ЕСТЕ САҚТАУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ - жады болып табылады. ЭЕМ жадысы ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі жадының өзі тұрақты және жедел болып жіктеледі. Тұрақты жадыда өзгермейтін информация сақталады. Ондағы информацияны ешкім өзгерте алмайды, ол заводта жасалынғанда бірге жазылады. Жедел жадыдағы информация компьютер тоқтан айрылған кезде жойылып кетеді. Жедел жады мен процессордың жұмысын жылдамдату үшін пайдаланылатын аралық дәнекер жады кэш-жады деп аталады. Сыртқы жадыға информация жинақтауыштар жатады. ЭЕМ-дердегі информация жинақтауыштар ролін магниттік дискілердегі жинақтауыштар атқарады. Олардың екі түрі болады: иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыш және қатты магниттік дискідегі жинақтауыш.
Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар (винчестер) ифнормацияны тұрақты сақтауға арналған. Оның сиымдылығы үлкен, пайдалануға өте ыңғайлы.
🕮 Винчестер
Алғашқы қатты дискті 1956 жылы IBM фирмасы шығарды. Ол RAMAC деп аталды, сиымдылығы 5 МБ және 24 дюймдік 50 пластинадан тұрды. Бірақ бұл диск қазіргі қатты дисктен әлдеқайда өзге еді. Ал “Винчестер” термині 1973 жылы IBM фирмасы винчестер деген лақап атпен шыққан 3340 моделімен бірге пайда болды. Бұл екі 14 дюймдік пластинадан тұратын 60 Мбайттық қатты диск еді. Проекттің жетекшісі Кен Хотон болды. Жыл өте келе винчестерлердің сапасы артып келеді. Иілгіш дискідегі (дискетадағы) жинақтауыштар мәліметтерді компьютерлер арасында тасымалдау үшін, әзір жұмысқа қажет емес информацияны сақтап қою үшін, қатты дискідегі информацияның архивтік көшірмесін алуға қажет.
🕮 Иілгіш диск (дискета)
Иілгіш диск – информацияны магниттік тасушылардың ең ежелгілерінің бірі. Ол 1950 жылы Токионың Императорлық университетінің қызметкері Иошир Накамета ойлап тапты. Бірақ ол кезде дискеталар компьютерлердегі информацияны жазуға пайдаланылмады. Информация тасушы ретінде иілгіш диск 1971 жылы IBM фирмасы шығарғаннан кейін итанымал болды. 1983 жылы SONY компаниясы стандартқа айналып, қазірде қолданылып жүрген сиымдылығы 1,44 Мб дискеталарды шығара бастады.