1 БӨлім. Глоссарий автотрофный


Эпителий тканінің маңызы және жалпы сипаттамасы



бет3/10
Дата24.02.2016
өлшемі4.07 Mb.
#14594
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Эпителий тканінің маңызы және жалпы сипаттамасы.

Организмнің сыртын қаптап және ішкі органдардың қуыстарын төсейтін болғандықтан бұл тканьді эпителий немесе шекаралық ткань деп атайды. Сонымен қатар организм мен сыртқы ортаның арасындағы зат алмасу процесі осы ткань арқылы орындалады. Эпителийдің шекаралыққа орналасуы организмді ортаның әсерлерінен қорғайтын қызметіне тығыз байланысты. Мысалы, терінің үстіңгі мүиізді қабаты тығыз болғандықтан терең қабаттардағы тканьдерді қорғайды. Шек каналының ішкі қабырғасын төсейтін эпителий тағамның қатты бөлшек-терінің әсерінен және ішкі ортаға көптеген ауру қоздыратын бактериялардың енуінен сақтайды. Сонымен қатар ішек эпителийі қоректендіру қызметін атқарады. Өйткені, қорытылған тамақ эпителий арқылы қанға сорылады. Кейбір эпителий клеткалары организмнің тіршілік әрекетіне қажетті заттар бөліп шығарады. Ол заттарды секрет деп, ал оларды бөліп шығаратын клеткадаларды без немесе секреторлы клеткалар деп атайды. Сонымен эпителий тканінің тағы бір маңызды кызметіне секрет шығару кызметін косуга болады.

Бүйрек каналшаларын төсейтін эпителийдің без клеткалары зат алмасу процесінде түзілген зиянды өнімдерді бөледі. Эпителийдің қызметінің ерекшелігі және оның
шекараға орналасуы бұл тканьнің құрылысын сипаттайды. Эпителий бір кабатты болсын немесе көп қабатты болсын, барлық уақытта да шекаралығы айқындалған,
өзара тығыз орналасқан клеткалардан тұратын жалпы қатар түзеді. Бұл клеткалардың арасында сәл мөлшерде клеткасыз аралық заттар орналасады. Эпителийді оргаиизмнен тыс жерде есіргенде ол тек тегіс жазық қабатты немесе клеткалары тығыз болып келетін сызаб түрінде болады.

Эпителий клеткалары жете маманданғандығына қарамастан бөлінуге қабілеттілігін жоймайды, клеткалардын тобын немесе қабаттарын түзеді. Эпителий клеткаларының жаңарып отыру қабілеті өте жоғары. Организмнің сырт жағында орналасатын ткань үшін мұндай қасиеттің маңызы өте зор. Эпителий дәнекер тканьдердің үстінде орналасып, одан мембрана арқылы бөлінеді. Ішкі мембрана дәнекер ткань мен эпителийді тығыз байланыстырады. Ол эпителий және дәнекер тканінен дамиды. Дәнекер тканінен өткен қан ішкі мембрана аркылы эпителийге жеткізіледі. Өйткені эпителийде кан тамырлары болмайды. Эпителий клеткасында дөңгелек немесе сопақ болып келетін бір ядро бар. Клетканың протоплазмасында органоидтардың бәрі орналасып, әсіресе, хондриосом және ішкі торлы аппарат оңай көрінеді. Эпителий клеткасы полярлы. Шекарада орналасуына байланысты клетканың сыртқы (апикалды), ішкі (базалды) белімі айқын көзге түседі. Эпителий клеткалары мен клеткалық тузілістердің бәрі сырткы бөлімінен ішкі бөлімге бағытталып орналасады. Бұл жағдайда ядро үнемі ішкі бөлімде жатады.



Эпителийдің классификациясы. Эпителийді классификациялау негізіне клетканың формасы мен қабат саны алынады. Эпителий бір және көп кабатты болады. Бір қабатты эпителийдің формасы әр түрлі келеді. Ол жазық, төмен призмалы және биік призмалы эпителийге ажыратылады Жазық эпителий көп бұрышты формалы клеткалардан тұрады (1-сурет). Бұл эпителий кейбір органдардың ішкі қабатын, өкпенің альвеолдарының ішкі бетін және дененің қуысын астарлайды.

Төмен призмалы эпителийде клеткалардың биіктігі мен ені тең болып келеді. Мұндай эпителий көптеген бездердің сыртқа шығарғыш түтіктерін және бүйректің зәр жинау каналшасының қуысың төсейді.

Биік призмалы эпителпйдің клеткалары баскалардаң биігірек және төрт, алты қырлы призма тәрізді болады. Бұл эпителий шектің, карынның және кейбір басқа органдардын куыстарын төсейді.

Бір қабат эпителийлердің ішінде формасы және биіктігі әркелкі клеткалардан тұратын көп катарлы эпителий де болады. (1-сурет, 5, 6).






1-сурет. Эпителийдің әр түрлі типтері.

1-бір қабатты жазық эпителий (бүйірі мен үстінен); 2-аласа призма тәрізді эпителий (үстінен); 3- биік призмалы эпителий; 4 – кірпікті призмалы эпителий; 5 – көп қатарлы призма тәрізді эпителий; 6 – кірпікті көп қатарлы эпителий; 7- көп қабатты эпителий.

Мұндай эпителийдің үст-не тек призма тәрізді клеткалар орналасып, ұршық тәрізді немесе конус тәрізділері олардың арасында жатады. Көп катарлы эпителий де клеткалардың биіктігі бірдей болмағандыктан ядролар әр түрлі деңгейде орналасады. Олар көптеген органдардын — тыныс жолдарынын, аралык жыныс аппаратынын, сыртқа шығару түтігінің кабырғаларын астарлайды. Бір қабатты эпителийлер клетканың сыртқы бөлімінде кірпікшелер түзілуі арқылы күрделенеді. Кірпікшелері бар эпиителийлер жұлынның орталык каналын, тыныс жолдарын және жатынның шырышты қабағын, т. б. төсейді

Көп қабатты эпителийдің бөлінуі сыртқы кабатын кұрайтыи клетканың формасына негізделді. Көп қабатты эпителий көп-қабатты шағын эпителийге және көп қабатты призмалы эпителийге бөлінеді. Көп кабатты шағын эпителий терінің үстіңгі қабатын, ауыздың, жұтқыншақтың және қынабтың кілегей қабықтарын астарлайды. Қөп қабатты призмалы эпителийдің сырткы қабатындағы клеткалар призмалы болса, басқа қабаттарда алмұрт тәрізді немесе өзге формалы келеді. Мысалы, ол, көздің дәнекер тканьды қабығында болады. Эпителийлердің жоғарыда баяндалған бөліну принціпі морфологиялық белгілер ғана, ол эпителий тканьдерінің физиологиялық қасиеттерін көрсете алмайды. Эпителийлер кызметіне қарай тері, қорғаныш және трофикалық кызмет атқаратын шектік, секрет шығаратын безді және целомдық эпителийлерге бөлінеді.

2.ТЕРІ ЭПИТЕЛИЙІ

Тері эпителийі эктодермадан дамиды. Оның құрылысы түрлі. Бұл эпителийдегі клеткалар қабаттан тыс жерде тіршілік ете алмайды. Омыртқалыларда тері эпителийі көп қабатты, ал омыртқасыздарға бір қабатты болып келеді. Омыртқалыларда эпителий клеткалары мықты қабаттар, ал омыртқасыздарда протоплазма клетканың үстіне орналасқан кутикула түзеді. Осы қасиеттерінің аркасында жоғарыдағы айтылған жануарлардың денесі сыртқы ортанын әсерінен қорғанады.

Көп кабатты жазық эпителий адам мен сүт қоректілердің тері жамылғысында. әрі қалыңдау, әрі жете мамандаған болады. Тері нағыз тері деп аталынатын дәнекер тканінен және эпидермис деп аталынатын эпителий тканінен тұрады.

Эпидермис орналасуына қарай үш аумаққа бөлінеді. Дәнекер тканьмен шекаралас орналаскан төмеңгі аймақ өсу аймағы, оның үстіндегісі түйіршікті және жарқырауық клеткалардан тұратындықтан түйіршікті жарқырауық аймак, ең сыртқы аймақ қалың мүйізделген өлі клеткалардан тұратындықтан мүйізді аймақ деп аталады. (2-сурет).


Өсу аймағы қатар, терен орналаскан, базалды деп аталынатын биік празмалы клеткалардан тұрады. Бұл клетканың көбі бұрыс формалы тармақтары аркылы астынғы қатарларда орналаскан клеткалардың арасына кіреді. Оларды шип тәрізді клетка деп атайды. Түйіршікті кабаттағы клеткаларға жақындаған сайын шип тәрізді клеткалар жазықтала түседі. Базальды кабаттың биік призмалы клеткаларынын ядролары жұмыртқа тәрізді, ал терең қабаттарда орналасқан шип тәрізді клеткалардың ядролары дөңгелек тәрізді болатын болса, эпидермистің үстінгі жағына жақындаған сайын ядролар қайтадан жұмыртка тәрізді түрге келеді, көлденеңінен орналасады. Митозды жолмен өрбу қасиеті тек базальды клеткаларда болады. Эпителийдің тіршілігінде бұл клеткалар эпидермистің үстіңгі бетіндегі үнемі жойылып отыратын клеткаларды жаңартуы арқылы өте маңызды орын алады. Өсу аймағы дәнекер тканьмен жанасатын жерінде ирек сызаб жасайды, өйткені

дерманың өсінділері эпидермиске енеді. Ал, өсу аймағы солардың аралығын толтырады. Эпителий клеткалары бірбірінен тар саңылау тәрізді болып көрінетін клетка аралығы арқылы бөлініп тұрады. Қоректік заттар клетка аралыктары арқылы дәнекер тканінен эпителий клеткасына апарылады. Бірак клеткалар өзара протоплазмалық өткеліктер арқылы байланысады (2 - сурет).



2 - сурет. Терінің мүйізделген көп қабатты эпителийі (эпидермис).

1 – өсінді қабат; 2 – түйіршікті қабат; 3- жылтыр қабат; 4 – мүйізді қабат; 5 – базалді мембрана; 6 - дәнекер ұлпа.

Түйіршікті аймақ жазықталған 3—4 қатарлы клеткалардан тұрады. Олардың протоплазмасында кератогиалин деп аталынатып ұсақ түіршіктер пайда болады. Протоплазмада ұсақ түйіршіктер пайда болған соң, оның үстіңгі қабаттары клеткаларды мүйізді өлі клеткаларға айналдырады. Түйіршікті клеткалар үстіңғі кабаттардагы 2—4 катар клеткалардан тұратын

жылтырауык клеткаларға айналып, жылты рауық кабатын түзеді. Жылтырауык клеткалардын шекаралығы айкын көрінбейді. Олардың ядролары нашар боялады. Қлеткалар кератогиалин түйіршіктерінің өтуі нәтижесінде түзілетін жаркырауық зат элейдинмен толтырылып отырады.

Эпидермистің үстіңгі аймағы мүйізді өлі клеткалардан тұрады. Муйізді қабаттың түзілу жолы әлі толық анықталған жоқ. Ең үстіңгі қабаты қабыршақтанып, біртіндеп ұсақ қабықтар күйінде түсіп отырады. Мұны кейбір ғалымдар —плазманың мүйіздену процесінде пайда болады деп есептейді. Ол процесс дұрыс өтсе, түйіршікті қабаттағы тонофибрилдер жойылып кетеді. Қабыршактар түсе бастайды. Мұндай құбылыс кейбір жұқпалы аурулардың белгісі.

Қабыршақтар бездердің майлы секретімен қосылып, терінің үстінде корғаныштық манызы бар жуан қабат түзеді. Ол кабат серпімді келеді, жылуды нашар өткізеді, сөйтіп организмді өте ыстықтап кетуінен сактайды. Май қышқылдарының әсерінен мүйізді кабаттың реак циясы кышқыл болады. Сондықтан организмді қоршаған ортадағы сансыз көп микробтар теріге түскенде өрбуге жағдайсыз ортада, болып, жойылып кетіп отырады. Клетканың мүйізденуі сыртқы орта жағдайына тәуелді, организм таза ауада болып витаминді азык қабылдаса, бұл процеес жақсы өтеді. Егер азықта «А» витамині кем болса, өсу аймағьның клеткалары өрбігенмен, олардың мүйізденуі тоқталады.

Осының салдарынан теріні корғайтын мүйізді қабат түзілмейді. Терінің түсі эпидермистің өсу аймағындағы пигментке байланысты. Пигменттің көбеюіне күн сәулесі әсер етеді.Тері қоңырқай тартып, тотығып, организмді қысқа толқынды күшті сәуледен сақтандырады.





3 - Сурет. Жас мысықтың жағындағы эпителиалды жиектің кесіндісі. 1 – тонофибрилдер.



4 - сурет. Мүйізді қоңыз личинкасының сауытының бір қабатты эпителийінің тік кесіндісі.

1.— хитин; 2 — эпителий; 3 — дәнекер ткані; 4 — қан клеткалары.

Бір қабатты жазык эпителий — схмьіртқасыздар клеткасының сырткы бөлімінде тығыз кутикула түзіп сырткы ортаның қолайсыз әсерінен қорғаушы кьізметін аткарады. Кутикула, әсіресе, бұынаяқтыларда күшті дамыған, өйткені ол тіректік қызмет те атқарады. Мысалы, насекомдардың хитин тәрізді сауыты эпителийден пайда болған қаңқа. Оның түзілуінде де эпителий клеткалары тіршілік қасиеттерін сақтайды. Олар бұзылған тері жамылғысын қалпына келтіріп немесе түлеуден кейін жаңа сауыт түзеді. Кутикула клеткалық қүрылысынан айрылып жануардын, денесін жауып тұратын түзіліс болса да, эпителий клеткаларымен байланысын жоймайды (4 - сурет).

Кутикуланы түзе алатын эпителийдің тұтастығы өте айқын білінеді. Мұндай жағдайда зпителий тұтас қабат түрінде ғана қызмет аткарады. Егер бұл тұтастығынан
сәл айрылса, ол қорғаушы орган ретіндегі маңызын жояды.

Шек эпителийі. Бұл эпителий энтодермадан дамиды. Шек эпителийі ас қорытылатын, қоректік заттар сорылатын шек және қарын қабырғаларының ішкі қуыстарын төсейді. Сонымен қатар шек эпителийі шектің ішкі қуысында болатын бактерияларды денеге өткізбейтін кедергі жасайды.


6-сурет. Ащы шектің шырышты қабығының тік кесіндісі. 1- бүрлердің эпителийі. 2 — бүрлердің дәнекер ткані 3 — крипталар.
Екіншіден, шектің қабырғасын ас қорыту ферменттерінің әсерінен сақтайды. Бұл эпителийдің қызметін гистологиялық құрылысының ерекшеліктері белгілейді. Ол қорғаныштың маңызы бар эпителййден өзгешелеу. Шек эпителийі көбінесе биік призмалы клеткалардан тұрып, бір қабатты келеді, айқын көрінеді (5-сурет). Клетканың органоидтары ядроның үстінде жүйелі орналасады. Ішкі мембрана жартусыз дамитындықтан

тері эпителий сияқты астыңғы тканьдермен қосылмайды.

Қлеткалардың шекарасында саңылаулардың болуы себепті

клетка аралығы айқың көрінеді. Осы саңылаулар арқылы

тканьдік сұйық заттар өтіп отырады.

Клетканың сыртқы бөлімінде қорғаныштық маңызы бар

көмкермелі ерекше кутикула түзіледі. Сондықтан кейбір ғалымдар бұл эпителийді көмкермелі шек эпителийі деп атайды. Қутикулды жамылғының ерекшелігі сол, ол омыртқасыздардағыдай тұтас қабат емес, әрбір клеткада жеке пластинка күйінде болады.

Клеткалық саңылауларға жете алмайтындықтан кутикуланы арнаулы түйістіргіш пластинка жамылады. Кутикула да шектен қоректі сүйық заттар қабылдайтын жіңішке каналшалар_болады. Ірі түйірлі заттар бұл каналшалар арқылы өте алмайды. Сонымен кутикула организмде қоректі заттардың сорылу процесін реттеуші қызметін атқарады. Шектің үнемі қозғалыста болуы (перистальтика) және шек эпителийінің үдемелі қызметі клеткалардың өмірін қыскартады. Сондықтан шектің бұрынғы клеткалары өліп шек қуысына түседі, олардың орнына жаңа клеткалар пайда болады. Шек қуысына түсетін бұл клеткалардың кейбіреулері ас қорыту ферменттері бар тығыз секрет деп аталынатын шек сөлін түзеді. Басқа эпителйилердегі сияқты шек эпителийінің де өлі клеткалардың орнына өрбуге қабілетті жаңа клетка беретін қамбиалды элементтері болады. Камбиалды клеткалар эпителийдің үстінде орналаспай, шектің қабырғасындағы крипталар деп аталатын қабат-қабат аймақтарда жиналып тұрады (6-сурет).

Кірпікшелі эпителий. Жануарлар денесіндегі көптеген қуыстар мең шырышты қабықтар кірпікшелі эпителиймен - төселінеді. (7-сурет). Мұндаи эпителий клеткасының сыртқы бөлімінде жіңішке тесіктері бар нәзік кутикула орналасады. Сол кутикула арқылы клетканың сыртына кірпікше немесе талшық деп аталатын протоплазмалық жіңішке өсінділер шығып тұрады. Әрбір талшық кутикула өзінін астында орналасатын протоплазмадағы шағын да тығыз ішқі түйіршікпен жалғасады. Эпителийдің кірпікшелері бірінен соң бірі қозғалып, үнемі бір бағытта қозғалып, үнемі бір бағытта ырғақты толқып отырады. Эпйтелий тұтастығынан айрылғанда толқымалы қозғалыстың тәртібі бұзылады. Кірпікшелердің қозғалуы дымқыл ортада болады. Ортаның дымқылдығы өзгерсе, кірпікшелердін қозғалысы тәртіпсіз өтеді. Толқымалы эпителийдің маңызы сол, ол бір бағытта ағатын сұйық заттардың ағысын күшейтеді. Мысалы, жұмыртқа жолында жұмыртқаның жатынға қарай жылжуын тездетеді.

Омыртқалы жануарларда кірпікшелермен қатар бір кабатты эпителийдің призмалы клеткалары да күшті дамыған, ал омыртқасыздарда кірпікшелі эпителий жазык клеткаларда ғана түзіледі.



Целомдық эпителий. Целомдық эпителий мезодермалық қабаттан пайда болып мезотелий деп аталынады. Целомды эпителии дененің екінші реттік қуысын (целомды) төсейді. Мезотелий морфологиялық құрамына қараганда бұрыс формалы жазық клеткалардан тұратын тұтас қабат (8-сурет). Астын ала жататын дәнекер тканьмен ішкі мембрана аркылы жалгасады. Нагыз эпителийлерге қарағанда мезотелийдің клеткалық байланыстары жеңіл бұзылады. Тітіркенген кезде мезотелий клеткалары жиырылып, жалпы қабаттан бөлінеді, кейіннен өліп кетеді. Жалпы қабаттан бөлінген клеткалар дәнекер тканьнің лимфоидты элементтері тәрізді дөңгелектенеді.

Осының нәтижесінде целомның серозды төсеніші дәнекер тканінен пайда болады деген формалистік теория туды. Бірак ғалымдар эксперименталдық зерттеу жүргізу арқылы целомның серозды қабаттагы мезотелиден болатындығын анықтап, мұндай көзқарасқа соккы берді. Мезотелий жамылғы түрінде физиологиялык маңызы өте зор жете маманданған ткань. Омыртқалылардың мезодермасын салыстырмалы зерттеу, ол тканьның түрлі қажеттігі бар екендіғін анықтады. Сонымен катар омыртқалылардың жоғарғы өкілдеріне қарағанда төменгі өкілдерінде мезотелий шекаралық тканьдерге ұксасырак болады. Мезотелий ішкі орғандар мен қуыстардың серозды қабықтарын төсей отырып, эпителий тканьдерге тән ерекше құрылысын және жамылғы маңыздығын сақтайды. Бірақ шекаралықпеп байланысты физиологиялық біртұтастығынан айрылған.





7 – Сурет. Тіссіз ұлыдың шегінен алынған кірпікті эпителийдің клеткасы. 1 – кірпікшелер; 2 – дене; 3 – ядро.






8-сурет. Қояннық карын ұлпасынан алынған бір қабатты жазық эпителий (мезотелий).

А —тік кесіндісі; Б — үстінен көрінісі


3.БЕЗДІ ЭПИТЕЛИЙ

Безді эпителий деп жеқе маманданған, клеткалары әр түрлі_заттарды жасап және бөліп шығаратын эпителийді атайды. Егер бөлінетін заттар организмге паидалы болса, оны секрет деп, ал зиянды болса, экскрет деп атайды. Секреттерге ас қорыту сөлдері, шырыш, бауырдың өті, майлы түзілістері, гармондар және көптеген басқа заттар, экскретке тер, зәр қышқылы, мочевина т. б. жатады. Безді эпителий, без деп аталынатын арнаулы органдар түзеді. Егер пайда болатын секреттер дененің куысына немесе сыртына арнаулы .түтіктер арқылы бөлінсе, оны сыртқы секреция деп атайды. Қөптеген омыртқалыларда түтіксіз бездер бар,___сондықтан_ олардан пайда болатын заттар—гармондар тікелей қаңға лимфаға немесе жұлынның сүйық затына бөлінеді. Ондай бездерді ішкі секрециялық немесс эндокринді бездер деп атайды. Эндокринді бездерді микроскоптық анатомия зерттейді. Сондықтан біз сыртқы секрециялық бездердің құрылысымен қысқаша танысып қана өтеміз.

Бездер бір клеткадан құрылуы мүмкін, онда ол бір клеткалы деп аталады. Бездер көбіне көп клеткадан тұрып, күрделі түзіліс құрады. Бір клеткалы бездерге, мысалы, шек эпителийінің бокал тәрізді клеткалары жатады. Клетка толған кезінде плазманың калдығы мен ядросы клетканың жіңішкерген ішкі бөліміне ығысады. Сөлдері бөлінген соң кайтадан калпына келеді. Мұндай клеткалар ток шектің қабырғасында көп болады. Ал көп клеткалы бездер күрделі құрамды, кейде көлемі де үлкен болады. Олардың құрамында өзге тканьдер болса да, секрециялык касиет тек эпителийге тән. Көп клеткалы бездерде безді эпителиймен төселғен секреторлы немесе безді бөлім және куысы эпителий клеткаларымен төселген сыртқа шығырушы түтіктер болады. Қөп клеткалы бездердің түтіктері тармақтанып бөлінуіне қарай күрделене түседі. Сондыктан көп клеткалы бездер жай және күрделі бездерге бөлінеді. Жай бездердің сыртқы шығарушы түтігі тармақталмайды. (9-сурет, 1—2, 3, 4). Күрделі бездердің сыртқа шыгарушы түтіктері тармақталып аяқталады (9-сурет 5—6) көп клеткалы бездер формасына қарай әр түрлі болады. Жай бездер альвеол және түтікті — альвеол тәрізді болуы мүмкін. Труба тәрізділерде бездер бөлімі созылыңқы келеді. Мысалы, адамның қарын түбіндегі бездері, тері бездері, альвеолды бездердің безді бөлімі сауыт тәрізді болады.

Клеткаларда түзілген секрет шағын тамшы турінде пайда болып, жиналган сайын ірілене түседі. Тамшы клетканың ішкі торлы аппараты орналасқан бөлімінде пайда болады. Тамшылардың сол жерде пайда болуы, секреттің түзілуіне органоидтардың катысты екендігін көрсетеді.

Безді клетканың протоплазмасы да секреттің қалай түзілетіндігі осы уақытқа дейін белгісіз. Тек бұл жағдайда ішкі торлы аппараттың өзгермейтіні ғана күмәнсіз. Жиналған секрет клеткалардан бөлініп отырады. Секреттің бөлінуі әрбір түрлі өтеді. Бұл процесс кейбір клеткалардың денесін бұзу арқылы, ал, басқаларда секреттің түзілуінің жанартылып отырылуы арқылы жүзеге асады. Соған сәйкес бездер үш топқа — мерокринді, апокринді және голокринді бездерге бөлінеді.


9-с.урет. Түрлі без құрылысының схемалық көрінісі.

1—2 қарапайым түтік бездер; 3—4 қарапайым альвеолярлы бездер; 5 — күрделі түтікті без; в — күрделі альвеолярлы без.


10-сурет. Тері эпителийінің жарақаттанғаннан кейін кайта қалыптасуы.

А — терінің жарақаттанған жері; Б В - терінің жаңартылып қалыптасу кезеңдері; 1 — фибриннін

түнығы; 2 — эпидермистің өсінді қабатындағы клеткалардын сына тәрізде өсуі; 3 — фибриннің тұнығы

астында эпителиалды қабаттың түзілуі.






Мерокринды бездерде секрет клетканың протоплазмасын бұзбай бөлінеді, секреттің түзілуі қайталанып отырады. Мерокринді типті бездерге организмдегі көптеген бездер, мысалы, ішек бездері жатады.

Апокринді бездерде секретпен қатар клетканың сырт-қы жоғарғы бөлімі және протоплазманың бөлімдері бөлініп, бұзылады. Бірақ клетканың протоплазмасы тез қалпына келіп, секреттің жиналуы қайталанады. Апокринді типті бездерге адамның сүт және тері бездері жатады.

Голокринді бездерде ядро мен протоплазма бұзылып, жиналған секреттің құрамына кіреді. Мұндай бұзылу процесі клеткалардың үстіңгі жағында ғана етеді. Өйткені, олар астыңгы қабатта жатқан камбиалды элементтер арқылы жаңартылып отырды, сонымен мекрокринді және апокринді бездердің клеткасында секреторлы цикл көбірек қайталайтын болса, голокринді бездердің клеткаларында секреторлы процесс бір рет қана өтеді. Адам баласында голокринді типті бездер тобына майлы келетін бездер жатады.

Эпителийдің регенерациялануы. Эпителийде оның құрылысымен қызметіне тәуелсіз клеткалардың бар екендігі және олардың өрбуге қабілетті келетіндігі жоғарыда айтылды. Мұндай клеткалардың болуы эпителийлердің регенерациялық касиетінін күшті екенін көрсетеді. Болмашы кесіндінің өзінде терідегі эпителийден баска дәнекер тканьді бөлімі де бұзылады (10-сурет). Кесіндінің регенерацнялануы қанның ұюынан басталады. Жаракаттанган орынның айналасында оны сыртқы ортадан бөліп тұратын үйыма қан (тромб) пайда болады.

Терінің жаракаты қан ұймасының астында регенерацияланады (жазылады). Кесіндіге жақын орналасқан эпидермалық клеткалар өліп кетеді. Эпителий клеткалары жаралы жерге ауысқан соң қанмен дәнекер тканьнің арасына кіре бастайды. Ауыскан клеткалар кесіндінің үстінде қабат тәрізденіп жатады. Бұзылған жерден қашығырақ орналасқан эпителий участоктарында клеткалар бөліне бастайды. Соның нәтижесінде алдымен бірқабатты эпителий түзіліп көп қабатты болады да, терінің арнаулы эпидермисіне айналады. Эпидермис пен дәнекер тканьнің шекаралығында ішкі мембрана түзіледі. Терінің эпителийлі бөліміндегі регенерациялық процестері дәнекер тканьнің қалпына келуімен де тығыз байланысты. Эпителий тек жас дәнекер тканьнің үстіне өседі. Егер дәнекер тканьнің калпына келуі эпителийдің калпына келуінен тезірек өтсе, жаранын, аузы көпке дейін жабылмайды. Сондықтан эпителийдің өсуіне жағдай тұгызу қажет. Қлеткалардың өрбуін, жараның жазылып кетуін тездететін стимуляторлар пайдаланудын маңызы орасан зор. Хирургияға пайдаланылатын мұндай стимуляторлардың бірі — трефон. Трефонды пайдаланғанда жара неғұрлым тез жазылады.



Бақылау сұрақтар:

  1. Эпителиалды ұлпаның классификациясы.

  2. Эпителий ұлпасының гистогенезі.

  3. Эпителий ұлпаның қызметі.

  4. Эпителий ұлпасының ерекшеліктері.

  5. Безді эпителий, тері эпителий..

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Қ. Нұғматжанов, С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. А-ата, Қайнар, 1969.

  2. З.Қ. Тоқаев. Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған Гистология зертханалық сабақтарының оқулық-әдістемелік құралы. Семей, 2002.

  3. А.А. Заварзин. Основы сравнительной гистологии. Л., ЛГУ, 1985.

  4. О.В. Александровская, Т.Н. Радостина, Н.А. Козлов. Цитология, гистология и эмбриология. М., 1987.

  5. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина и др. Гистология, цитология и эмбриология. М., 1999.

7-8 Дәріс. Ішкі ортаның ұлпалары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет