1 емтихан билеті «Ғылым философиясы мен тарихы»


Қазақстанда ғылымның дамуы: қазіргі ахуалы және болашағы



бет72/75
Дата26.06.2023
өлшемі321.33 Kb.
#475383
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75
Фил емтихан

3.Қазақстанда ғылымның дамуы: қазіргі ахуалы және болашағы.

Қазақ ғылымы дамуының негізгі күші – ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары. Қазіргі таңда Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын 396 ұйым бар. ҚР Білім және ғылым министрлігінің жетекшілігімен еліміздегі оқу орындары жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарының құрылуы да отандық ғылымның ілгерілеуіне өзіндік үлесін қосуда. ҚР Ғылым қоры желісі бойынша 2016 жылдан бастап ғылыми қызмет нәтижелері коммерцияландырылатын 151 жоба қаржыландырылады. Бүгінде 120-ден астам жоба сату кезеңіне шықты. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, ғылым саласында қазіргі таңда 22 665 ғалым мен зерттеуші жұмыс істейді, олардың 35%-ының ғылыми немесе академиялық дәрежесі бар. Сондай-ақ ғылымға қызығушы азаматтарымыздың магистратура мен докторантурада өз білімдерін шыңдауы үшін және шет мемлекеттерде тағылымдамадан өтуі үшін арнайы гранттар да бөлінуде. Соңғы жылдары гранттардың саны өсумен қатар оларға берілетін стипендияның көлемі де айтарлықтай ұлғайып отыр. Мысалы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дерегінше, 2021-2022 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс бойынша магистратураға – 13 263, докторантураға – 1 890 грант бөлінген.Білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру мақсатында Үкімет 2019 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. Аталған бес жылдықта бағдарламаны іске асыру үшін 11,5 млрд теңге қаржы бөлу көзделген.Сондай-ақ Үкіметтің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен бекітілген «цифрландыру, ғылым және инновациялар мен ғылым есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасының «ғылым» блогы мынадай төрт бағытты қамтиды:


Біріншісі – ғылымның кадрлық әлеуетін нығайту және ғылыми қызметкерлер санын 1,5 есеге ұлғайту. Бұл міндетке ғалымдардың жалақысын ұлғайту, постдокторанттар үшін «Жас ғалым» жобасы бойынша жыл сайын 1000 грант бөлу, жыл сайын 500 ғалымды әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына тағылымдамаға жіберу жоспарланып отыр.
Екіншіден, ғылыми экожүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға басымдық берілмек. Осы бағытта жабдықтарды жаңғырту және барлық мемлекеттік ҒЗИ қызметінің аудиті жүргізілуде, екі ұлттық университет зерттеу университеттері болып өзгертіледі. 
Үшіншісі - ҒЗЖ-ны жеке қаржыландыру үлесін ұлғайтуға, бизнес пен өндіріс тарапынан қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса қаржыландыруды кеңейтуге, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды мемлекеттік қолдауға бағытталған.
Төртінші бағыт аясында ғылымды әкімшілендіруді жетілдіру жоспарланып отыр.

30 емтихан билеті







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет