1-билет Гольджи аппаратының құрылысы жǝне қызметі, оның синтездегі, сеĸрет шығарудағы жǝне ĸлетĸаға басқа заттарды өтĸізудегі рөліне анықтама беріңіз


Қанның құрылысы мен қызметіне сипаттама беріңіз



бет12/79
Дата29.04.2024
өлшемі161.36 Kb.
#500112
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   79
шпор цитооо

3. Қанның құрылысы мен қызметіне сипаттама беріңіз.
Қан сарғылттау келген сұйық зат – плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан жасушаларынан, яғни пішінді элементтерден тұрады. Ересек адамда қанның құрамы салмағының 6-8 пайызға тең. Қан жасушалары қызыл түйіршіктер мен ақ түйіршіктер, қан пластинкалары- тромбоцитттер. Плазма қан құрамының 52-58 пайызына тең, қан жасушалары 42-48-ға тең. Плазманың құрамы. Оның 90-92-і судан, қалғаны құрғақ заттардан құралған. Соңғыларының 8-9-і органикалық заттар, оның ішінде белок 6-8 пайыз, 0,9-1 пайыз бейорганикалық заттар. Бұлардың көбі ас тұзы органикалық заттардың көбі белоктар: альбумин, глобулин, фиброноген. Альбуминдер мен фибриноген бауырда, глобулиндер бауырда және сүйек кемігінде, көк бауырда лимфалық түйіндерде түзіледі. Бұлармен қатар плазмада глюкоза, липидтер, сүт қышқылы, пировиноград қышқылы және молекуласында азоты бар заттар, түрлі ферменттер, гормондар, витаминдер, пигменттер, еріген күйінде оттегі, көмір қышқылды газ, азоты болады. Эритроцит- (грекше erytros - қызыл, cytos - жасуша) қанның қызыл түйіршіктері. Олардың саны еркек пен әйелде бірдей емес. Ер адам қанының әр литірінде 4,5-5,0 х 10 12 эритроцит болады. Әйел қанында бұл көрсеткіш аздау: 3,7- 4,5 х 1012. Эритроцит санының қалыптант тыс басым болуы эритроцитоз, ал аз болуы эритроцитопения деп аталады. Бұлар сау адамдарда да науқастарда да кездеседі, сондықтан олар физиологиялық және патологиялық болып екі топқа бөлінеді. Сондай-ақ абсолютті эритроцитоз бен эритроцитопения ұғымдары да бар. Эритроцит санының абсолюттік өзгеруі оның сүйек кемігінде түзілуінде және қанға өту шапшандығына байланысты. Абсолюттік эритроцитоз - тінде оттегі азайғанда болады. Гипоксия салдарынан бүйректен көп мөлшерде эритропоэтиндер бөлініп шығады. Олар эритроциттердің сүйек кемігінде түзілуін және қанға өтуін тездетеді. Сау адамда гипоксия ауаның барометірлік қысымы төмендеген жағдайда, яғни биік тауға шыққан кезде не кабинасы ашық самолетпен 3,5-5 мың/м биіктікке қөтерілген сәтте кездеседі. Сырқаттанған кезде болатын абсолюттік эритроцитоз өкпе мен жүректің созылмалы ауруларға ұшырауының салдары не қан аурулары кезінде де болуы мүмкін. Салыстырмалы эритроцитоз қанның сұйық бөлігі - плазманың азаюынан болады. Адам қара жұмыс істеп қатты терлегенде, не ыстық уақытта термен бірге құрамындағы суы сыртқа шығады да қан қойылады. Осыған орай эритроцит саны көбейеді. 1.Эритроциттер тыныс aлy үрдісіне қатысады. Гемоглобин өкпеде окси - гемоглобинге айналып оттегін тасиды. Қан айналысының үлкен шеңберіндегі капиллярларға жеткен соң оксигемоглобин ыдырап оттегін бөліп шығарады. Босаған оттегі тіндерге өтеді. Белгілі бір тіннен өткен көмір қышқылды газдың (СО2) біразы гемоглобинмен әрекеттесіп карбогемоглобин түзеді. Газдың қалғаны эритроцитте көмір қышқылның калийлі, ал плазмада натрийлі тұзын құрып оларды өкпеге жеткізеді. Өкпеде аталған қосылыстар ыдырап көмір – қышқыл газы бөлініп сыртқа шығады. 2.Эритроциттегі гемоглобин молекулалары қан реакциясының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Гемоглобин (ННв) әлсіз қышқыл, ал оксигемоглобин қышқылдығы одан 70 есе артық. 3.Эритроцит тіндердегі суды өкпеге тасиды. Венадағы қанда эритроцит көлемі 10% артады, ал өкпеде вена қаны артерия қанына айналған соң керісінше, 10% кішірейеді. Қан плазмасының жалпы мөлшері 2500 мл, ал оның 10%-і 250 мл. Минут өткен сайын өкпе мен тіндер арқылы 5 литрдей қан өтеді, оның 2,5л плазма. Демек, минут сайын эритроциттер өкпеге 250 мл су әкеледі. Ол эритроциттерден айналасындағы плазмаға өтеді. Артық су плазмадан өкпе арқылы сыртқа шығады. 4.Эритроцит қанның қорғаныш қызметіне қатысады. Эритроцит теріс зарядталған түйіршік, сондықтан оң зарядты улы заттарды өзіне тартып (адсорбция) олардың уытын басады (қайтарады). 5.Эритроцит жарылысымен тромбопластин босап шығады да қанды тез ұйытады. Қан ұюы да оның қорғаныш қызметінің бір түрі. 6.Эритроцит макромолекуланы тасып жасушалар арасындағы креаторлық айланыстарды қамтамасыз етеді. Лейкоциттер. Бір литр қанда 4,5-9x109 /л лейкоцит болады. Лейкоцит (leucocytus) қанның ақ жасушасы (leuco - ақ, cytus - жасуша). Эритроциттен айырмашылығы — ядросы бар, эритроциттен үлкендеу (диаметрі 12 мкм), амеба сияқты протоплазмасынан жалған аяқтар шығарып (псевдоподий) қозғалады. Лейкоциттер алуан түрлі қызмет атқарады. Лейкоциттің ең басты қызметі - оның фагоцитоздық қабілеті. Бұл И.И.Мечников зерттеулерінен белгілі. Фагоцитоз - грекше phagien - обыру, жұту, қармалап алу cytus -жасуша. Басқаша айтқанда қармалап алатын жасуша қорытады. Демек, фагоцитоз деп денеге келіп түскен бөгде заттарды, мәселен, микробтарды лейкоциттер аяқтарымен қармалап алып ішіне енгізіп ферменттермен қорытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет