Орыс тілінен қазақ тіліне поэма аударудың алғашқы тәжрибелерінің бірі болған Шәңгерейдің шығармасы: ("Қашқын" поэмасы Лермонтовтан)
Шәңгерей қазақ жастарына кімнен үлгі алуды ұсынады? (Эдиссоннан)
Өнертапқыш ғалым Эдиссонды (1847-1931) мақтан ете, үлгі ете жырлаған ақын: (Шәңгерей Бөкеев)
Ғұмар Қараш бастырған "Шайыр" (1910), "Көкселдір" (1912) жинақтарының авторы Ш. Бөкеев
Шәңгерей Бөкеевтің шығармаларын жинақтап, кітап етіп бастырған: (Ғұмар Қараш)
"Шәңгерей Бөкеев - қазақ поэзиясында жазба әдебиет дәстүрін орнықтырған ірі суреткер ақын" - деген пікірдің авторы: (Зәки Ахметов)
Құйрық атып Құлия,
Түлкідей қашқан жымия.
Қараңды үзіп барасың,
Бізден де қалған дүния! Үзіндінің авторы: (Ш. Бөкеев)
Шәңгерей шығармалары: ("Жігіттің болса жақсы алған жары", "Адамнан артық ажар, ақыл, айлаң")
Шәңгерей Бөкеев туралы дерек: (Жәңгір ханның немересі; Бітімші сот; Патша тарапынан дворян атағын алған қазақ)
Шәңгерей Бөкеевтің ғалым тақырыбындағы шығармалары: ("Эдиссон")
1911-1913 жылдары Оралда Шәңгерей қаржылық көмек көрсеткен газет: ("Қазақстан" газеті)
Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931)
Туған жері: қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
Шығармалары: (Хал-ахуал", "Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі", "Жеті жетім", "Бес қымбат", "Көрінбес", "Жүсіптің тырнамен айтысы", "т.б
Дастандары: "Гүлшат-Шеризат", "Ғибратнама", "Шайтанның саудасы", "Баяннама" т.б
Кітаптары: "Хал-ахуал", "Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз", "Сарыарқаның кімдікі екендігі" (1907 жылы Қазандағы Хұсайновтар баспасында); "Мес" кітабы (ауыз әдебиеті үлгілері енген)
1870 жылы Хамаретдин хазіреттің медресесінде, одан кейін Бұхарадағы Мірараб медресесінде білім алған.
Ақын фольклортанушы "Ер Сайын", "Ер Көкше", "Көрұғлы", "Шора батыр", жырларын, Балта ақын мен Шөже, Жанақ пен Түбек, Күдер мен Ұлбике, Ұлбике мен Жангелді, Шортанбай мен Орынбай айтыстарын, Бұқар жырау, Шортанбай, Шөже, Орынбай т.б. жыр-толғауларын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, қағазға түсірген. Шығыс зерттеушісі фольклоршы В. Радловпен таныс болған.
1875 жылдан бастап "Дала уалаяты" газетіне хат-хабар, мақала жіберіп тұрған. 1889-1894 жылдары "Дала уалаяты" газетінде оннан астам проблемалық материалдар, "Айқап" журналының 1912 жылғы екі санында көлемді мақала жариялаған.
Қажымұқанмен кездесіп дос болған. Ақан серімен бірнеше рет кездескен. "Ақан серінің Құлагері өлген соң, бұрынғы серілік мінезді қалдырып, көп адам бас қосатын ас, жиын тойға бармайтын болып, дүние қызығынан мүлде көңілін суытты. Ақан сері адамзаттың сұңқары, қызыл тілдің ділмары, жігіттің құлпы жібегі еді" деп жазған.
Мәшһүр - белгілі, әйгілі деген сөз.
Ақын, фольклортанушы-этнограф қаламгер: (Мәшһүр Жүсіп)
М.Ж. Көпеевтің қасиеттерін анықтай алатын жауап: Этнограф, тарихшы, жазба ақын.
Мәшһүр Жүсіп білім алған медресе қай жерде? Баянауылда
Мәшһүр Жүсіптің "Сарыарқаның кімдікі екендігі" кітабы қай жылы жарық көрген? 1907 жылы
Мәшһүр Жүсіптің 1907 жылы басылып шыққан шығармасы: "Хал-ахуал"
"Сарыарқаның кімдікі екендікі" кітабын жазған: Мәшһүр Жүсіп
Мәшһүр Жүсіптің дастаны: "Гүлшат пен Шернияз"
Мәшһүр Жүсіптің мысал жанрында жазған өлеңі: "Шайтанның саудасы"
Мәшһүр Жүсіп Көпеевке тән қасиет: (Қазақтың белгілі тарихи тұлғаларымен кездесіп құнды естеліктер жазған)
Мәшһүр Жүсіптің қазақтың өз жер-суынан айырылып, патшаның отаршылдық талауына түскенін жазған өлеңі: "Сарыарқаның кімдікі екендігі"
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кездесіп дос болған адамдары: (Қажымұқан, Ақан сері)
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің дастандары: "Гүлшат-Шеризат", "Ғибратнама", "Баяннама", "Шайтанның саудасы"
Мәшһүр Жүсіп Көпеевке тән ерекшеліктер: (Патша отаршылдығын сынға алды; Ауыз әдебиеті үлгілерін жинады)
Достарыңызбен бөлісу: |