1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары.
Жауабы:Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу,
Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар,
ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола
мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал.
Олардың
жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған.
Парсы жазба деректерге сүйенсек сақтарды үш топқа бөлінеді: 1. парадарая (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) - еуропалық сақтар-скифтер
немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар; 2.хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақтар) - Ферғана алқабын мекендеушілер; 3.тиграхауда (шошақ бөрікті сақтар) - Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.
Яғни осы үш топқа бөліп қарастырған сақтар Қазақстанның барлық аумағын мекендеген.
2. Ежелгі сақтар өнеріндегі мифологиялық дүниетаным көрінісі. Әлемдік тәртіп және оның құрылымы.
Жауабы: Әскери өнердің дамуында сақ жауынгерлерінің үлкен орны бар. Олардың соғыс жүргізу өнері мыңдаған жылдар бойы жаулары мен достарының
назарын аударып келді,әрі ежелгі құл иеленуші мемілекеттердің әскери өнерінің мамуы-на езіндік әсерін тигізді. Ежелгі әскери теоретиктер сақтардың әскери өнерін зеттей келе,олардың ерекшеліктерін көрсетті және пайдалануға кеңес берді.Сақтардың негізгі қаруы садақ пен ұзын найза болды. Сақ садақтары екі сеппелі бөліктен тұрды: сыммен жалғастыры-ла тартылған қос мүйіз.Геродот айтқандай,сақтар
садақты кеудесіне емес,иығына койып атқан, олар оң иыққа да, сол иыққа да қойып ата берген. Сақ жауынгері – ол атты
садақшы Авдиевтің айтуынша, оның күші – «жебе де, қорамсаппа және болдыруды білмейтін жүйрік атта». Садақ пен найзадан басқа, сақтарда қысқаша қылыш және арқан болды.Сақтардың қорғаныс құралдары қалқан, сауыт, бас киім болды.
Қалқан шағын ғана болды, теріден жасалды. Сауыт алғашында мыстан, кейіннен темірден жасалды,
денеге тиіп тұрады, бірақ жауынгердің қимыл қозғалысына кедергі жасамады.Сақ әскерлері жеке топтан рулық топ тұрды.Бірнеше отряд тосқауыл жасау үшін алдыға жіберілді және бұларды қолдану үшін қосымша күш жұмсалды. Негізгі мақсат майданның тұтастығын бұзу болды. Ұрыс шебін атты әскер құрады, жаяу соғысқан жоқ.Сақтар, негізінен өз жауын күшпен емес, айламен алды. Соғыс, әдетте, күтпеген жерден шабуыл жасау түрінде басталып отырды. Тұтқиылдан шабуыл жасап жауынның есін жиғызбастан арғы жағына өте шығуға ұмтылды немесе өтірік шегініп қапыда қарсы шабуыл жасады. Соғыс табысты өткен жағдайда сақтар жауын толық талқандағанша қуалап толық жойып жіберуе ұмтылды. Ал жеңіске ұшыраған жағдайда, айқасты өздерінің пайдасына шешілгенше жалғастыра берді.Сақтарда үнемі жайылым жетіспеді. Олардың күшін әлсіреткен ең басты нәрсе тайпалар арсындағы қақтығыстар болды.