Жошы хан кесенесі – Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде, Қаракеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық ескерткіш. Күмбезде сақталған таңбаларға қарағанда, оны салуға Жошыға бағынған тайпалардың бәрі (оғыз, арғын, қыпшақ, керей, найман, қоңырат, қаңлы, т.б.) қатысқан. Тарихи дәстүр бойынша күмбезді қайтыс болған кісінің жылдық асын беруден бұрынырақ жасайтын болған. Көзге айрықша түсетін нәрсе – салтанатты порталы. Порталдың жоғарғы жиегін парапет тәріздендіріп, оның астынан қалақ кірпіштен фриз тартқан. Ежелгі құрылыс әдісінің бірі – күмбез орнату. Ол Жошы хан күмбезінде тамаша шешімін тапқан. Қабырғаның іш жағынан сөрелеп шығарған белдеулердің үстінен екі қабатты зәулім күмбез орнатқан. Күмбезді көп қырлы барабанға орнату – оғыз, қыпшақ тайпаларына тән тәсіл. Ішкі қабырғаларында таңбадан басқа ешбір әшекей жоқ. Еденіне қалақ кірпіштер төсеген. Күмбезді қазу жұмысы кезінде екі қабір табылды. Қабір қабырғаларын үлкен кірпіштен өріп, астына жұқа тақша кірпіш төсеген.
21. Әл-Фарабидың энциклопедиялық мұрасының басты салалары және олардың рухани құндылығы мен маңызы.
– Қазақстанда Әбу Насыр әл-Фараби мұраларын аудару, зерттеу, насихаттау жұмыстары мен әрекеттері ХХ ғасырдың 60-70 жылдарынан басталып, Қазақстан фарабитанудың әлемдегі ең үлкен орталықтарының біріне айналды. Қазақстандық фарабитанудың басында, негізгі ұйытқысы, мұраларын тұңғыш іздеуші, аударушы, мәселені көтеруші ретінде А.Машани есімі аталса, ал 1968 жылы ҚазКСР ҒА Философия және құқық институтында «Әл-Фараби мұраларын зерттейтін шығармашылық топ» құрылды, топты ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор А.Х. Қасымжанов үйлестірді.
Зерттеуде кедергілер мен қиыншылықтар болды ма? – Әл-Фарабидің кеңестік ғылымға қайтып оралуы жөнінде айтатын болсақ, орыс тіліндегі «Еуропалық энциклопедияда» келтірілген материалдарға ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарына дейін айтарлықтай назар аударылған жоқ. Бұл Кеңес Одағындағы гуманитарлық ғылымның дамуының бірқатар ерекшеліктеріне байланысты болды. Олардың ішінен жаңадан жасалған марксистік-лениндік ілімнің басымдықтарына академиялық пән ретінде философияның бағындырылуын атауға болады. Онда ислам философиясындағы араб-мұсылман ойшылдарының іліміне орын табылған жоқ. «Классикалық» шығыстану саласында кеңестік мерзімде тарих, лингвистика және әдебиеттану бойынша зерттеулерге баса мән берілді. Шығыс философиясы бойынша еңбектерді зерттеу үшін шығыстанушыларға, тіпті жақсы тілдік дайындық кезінде де әл-Фарабиді түсіну үшін өте қажет көне грек философиясы бойынша білім жетіспеді.
Еуропада философия тарихы бойынша зерттеулер жалғасып жатқан кезде, Кеңес Одағында орыстілді оқырманға аса таныс емес және Құдайды жоғарғы ақыл-ойдың сатысы және мәннің ең бірінші себебі ретінде түсіндіретін, өткен кезеңдегі шығыс ойшылының мұрасына бет бұруы мүмкін емес болатын.
– Әл-Фарабидің Еуропа ғылымына ықпалы туралы не айта аласыз? – Орта ғасыр кезеңінде әсіресе әл-Фараби өзінің философиялық жүйелі ойларымен, ғылым тарихында, логика, музыка теориясы, астрология, теоретикалық медицина, математика, мемлекет іліміне қатысты өзінің жарқын ойларын таныта отырып, әлемдік ғылымға өзіндік ізін қалдырды. Оның ойлары ибн Сина және ибн Рушд сияқты кейінгі философтармен жалғастырылып, Спиноза философиясына және ол арқылы француз философиясына айтарлықтай өз ықпалын тигізді. Әл-Фарабидің «білім – интуицияға негізделген» деген ойы Николаустың, Шеллингтің, Бергсонның және Штейнердің еңбектерінде өз көрінісін тапты. Әл-Фарабидің адам туралы негізгі идеясы микрокосмос және макроадамдар әлемі ретіндегі ойлары Николаус, Лейбниц, Спенсерден бұрын болды. Әл-Фарабидің зердеге негізделген этикалық жүйесі Еуропада тек ХIХ ғасырда И. Кант философиясында өз көрінісін тапты. Атақты неміс шығыстанушы ғалымы Ф.Детриций сынды зерттеушілердің айтуынша: «Шығыста Аристотель әл-Фарабидің еңбектерінің арқасында ғана Аристотель атанды», – дейді. Көптеген ортағасырлық ғалымдардың айтуынша, әл-Фараби – ортағасырлық еуропалық ойдың қалыптасуына әсер еткен перепатетизмнің негізін қалағандардың бірі. Шығыс перепатетиктері әл-Кинди, әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн Рушд сындылар Аристотель еңбектерін талдап, Еуропаға кеңінен танытты. Сондықтан да арабтілді ортағасырлық философия көне гректік философияның алғашқы мұрасы ретінде шығармашылық жағынан дамытып, жаңа деңгейлерге көтерді. Әл-Фраби Шығыс пен Еуропа мәдениеттерін байланыстырушы «көпірге» айналды.
– Әл-Фараби мұраларын зерттеудегі Еуропа ғалымдарының үлестері қандай болды? – Өз кезегінде әл-Фараби мұраларын тануда ХІХ-ХХ ғғ. Еуропалық ғалымдарды да айта кеткен жөн. Олар: ХІХ ғасырдың екінші жартысында ортағасырлық арабтілді Шығыс рухани мәдениеті жайлы еңбектер жазған неміс ғалымы М.Штейншнейдер, 1890 жылы әл-Фарабидің сегіз философиялық трактатын лондондық, лейдендік және берлиндік жазбалардан жариялаған Фридрих Детриций, неміс және ағылшын тілдерінде жарық көрген «Ислам философиясының тарихы» еңбегінің авторы, голландық ғалым Де Бур болды. Танымал француз шығыстанушысы Р.Эрланже 1930-1935 жж. әл-Фарабидің музыкаға қатысты «Китаб әл-мусика әл-кабир» («Музыканың үлкен кітабы») кітабын Парижде түпнұсқадан аударып, жарыққа шығарды. Бізге белгілісі, ХХ ғасырдың басында шығыстың рухани мәдениетін зерттеуде әл-Фараби мұраларын зерттеу өз жалғасын тапты. Көптеген шығыстанушы ғалымдардың, А.Мец, Л.Массиньон, Р.Блашэр, А.Массэ, Ф.Габриели, Э.фон Грюнбаум, Ф.Коплстон т.б. еңбектері жарыққа шықты. Сондай-ақ, ресейлік: И.Крачковский, Е.Бертельс, В.Бартольд сынды шығыстанушы-философтардың да қосқан үлестерін атап өткен жөн. Әл-Фараби жайлы еңбектер Англия, Испания, АҚШ сынды мемлекеттерде де жарыққа шықты. Дүниежүзінің оқымыстылары Фараби мұраларын 1000 жыл бойы тынбастан зерттеп келді. Олардың ішінде араб-парсы тілдерінде жазған Ибн әл-Надим (995ж), әл-Байхаки (1169), Хаджи Халифа (1657), латын тілінде жазған Венике (1484ж), француз тілінде жазған Генрих Зутер (1902) және т.б. бар. Фарабидің әлемдік мәдениет пен ғылымға қосқан үлесін зерттеудің маңызын алғаш рет шетел ғалымдары Г. Сартон, Д. Беркал және А. Койре негіздеп берді.
Достарыңызбен бөлісу: |