А класы. Эпидемиологиялық қауіпсіз қалдықтар, құрамы бойынша ТҚҚ-ға ұқсас
|
Пациенттердің, жұқпалы науқастардың биологиялық сұйықтықтарымен байланысы жоқ қалдықтар.
Тұтыну қасиетін жоғалтқан кеңсе тауарлары, қаптамалар, жиһаздар, инвентарлар. Аумақты тазалаудан алынған сметалар және т.б.
Орталық тамақтандыру бөлімшелерінен, сондай-ақ инфекциялық, оның ішінде фтизиатриялықтарды қоспағанда, медициналық және/немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымның барлық бөлімшелерінен тамақ қалдықтары.
|
Б класы. Эпидемиологиялық қауіпті қалдықтар
|
Инфекцияланған және ықтимал инфекциялық қалдықтар. Қанмен және/немесе басқа биологиялық сұйықтықтармен ластанған материалдар мен құралдар, заттар. Патологиялық қалдықтар. Органикалық операциялық қалдықтар (мүшелер, тіндер және т.б.).
|
В класы Аса эпидемиологиялық қауіпті қалдықтар
|
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында төтенше жағдайларға әкеп соғуы мүмкін жұқпалы аурулары бар науқастармен байланыста болған және аумақты санитарлық қорғау шараларын талап ететін материалдар.
1-2 патогендік топтағы микроорганизмдермен жұмыс істейтін зертханалардың, фармацевтикалық және иммунобиологиялық өндірістердің қалдықтары.
|
Г класы. 1-4* қауіптілік класының токсикологиялық қауіпті қалдықтары
|
Қолданылмайтын дәрілік (цитостатиктерді қоса), диагностикалық, дезинфекциялық заттар.
Құрамында сынап бар объектілер, құрылғылар мен жабдықтар. Фармацевтикалық өнеркәсіп шикізаты мен өнімдерінің қалдықтары.
|
Достарыңызбен бөлісу: |