1. Экология ғылымының басқа ғылымдармен байланысын талқылау негізінде экологияның бөлімдерін атап көрсетіңіз


Ластағыш заттарды қоршаған ортаны көлемдік деңгейде ластауына байланысты жіктеу негізінде ауыр металдардың адам организміне әсерін түсіндіріп беріңіз



бет11/11
Дата12.06.2024
өлшемі34.91 Kb.
#502543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Документ Microsoft Word (2)

14. Ластағыш заттарды қоршаған ортаны көлемдік деңгейде ластауына байланысты жіктеу негізінде ауыр металдардың адам организміне әсерін түсіндіріп беріңіз.
Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез-келген физикалық агенттерді, химиялық заттарды және микроорганизмедрді ластағыштар деп атайды.
Ластағыш заттардың қоршаған ортаға әсері физикалық, химиялық қасиеттеріне, олардың ыдырауы арқылы пайда болған өнімдердің қасиеттеріне және қоршаған ортаға тасталған әр-түрлі өндіріс қалдықтарының мөлшеріне байланысты. Ластағыш заттардың атмосферада таралуын анықтайтын ең негізгі параметр олардың атмосферада болатын уақыты. Осыған байланысты ластаушы заттар 3 түрге бөлінеді:

  1. әлемдік көлемде ластайтындар-қоршаған ортада әлемдік аймақта тарайтын, атмосферада ұзақ уақыт (бірнеше жыл немесе ай) сақталатын ластаушы заттар (СО2, фреон жартылай ыдырау мерзімі 1 айдан жоғары радионуклидтер).

  2. аймақтық (региондық) көлемде ластайтындар (бірнеше мемлекеттердің территориясы немесе бір елдің көптеген әкімшіліктік бөлігі кіруі мүмкін) үлкен аймақты ластайтын, бірақ оның мөлшері осы жердің шекарасынан асқаннан кейін төмендегеніне қарамай ластанудың іздік мөлшерде жан-жаққа таралып, бірнеше тәулік бойы атмосферада сақталатын ластағыш заттар (SO2, No2, пестицидтер, ауыр M )

  3. жергілікті көлемде ластайтындар (бір жердің шеңберінен аспайтын) атмосферада аз уақыт сақталатын ластағыш заттар (ірі дисперсиялық аэрозольдар, H2S, SO2, No2 т.б.).


Ауыр металдарда қауіптілігі жоғары, ол ақуыздармен жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады. Оған цинк, марганец, темір т.б. кіреді.
Қорғасынмен улану сатуризм ауруын тудырады. Оның негізгі белгілері тез шаршау, көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, жүректің зақымдануы т.б.
Кадмий ауыр металдардың ішіндегіең улы элемент. Ол Ита-ита ауруын тудырады. Оның белгілері бүйрекке жинақталып, жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян.
ШРМ көрсеткішінен жоғары доза адам денсаулығына керісінше әсер етеді. Түтін, күйе т.б. механикалық бөлшектер өкпеге өтіп альвеолада жинақталады. Осының салдарынан өкпе аурулары пайда болады. Олар созылмалы бронхит, астма, рак т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет