1. Дене тәрбиесі жүйесіндегі гимнастиканың орнымен мәні



Pdf көрінісі
бет34/56
Дата13.06.2023
өлшемі1.55 Mb.
#474996
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56
2501e483bbc50a8874f0ae6e4a0e9dbc (1)

 
2. Өрмелеу жаттығулары 
Өрмелеу жаттығулары гимнастикалық жабдықта қарапайым немесе 
күрделі ілінулер мен тіреулерден тұрады.
Олар қол бұлшық еттері мен иық белдеулерінің күшін,бұлшық еттің 
шыдамдылығын арттыратын, қимылдың ептілігі мен үйлесімділігін 
арттырып; солардың көмегімен батылдық, табандылық, тәртіптілік және 
тағы да басқа жеке қасиеттерді дамытатын тиімді жаттығулар болып 
табылады.
Өрмелеу үшін барлық гимнастикалық жабдықтарды қолдануға болады, 
алайда олардығ ішінде ең ыңғайлысы гимнастикалық қабырға мен орындық, 
сырық, ағаш және арқан сатылар болып табылады.
Өрмелеу жаттығуларының жіктелуі. Өрмелеу жаттығулары келесілей 
жіктеледі: 
а) аралас іліну мен тіреліп өрмелеу  
б) қарапайым іліну мен тіреліп өрмелеу
в) кідіріспен өрмелеу (арқанды байлау) 
г) жүкпен немесе серіктесті иығымен демеп өрмелеу, топтық өрмелеулер
д) асып түсу. 


Өрмелеу тік, көлденең, кықаш бағытта болады.
Гимнастикалық қабырғада өрмелеуді бір атаулы немесе түрлі атаулы, 
бір уақытта немесе кезекпен ұстап алулармен немесе кезек басулармен
секірулермен, бұрылыстармен, қабырғаға арқасымен немесе алдымен, 
қолменмен ұстап алу үшін денені жанға сермеу тәсілдермен орындауға 
болады.
Гимнастикалық орындықта өрмелеу отырып, тіреліп отырып, отырып 
тіреп, бүгіліп тірек тіреуде, тіземен тіреп, шынтаққа тіреліп, жатып 
тіреп, орындыққа бетімен немесе арқамен жатып және т.б. түрлерде 
орындалады.
Арқанда(сырықта) екі тәсілде өрмелеу(18 сурет). 
Екі тәсілде өрмелеу қолды тіктеп бастан жоғары ұстап іліну қалпынан 
басталып, ары қарай – иек немесе кеуде тұсына дейін бүгу болып табылады.
Бірінші тәсіл: аяқты аға бүгіп арқанды ұстап алу және жоғарыға іліну.
Екінші тәсіл: қолды созып, аяқты алға жазып тартылу, бір уақытта 
бүгілген қолмен жоғарырақ ұстап алу 
18 сурет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет