1 Инновациялық қызмет. Инновациялық цикл



бет1/19
Дата03.01.2022
өлшемі57.61 Kb.
#451464
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Лекция (1)


1 Инновациялық қызмет. Инновациялық цикл.

  1. Инновациялық қызмет, бизнестің бәсекеге қабілеттілігі үшін оның маңыздылығы.

Инновация және инновациялық қызметті бұл курста тек бизнеске қатысты қарастырамыз. Осыған орай біз бизнесті адамзаттың бағалы бір құралы ретінде халыққа тиімді бағамен сапалы қызмет көрсету және тауармен қамтамасыз етуді қарастырамыз. Еңбектің бөлінуіне байланысты бизнес қазіргі уақытта халықты кажетті заттармен қамтамасыз етудің тиімді әдісі болып табылады. Бизнесті қолданудың ең бастысы бос уақыттың болуы, яғни тек жұмыспен ғана емес озінің болашаға ойлауға және басқа да қызығушылықтарын дамыту отбасы, мәдениет, политикасын, өнер, ғылым, спорт т.б. Инновациялық қызмет барлық уақытта бизнестің дамуына бағытталған. Оның тиімділігі бизнесті жүзеге асыру шарттарына тәуелді. Бастапқы екі шарты: Сатып алушы өзінің қалаған затын немесе тауарын сатып алып ақысын төлейді; Нарықта жеткізіп берушілердің арасында тең бәсекелестік орынайды. Бұл прициптардың ешқайсысы монополизм және коррупция барда әлемдік экономикада қатаң сақталмайды. Инновациялық қызметтің кейбір деңгейлерін бұзатын болса ,бизнестің бәсекелестігін арттыру пайдасыз болады. Нарықтық экономика жағдайында сатып алушы сіздің өніміңізді алу немесе қызметіңізді пайдалану үшін, сатып алушыға басқа кәсіпорындар өндірмеген тауар,болмаса сол тауар бірақ басқа тауарлардан арзан өнімді ұсыну қажет. Бұл екі әдісте бәсекелестік барысында жеңіске жетудің инновациялық даму стратегиясын пайдалануға негізделген. Кәсіпорын нарықтықң қажеттіліктерін қанағаттандыруда тиімді, пайдалы жауап табу үшін өндірістік технологияларды жаңартуы, персоналдың білімі мен біліктілігін қадағалауы, нарықтық экономикалық жағдайда бәсекелес кәсіпорындардан басым болуы керек. Бұл инновациялық стратегия болып табылады. Инновациялық процестерді зертеудің маңыздылығы, бір жағынан, коғам экономикасын көтеру үшін ғылым мен инновациялардың ерекше маңыздылығымен, екінші жағынан, Қазақстан Республикасында инновациялық дағдарысты жеңу жолдарын анықтау қажеттілігімен түсіндіріледі. Инновация дегеніміз белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жаңашыл жаңалықтарды кешенді кұру процесі, таралуы және қолданыс табуы. Инновация нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруда бәсекелестік басымдығын қамтамасыз ету үшін өндіріс технологияларын жаңартып, персоналдың білімі мен біліктілігін қадағалауы кәсіпорынның стратегиялық дамуы болып табылады. Инновацияның әртүрлі анықтамаларын талдау нәтижесінде, инновацияның спецификалық мазмұнын өзгерістер құрайды, ал инновациялық қызметтің негізгі функциясы өзгеріс функциясы болатынык. анықтадық. Нарық жағдайындағы тең бәсекелестік және еркіндіктің сақталуындағы кәсіпорынның нарықтағы басты мақсаты өзіндік құнынын арттыру болып табылады. Инновациялық қызметі де осыған бағытталуы керек.

Кәсіпорынның бағасы екі фактормен анықталады.

-пайданы генерациялау қабілеті;

- бұл қабілеттіліктің сақталу мерзімінің ұзақтығы;

Пайданы генерациялау тұтынушының өзінің қажеттілігін қанағаттандыру барысында біздің тауарды таңдауы және пайдалануы сол үшін ақы төлеуі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет