«№1 жалпы білім беретін мектеп» кмм тақырыбы «Отбасындағы психологиялық өзара қарым-қатынас» Өткізгендер: педагог-психологтар



Дата26.10.2022
өлшемі36.18 Kb.
#463411
Менің өмірім тимбилдинг


Мұнайлы ауданы
«№1 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Тақырыбы


«Отбасындағы психологиялық өзара қарым-қатынас»
Өткізгендер: педагог-психологтар

«Отбасындағы психологиялық өзара қарым-қатынас»


Тренинг құрылымы:

  1. «Сәлемдесу» тренингі

  2. «Адам өз өмірінің суретшісі»

  3. «Құбыр» ойыны

  4. «Құтыдағы су»

  5. «Ашулы шар»

  6. «Өрмекші торы»




  1. «Сәлемдесу жаттығуы»

Барлық қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Психолог допты лақтыру арқылы сұрақтар қойылып таныстырылады.

  1. «Адам өз өмірінің суретшісі»

  2. «Құбыр» ойыны

Мақсаты: Топты біріктіру, команда қалыптастыру. Көшбасшыларды анықтау.
Қажетті құралдар: А4 қағазы (қатысушылар санына орай)
Ережесі: Қатысушыларға бір А4 қағазы беріледі. Қағазды екі бүктеп қолдарымен астау кейпіне енгізеді. Барлық қатысушылар қолдарындағы астауша тәріздер иілген қағазды бір-біріне қосып беті ашық құбыр жасайды. Дайын болған кезде нұсқаушы кішкентай допты жібереді. Қағазды үзіп алмай допты өткізіп шығулары керек. Доп түсіп кеткен жағдай ойын қайта басталады.
Талдау:ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады.

4. «Құтыдағы су» жаттығуы – топқа бөліну арқылы, жылдамдықты көрсету. Қатысушылар үстел бойында қарама – қарсы тұрып, су мөлшерін көбейту. Яғни, бірінші құтыдағы суды, екінші құтыға дейін зигзаг әдісі арқылы қасықтармен жеткізу. Берілетін уақыт көлемі 2 минут, ойыншылар барынша суды төкпей тез жылдамдықпен жеткізу керек.




5. «Ашулы шарлар»
Мақсаты: адамдар арасындағы қарым-қатынастың шиеленісіп кетпеудің маңыздылығын түсіндіру;
Нұсқау: Қатысушылардың ішінен алты қатысушы шығады, оларға үрмелі шар таратылып, оларды үру ұсынылады. Үрілген шарлардың үшеуін жарып жібереді, үшеуін жай ғана босата салады.

Талдау: Бұл әдістемеден қандай ой түйдіңіздер? Неліктен? Жаттығу жасау барысындағы қатысушылардың реакцияларын бақылай отырып, талдау жасату;


6. «Өрмекші торы» әдістемесі – қорытынды жаттығу ретінде өткізілді. Ұжым мүшелері шеңберге тұру арқылы, жіптің көмегімен өрмекші торын құрайды. Бұл әдістемеде топ мүшелері бір – біріне ізгі тілектер мен комплимент білдіру арқылы жүзеге асады. Жіптің ұшы бір адамнан басталып, келесі кезекте өз қалауларымен басқа топ мүшелеріне беріліп, үлкен өрмекші торын құрайды.
Қорытынды: Тренингке барлық кластар белсене қатысты. Тренинг соңында оқушылар өткізілген сабақ бойынша өз ойларымен бөлісіп, ыстық лебіздерін білдірді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет