1. Дене тәрбиесі жүйесіндегі гимнастиканың орнымен мәні



Pdf көрінісі
бет1/56
Дата13.06.2023
өлшемі1.55 Mb.
#474996
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
2501e483bbc50a8874f0ae6e4a0e9dbc (1)



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 
 Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 
 
Дене мәдениеті және спорт факультеті 
Бастапқы әскери дайындық және жеке сайыс кафедрасы
Аға оқытушысы 
Искаков М.И. 
«Гимнастика оқыту әдістемесімен пәніне арналған» 
КУРС ДӘРІСІ 
(14 дәріс) 
Мамандығы: 
6В01402- «Бастапқы әскери және дене дайындығы» 
6В01403- «Дене шынықтыру және спорт»
Караганды 2022 


№1 Дәріс тақырыбы. Дене тәрбиесі жүйесіндегі гимнастика
 
1. Дене тәрбиесі жүйесіндегі гимнастиканың орнымен мәні
2. Гимнастиканың әдістемелік ерекшеліктері.
3. Гимнастика құралдарының сипаттамасы
4. Гимнастика түрлерінің классификациясы
 
1. Дене тәрбиесі жүйесіндегі гимнастиканың орнымен мәні
Гимнастика термині бірінші рет ежелгі грецияда пайда болды.
Гимнастика - дене тәрбиесiнiң пәрмендi құралдарының бiрi.
Гимнастика - арнайы сұрыпталған дене жаттығулары мен әдiстемелiк 
тәсiлдер жүйесі.
Гимнастика – денсаулықты нығайту арналған, үйлесiмдi дене 
құрылысының кемелденуi мен адамның қозғалу қабiлеттерін, күшін, 
ептілігін, қозғалу жылдамдығын, төзімділігі мен т.б. қасиеттерін жетiлдiру 
үшін арнайы сұрыпталған дене жаттығулары, әдiстемелiк тәсiлдер.
Гимнастикалық жаттығулар – саптық, жалпы дамыту, қолданбалы, 
еркін, жабдықтағы, секіру, көркем гимнастика және акробатты жаттығулар 
болып бөлінеді.
Гимнастика сабағында мынандай міндеттер шешіледі: 
Организмнің (әсіресе өсіп келе жатқан) формасы мен қызметінің 
үйлесімді дамуы үшін, қимыл қозғалысын жетілдіру, дене тәрбие сапасын 
жетілдіру мақсатында - білім беру-дамыту әсері.
Организмнің тіршілік әрекетін көтеру үшін қажудың алу және жұмысқа 
жарамдылықты қалпына келтiру, денсаулықты нығайту, кәсiби және басқа да 
аурулардың алдын алу және емдеу мақсатында – сауықтыру әсері. 
- кәсiби дайындықты жоғарылатуға әсер ететін, қолданбалы сипаттағы
тiршiлiкке керектi қозғалыс дағдылары мен ептілікті арттыру. 
- тұлғаның адамгершiлiгін, ерiктiлік және эстетикалық қасиеттерін 
тәрбиелеу
- орындалу күрделiлiгi әр түрлі спорттық бағдарламаларды игеру. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет