1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


МИРАНДОЛА, Пико делла Джованни Мирандола



Pdf көрінісі
бет128/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   236
Totin Filosofia (1)

МИРАНДОЛА, Пико делла Джованни Мирандола (1463–
1494) — Қайта Жаңғыру кезеңінде өмір сүрген итальяндық 
ойшыл, алғашқы гуманизм бағытының өкілі. Өзіне белгілі 
барлық діни және философиялық ілімдерді біріктіріп 
эклектикалық «900 тезистер» деген кітап жазды. «Гептапл» 
(жеті күндік жаратылу) деген де шығармасы болды. 


302 
МО ДИ, Мо-цзы (шамамен б.д.д. 470–391ж.ж.) — 
көнеқытай ойшылы, жалпы махаббат жөніндегі ілімді 
қарастырушы. Моизм ілімімен ғылымда танымал. Чжаньго 
әулеті билік еткен тұста өмір кешкен ол елдегі ғасырлар 
бойы қалыптасқан дәстүрлі әлеуметтік тәртіптің ыдырай 
бастағанын көріп, Мо-цзы өзаратүсінік пен махаббат 
идеяларынан бастау алатын жаңа қоғамдық-саяси тәртіп 
орнату керегін түсінеді. Моизм мектебі б.д.д. IV-IIIғ.ғ. 
аралығында дүниеге келді және оның гүлдену кезеңі б.д.д. IV-ғасырға келеді. 
Мектептің ең танымал өкілдері – Цинь Хуали, Мэн Шэн, Сюй Фань және 
Тянь Цзи. Мошылдар қатаң бағыныштылық тәртіпті сақтайтын ұйым құрған, 
оның мақсаты Мо-цзы идеяларының тазалығын сақтап, Аспан асты елінде 
тарату болған. Негізгі шығармасы: «Мо-цзы» трактаты. 
МОНТЕНЬ, Мишель Эйкем де Монтень (1533–1592) — 
атақты француз жазушысы және Қайта Жаңғыру кезеңіндегі 
философ, «Опыты»
(Тәжірибиелер), «Мен не білемін?» атты 
еңбектердің авторы. Монтень адам өмірінің мақсаты –
табиғатқа сеніп, жалпылық заңы бойынша бірқалыпты өмір 
сүру деп есептейді. Адамға ақыл-ойдың жетегіне еріп, көкке 
ұмтылудың қажеті жоқ. Адам табиғатпен үйлесімді, өз 
мүмкіндігін бағалап өмір сүрсе жеткілікті. Монтеньннің 
қағидалары: «Мен болсам құдай сыйлаған өмірді сүйемін .. табиғат мен үшін 
жасаған нәрселерді шын жүрегіммен, алғыс айта отырып қабылдаймын, оның 
сыйына қуанамын, ардақтаймын ... » 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет