1 Жалпы терапия және алдына алу шаралары


Қосалқы қуыстар (маңдай, жоғарғы жақ, ауалы қапшықты, пішінін, қызуы, нұқығанда шығатын дыбыстар) көмей, кеңірдек, жөтелді тексеру



бет3/4
Дата06.12.2019
өлшемі80.61 Kb.
#447659
1   2   3   4
VNB Aa-1-1-1-1-1

3.Қосалқы қуыстар (маңдай, жоғарғы жақ, ауалы қапшықты, пішінін, қызуы, нұқығанда шығатын дыбыстар) көмей, кеңірдек, жөтелді тексеру. Сау малдарда мұрын ақпасы білінбейді (немесе сірлі, сірлі-кілегейлі ағынды түрінде аздап ағады).Ринит, бронхит, пневмония, қосалқы қуыстардың қабынуы, өкпе ісінуі, ларинго-фарингит кезінде мұрын ақпасы үнемі немесе кезеңмен сірлі, сірлі-іріңді немесе шірікті ағынды түрінде бөлінеді.Шығарылатын ауаны тексергенде оның күшін, температурасын, иісін ( өкпе гангренасында жағымсыз иіс, кетоз кезінде ацетон иісі, уремия кезінде аммиак иісі) анықтайды.Мұрын қуысының кілегей қабатын көру арқылы немесе рефлектор көмегімен тексереді. Ауа қабын көру, сипалау, нұқу әдістерімен және қажет болған жағдайда ренгеноскопия, рентгенографияны қолданып тексереді.Өңеш пен кеңірдекті көру, сипалау және тыңдау әдістерімен тексереді. Бірқатар аурулар (сақау, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы катары, ларингит және т.б.) кезінде ауырсыну, қабынулар, жергілікті температураның жоғарылауы байқалады.Жөтелді зерттегенде оның күшіне,жиілілігіне, ұзақтығына және жөтелдің табиғатына (бронхит, трахеит кезінде- жаңғырған, пневмония кезінде –глухой, плеврит, өңеш қабынуы, бронхит және плевропневмония кезінде ауырсынудың байқалуы).

16



1.Ірі жануарларды диагностикалық тексеру барысындағы техникалық қауіпсіздік. Жануарларға жақындау ережелері мен бекіту әдістері. Жануарлармен жұмыс істегенде айқайлауға болмайды. Баяу қозғалып, ақырын дыбыстап бару керек.Жылқыға алдынан және бүйір жағынан жақындаған жөн. Жылқыны ағаш бұрауды үстіңгі ерніне немесе құлақ қалқанына салу арқылы бекітеді. Сонымен қатар, алдыңғы аяғын тізесіне бүгіп немесе артқы екі аяғына тұсау салып қойған дұрыс.жылқыға алдыңғы жағынан таяп келіп, жүгеннің алқымынан ұстайды. Егер мал тынышсызданса, жоғарғы ерніне немесе құлақ түбіне бұрау не қамшының бауын салып бұраймыз. Ірі қара малға адам ұстап тұрған бүйір жағынан бару керек. Бекітуді мүйіздің ұшын бас бармақпен басып ұстау арқылы және мұрын аралық шеміршекті саусақтармен немесе арнайы қысқыштармен(Гармс қ, Кумсиев қысқышы) , тұмсық сақинасы арқылы жасайды. Ірі қара малына мойын жағынан келіп, екі қолмен мүйізден ұстайды. Егер мал тынышсызданса, онда мұрын қуысының шеміршегін қолмен нем. мұрынға арналған қысқышпен қысу керек. Түйеге абайлап алдыңғы аяғының маңына шеттен жақындаған жөн. Түйені арқан ілгектен артқы аяқтарын тұсау арқылы, ерніне немесе құлақ қалқанына бұрау салу арқылы, жағын жүгеннің ұшымен байлау арқылы бекітеді.

2.Жүрек аумағын нұқу (тексеру жүргізу, нәтижесін баяндау және оны бағалау). Жүректі тексеру.Жүректің тұсы (сезгіштігі, кызуы, сызданған шуы) Жүрек дүрсілі (сол және оң жағы: ең жақсы байқалатын тұсы; ығысуы, күшеюі) Жүрек шекараларын нұқу арқылы анықтау (сол және оң жағының жоғарғы және артқы шекаралары, нұқу дыбысы) Жүректің сазы (естілуі, күші, ырғағы, саздың бір-бірінен ерекшелігі, жүрек қақпашалары дыбыстың нақты естілетін орны) Жүрек дүрсілі – қарынша систоласымен бір уақытта көкірек қуысының қабырғасының қайталанып шығып отыруы. Жүрек дүрсілін тексергенде келесілерді анықтайды:1. Перикардитте, плевритте, пневиотораксте, гидротораксте жүрек дүрсілінің ығысыуы болады. 2. Өкпе эмфиземасында, плевритте, перикардитте жүрек дүрсілінің әлсізденуі болады. 3. Қызбада, перикардитте, инфекциялық ауруларда, улануда жүрек дүрсілінің кұшеюі болады. 4. Плевритте, перикардитте, перноститте, миозитте жүрек аймағының ауырсынуы болады. Жүректі нұқу кезінде табады:1. Салыстырмалы тұнық- бұл жүректің төске тиіп, өкпемен жабысып тұрған бөлігі.Нұқу кезінде топастау дыбыс естіледі.2. Абсолютті тұнық - өкпенің жүрек сайында орналасқан, төске жанасып тұрған бөлігі. Нұқу кезінде топас дыбыс естіледі. Жүрек шекарасын 2 сызық бойынша табады: Жауырынның артқы бұрышынан шынтақ төмпешігіне дейін.2.Шынтақ төмпегінен артқа қарай және жоғары 45° бұрышты мықынға дейін.

3.Мес қарын зақымдануының синдромы. Әуел бастан ауру мамалдың тынышызданғаны байқалады(азық қаблдамайды, іш жағына қарап, арқасын тікірейтіп, артқы аяқтарымен қарнын тепкілеп, бір жатып, бір тұрады). Сол жақ аш шұңқырдың сыртқа теуіп үлкейгені байқалады. Дене қызуы қалыпты жағдайда. Дем алысы жиілейді, үстіртін, кеуде арқылы дем алады. Ауыр жағдайда мал аузын ашып, тілін салақтатып, сілекей ағып дем алады. Кілегей қабықтары көгерген, тамыр соғысы жиілеп, аритмия п.б. күйіс қайыру мен кекіру тоқтайды. Мес қарынның жиырылуы басында күшейгенімен, артынан әлсірейді.сипалау арқылы айқындайды. Малдың көзі қорқыныш тудырған белгі береді. Құлақтың түбі, қолтықтың асты, шаптың ішкі жағы терлеген. Жалбыршақ қарын, ұлтабар , ішек тұстарынан шуылдар естілмейді. Ауру мал жиі-жиі нәжіс, несеп шығаруға тырысқанымен, аздаған ғана нәжіс пен зәр бөлінеді. Ақырында мал аяғы суып, қозғала алмайды. Қозғалғанда тәлтіректеп құлайтын жағдайға келеді.

17



1.Көкірек қуысының рентгендиагностикасы. Ауылшаруашылық малдардың арасында көкірек қуысы аурулары жиі кездеседі. Ауру дер кезде анықтап, диагноз қою әр малдәрігерінің міндеті. Кей жағдайда ауруды анықтауда қиындық туып, қосымша зерттеулер қолдануға тура келеді. Клиникалық және лаб.қ зерттеулермен бірге рентген сәулесін қолдана отырып, ауру малға толық дәл диагноз қоюға болады. Мұнда рентгеноскопия, рентгенография және флюрография тәсілдері бар. Рентгенодиагностикаға пайдаланатын контрастық заттарды 2 топқа бөлінеді: жоғары тығыздық бойынша (висмут, барий, йод, бром) және төменгі тығыздық қатынасы бойынша (өттегі, гелий, ауа, азоттың асқын тотығы, көмір қышқыл газы). Контрастық заттарды табиғи тесіктер арқылы қанға, мүшелерге, ұлпаларға, қуыстарға енгізуге болады I- ші әдісін өңеш, қарын, ішекті зерттеу кезінде барий, күкірт қышқылын ауыз қуысы немесе клизма арқылы жіберуге қолданады.Осы тәсілмен жатырды да тексереді. II – ші әдісте контрастық заттарды тамырға енгізеді (вазография, венаішілік, урография). III – ші әдісте контрастық затты көкірек немесе құрсақ қуысына енгізеді (пневмоторанс, пневмоперитонизм), тамыр қуысына, бассүйектің қосалқы қуыстарына т.б. Пациенттің сәулені қабылдауы рентгеноскопия және рентгенография кезінде рентгендік түтікшедегі тоқтың кернеуіне, сәулелендіру фильтрациясына, кернеудің қосылу уақытына түтікшіден зерттелетін объектінің қашық тұруы, экран және рентгендік пленка сапасына байланысты.

2.Ұсақ жануарлармен жұмыс істеудегі техникалық қауіпсіздік. Жануарларға жақындау ережелері мен бекіту әдістері. Жануарлармен жұмыс істегенде айқайлауға болмайды. Баяу қозғалып, ақырын дыбыстап бару керек.Жылқыға алдынан және бүйір жағынан жақындаған жөн. Қой мен ешкілерді мүйізінен нем. мойынан ұстау арқылы бекітеді. Үй құсын қалыпты жағдайда ұстайды да, бір қолмен аяқтарын, екіншісімен қанаттарын бекітеді. Иттерді жақтарын дәкемен орау арқылы бекітеді. Итті тексерген кезде, қандай жуас болмасын, оған томаға кигізу керек. Егер олар жоқ болса, онда иттің жағын жіңішке жіппен буып, түйіннің ұшын желкенің тұсынан байлау керек. Зертханалық жануарларға оперция жасағанда, инъекция енгізгенде, қансыздандырғанда, фистулалар мен датчиктер орнатқанда ауырсыну болмау үшін, жергілікті жансыздандырғыш заттар пайдалану керек. Ұсақ зертханалық жануарды бекіту үшін жәшіктер пайдаланады. Жануарларды қолмен ұстауға да болады. Қояндар нем. теңіз шошқаларын көмекші үстелді үстінде, тізесінде нем. қолында жұмыс істеуге ыңғайлы қалыпта ұстайды.

3.Жүрек аускультациясы: нұқу (тексеру жүргізу, нәтижесін баяндау және оны бағалау). Жүректі тыңдағанда оның ырғағын, күшін, саздардың қалыптылығын, шулардың бар-жоқтығын анықтау керек. Жүректі тыңдығанда 2 түрлі саз(тон) байқалады. 1-ші, систолалық саз-ол жүрекшелердің және қарыншалардың жиырылуы, үш жақтаулы клапанды екі жармалы клапан жабуы, қарынша систоласы кезінде қолқа және өкпе артериясы қаырғаларының тербелуі кезінде п.б. 2-шісі, диастолалық саз- ол қолқа және өкпе артериясының жартылай айшық клапандарының жабылуы, сонымен қатар диастола кезінде қолқа мен өкпе артериясы қабырғаларынң тербелісі кезінде п.б. Жүректі тыңдағанда жануардың жүрегінің соғу дыбыстарын анықтайды. Олар эндокардиальды әне экзокардиальды болып бөлінеді. Эндокардиальды шулардың өздері органикалық және функциональдық деп бөлінеді. Экзокардиальды шулар перикардиальды, плеврокадиальды, кардиопульманаьды болып бөлінеді. Аускультация кезінде жүректің сазының анық естілетін орндары: 1- өкпе артериясының айшық қақпашасының орыны; 2- қолқаның айшық қақпашасының орыны; 3- екі жармалы атриовентрикулярлық қақпашасының орыны.

18



1.Диагностикалық лабораторияда жұмыс істеудегі техникалық қауіпсіздік. Қауіпсіздік ережелерін сақтағанда ғана сәтсіз оқиғалардан сақтануға болады. Әдетте қауіпсіздік ережелерін сақтау тәжірибе жүргізетін жұмыстың түріне байланысты болады. Бірақ лабораторияда жұмыс жасайтын адамдардың әрқайсысы үшін ол қандай тәжірибе орындамасын міндетті түрде сақталатын жалпы ережелер қолданылады:

1. Лабораторияда жалғыз адам жұмыс жасауға үзілді-кесілді тиым салынады, себебі сәтсіз оқиға бола қалған жағдайда зақымданған адамға көмек көрсететін ешкім болмай қалады.

2. Лабораторияда жұмыс істегенде тазалықты, тыныштықты, тәртіптілікті, қауіпсіздік техникасының ережелерін қатаң түрде сақтау керек, себебі асығыстық, ұқыпсыздық ауыр зардаптар әкелетін келеңсіз оқиғаларға соқтырады.

3. Әрбір жұмыс жасаушы алғашқы көмек көрсету үшін өртке қарсы құралдар мен аптечканың лабораторияда қай жерде тұрғанын білулері керек.

4. Лабораторияда темекі шегуге, тамақ ішуге, су ішуге қатаң тиым салынады.

5. Жұмысқа оқушылар жасалатын тәжірибенің орындалу техникасын меңгермейінше кірісуге болмайды.

6. Тәжірибені тек таза ыдыстарда жүргізу керек. Жұмыс кезінде тазалықты, ұқыптылықты сақтау керек, заттардың бет пен қол терісіне түспеуін қадағалау керек, себебі көптеген заттар (галогендер, фенол, нитроқосылыстар) теріні, шырышты қабықты тітіркендіреді. Тәжірибеден кейін ыдыстарды бірден жуу керек.

7. Лабораториядағы заттардың бірде-біреуінің дәмін татуға болмайды. Заттың иісін анықтағанда ыдысты мұрынға жақын апаруға болмайды. Иісті білу үшін ыдыстың аузынан мұрынға қарай алақанмен желпу керек.

8. Реактивтер сақталған барлық банкілерде, шыны ыдыстарды заттардың аттары көрсетілген этикеткалар болу керек.

9. Ерітіндісі бар шыны ыдыстарды бір қолмен мойнынан, екінші қолымен түбінен ұстау керек.

10. Органикалық заттармен ерітінділерін пипеткамен ауызға соруға қатаң түрде тиым салынады.

11. Сұйық және қатты заттарды пробирка мен колбада қыздырғанда аузын өзіңе және көршіңе қаратуға, үстінен қарауға болмайды.



2.Несеп бөлу мүшесін тексерудің қосымша әдісі. Зәр шығару жүйесін тексеру.Бүйрек (бүйректердің орналасқан тұсы, сезгіштігі, ауырсынуы, көмелі, пішіні, жұмсақ-қаттылығы, қозғалғыштығы)Несеп жолы (сезгіштігі, ішкі және сыртқы сипалағандағы қалындығы)Қуық (сезгіштігі, орналасуы, толуы, бөгде заттардын болу-болмауы, ішкі және сыртқы сипалау)Несеп шығару каналы (өткізгіштігі, сезгіштігі, бөгде заттардың болу болмауы)Несеп шығару (жиілігі, малдың тұрысы, ауырсынуы, несептің мөлшері)Несеп (мөлдірлігі, түсі, иісі, қоймалжың-сұйықтығы)Қосымша зерттеулер (тік ішек арқылы, несепті талдау, катетер арқылы, рентген сәулесі мен тағы басқалар) Зәр шығару ағзаларына – бүйректер, бүйрек түбекшесі, несеп жолы, қуық және несеп шығаратын түтікшелер жатады. Олардың ішіндегі ең негізгісі – бүйректер. Қан бүйректерге аортадан бөлінген бүйректердің артериялары арқылы келеді. Бүйректерде қан айналуының өзіндік ерекшеліктері бар. Онда қан екі капилляр торларынан өтеді:Мальпиги шумақтарындағы капиллярлар торы;1-ші және 2-ші қатардағы ирелеңдеген өзектердегі мен Генле тұйық тұзағының капиллярларының торы.Бүйректердің өздері екі қабаттан тұрады: сыртқы және ішкі. Сыртқы қабатында Боумен капсуласы мен нефрондар орналасқан. Ішкі қабатында ирелеңдеген өзектер мен Генле (Шумлян) тұйық тұзағы орналасқан.Боумен капсуласында 1-ші несеп, ал ирелеңдеген өзектерде бірінші провизорлық зәрден амин қышқылдары, глюкоза су, минералды заттар қанға қайтадан сорылу арқылы 2-ші несеп түзіледі. Жалпы бүйректердегі түтікшелердің ұзындығы 70-100 км, бетінің көлемі – 5-8 шаршы метр.Зәрдің түзілу процесі екі фазада жүреді:Сүзілу фазасы. Мұнда капиллярлар мен капсуладағы қысымның айырмашылығының салдарынан нефрондарда бірінші – провизорлы несеп түзіледі. Оның қан плазмасынан айырмашылығы құрамында белок болмайды. Ал егерде белок болса, онда осы жоғарғы жағының қызметі бұзылды деп қарау керек.Реабсорбция фазасы. Ирелеңдеген түтікшелерге түскен провизорлы несептің құрамындағы көптеген заттар қайта сорылады да, бірінші несептен екінші – дефинитивті несеп түзіледі.

3.Сүйек және буындағы рентгендік кескінін жас ерекшелігіне байланысты айырмашылығы. Сәуленің рентгенологиялық зерттеуде асқорыту, ангиография, бронхография, урография, пиолография мүшелеріне керекті мөлшерден көп мөлшері фокустың жақын ара қашықтығына байланысты.Сәуленің көп мөлшерде өтіуін анықтаудың бірнеше тәсілдері бар: ауадағы мөлшер, тері, интегральді доза, гонаданы сәулелендіру дозасы, қан айналу мүшелерге зерттеу. Кезінде гонадалық мөлшер, аяқ саусақтарын зерттегенде тері мөлшері әсер еткен. Дозаны өсіру физико – техникалық параметрімен анықталады, ол үшін жұмыс атқарушы адамның квалификациясы қажет.

19



1.Арнайы тексеру әдісі (құралдар және лабораториялық). Клиникалық тексерудің жалпы әдістермен танысу (көру, сипалау, тыңдау, нұқу, термометрия). Көру әдісі – тексерудің жай әдісі. Бұл әдісті күндіз қолданады. Көру арқылы жануардың басын, мойнын, көкірек клеткасын, ішін, аяқтарын алдымен оң жақтан және сол жақтан, содан соң алды-артынан тексереді. Сипалау әдісі – жануар денесінің бөліктерін қолдың жұмсақ, жеңіл қозғалыстарымен сипау арқылы жүргізіледі. Сипалау беткі және терең болып бөлінеді. Беткі сипалау –терінің тексерілетін бөлігіне алақанды қатты басып, терінің қызуын, ылғалдылығын, ауырсынуын анықтау үшін қолданылады. Терең сипалау – құрсақ қуысының ішкі мүшелерінің көлемін, пішінін, конститутциясын және ауырсынуын тексеру үшін қолданылады. Нұқу әдісі- дененің тексеру керек бөлігіне күші мен ырғалы бірдей соққылар жасап, сол жерден естілетін дыбыстар арқылы тексерілетін мүшенің, қуыстың жағдайын анықтау үшін қолданылады. Нұқу тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей нұқуды дене бетіне тікелей саусақпен соққылар жасайды. Жанама нұқуды дене бетіне тікелей емес, соққыларды қатты басылған саусаққа немесе плессиметрге жасайды. Нұқу дигитальды нұқу және құралдар арқылы нұқу болып бөлінеді. Аускультация – мүшелерде түзілетін дыбыстарды тыңдау. Аускультация тікелей және жанама болып келеді. Тікелей аускультацияда жануар денесіне таза бұл (дәке) жауып, құлақты төсеп тыңдайды. Жанама аускультацияда фонендоскоп, статескоп арқылы тыңдайды. Термометрия –максимальді термометрмен жануардың дене қызуын өлшеу. Барлық жануарларда дене қызуы термометрді тік ішекке салу арқылы өлшенеді. Құстардың қанатының астына салып өлшейді.

2.Өкпенің топографиялық перкуссиясы (тексеру, нәтижесін баяндау және оны бағалау). Өкпенің артқы перкуссиялық шекарасынның маңызды клиникалық мәні бар. Ол ұш горизонтальді сызықпен анықталады: а) мықын сызығы: б) шонданай төмпегінің сызығы; в) иық буынының сызығы. Сау малдарда перкуссиялық дыбыс анық өкпелік, атимпаникалық болу керек. Бірақ, перкуссиялық дыбыстардың өзгерістері де болуы мүмкін. 1.Топастау (тері асты ісіктер, фиброзды плеврит, пневмония).2.Топас дыбыс (экссудатты плеврит, крупозды пневмония, контагиозды плевропневмония). 3. Тимпаникалық дыбыс (беткі орналасқан ауалық қуыстар- каверна, бронхоэктази, пневмоторкас). 4. Металлдық дыбыс (каверна) диафрагма жарығы). 5. Шытынаған құмыра дыбысы (каверна, ашық пневмотораксте).Күйіс қайыратын жануарларда мықын сызығы мен шонданай төмпешігінің сызығы сәйкес келеді, сондықтан нұқуды екі сызық бойынша жүргізеді: 1) мықын сызығы: 2) иық буынының сызығы.Өкпенің артқы шекарасының үлкеюі эмфизема, пневмония, өкпе эхинококкозы кезінде болады, ал кішіреюі мес қарын типманиясы, ішектердің метеоризмі, бауыр церрозы кезінде байқалады.

3.Бүйректің зақымдануы және синдромы. Бүйректің қабынуы-бүйрек паренихимасының, әсіресе иреңлеңдеген шумақтарының қан тамырларынң жарақаттап қабынуы. Аурудың барысы бойынша жіті және созылмалы түрлерін, ал орналасуына байланысты шоғырланған және жайылыңқы түрлеррін ажыратады. Бүйрек шумақтарындағы қан тамырларының жараұаттануы олрадың сүзу процесіне қатысатын беттерінің көлемін азайтады.несеп бөлу жолдарының өзектерінде глобулин, фибриногендер шоғырланады, зәрдің ұышұылдығы жоғарылайды, цилиндроурия п.б. Аурудың барысында дене қызуы көтеріледі, ауру мал әлсін-ілсін тынышсызданады, бүйректердің тұсын сипалағанда ауырсынғандық байқалады. Қарын, кеуде, жұтұыншақ, қабақтың астыңғы тұстарында ісік. Көрінетін кілегей қабықтары бозарған, қан қысымы жоғары, жүректің сол жақ қарыншасы кеңейген, қабырғасы қалыңдаған, тамырлары қатайған. Ауру мал жиі-жиі несеп бөлуге тырысады, бірақ олигурия, кейде тіпті анурия болуы да мүмкін. Несеп лай, кейде ақшыл-қызыл, не қоңыр түсті болып келеді. Көбінесе қышқылдығы жоғары болып келеді.

20



1.Клиникалық тексеру жоспары. Клиникалық құжат,, олардың диагностикалық маңызы. Мал дәрігерлерінің жұмысында малды аурудан сақтандыру шаралары басты орын алуы тиіс. Оның негізі ретінде жалпы биологиялық заңдылықты – организмнің біртұтастығын ескеру. Қандай дерт болмасын, патологиялық процеске жалғыз ауырған ағза ғана емес, белгілі бір дәрежеде басқа да ағзалар мен жүйелер қоса қатысады.Ауру малды нәтижелі емдеп, ойдағыдай сақтандыру үшін ауруды белгіленген нақтылы жоспар арқылы, жүйелі түрде, егжей-тегжейіне жете зерттеу қажет. Ондай жоспар төмендегідей болғаны жөн: Аурудың белгілерін анықтау үшін малды клиникалық тексеруден өткізу; Организм қызметінің өзгергенін нақтылы анықтау үшін лабораториялық зерттеулер жүргізу; Ауруды тудырған себептерді анықтау (этиология); Аурудың даму процесіне көңіл аудару (патогенез); Тексеру барысында анықталынған ауру белгілерін (семиотика, симптомотология, синдроматика) талдау; Алынған нәтижелерге сүйене отырып аурудың диагнозын анықтау; Аурудың өту барысына сүйене готырып оған болжам жасау (прогноз); Ауруға ем тағайындау (терапия); Аурудан сақтандыру шараларын ұйымдастыру (профилактика).

2.Жүрек ақауының синдромы. Жүрек қақпашаларының тарылуымен, нем. олардың кемістіктерімен сипатталатын, көб. Эндокартдиттің асқынуынан п.б. дерт. Жүрек ақауларының туа біткен және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа біткен түрі жүрекшелер мен қарыншалардың аралықтарындағы перделердің дұрыс қалыптаспауынан, Боталл артерия өзегінің бітпей ашық қалуынан және жүрек тесіктерінің табиғи тарылуынан п.б. Жүре пайда болған қаулар ит, жылқы, шошқа, құстарда жиірек ал ірі қара, қой мен ешкілерде, үй қояндарында сирек кездеседі. Негізгі себептеріне жіті және созылмалы эндокардит, әртүрлә жүрек жарақаттары, ж. қақпашаларының тұсындағы ісіктер т.б Ж.а. негізгі белгісі-ішкі қабат шуылы ұдайы естіліп тұрады. Қақпашалардың зақымдану дәрежелері мен сипатына байл шуылдар үрген, ызылдаған, тырналған, ыңылдаған сияқтанып естілуі мүмкін. Жүрек тұсын қолмен басып тексергендегі сезілетін әсер пырылдап отырған мысықты сипалағандағы әсер тәрізді.

3.Рентгеноскопия және жұмыс істеу реті. Аппараттың жалпы механикалық құрылымы болу керек. Түсіретін штатив бағаның рельсі көлденең жазықтықта қатаң реттеуі, түзелеуі тиіс, ал түсіргені үстел орналасқан рельске қатаң параллель болуы тиіс. Үстел бетіне түскен, қиылысына орналасқан рентгендік түтікше жоғары қалпында өзінің орналасу орталығын сақтайды. Түтіктің қиылысындағы шкаланың нөлдік белгісі мен көлденең алмасуы сәйкес келуі керек. Қорғаныс қабықшасының тегісіне түтік фокусының дұрыс емес түссіздігіне байланысты диагностиканың нәтижесі дұрыс болмайды. Рентгендік зерттеу кезінде техникалық жағдайлар мен параметрлерді қатаң сақтау керек.

21



1.Термометрия және габитусын анықтау (тексеру нәтижесін бағалау). Термометрия- максимальді термометрмен жануарлардың дене қызуын өлшеу барлық жануарларда дене қызуы термометрді тік ішекке салу арқылы өлшенеді. Малдардың қалыпты жағдайдағы дене температурасы: ірі қарада 37,5-39,5, жылқы 37,5-38,5, қой -38,540,0, ешкі – 38,5-40,0, шошқа 38,0-40,0, тауық 40,0-42,0, т.б. Габитус- малдың сыртқы түр тұлғасы, тексеру кезіндегі сыртқы пішіні. Оған малдың өзін кеңістікте ұстауы, қоңдылығы, дене құрылысы, дене қызуы кіреді. Дене құрылымын бағалағанда оның сүйектері мен бұлшық еттерінің даму дәрежесіне көңіл бөледі. Дене құрылымы мықты, әлсіз, орташа болуы мүмкін. Денесін кеңістікте ұстауы қалыпты және қалыпты емес болуы мүмкін. Дене қоңдылғы – орг.дегі зат алмасу процесіне және дұрыс уақытында қоректенуіне байланысты. Қоңдылығы жақсы, орташа, орташадан төмен, жаман нем арық деп бөлінеді.

2.Өкпенің функциональдық қабілетін анықтау. Жылқы малына физ.қ күш түсіру арқылы өкпенің фукн.қ қабілетін тексереді. Қалыпты жағдайда 1 мин ішінде тыныс алу қозғалысын есептеп, малға физ.қ күш түсіреді. 10 минуттық, қайтадан 1 мин ішінде тыныс алу қозғалысын есептейді. Содан соң тыныс лау жиілігін тексереді. Т.А.Ж= Т.А.К күш түскеннен кейін ÷ Т.А.К күшке дейінгі мөлшері. Мынадай қортынды шығарады: Егер тыныс алу жиілігі 2-ден аспаса өкпенің функ.қ қызметі жеткілікті, егер 2-ден асса – өкпенің функ.қ қызметі жеткіліксіз деп есептейді. Ірі қара малына «апноэ» нем тұншықтыру тәсілін қолданады. Дем шыққанда шүберекпен тыныс шығаратын ауыз, мұрын қуыстарын мықтап жауып, уақытты белгілейді,һ. Тұншығудың басты белгісі болып, алғашқы жұтыну өозғалысы болып есептеледі. Қортыныды: егер ірі мал 30 секундты ұстай алса, тұншығудың басты белгісіне дейін, - онда өкпенің фукн.қ қабілеті жеткілікті деп баға береміз, ал егер 30 секундқа жеткізе алмаса, өкпенің функ.қ қызметі жеткіліксіз деп есептейміз.

3.Жұтқыншақ және өңеш зақымдалуының синдромы. Фарингит- жұмсақ таңдайдың, жұтқыншақтың, олардың маңайындағы лимфа фолликулаларының кілегей қабықтарының қабаттаса қабынуы. Ал миндалиннің, таңдай пердесінің, жұтқыншақ түбінің қабаттаса қабынуын баспа (ангина) д.а. Аурудың барлық түрлеріне тән өзгеріс – жұтыну процесінің бұзылуы. Мал мойнын созып басын шайқап, алдыңғы аяқтарымен жер тарпып тыпыршиды. Жөтел п.б. Ауыр өткен жағдайда ауызға алған азықты қайта шығарып тастайды. Жұтқыншақтың тұсы ісінген, қызуы көтеріңкі, ауырсынғандық байқалады. Ауыр жағдайда малдың аузынан көпіршіктенген сілекей ағады. Тілдің сарғыш дақ, ауыздан жағыымсыз иіс сезіледі. Кейде танаудан ақпа бөлініп, бронхопневмонияның кейбір белгілері байқалады. Өңештің бітелуі- ірі қара малда жиі кездеседі. Ауру аяқ астынан п.б. Ауру мал мойнын созып, басын төмен салбыратып, аузынан сілекей ағып, жиі-жиі жұтына береді. Мес қарында газ шоғырланып, оны кереді. Демікпе п.б. Шеткергі вена қан тамырларының білеуленгені , оттегінің жетіспеушілігінің белгілері анықталады. Сипалау арқылы бітеген заттардың орнын, көлемін анықтайды.

22



1.Беткейлі лимфа түйіндерін тексеру. (тексеру нәтижесін клиникалық бағалау). Сау малдарда кілегей қабаты қызғылт түсті, қалыпты ылғыалданған, ісінулермен түзілістерсіз болу керек. Жылқылардың танау аралық пердесінің кілегей қабатының түсі көкшіл болады. Ауруларда кілегей қабаттар өзгереді. Қан кетуде кілегей қабаттары ақшыл түсті болып келеді. Кілегей қабаттарының домбығуы қабынуларда байқалады. Ол инфлоэнца, жұғымтал ала өкпе, оба ауруларында кездеседі. Кілегей қабаттарында ақ және сұр түсті түзілістер болады. Ас қорту жолының ауруларында ақшыл-сұр түзіліс байқалады. Жылқылардың инфлоэнца ауруында конъюктивада фиброзды түзілістер п.б. кілегей қабаттарының секрециясының көбеюі қабынуларда байқалады. Конъюктивалық қап, ауыз, таннау, және қынап ауруларымен сипатталады. Ағындылар сірлі, кілегейлі, іріңді т,б болады. Көру және сипалау арқылы лимфа түйіндерінің көлеміне, пішініне, тығыздығына, қозғалғыштығына, және лимфа түйінін жауып тұрған тнерінің қызуына назар аударады. Жылқыларды жақ асты, тізе қатпары және шап лимфа түйіндерін тексереді. Ірі қара жіне ұсақ малдарда жақ асты, жауырын алды, тізе қатпары, және шап, желін үсті лимфа түйіндерін тексереді. Түйелерде жақ асты, жоғары және төменгі мойын, жауырын алды, тізе қатпары, және шап лимфа түйіндерін тексереді.шошқаларды лимфа түйіндерін сипап табу өте қиын, бірақ олардың жұтқыншақ асты безі міндетті түрде тексеріледі, өйткені олар туберкулез, сібір жарасы кезінде зақымдалады. Иттерде, мысықтарда шап бездерін, ал құстарда төменгі мойын бездерін тексереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет