты деңгейдегі оқушылар үшін инклюзивті білім беру дегеніміз – инклюзивті және қалыпты сынып арасында таңдау жасаудағы еркіндік, және де, егер бірінші нұсқа таңдалса – баланы білім беру стандартында қарастырылған, білім алу сапасы мен оқу жылдамдығымен қамту, баланың инклюзивті білім беру ережелері мен белгіленген әлеуметтік ұстанымдарды қабылдауы. Осындай жағдайда ғана «инклюзивті қоғамға» көшу іске асырылады, яғни балалар арасындағы айырмашылықтар «өзара байланыста даму» ресурсы деп қарастырылатын әлеуметтік қарым-қатынастар нұсқасында.
Инклюзивті бағыттың жетістіктері анық:
- мүмкіндігі шектеулі баланың әлеуметтенуіне жағымды жағдайлар жасалады.
- Дамуында түрлі бұзылыстары бар балалардың оқу және оқу іс-әрекетінен тыс байланыстарға түсу мүмкіндіктері қамтылады.
- Педагогтардың квалификациясы жоғарылайды.
- Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жаңа технологиялар құрастырылып, енгізіледі.
- Арнайы (түзету) ұйымдармен, әлеуметтік және медициналық мекемелермен өзара байланыстар орнатылады.
Инклюзивті білім беру жүйесі қиындықтар мен өзгерістерге берілетін статикалық құрылым емес, ол балалардың индивидуалды ерекшеліктеріне байланысты оқыту жағдайларын үнемі жетілдіруге бағытталған динамикалық процесс. Жалпыға білім беру мектебінде мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты құрбыларының қатарына қосу мен нәтижелі әлеуметтену жағдайлары ғана емес, сонымен бірге баланың барлық потенциалдық мүмкіндіктері анықталып, дамытуға бағытталған жұмыс жасалуы керек. Білім беру жүйесінің даму бұзылыстары бар балаларды жеке тұлға ретінде қабілеттерінің ашылып, максималды жетілуіне әсер ететін әлеуметтік-психологиялық реабилитациялауда үлкен мүмкіндіктері бар.

Пайдаланған әдебиеттер:


1.Байтурсынова А.А. Организационно-педагогические условия включения детей с ограниченными возможностями в учебный процесс общеобразовательной школы: дис. канд. пед. наук: 13.00.03. – Алматы, 2010.
2.Битянова М.В центре внимания - мониторинг //Школьный психолог.-2011. -№4.
3.Инклюзивное образование. Выпуск 4. Методические рекомендации по организации инклюзивного образовательного процесса в детском саду. - М.: Центр «Школьная книга», 2010.
4.Постановление Правительства Республики Казахстан «Об утверждении Типовых правил деятельности организаций образования соответствующих типов, в том числе типовых правил организаций образования, реализующих дополнительные образовательные программы для детей» от 17.05.2013 года № 499.
5.Сулейменова Р.А. Система ранней коррекционной помощи детям с ограниченными возможностями в Казахстане: проблемы создания и развития, Алматы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет