Қоғалы көлдер суалған,
Тізеге жетер-жетпес күн болған,- деген жолдардағы Махамбет қолданған көркемдік тәсіл:
(Литота)
«Ер Тарғын» жырында:
«От орнындай тұяқтан
Ойнамақтай-ақ қалыпты,
Етектейін еріннен
Екі
елісі қалыпты,» - деген шумақта жыршы қолданған тәсіл:
(Литота)
Гротеск (өсіру, ұлғайту) – әдеби шығарма ішіндегі
оқиғаны шамадан тыс асыра, әсірелей айту.
Табу – көне дәстүр, наным бойынша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап аталған сөз.Мысалы,жай түсу – жасыл
түсті,Қасқыр- ұлыма т.б.
Эвфемизм – мағынасы тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып қолданылатын сөз.Мысалы,мылжың – сөзуарлау,
өлді- дүние салды, бақиға аттанды, көз жұмды.
Айшықтаудың (фигура) түрлері:
Арнау:
-
Жарлай арнау
-
Сұрай арнау
-
Зарлай арнау
Қайталау:
-
Жай қатару
-
Еспе қайтару
-
Анафора (әдепті қайталау)
-
Эпифора (кезекті қайталау)
Антитеза (шендестіру)
Градация (дамыту)
Параллелизм (егіздеу)
Эллипсис (сөз тастап кету)
Инверсия (сөз орнын ауыстыру)
Арнау – айшықтаудың бір түрі.
Жарлай арнау – ақынның жеке адамға емес, жалпы жұртқа жария кеңесуі.
Қалың елім,қазағым,қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. (Абай)
Сұрай арнау – ақын өз ойын сан-салалы сауал арқылы айтып жеткізеді де, өзі сол сауалдарға жауап күтеді.
Ақ қағазды қаралап,
Қалам неге ойнайды?
Ақын неге қайғырып,
Терең ойға бойлайды? (Әлі Есмамбетов)
Зарлай арнау – мұң, зар түрінде айтылады.
Алатауды айналсам,
Алғадайды табам ба?
Сарыарқаны шарласам,
Саңлағымды табам ба? (Жамбыл)
Достарыңызбен бөлісу: