Қазақ баллада жанрының көшбасшысы: (Қайнекей жармағанбетов)
Шағын сюжетті өлеңге тән атау: (Баллада)
3.Драма – сахнаға арналған,оқиғаны оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын
әдеби шығарма. Оқиғасы сөздері және қимыл әрекеттері арқылы танылады.Қазақ драмасын ғалым, академик Р.Нұрғали үш
салаға жіктеді:а)қаһармандық; ә)саяси-әлеуметтік; б)тариха-ғұмырнамалық.
Комедия- өмір құбылыстарының, адамның мінез-құлқының,іс-әрекетініңкүлкілі жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға
лайықталып жазылған драмалық шығарма.
Трагедия- өмірдегі шиеленіскен күрес- тартысты,бір-біріне қарама-қайшы күштердің ешбір ымыраға келмейтін,белдескен
күресін,қақтығыс таласын суреттейтін драмалық шығарма.Көбінесе кейіпкердік қазаға ұшырауымен аяқталады.
Пьеса – драматургиялық шығармалардың жазылу түрі. ПЬЕСА прозадағы,поэзиядағы сияқты авторлық суреттеулер,
мінездеулер, баяндаулар болмайды,барлық оқиғасы,ойы, кейіпкерлер бейнесі- бәрі кейіпкерлердің өз сөздері арқылы
жасалынады.Қысқа түсіндірме түрінде келетін авторлық сөзі ремарқа деп аталады.
Проза- қара сөзбен жазылған шығармалар.
Поэзия- көркем әдебиетті ңертеден қалыптасқан үлкен бір саласы,өлең,жыр түрінде жазылған әдеби шыгармалар.
Жыр-1)поэзиялық шығармалардың жалпы атауы;2) қазақтың халық поэзиясындағы 7-8 буынды өлең өлшемі , поэзиялық
шығарма жанры.
Жырау – өз жанынан шығарып жыр айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының
өкілі.
Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Жыршы бұрыннан белгілі жырлы, халық дастандары мен поэмаларды домбыраның не
қобыздың сүйемелдеуінен, мақаммен ,әнмен айтады,сондай-ақ эпикалық шығармаларды ды орындайды.Кейбір жыршылар өз
жанынан да өлең-жыр шығарады.
Терме – лирикалық өлеңдердің үлгі-өнеге, ақыл-кеңес, өнеге-насихат ретінде келіп,белгілі бір ырғақпен орындалатын түрі.
Толғау – көне дәуірлерде туып, қалыптасқан поэзиялық шығарманың бір түрі,философиялық ой қорытудың ұлттық үлгісі,
табан астындасуырып салып айтуға құралған лиро-эпостық жыр.Толғау- күрделі, көлемді лирикалық туынды,сюжетсіз
поэма.
Дастан – ауыз әдебиетіне жататын жанр.Дастан Орта Азия,Таяу Шығыс халықтары мен қазақ халқыныңарасында кең
тараған .Қазақ дастандарын тақырыптарына қарай тарихи жырлар,батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, қиссалар деп
бөдуге болады.
Фантастика – шығарманың құрылымы : басталуы дамуы шиеленісуі шарықтау шегі шешімі
Сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып,реттеп,қиыннан қиыстырып тұратын тәсіл қалай аталады: (Композиция)
Көркем шығарма композициясының элементі: (Шарықтау шегі)
Достарыңызбен бөлісу: |