«индустрияландыру»
саясаты.
Табиғи
шикізаттарды
зерттеу.
Индустрияландырудың отарлық мазмұны. Индустрияландыру жолдары мен әдістеріне
байланысты теориялық айтыстар. М.Шоқай, С.Асфендияров, С.Сәдуақасов және басқа
қайраткерлердің индустрияландыруға байланысты пікірлері. 1930 ж. Түркістан-Сібір
теміржолының құрылысының аяқталуы. М.Тынышпаев және Түрксіб құрылысына
жәрдемдесетін арнаулы комитет. Кеңес өкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы
жетістіктері және бұл саладағы қайшылықтар. Сауатсыздықпен күрес. Халыққа білім беру
жүйесінің қалыптасуы. Маман кадрлар даярлайтын арнайы орта және жоғары білім
ошақтарының құрылуы. 1928 ж. Қазақстанда бірінші жоғары оқу орнының ашылуы. Қазақ
жазуын араб алфавитінен латын, сонан соң кириллицаға көшіру. А.Байтұрсынов бастаған
топтың алфавит ауыстыруға қарсы күресі. 15 жастан 50 жасқа дейінгі жалпыға бірдей міндетті
сауат ашудың енгізілуі.
Мәдениетте большевиктік концепцияның үстем алуы. Мәдениеттің ұлттық негіздеріне жасалған
шабуыл. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализм. Ғылым ошақтарының пайда болуы. Ғылым
кадрлардың қалыптаса бастауы. Рухани мәдениеттен алаш зиялылары мен олардың
шығармаларының ығыстырылуы. 1936 ж. Қазақ АКСР-ның одақтық статусқа ие болуы Қазақ
АКСР-ның Қазақ КСР-і болып өзгертілуі. 1937 ж. Қазақстанда бірінші Кеңестік
Конституцияның қабылдануы. Қазақстанда 1933-1938 ж.ж. басшы болған қайраткер және оның
тағдыры. 1929 ж. Алматы қаласы Қазақстанның жаңа астанасы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің
1940 ж. 10 қарашадағы «Қазақ тілін жаңа орыс алфавитіне (кириллицаға) көшіру туралы» Заңы.
Тоталитарлық жүйенің нығая түсуі. Сталиннің жеке басына табынуы 1937-1938 жж
жаппай репрессиялау шаралары. Ауқымы. Қазақ зиялыларының алдыңғы белсенді бөлігі –
репрессия құрбаны. Бұл процесстің ауыр салдары. Қазақстан бойынша 100 мыңнан астам қуғын-
сүргін құрбандары. ГУЛАГ, КарЛАГ, СтепЛАГ, АЛЖИР лагерлері. Кәрістердің, немістердің
Қазақстанға еріксіз қоныс аударуы. Қазақстанға еріксіз қоныс аударған халықтардың
жағдайы.1940 жылдың басында пайдалануға берілген темір жол торабы.
Достарыңызбен бөлісу: |