Fылымның нысаны мен субъектісі және олардың ғылым жіктелімімен (классификация) байланысы.
1. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылады.
Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін шығармашылық еркіндікке, жосықсыз бәсекелестіктен қорғауға, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметке қатысуға, оның ішінде мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар конкурстарына қатысуға тең құқыққа кепілдік беріледі және олар қамтамасыз етілді.
Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ұжымдық пайдаланымдағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді уәкілетті орган айқындаған тәртіппен пайдалануға құқылы.
Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттармен сату немесе сатуға ұсыну құқығын қоса алғанда, зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқығы бар.
Ғылыми және өндірістік қызметте пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық және жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу жөніндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметі Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
XX ғасырдағы ғылымның дамуы: кванттық физика, салыстырмалық теория, генетика, синергетика, ақпараттану, т.б.
XIX ғасырдың соңында және XX ғасыр басында физика ғылымында әлемдік уақиғалар, төңкерістер болып өтті. Тіпті, бүкіл адамзаттың жалпы дүниеге деген көзқарасы түбегейлі өзгерді.
Міне, сол төңкерістің ең ірілері кванттық физика мен салыстырмалылық теориясы еді. Бұл ұлы қос ілім бір-бірімен таласа, бір-бірін қостай жүріп, бір сәтте ғылым мен дүниетаным әлемін астаң-кестең етті. Содан бері осы ілімдер физика ғана емес, жалпы ғылымдардың, тіпті, жалпы дүниетанымыздың іргетасы, түп негізі болып келеді.
Мүмкін, сол кезде берік қаланған іргетас тек енді-енді ғана шайқала бастаған сыңайы бар. Бүкіл әлем тағы да ғасырлық, мүмкін, мыңжылдық ғаламат дүниетанымдық төңкерістің табалдырығында тұр. Ол да физика ғылымында туындап, қазірдің өзінде құлаш жаюда. Ғаламат дауылдың алдындағы ғаламат тыныштықта тұрғандаймыз қазір. Басқаша айтқанда, физика ғылымында ғаламат кризис, идеялық тоқырау.
Бұл төңкерістің бірден-бір себепкері - физикалық вакуум. Бұл бұрын тек ұғым ғана еді, енді оның шындық екені, дүниеде бар ақиқат, материалды екені дәлелденгені де әлдеқашан. Яғни физикалық вакуум - жоқ болып тұрып, бар нәрсе!!! Міне, физика ғылымының алдында осындай ғаламат жұмбақ тұр. Оның шешімін іздегендер қаншама, шешімін таптым дегендер қаншама. Бірақ... бұл да өзінің Эйнштейнін күтіп тұр.
Ғылыми жұмыстың басы Эйнштейннің ғылымдағы басты еңбегі - салыстырмалық теориясы. Бұл теорияның жасалуы нәтижесінде кеңістіктің, уақыттың және тартылыстың жаңа қасиеттері ашылды, олардың бір-бірімен байланыста болатындығы дәлелденді. Салыстырмалық теориясы жарық жылдамдығына жуық жылдамдықпен қозғалатын нысандар (негізінен элементар бөлшектер, ғарыштық сәулелер, т.б. ) мен күшті тартылыс өрісінде өтетін процестерді зерттеу үшін қолданылатын теор. негіз болды. Эйнштейн жарықтың кванттық теориясы, кездейсоқ процестер теориясы, магнетизм, т.б. салалар бойынша да маңызды жаңалықтар ашып, зерттеулер жүргізді. Эйнштейннің салыстырмалық теориясының тұжырымдарын сол кезде кейбір ғалымдар мойындамағанымен, қазіргі кезде ол - жалпы жұртшылық мойындаған ілімге айналды. Эйнштейн - көптеген ғылым академиялары мен ғыл. қоғамдардың мүшесі. Нобель сыйлығының иегері (1921). 1927 жылы КСРО ғылым академиясының құрметті мүшесі болып сайланды.