1. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің құқықтық негіздері. Ақшаның атқаратын қызметтері. Қазақстанның ақша жүйесінің элементтері



бет5/5
Дата30.03.2023
өлшемі25.92 Kb.
#471415
1   2   3   4   5
ҚҚ-4

4 валюталық айналымы режимі – валюталық операцияларды жүргізу бойынша мемлекетпен бекітілген тәртіптер.
5 ақша айналымы режимі – қолма-қол және қолма-қол емес ақша қозғалысының нысаны.
6 валюталық паритеті -шаруашылық етуші субъектілерге мемлекет бекітетін ресми валютаның курсы.
7 баға масштабы– ақша бірлігінде бағалы металдардың салмақ саны.
13.11.1993ж. «Ұлтық валютаны енгiзу тұралы» заңды бекiту арқылы Қазақстан Республикасында жана ақша жүйесi басталды. Қазақстан осы заманға ақша жүйесінің басқа елдердің ақша жүйесінен көп айырмашылық жоқ, ол халықаралық стандарттарға ұқсас әрі оған осы заманғы әлемдік ақша жүйесінің жоғарыда аталған белгілері тән. Ол 1995 жылдың 30 наурызында қабылданған, 2003 жылдың 1 қыркүйегінде түзетулер мен толықтырулар енгізілген. «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» заңына сәйкес жұмыс істейді.
- ресми ақша өлшеміне (валютаға) 100 тиыннан тұратын теңге жатады;
- теңге мен алтынның ресми арақатынасы белгіленбейді;
- ақша эмитенті болып тек қана мемлекет табылады, оның атынан Қазақстан Ұлттық банкі қызмет жасайды;
- ақша бірлігі – қазақстандық тенге – баға масштабы болмайды;
- Қазақстан тенгесі ҚР аумағындағы бір ғана заңды төлем ақысы болып табылады;
- эмитенттік орган банк болғандықтан, қағаз ақша құрылымы бір ақша белгісінен ғана тұрады, ол – банкнот.
- ҚР аумағында бағалы метталдар мен бағалы тастарға байланысты ішкі және сыртқы нарығындағы келісім шарттарға нақты шектеулер қойылған.
- ресми валюталық курс бекітілмейді. Сыртқы экономикалық және кеден төлемдерінің кейбір түрлерін өндірісте пайдаланғанда Ұлттық банктің курсы қолданылады, сонымен қатар шетел валюталарын сату-сатып алуды жүзеге асыру және валюталық сауда өндірісінде ориентир ретінде болады.
- өз режимі бойынша ұлттық валюта жартылай айналымдағы валюталарға жатады.
- ақша айналымының тәртібі мемлекетпен өте қатаң түрде реттеледі, әсіресе қолма – қол ақша айналымы бөлімінде.
Мынаны, айта кету керек, 1994-1998 жылдары теңге көп құнсызданды, осының нәтижесінде ұсақ монеталар айналымнан мүлдем шығып қалады әрі олар айналымда жоқ.
ҚР Ұлттық банк банкноттар мен металл монеталардың үлгілерін, олардың номиналдық құрамын, өрнектің сызбасының формаларын бекітті. Банкноттар мен монеталардың аталмыш сипаттамалары баспасөзде жарияланды.
Ұлттық банк айналымға шығарған банкноттар мен монеталар барлық төлем түрлері бойынша ҚР бүкіл аумағында олардың көрсетілуі құны бойынша міндетті түрде қабылданды, сондай – ақ банк шоттарына оларды аудару үшін және ақша аударымдары үшін олардың көрсетілуі құны бойынша міндетті түрде қабылданады, шектеусіз айырбасталады және ҚР барлық банктерінде айырбасталады.
Ұлттық банк банктер мен олардың клиенттеріне жаппай қызмет көрсетулерді ұйымдастыру бойынша негізгі талаптарды, сондай – ақ банктердің қолма – қол ақшаның есебін жүргізу, оларды сақтау, тасымалдау талаптарын белгілейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет