2. БҮЙРЕК АМИЛОИДОЗЫ.
Атауы: Бүйрек амилоидозы (үлкен майлы бүйрек, үлкен ақ бүйрек);
Жіктелуі: Дистрофия - строма-тамырлық дистрофия – диспротеиноз – амилоидоз –
бүйрек амилоидозы
Сипаттамасы: Бүйректер ұлғайған, тығыздалган, беткейі тегіс немесе сәл түйіршікті,
күңгірт, түсі
ақшыл сары, түрі беткейінен де кесіндісінен де майлы болып көрінеді,
қыртысты және милы қабаттардың шекарасы анық емес.
Этиологиясы: 1)Біріншілік амилоидоз: тұқым қуалайтын гендік аномалиялар;
2)Екіншілік
амилоидоз: созылмалы абцесс,
туберкулез, миеломды ауру,
бронхоэктаз,
ревматоидты артрит, созылмалы остеомиелит, постдизентериялық
созылмалы ойық жаралы колит. 3)Қайталама амилоидоз: мерез, туберкулез, безгек,
бронхоэктазиялық ауру,
плевра эмпиемасы, остеомиелит, ұзаққа созылған
септикалық эндокардит, ревматоидты артрит, псориатикалық артрит, Бехтерев
ауруы, ойық жаралы колит,
Крон ауруы, лимфогранулематоз, менингиома, бүйрек
ісіктері;
Асқынулары:
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
Иммундық жетіспеушілік, нәтижесінде пайда
болатын кез-келген инфекция
(пневмония, паротит)
нефрогендік артериялық гипертензия, соған байланысты асқынулар инфаркт,
қан кету, жүрек жеткіліксіздігі.
Нәтижелері:
Жағымды: гемодиализ, бүйрек трансплантациясы.
Жағымсыз: бүйректің екіншілікті бүрісуі, оның жедел жетіспеушілігі, өлім.
3. ЖҮРЕК АТРОФИЯСЫ.
Атауы: Жүректің қоңыр атрофиясы немесе миокардтың қоңыр атрофиясы
Жіктелуі:
Аралас дистрофия-Хромопротеидтік-Липодогендік- Липофусциноз
Адаптация-Компенсация-Атрофия
Сипаттамасы: Жүректің
формасы сақталған,бірақ мөлшері мен салмағы азайған, түрі
бұлыңғыр, эпикардтың майлы тіндері іс жүзінде жоғалады (липохромдардың жиналуына
байланысты оның қалдықтары ақшыл-сары түсті) тамырлар тарылған. Кесіндіде
кардиомиоциттерде қоңыр пигменттің яғни липофусциннің жинақталуы болады. Жүрек
бұлшықеттеріндегі талшықтардың
жалпы құрылысы өзгермейді, тек көлемі кішірейеді;
бастапқы сатысында жүректегі өзгерістер анық байқалмайды; жүре келе бұлшықет
талшықтарының жұқарып
кеткенін байқауға болады, атрофияның кейінгі сатыларында
жүрек ядросының да мөлшері азайғанын байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: