ҚОРЫТЫНДЫ
Ақпарат құралдары - мемлекеттің тәуелсіздігінің саяси экономикасы және ғылыми техналогиясының дербестігімен пара-пар басты белгілерінің бірі.
Ақпарат саясаты - мемлекеттік органдардың қоғамдағы ақпараттар желісін дамытуға бағытталған реттеушілік жүйелерді немесе бұқаралық ақпарат құралдарын ғана емес, барлық түрдегі - іскерлік, хабарламалық т.б. Ақпараттарды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге, таратуға байланысты өндірістік үрдістер мен қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын қамтиды.
Бұқаралық ақпараттық коммуникация жүйесі қоғамдық мәні бар ақпаратты жинаудың, талдаудың, таратудың жаһандық, ұлттық, аймақтық деңгейдегі құралы болып табылады.
Қазір дүниежүзі елдері жаһандану дәуірін бастан кешіріп жатыр.Біз де әлемдік өркениеттің заманауи жетістіктерін өзімізге қабылдай отырып, әлемдік даму жолына түсуге ұмтылыс жасап жатырмыз. Дегенмен, жаһандану дәуірінде де ұлттық рухани құндылықтарымызды қадірлеп, бағалай алуымыз қажет-ақ. Әсіресе, солардың барлығының ең маңыздысы болып саналатын әрі егемен еліміздің мемлекеттік тілі ретінде қазақстандық қоғамды бір мақсатқа ұйытуға тиісті қазақ тілінің мәртебесін көтеру – бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі.
Тіл – ұлт болмысының көрінісі, ұлттық ой-сананың өлшемі. Сондықтан да ұлттық тіл мен ділдің бір-бірімен байланысы – өте күрделі. Бұл байланыстың қыр-сырын танып-білу, дұрыс түсіну, зерттеп-зерделеу қажырлы еңбек пен терең ізденісті қажет етеді.
Жаһандану – процессі орын алып отырған, әлі тәмамдалмаған іс. «Жаһандану» бүкіл жер жүзіне жайылу, тарамдалу деген мағынаны да, әлемдік көптүрлі көпшілік қауымның біртұтас адамзаттық мәдениет қалыптастыру екпініне ілесу, ғаламдану деген мағынаны да өз бойына сыйдыра алады.
Бүкіл әлемде бір түрлі мәдени үлгілердің таралуы, мәдени ықпалға шекараны ашу және кеңейіп келе жатқан мәдени қарым-қатынас қазіргі мәдениеттегі жаһандану туралы айтуды қажет етеді. Қаржы-қаражат, идеялар мен адамдар бұрын болмаған ұтқырлық, шапшаңдық танытып отырған кездегі экономикалық байланыстар мен коммуникация құралдарының күрт дамуының негізінде жеке этникалық мәдениеттердің бір әлемдік мәдениет типін қалыптастыруға бет бұруын мәдени жаһандану процесі деп түсінуге болады.
Отандық телеарналар қандай бағдарлама ұсынбасын, халық одан ұлттың рухын, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық бояуы мен ұлттық үнін естігісі келеді. Еліктеушілік, көрші елдердің кей хабарларын айна-қатесіз көшіріп алып, «шедевр» жасайсын деу бос әурешілік екеніне көрермен көзі баяғыда жеткен. Қандай жоба болмасын, қай тілдегі хабар болмасын тарих сахнасынан ойып тұрып орын алатын ұлы қазақ елінің нағыз ұлтжанды азаматтарын тәрбиелеуге атсалысқаны абзал. Өйткені, теледидар ең күшті насихат құралы. Жалпы – журналистика халықтық болып саналады. Өйткені журналистика халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Журналистиканың халыққа қызмет етуі – сол халықтың реалды қажеттерін өтеу үшін, оны прогерске бастайтын, жақсылыққа жеткізетін жолды таңдау деген сөз.
Біз осы жұмысымызда отандық телеарналардағы тікелей эфир хабарларын зерттей отыра, көзімізді көп нәрсеге жеткіздік. Алты құрлықтан асып келген батыстық, һәм еуропалық мәдениет біздің ана тіліміздегі хабарлардың үнін тұншықтырып барады. Халық қазақ тілді хабар көргісі келеді. Бірақ дәл сол кезде өзге арнадан өмірі таусылмайтын шетелдік сериалдар немесе шетелдік бейнеклиптер өтіп жатады. Қазақ тіліндегі хабарларды қалай көркейтуге болады? Көзі ашық, көкірегі ояу, жүрегі ұлтым деп соққан әрбір көрерменді мазалайтын орынды сұрақ. Әрине алдымен, бәсекеге қабілетті техникалық мүмкіндігі мол, шығармашылық ұжымы бір кісідей жабыла жұмыс істейтін мықты телеарна қажет. Қазақстанда мұндай телеарналар бар. Жасап жатқан жұмыстарына халық тарапынан әлдеқашан өз бағасын алды. Сапалы жасалған хабар өміршең болады.
Ал біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбына арқау болған тікелей эфир хабарлары телевидение саласының жаңашыл, әлі де көп ізденісті қажет ететін саласының бірі. Қазақ елінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген хабарлар саны да жетерлік. Оны жұмыс барысында талдап та өттік. Көрермен, зерттеуші ретінде сын пікірлер де айтылды. «Мылтықсыз майданға» теңелетін тікелей эфир хабарларының көтерер жүгі ауыр.
Тікелей эфир тележурналистиканың табиғатына тән заңдылықтар аясында ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ретке келітірілген қызмет жүйесі. Демек, тікелей эфир тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі. Жылдар бойы қалыптасқан эфир заңдылықтары қазір техниканың мүмкіндіктеріне қарай жаңа көкжиектерге де жетіп отыр. Ақпараттар мен озық технология ғасыры жұмыс істеймін деген адамға барлық жағдайды жасап отыр. Үнемі шығармашылық ізденіс үсінде жүретін журналистер үшін алынбайтын қамал жоқ.
Мемлекет тарапынан қаражат та бөлінеді, түрлі тендерлер ұтысқа түседі. Қандай арна болмасын кәсіби шеберліктің арқасында қанатын кңге жаюуға мол мүмкіндігі бар. Еліміз батыс пен шығыс, американ мен ресейлік үрдістердің ағымында ктіп қалмас үшін, ең күшті насихат құралын пайдалана отырып, теледидар арқылы ұлттық болмысымызды сақтап қалуға атсалысқанымыз абзал.
Өзіңді-өзің сыйламасаң, жат жаныңнан түңілмесін білеміз. Өз үйіңде өгей шешенің қас-қабағына қарағандай күй кешпей, қазақтың да өз басының қамын ойлайтын шағы жетті.
Баласағұн айтқан «Басыңның қамын ойласаң, тіліңді сақта». Төл тіліміз төңірегінде ақ-қараны тұспалдап жатпай-ақ, төтесінен қойып, ненің көңілге медеу, ненің аяққа тұсау екенін елеуішпен елеп, не ары, не бері өтелік. Електен өтпей қалған қоқымды не алып тастау керек, не езгілеп өткізу керек. Нанымыздың тазалығы тәрізді, қанымыздың болашағы үшін тіл тазалығын да осылай іске асыру абзал.
Көңілге демеу болатыны - өз қамын ойлаған көзқамандардың көзіне қарсы қарай алар нағыз намысты жүректердің жұмыстары көгілдір экранда да батыл бастау алды. Алла тағаланың өзі атаққұмарлардың аш қасқырдай аранынан сақтап, сәтін салып, қазақ тілінің, қазақ тіліндегі хабар, бағдарламалардың жолын кеспесе, көшіміз жүре түзеліп кетері күмәнсіз.
Міне, шағын зерттеу жұмысымыз арқылы осы үрдіске тамшыдай үлес қосқымыз келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |