Беғазы-Дәндібай мәдениетінің Оңтүстік Сібірдегі Карасук мәдениетінен бөлек,
өзінше дербес дамығанын атап өтуіміз керек. Беғазы-дәндібайдың материалдық мәдениеті
туралы аса бай ғылыми мәліметтер жиынтығы бұл мәдениеттің бастауын Оңтүстік
Сібірден емес, Орталық Қазақстандағы көне металлургия орталығынан іздеу керек екенін
және дәлірек айтқанда, оның Карасук мәдениетіне тигізген зор ықпалын айқын аңғартады.
Қазақстандағы қола дәуірінің ауқымындағы зерттеулердің көпшілігі кеңес
дәуірінде жарық көрді. Олар іргелі монографиялық зерттеулер, ғылыми мақалалар
түрінде жарияланды.
Бұл ғылыми зерттеулерде қола дәуірі әр қырынан қарастырылып, әр түрлі ой –
пікірлер мен тұжырымдар айтылды. Бірақ бұл еңбектер
тарихнамалық тұрғыдан
толыққанды зерттелмеген.
Біз тоқталып өткен зерттеушілер өз еңбектерінде қола дәуірінің хронологиясы мен
кезеңдеуіне, сол тұста қазақ жерін мекендеген тайпалардың шаруашылығы, қоғамдық
қатынастарына қатысты тұжырымдарды келтіреді. Дегенмен де бұл мәселелер
тақырыптың мән – мазмұнын толығымен аша алмайды.
Мәселе бойынша жазылып, жарияланған зерттеулер өте көп. Әйтсе де мәселе
төңірегінде қалыптасқан теориялық тұжырымдамаларға
тарихи тұрғыдан талдау
жасалмаған. Сондықтан тақырыптың қарама – қайшылықтарын ашатын арнайы
зерттеулер жазылып, жариялануы керек.
Қорыта айтқанд қола дәуірін зерттеу мәселелері, тарихшы – зерттеушілер,
ізденушілер алдына жаңа ғылыми – зерттеу міндеттерін қояды. Мәселеге байланысты
ғылыми құндылығы жоғары еңбектер кеңес үкіметі тұсында қалыптасты. Ендігі жерде
тарихымызды тың зерттеулермен толықтыру, жаңа ой – пікір таныту тарихшы –
зерттеушілердің борышы болып саналады.
13