4 СӨЖ “Қазақ тілінен функционалды сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі” пәні



бет1/5
Дата10.04.2023
өлшемі25.46 Kb.
#471992
  1   2   3   4   5
Қүанышбаева Р. #4 сөж фс


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
4 СӨЖ
Қазақ тілінен функционалды сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі” пәні
ҚБ 206 топ, 2 курс


Орындаған: Қүанышбаева Р.
Тексерген: Қоқанова Ж.


Алматы 2023ж.
1. Оқу стратегиялары (реферат)
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім

  1. Сауаттылық ұғымы

  2. Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруда PISA есептерін қолданудың тиімділігі

Қорытынды


Кіріспе.
Білім беру жүйесі жыл сайын әр түрлі өзгерістерге ұшырап отыр. Бұл өзгерістердің басты мақсаты - өсіп келе жатқан ұрпақты жан-жақты дамыған, құзыретті азаматтар етіп тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуге функционалдық сауаттылық көмектеседі. Жаттанды білім жарға жығады. Егер бойыңдағы білімің күнделікті өмірде қажетіңе жарамаса, ол білімнің керегі не? Осы орайда мұғалімнің үйретері мен берері мол. Ал шәкіртіне білімін күнделікті өмірде кәдеге асыруды үйреткен мұғалімдер саны артса, нұр үстіне нұр болар еді.
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр.


1. Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. 
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:

  • белсенділік

  • шығармашылық тұрғыда ойлау

  • шешім қабылдай алу

  • өз кәсібін дұрыс таңдай алу

  • өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығарудың ең бір тиімді тәсілі ол – оқытудағы математикалық сауаттылық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет