1 Мүдде топтары: түсінігі, функциялары, типологиясы. 3 2 Партияның пайда болуы және түсінігі. Партия типтер



Дата12.06.2016
өлшемі142 Kb.
#129000


Жоспар



1 Мүдде топтары: түсінігі, функциялары, типологиясы. 3

2 Партияның пайда болуы және түсінігі. Партия типтері. 5

3  Қоғамдық – саяси ұйымдар және қозғалыстар, олардың жұмысы. 16



1 Мүдде топтары: түсінігі, функциялары, типологиясы.


Саяси жүйеге мемлекетпен катар саяси партиялар да кіреді. "Партия" деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.

Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық, қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады.

Қазіргі біздің түсінігіміздегі дей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жүмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясатын, негізгі субъектісі не айналды.

Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезен дерді атап көрсетті:

 1) аристократиялық, үйірмелер;

 2) саяси клубтар;

 3) көпшілік партиялар.

Саяси клубтардың аристократиялық үйірмелерден айырмашылығы — олар ең алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. (Ал аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаған болатын). Олардың тұрақты идеологиялық байланыстары мен дамыған ұйымы болды. Мұның бәрі оларға қоғамдық, жұмысты кең өрістетуіне мүмкіндік туғызды.

Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі — олар жұмысын тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен катар әдеттегі, дағдылы уақытта да көпшілікке ықпал етуге тырысты. Өз қатарына барынша көбірек адамдарды тартты. Өздерінің үгіт-насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие, мәдени қызмет т. с. с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды.

Дегенмен, көрсетілген үш кезенді толығымен Ұлыбританияның екі партиясы ғана басынан кешірді. Олар либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялары. Ал қазір өмір сүріп отырған партиялардың көбінің даму жолы қысқа. Олардың біразы екі сатысынан өтсе, біразы бірден көпшілік партия болып қалыптасты.

Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861 ж. Англияда либералдық партия құрылды. Сонымен қатар мұндай партиялардың дамуына жұмысшы қозғалысы да зор әсер етті. Жұмысшылардың өзіндік жарғысы, кең тараған жергілікті ұйымдары бар, жазба түрде мүшелік жарна төлейтін, мерзімімен съездер өткізетін партиялары ұйымдасады. Бірінші көпшілік жүмысшы партиясы болып 1863 ж. Жалпы Германияның Жұмысшы Одағы (Ф. Лассальдың басшылығымен) құрылды. XIX ғ. аяғына қарай Батыс Еуропа елдерінде түгелге жақын көпшілік партиялар пайда болды. Мұндай партиялар басқа континенттерде де құрыла бастады.

Американың белгілі саясаттанушысы Дж. Ла Паломбараның ойынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады:

1) партия белгілі бір идеологияны қорғайды немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі;

2) партия — адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттың әртүрлі деңгейінде әжептәуір ұзақ біріктіретін ұйым;

3) партияның мақсаты — билікті қолға алып, жүзеге асыру (көбінесе ол коалициялық жолмен жасалады);

4) әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.

Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, олардың саяси сауаттылығын арттырады, жұмысына ұйымшылдық және мақсаттылық сипат береді. Оның белгілі бір идеологиясы болады. Ол идеология саясаттың басты принциптерін белгілеуге, саяси партияның ұйымдық құрылысы мен практикалық іс-әрекетін анықтауға негіз болады. Олар партияның бағдарламалары мен жарғыларында айқындалады.

Саяси жүйеде партиялар үлкен әлеуметтік жіктердің (топтардың, таптардың, бірлестіктердің) мүддесін көздейді. Партиялардың өмір сүруінің өзі сол жіктеудің арасында дау жанжалдардың тууы мен оларды шешу қажеттігінен шығады.

Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Боднардың кернеткеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай кызметтерді атқарады:

а)  қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау және негіздеу;

ә) олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;

б)  саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;

в) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысу жөне т. б.;

г)  мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау;

д)  мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;

е)  қоғамдық пікірді қалыптастыру;

ж) жалпы қоғамды, яки оның белгілі бір белдігін (топты, тапты, жікті) саяси тәрбиелеу;

и) мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін кадрлар даярлау мен ұсыну және т. т.

Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын партияларымен байланысты нығайтумен үнемі айналысады.

Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның манызды міндеті — азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің кез қарастарын білдіреді. Соның арқасында қоғамның саяси саласындағы қайшылықтардың басы ашылады, әлеуметтік қопарылысқа соқтырарлық өткір, ойда жоқ шиеленістердің мүмкіншілігі азаяды.

Қоғамның қай жігіне партияның ықпалы күшті жүріп, олардан ұзақ уақыт қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін қалайды. Ал оған сайлау кезінде әрдайым даусын беруші сайлаушылар оның электоратын (латынның сайлаушылар тобы деген сөзінен) құрайды. Еуропадағы социал-демократиялық партиялардың дәстүрлі әлеуметтік негізіне жұмысшылар жататын. Либералдык-демократиялык партияларды орта жіктегі қызметкерлер, интеллигенция, ұсақ кәсіпкерлер және т. б. қолдайтын. Аграрлық партия шаруаларға сүйенетін. Консервативтік партиялар ірі меншік иелерін, шаруалар мен орта буындалардың бір бөлігін тірек ететін. XX ғ. ортасынан бастап жағдай өзгерді. Ірі партиялар сайлауда халықтың әр түрлі топтарының даусын жинады. Демек, солардың мүддесін де кездейді.

Сонымен, партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағыт таяған, ортақ мүлде, бір идеология  негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсене қатынасады.


2 Партияның пайда болуы және түсінігі. Партия типтері.


Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері бар. Мысалы, институциондық тәсіл партияларды топтастырғанда ұйымдастыру ерекшелігін басшылыққа алады,либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар аударады, марксисттер болса таптық белгілеріне айрықша мән береді.

Бұл мәселені терең зерттеген саясаттанушылардың брі француз ғалымы М. Дюверже XX ғасырдың 50 жылдарында сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты партияларды кадрлық және бұқаралық деп екіге бөледі (оларды ұйымдық қалыптасқан және ұйымдық қалыптаспаған деп те атайды). Кафалық деп катарында сайлаушылардың 10%-ынан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Оның әрбір мүшесінің партия билеті болады, мүшелік жарналарын уақтылы төлейді, жарғысында қаралған тәртіпті мүлтіксіз орындайды. Мысалы, оған Австрия халық партиясы, Англия консерваторлар партиясы, ГФР-дың Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдык-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы, Швеция орталық. партиясы жатады. Баралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды. Партбилет алып, мүшелік жарна төлемейді. Мысалы, мұндайларға АҚШ-тың республикалық және демократиялық партиялары, Англия лейбористтер партиясы т.т.

60 жылдардың аяғында жоғарыда аты аталған Ла Паломбараның көрсеткен екі партиясынан басқа әмбебап партиялар (универсалдық немесе сайлаушылар партиясы) деген үшінші түрін бөліп шығарды. Олардың ерекшелігі — партияның мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысуда. Онда әлеуметтік, этникалық, діни және т. б. өзгешеліктеріне мән берілмейді. Мұндай партиялардың саны соңғы жылдары Еуропа мен Америка елдерінде тез етек алуда.

Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды төрт түрге топтастырады:

1. Авангардтық партиялар (лениндік тұжырымдама). Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінен партияның жұмысына белсенді қатынасуын талап етеді. Мысалы, Үндістанның ұлттық конгресс партиясы, бұрынғы СОКП.

2.   Сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т. т. Оларда тұрақты мүшелік, идеологиялық негіз, ұйымдық құрылым жоқ. Мысалы, АҚШ-тағы республикалық және демократиялық партиялар. Сондықтан американдық азамат "Мен демократиялық партияның мүшесімін" демейді, "Мен демократтар үшін дауыс беремін" дейді.

3. Парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау. Мәселелерді алдын ала талқылап, қабылданатын шешімдерді сәйкестеу, келістіру үшін партиялар парламенттер мен муниципалитеттерде (жергілікті өзін-өзі басқару органы) жіктер (фракциялар) жасайды. Премьер-министрдің кандидатурасы мен үкімет құрамы парламенттегі көпшілікке байланысты. Мысалы, Германияда, Италияда, Ұлыбританияда, Францияда солай.

4.  Қауымдастық партиясы. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығында қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай өзара қатынасып, маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі. Мысалы, оларға "Жасылдар" партиясы, балаларды, малдарды, жануарларды қорғау партиялары, соғысқа, ядролық қаруға қарсы қозғалыстар жатады.

Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге жүйелеп жүр.

1. Коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар. Олар К. Маркстің ілімін басшылыққа алады.

Жеке меншіксіз, тапсыз қоғам құруға тырысады. Басқа партиялар коммунистік партияның басқарушы рөлін мойындауы керек. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы КСРО. Батыста мұндай партиялардың айтарлықтай салмағы жоқ.

2. Социал-демократиялық, (немесе социалистік, лейбористік) партиялар. Олар казіргі капиталистік қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап, өзгертіп отыруға тырысады. Олардың басты құндылықтары: бостандық, әділеттілік, ынтымақтастық, тендік. Оған жататындар: Австрияның, Германияның, Швецияның социал-демократиялық партиялары, Ұлыбританияның лейбористік партиясы және т.б.

Казіргі кезде адамзатты айнала қоршаған орта күннен-күнге нашарлап, азып-тозып бара жатқаны баршаға аян. Сондықтан Еуропада социал-демократтардың әлеуметтік және экологиялық жағынан жаңарған индустриялық мәдениеттілік орнатпақ та ойлары бар.

3.  Буржуазиялық-демократиялық, партиялар. Олар XIX ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды. Мынандай принциптерді басшылыққа алады: қоғамда билік үшін әрқашан ашық, күрес жүруі керек, өкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жету, парламентке көпшілік дауыс алған партия немесе партиялық бірлестік өкіметті билейді, басқарушы партияға (партияларға) қарсы үздіксіз ашық оппозиция жұмыс істейді. Заң алдында бәрінің де тең болғанын, сез, баспасөз, жиналыстар бостандығын калайды. Мысалы, Германияның еркін демократиялық партиясы, Ұлыбританияның социал-либералдық партиясы және т.б.

4.  Консервативтік партиялар. Негізінен ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. Әлеуметтік теңсіздікті сақтағысы келеді, адамдық және азаматтық ар-намыс, плюрализм, ынтымақтастықты жақтайды. Мысалы, АҚШ-тың республикалық партиясы, Германияның Христиандық-әлеуметтік одағы мен Христиандық-демократиялық одағының блогы, Ұлыбританияның консервативтік партиясы, т.т.

5.  Фашистік партиялар. Олар жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің басым болғанын, басқаруда катаң орталықтандырылуды, адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуді қалайды. Ұлтшылдықты уағыздайды. Бұл тоталитарлық немесе авторитарлық жүйеге жол ашады. Фашистік партиялар кезінде Германия мен Италияда болған. Бірақ сол елдерде және т.б. жаңарған неофашистік ұйымдардың пайда болуы сақтандырады.

Партияларды басты идеологиялық бағытына қарай революциялық, реформистік, консервативтік, реакциялық деп те бөліп жүр. Революциялық партиялар қоғамдық өмірді түбегейлі өзгертуге тырысады. Реформистік партиялар коғамда маңызды өзгерістер жасамақ, бірақ оның негізгі құрылысын сақтап қалмақ. Консервативтік партиялар қазіргі әлеуметтік өмірдің негізгі сипат, ерекшеліктерін тұрақты сақтап қалмақ. Реакциялық партиялар — қоғам дамуындағы өтіп кеткен формацияларға не дәуірлерге қайтып оралуды көксеушілер.

Қандай саяси тәртіпті қолдауына байланысты партиялар демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық болып жіктеледі. Демократиялық партиялар басқа партияларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайды, пікір алалығын жақтайды. Идеологиялық факторға онша мән бермейді. Тоталитарлық партиялар, керісінше саяси жүйенің басқа элементтерін өзіне бағындыруға тырысады. Әсіре идеологияланған, катаң тәртіпке негізделген бір партиялық жүйе құруға тырысады. Авторитарлық партиялар, әдетте, дамып келе жатқан елдерде пайда болады және отаршылыққа қарсы бағытталады. Олардың кебі ең алдымен өз елдерінің саяси және экономикалық тәуелсіздігі, әлеуметтік прогресі үшін күреседі. Өз әрекеттерінде көбінесе күшке сүйенеді.

Саяси өмірдегі алатын орны, билікті жүзеге асыруға катысуына қарай саяси партиялар билеуші және оппозициялық (латынның "қарсы қою" деген сөзінен шыққан) болып бөлінеді. Билеуші партиялардың қолдарына мемлекеттік билік тигендіктен оларға бүкіл қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни, олар басқа партиялардың үстінен билікке ие болады. Мұндай мүмкіндігі жоқ қалған партиялар өз мүдделерін басқа жолмен қорғайды. Олар бұл мақсатта өздерінің конституциялық құқығын, парламент мінбесін, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланады. Белгілі бір қоғамдық пікір тудырып билеуші партияға сырттай ықпал жасайды. Мұндай саяси партияларды оппозициялық деп атайды. Олар басқарушы партияның саясатын сын көзбен бағалайды. Қоғанмын, даму бағдарламасын жасайды, басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарға өздерінін көзқарастарын білдіреді. Жалпы оларға қарсыластық қасиет тән келеді.

Жұмыс істеу жағдайына, заңның рұқсат етуіне байланысты партияларды ресми, жартылай ресми, құпия деп жіктейді. Егер қоғамдық-саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіліп, мемлекеттік тіркеуден өтсе, ол ресми партия болып саналады. Ол жұмысын ашық жүргізеді. Бірақ формальды түрде рүқсат етілсе, оны толық танылды деуге болмайды. Біраз жағдайларда партияға сырттай мойындаған сыңай білдіріп, шын мәнінде, жұмысына шек қойып, кедергілер жасалады. Мұндай партияларды жартылай ресми деуге болады. Ал егер партияға заң бойынша тыйым салынып, жұмысын астыртын, жасырын жүргізсе, ол құпия партияға жатады. Әдетте, олар үстемдік етіп отырған құрылысты күшпен өзгертуді мақсат етіп қояды. Егер құпия партияны халық шынымен қолдап, беделі зор болса, оны ресми мойындамағанымен жұмысын тоқтата алмайды. Оның айғақтығын құпия жағдайда жүріп отаршылдыққа қарсы қажырлы күрес жүргізген көптеген ұлт-азаттық партиялардың даму жолынан байқауға болады.

Партиялар жиылып, партиялық жүйені кұрады. Сондықтан оларды жіктеу дін, де мәні зор. Партиялық, жүйе деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтығын айтады. Ел ішінде қанша партиялар болуы және олардың қайсысы партиялық жүйеге енуі сол елдің тарихи дәстүріне, әлеуметтік-экономикалық шиеленістер сипатына, негізгі әлеуметтік күштер дін арасалмағына байланысты. Оған халықтың бір ұлтты әлде көп ұлтты, бір дінге әлде көп дінге бағынуы да өсер етеді.

Билік үшін күреске катысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көппартиялық, екі партиялық және бір партиялық болып топтастырылады.

Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады. Онда үш және одан артық партия катысады. Бұл — адамзаттың қоғамдық басқаруда ойлап тапқан өркениетті түрі, Дегенмен, орыстың белгілі саясатшысы Б. Чичерин айтқандай, көппартиялықтың өзіндік жағымды және жағымсыз жақтары бар. Жағымды жағына жататындары — онда саяси мәселелер жан-жақты қаралады. Кемшіліктерді кешірмейтін оппозициялық партиялардың болуы үкіметті тиімді жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Бюрократияның өрістеуіне тежеу салынады. Партияны тәртіпке шақырады. Билік басына кездейсоқ емес нағыз дарынды адамдардың келуіне мүмкіндік тудырады. Ұнамсыз жағына жататындар — өмірдегі көп мәселелерге өз партиясының, тұрғысынан ғана қарайды. Бар ойы қарсы партияны жеңуге арналып, ол жолда алдау-арбау, өсек-өтірік сияқты жат қылықтар мен тәсілдер пайдаланылып жатады. Дегенмен, қазіргі танда көп партиялық саяси өмірдің тәуір жетілген түрінің бірі болып танылады. Ондайларға Австрия, Бельгия, Дания, Нидерландығы көппартиялықты жатқызуға болады.

Екі партиялық жүйеде (бипартизм) басқа да кішігірім партиялар болуы мүмкін, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында жүреді. Мұнда жалпыға бірдей тікелей сайлау нәтижесінде екі партияның бірі өзінен-өзі автоматты түрде парламентте кеп шілік орынды қамтамасыз етеді. Ол Министрлер Кабинетінің орнықтылығын қамтамасыз етеді. Себебі, ол үкіметті заң бойынша көрсетілген мерзімі біткенше қызметін атқаруына мүмкіндік береді. Ол мемлекет басшысын сайлауға жіберілген қаржыны да үнемдейді. Өйткені ол орынға сайлауда жеңіске жеткен партияның серкесі ие болады. Бипартиялық көппартиялықтағы сияқты өзінің жіберген қателіктерін бірге билеген басқа партияларға аудара сала алмайды. Бұған мысал ретінде АҚШ-тағы республикалық және демократиялық, Ұлыбританияда — консерваторлар мен лейбористтер, Германияда — христиандық демократтар мен социал-демократтар жатады. Саяси күреске баскқа да партиялар араласады. Бірақ, әдетте, олар шешуші рөл атқармайды және жеңіске жетерлік мүмкіндіктері де жоқ. Дегенмен, мұндай жүйенің өміршеңдігін аты аталған елдердің өмірі дәлелдеп отыр.

Бір партиялық жүйе езінен басқа, әсіресе бәсекелес партияларды болдырмайды. Ол тоталитарлық және авторитарлық қоғамдарға тән. Мұндай тәртіпте басқарушы партия бақылаушы және сынаушы оппозициялық партиялардың жоқтығын пайдаланып, саяси билікті бүтіндей қолына алып, басқа мемлекеттік органдарды ығыстырады. Ондай партия бұрын КСРО-да болды, қазір Қытай, КХДР, Кубада бар.

Демек, партиялық жүйе әр түрлі болады. Сондықтан солардың, ішінде ең тәуірі, тиімдісі қайсысы деген сұрақ тууы мүмкін. Бұған бірыңғай кесіп жауап беру, бір үлгіні ұсыну дұрыстыққа жатпайды. Әйтсе де партиялық бірлестіктердің тиімділігіне жалпы екшеуіш боларлық жағдайлар мыналар. Олар халықтың әлеуметтік мүдделері мен мұқтаждықтарын бірінші сезініп, қамтамасыз етуге тырысуы ләзім. Партия арқылы шешімдер қабылдағандардың  барынша мол қажеттіктерін қамту. Үкімет бағытын сын көзбен түзету және басқарушы топтың жұмысына демократиялық бақылау жасау және т.с.с.

Саяси партиялардың ішінде фракциялар (латынның "бөлшектену", "бөлектену" деген сөзінен) болуы мүмкін. Бұл сөз екі мағынада қолданылады: 1) бір партияның парламентте, мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда өздерінің саяси нұсқау, мақсаттарын ұйымшылдықпен жүргізу үшін құрған ұйымы; 2) бір партияның ішінде өзіндік бағыты, құрылысы, тәртібі бар, бірақ сол партияның қатарынан шықпаған мүшелердің бөлігі. Мұндай жағдай азшылықтың құқы бұрмаланған кезде дүниеге келуі мүмкін. Әдетте, ол етпелік кезгендерде пайда болады және ұзаққа созылмайды.

Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция (латынның "бірлестік" деген сөзінен) құруы мүмкін. Коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігін айтады. Оның мынадай түрлері болады:

а) парламентке қатысатын партиялардың ешқайсысы ез алдына бөлек, дербес басқара алмайтындай жағдайда (дауыстың аздығынан) құралған көппартиялық коалиция;

ә) екі күшті партияның әрқайсысы өкіметті өз қолына алып билей алатындай жағдайда екі партиялық коалиция орнайды. Мұндайда бір партия парламентте көпшілік дауыс алады да, екіншісі оппозицияда болады. Егер екеуінің де парламенттегі орны тең болса, үкіметті күреу үшін баскқа кішірек партиямен келісімге келуге мәжбүр болады. Мұндайды түрін өзгерткен екі партиялық коалиция дейді;

б) билік үшін бәсеке екі партия одағының арасында болса, оны екі блоктық коалиция дейді. Мұндай коалиция әсіресе Францияға тән. Онда президенттік, парламенттік, кантондық сайлаулар кезінде екі блок құрылады. Оң блокқа гольдықтар, жискарлықтар (Францияның бұрынғы президенттері Де Голь мен Жискар де Эстеннің фамилияларынан шыққан), т.б. кіреді де, сол блокқа социалистер, коммунистер, солшыл радикалдар жатады;

в)  егер дербес партия ұзақ, уақыт (20—30 жыл бойы) билік етсе, оны басымдық коалициясы дейді. Мысалы, Швеция социал-демократиялық партиясы 1932 жылдан 1976 жылға дейін, содан кейін 1982 жылдан осы уақытқа дейін билік басында. Жапонияда либералды-демократиялық партия 1955 жылдан бері өкімет басында келеді.

Саяси партиялардын жұмысы әдетте құқық ден немесе Конституциямен реттеледі. Себебі, олардың жұмысы саяси жүйенің принциптері мен мақсаттарына қайшы келмеуі керек. Оларға жататындар: коғамдық емсірде партияның орнын конституциялық жолмен рұқсат ету; саяси жүйеде партияның жұмыс істеу жағдайын белгілеу; сайлау жүйесінің жұмысына партиялардың қатысуы; мемлекеттік өкімет органдарында партиялардың өкілдік ету тәсілдері; мемлекеттік бюджеттен партиялардың қызметін қаржыландыру. Бірқатар Батыс елдерінде (Германия, Италия, Швеция, т.б.) 60—70 жылдардан бастап саяси партиялар мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Кейбір елдерде заң бойынша саяси партиялардың сайлау науқанына арнайы қаржы белін еді. Бұл конституцияда көрсетілген міндеттерді орындау және қиянат ету шілікке жол бермеу (мысалы, саяси партияларды құрғанда әл декандай кішігірім топтардың немесе жеке адамдардың ықпалын азайту, не болмаса қызметкерлердің, коғам қайраткерлерінің сатылғыштығына жол бермеу және т.б.) үшін керек деп саналады.

Бірқатар елдердің (Германия, Үндістан, Ұлыбритания, Франция) заңдарында радио мен теледидарды кеңінен пайдалануға мол құқық берілген. Мұның бәрі сайлау науқанында және т.б. жұмыс бабында партияларға тең жағдай қамтамасыз етілгендігі деп саналады.



Партиялық жүйе түсінігі. Партиялық жүйе типтері. XX ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшейе берді, одан қоныс аударған қоныс аударушылар қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алуын көбейтті, халықтың жағдайы темен дей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудын. жолын іздеді. Алғашында олар үміттерін Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында А. Бөкейхановтың бастауымен Қазақстанның 5 облысынан, "делегаттар съезі" шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі (филиалы) құрылып, сол партияның, бағдарламасын қабылдады. Бірақ кадеттер болсын, Уақытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан революциясынан кейін де біздің өңіріміздегі ұлттық, аграрлық және т.б. мәселелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардың өзін-өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де қозғалмады. Осының бәрі А. Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, жаңа "Алаш" партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы "Қазақ" газетінің 1917 жылғы 256-санында арнайы мақала шықты.

Бірінші бүкіл қазақтық съезд Орынборда 1917 ж. шілденің 21—26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірақ делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысын дайындау және қазақтың саяси партиясын қүру мәселелеріне аударды.

1917 жылы 21 қазанда "Қазақ" газетінде "Алаш" партиясы бағдарламасының жобасы басылып штыкты. Оның ең маңызды баптарына мыналар жатады: Ресей демократиялық федеративтік республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек; Ресей республикасында дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамай бәрі де тен; онда тендік, жеке адамның дербес құқылығы, сөз, баспасөз, одақтар еркіндігі қолданылады; дін мемлекеттен белін еді, барлық діндер тең, қазақтардың өзіндік муфтияты болуы керек; билік пен сот әр халықтың ерекшелігіне сай құрылуы, би мен қазы жергілікті халықтың тілін білуі тиіс, барлық оқу орындарында ақысыз білім және ол барлық адамдардың игілігі болуы керек және басқалар.

1917 жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші жалпы қазақтың съезі шақырылды. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Басшысы болып А. Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болды да, мақсатына жете алмады. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңестік әскерлердің күшімен талқандалды, "Алаш" партиясының басшылары мен мүшелері репрессияға ұшырады.

"Алаш" партиясы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері (В. Григорьев, П. Пахмурный, А. Сармурзин) бұрынғы коммунистік идеологияның тұрғысынан оны "буржуазиялық-ұлтшыл" партия ретінде қарайды. Екіншілері (М. Қозыбаев, М. Қойгелдиев) оны ұлттық-демократиялық партия деп санайды. Шынында да, алашықтар капитализмді құру немесе тек таза ұлттық, мемлекетті орнатуды өздеріне бағдарламалық мұрат етіп қойған жоқ. Олар саяси еркіндікті аңсады, өркениетті адамгершілікті коғам құрғылары келді. Бұл буржуазиялық-ұлтшылдық емес, жалпы демократиялық мақсатқа жатады.

"Алаш" теориясы сияқты 1917 жылдың күзінде Қазақстанда "Үш жүз" деген партия құрылды. Оның басшысы Қ. Тоғысов деген болатын. Ол большевиктерге бағдар ұстап, "Алаш" партиясының басты оппоненті болды.

1918 жылы 1 қаңтарда Семейде большевиктердің партия ұйымы құрылды. Ал Кеңес өкіметі кезінде, көпшілікке белгілі, жалғыз басқарушы партия СОКП болды.

105 Қазақстан тарихында шұғыл бетбұрыс болып, өшпес із қалдырған Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Ол жалғыз біздің елді ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағына кірген елдер дін, барлығын дүр сілкіндірді. Қазақ жастары бірінші болып "орталықтың" отаршыл саясаты мен әкімшіл-әміршіл жүйесіне ашық қарсылық білдіріп, тайсалмастан, батыл шеруге шықты. Бұл көтеріліс азаттық жолындағы күреске, жаңа саяси ұйымдар мен қозғалыстардың пайда болуына түрткі болды. 1987 жылы шілдеде СОКП Орталық Комитетінің қазақ халқын ұлтшыл деп кінәлаған қаулысы жағдайды одан әрі асқындырып жіберді. Қазақтың ұлттық санасын дамыту, өзінің шыққан тегіне бет бұру, тілін, дінін, ұлттық мәдениетін дамыту керектігін дәлелдеп, алға тартып бастамашы топтар пайда бола бастады. Осы мәселелерді бірінші болып көтерген "Желтоқсан" қозғалысы дүниеге келді, кейін (1990 ж. мамырда) соның негізінде осы аттас партия құрылды.

Республиканың саяси өмірінде "ҚазақССР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы" заңы айтарлықтай рөл атқарды. Ол азаматтарға қоғамдық ұйымдар құру еркіндігіне кепілдік берді. Бейресми саяси партиялар мен бірлестіктер заңды жұмыс істеуіне мәртебе алды. Олар тіркеуден еткеннен кейін халық депутаттығына талапкерлерді ұсынуға құқылы.

Республикадағы алғашқы қоғамдық-саяси құрылымдар Коммунистік партияға оппозиция ретінде пайда болды. Кейінірек, тәуелсіздікті алып, жаңа конституцияға дайындыққа байланысты саяси күрестің басты мәселелері болып азаматтық, мемлекеттік тіл, жердің жеке меншікке сатылуы және т.б. қойылды.

Егер Республика аумағында бедеді рөл атқарған (көбі әлі де атқарып жүрген) бірнеше партиялардың бағыт-бағдар ламаларына, іс-әрекеттеріне тоқталсақ, олар мыналар.

Ұлттық-демократиялық "Желтоқсан" партиясы. Жоғарыда айтылғандай, бұл қозғалыстың тууына түрткі болған 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары болды. Ұйымдасуы жағынан бүл қозғалыс 1989 жылдың көктемінде қалыптасты. 1990 ж. мамырда "Әділет", "Азамат", "Жерұйық", "Көусар бұлақ", "Форум" сияқты коғамдық ұйымдардың бастамасымен құрылтай съезі шақырылды. Сонда "Желтоқсан" қоғамдық комитетінің негізінде осы аттас партияның құрылғаны туралы декларация қабылданды.

Партияның бағдарламасында республиканың саяси және экономикалық егемендігі үшін, мемлекеттік тіл қазақ тілі болуын, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары құрбандарын орынсыз тағылған кінәден толық, ақтау, оларға саяси құрбандар мәртебесін беру, Казакстаннаң тыс жерлерде тұратын отандықтармен тығыз байланыс ұйымдастыру, ислам дінінің қайта өркендеуі жолында күрес жүргізу көрсетілген.



Қазақстанның республикалық "Азат" партиясы. Ол өзінің тарихын 1990 ж. шілдеде болған Қазақстанның азаматтық " Азат" қозғалысының құрылтай конференциясынан бастайды. 1991 ж. 4 қыркүйекте "Азат" қозғалысының құрылтай конференциясында парламент тұрпатындағы Қазақстанның республикалық "Азат" партиясының пайда болғаны туралы шешім қабылданды. Ол бағдарламасында Қазақстанның шын мәніндегі егемендігін қамтамасыз етуді, аумақтық тұтастығын сақтауды, елдің қоғамдық тұрмысын демократияландыруды, қазақ тілін, ұлттық дәстүрді дамытуды және т.б. мақсат етіп қояды.

Жалпы алғанда ұлттық-демократиялық "Желтоқсан" партиясы, Қазақстанның республикалық "Азат" партиясы, "Алаш" ұлт бостандық партиялары ұлттық және ұлттық-демократиялық түрде қалыптасып, незігінен Кеңес Одағы кезінде қысымшылықты көп көрген қазақ халқына басымдықтар беріп, тілін, дінін, мәдениетін дамытуға жағдай жасауға үлкен мән берді. Ол кезде бұрынғы әдетке салып сепаратистік пиғылдағы ұйымдар бас көтеріп тұратын. Бұл партиялардың ондай іс-әрекеттеріне қаймықпай қарсы тұрып, тойтарыс беріп тұрғанын айтқан жөн.

Қазақстанның социал-демократиялық партиясы. 1990 ж. 26-27 мамырында құрылды. Бағдарламасында батыс елдеріндегі осы аттас партиялардай бостандық, ынтымақтастық, әділеттілік идеяларын ту етеді. Бұл партия тұрмыс сапасын жақсарту, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру және т.б. мақсаттарды кездейді.

Қазақстанның социалистік партиясы. 1991 ж. 7 қыркүйекте құрылды. Онда Қазакстан Коммунистік партиясының кезектен тыс (төтенше) съезі етіп, оның мүшелері өзін-өзі әшкерелеген идеологиядан бас тартып, соның негізінде Қазақстанның социалистік партиясының пайда болғанын жариялады. Бағдарламасында мынадай стратегиялық мақсаттарды қояды: саяси салада шынайы демократияны, құқықтық мемлекетті, биліктің бөлінуін, саяси алуан түрлілікті, ұлттардың тендігін және дінге сенім бостандығын жақтайды, экономика саласында — қатаң қаржы саясатын, салық реформасын, меншікті мемлекет сіздендіру және жекешелендіру, еркін бағаны енгізу, әлеуметтік салада — халықтың, осал жігін — аналар мен балаларды әлеуметтік қорғау, жұмыссыздықты болдырмау. Сонымен қатар бұл партия ТМД елдерінің аясында неғұрлым тығыз интеграция жасауға, ұлттық, шеңберден тыс құрылымдар құруға қарсы еместігін білдіреді. Өздерін коммунистік партияның мирасқорымыз деп санайды.

"Қазақстанның Халық конгресі" партиясы 1991 ж. 5 қазанда өткен құрылтай съезінде құрыды. Өзін центристік либералды-демократиялық партиямын деп санайды. Ол азаматтық, құқықтық қоғам орнатуды қалайды. Қазақстан жағдайына сәйкес келетін мемлекеттік билік тін түрі деп Президенттік республиканы және 2 Палаталық, Парламентті түсінеді. Экономикалық салада әлеуметтік бағытталған мемлекет реттейтін нарықтық экономиканы құруды дұрыс көреді. Біздің мемлекетіміздің экономикалық және мәдени гүлденуінің негізгі шарты азаматтық келісім деп біліп, ұлтаралық. түсінушілікті қамтамасыз етуге басты көңіл бөледі. Ол шығармашылық зиялы қауым мен кәсіпкерлік топтарға бағдар ұстайды.

"Қазақстанның Халық бірлігі" одағы 1993 ж. 6 ақпанында өткен құрылтай конференциясында дүниеге келді. Оған көптеген шенеуніктер кірді. Сондықтан бұл партияны қарсыластары "номенклатуралық партия", "үкімет партиясы" деп атады. Бұл партия Президент Н. Ә. Назарбаевтың көзқарасын жақтайды. Ол өзін әлеуметтік бағдар ұстаған, нарықтық экономикаға сүйенген демократиялық қоғам қалыптастыруды қолдайтын саяси ұйым деп жариялады. Ол көппартиялық жүйе жасауды, әлеуметтік серіктестік пен азаматтық келісімді, саяси және ұлтаралық тұрақтылықты, Қазақстанның әлемде саяси салмағының күшеюін, оның гүлденуін қалайды. 1995 жылдың қаңтарында болған съезінде одақты партия деп атауға шешім қабылданған. 1999 жылы наурыз айында бұл партия "Отан" партиясының құрамына кірді.

Бұдан баска "Қазақстанның Дәуірлеу партиясы", "Халықтық-кооперативтік партия", "Қазақстанның Қайта өркендеу партиясы", "Азаматтық партия", "Қазақстанның Республикалық Халықтық партиясы", "Азамат", "Отан" және т.б. партиялар бар.

Казіргі кездегі негізгі мәселе — республикамызда тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құқықтық мемлекет құру. Оған еліміздегі ешқандай партияның дауы, қарсылығы жоқ, бәрі де мойындайды. Әңгіме тек оны қалай жүзеге асыру керек, ол жолда қандай тәсілдер мен құралдарды пайдаланған жөн: батыл, түбегейлі түрде ме әлде ақырын, бірте-бірте ме немесе тағы басқа ма?

Сонымен катар республикадағы барлық партиялар өздерінің бағдарламаларында демократиялық құндылықтарды жақтайтындығын, нарықтық экономикаға тырысатындығын білдіріп, Қазақстанда азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын қалайды.

Республикадағы партиялардың саны үнемі өсуде. Бірақ көппартиялықтың қалыптасу процесі ақырын және күрделі өтуде. Күрделілігі сол — көптеген партиялардың мүше саны аз, олар саяси процеске шын мәнінде араласпайды, қоғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ. Партиялар арасында әдеттегідей өркениетті қатынастар мен байланыстар әлі орнамаған. Олар халыққа онша таныс емес, көбіне формальды түрде есептеледі. Демократиялық елдерде сайлау барысында көпшілік партиядан немесе саяси партиялар коалициясынан үкімет билігін алуға тырысады. Бізде әлі ешқандай партия сайлау арқылы билікті қолына алу, үкімет апартынын, ісіне бақылау жасау мақсатын қоймайды. Сондықтан Қазақстанда қалыптасқан көппартиялық туралы айту әлі ерте сияқты.

Оның себептері қандай? Ең, алдымен, республикада пікір алуандығының тарихи дәстүрінің болмауы, саяси мәдениеттің төмендігі, құқықтық негіздің шексіздігі. Оның үстіне, кейбір партиялар пікірлестердің бірлестігі ретінде қалыптаспады, "жоғарғы" жақтың ұйғарымымен жасалады. Оларды болашақ сайлауда өз кандидатурасын ұсыну үшін құрады. Сондықтан жергілікті жерде халықтың біразы ондай партиялардың барын да білмейді. Көптеген партиялардың өз мақсат, бағдарламаларын насихаттап, үгіт жүргізерлік мүмкіндіктері аз. Олардың баспалары, радио, теледидарларда каналдары не мерзімді уақыттары жоқ.

Қазақстанда көппартиялықтың бұдан әрі даму бағыты кандай болмақ деген сұрақ тууы мүмкін. Топтық мүдделердің жіктелуіне қарай бағыт-бағдары жақын партиялар бір-біріне жақындай түсуі, жинақталуы, жаңа партиялардың дүниеге келуі, кейбіреуінің саяси сахнадан кетуі мүмкін. Болашақ, партиялар көбіне универсалдық сипат алатындай сынайын бар.

Қазақстанның конституциясы елдегі конституциялық құрылысты күшпен өзгерту, Республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің кауіпсіздігіне зиян келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік ала ауыздық туғызу және заң жүзінде көрсетілген әскери құрылымдарды ұйымдастыруға тыйым салады. Басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіподақтарының, діни негіздегі партиялардың жұмысы, сонымен катар саяси партиялар мен кәсіподақтарды шетел мемлекеттері жеке халықаралық ұйымдарының қаржыландыруына рұқсат етілмейді.

Сонымен қазіргі коғамның өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатардағы орынын бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін құрылады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады.

 

3  Қоғамдық – саяси ұйымдар және қозғалыстар, олардың жұмысы.


Саяси қозғалыс деп емет билігі үшін күрес арқылы казіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады.

Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады:

1) жеке адам өз ойын, көзқарасын екім ет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады;

 2) экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады. Мысалы, Жаңа Өзендегі (1989 ж.) әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда "Бірлік" деген ұйым құрылды, ал Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласында сол уақытта "Парасат" деген ұйым дүниеге келді; 3) ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанда "Азат", "Желтоқсан" партиялары солай туған болатын.

Мәселен, Қазақстанның азаматтық "Азат" қозғалысы қоғамдық — саяси ұйым ретінде 1990 жылдың 1 шілдесінде құрылды. Басты мақсатын "Халықаралық, Одақтық шартпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа қоғамдастық шеңберінде Қазақстанның шынайы мемлекеттік егемендігіне қол жеткізу" деп біледі. Бұл қозғалыс Қазақстанды, қазақ халқын отаршылдық пен тоталитаризм зардаптарынан арылту үшін қажетті заңдардың қабылдануы, олардың дұрыс орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратып, үкіметке осы жөнінде өз ұсыныстарын жасады, "Желтоқсан", "Алаш" партияларымен бірге сепаратистік пиғылдағы ұйымдарға (славяндык, "Лад", "Русская община", казактар бірлестіктері) олардың осы тұрғыдағы іс-әрекеттеріне бірнеше рет тойтарыс беруге белсене кірісті. Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолында алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы, жұмысының бірыңғай бағдарламасы, басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте, оның әділеттілік, бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттың жаңарып өрлеуі, айналадағы ортаны қорғау т.с.с. жалпыхалықтық, адамзаттық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптарды да біріктіруі мүмкін. Көбіне қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.

Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай саяси қозғалыстар консервативтік, реформистік, революциялық және контрреволюциялық болып бөлінеді. Олардың ұстанатын принциптері саяси партиялардағы сияқты. (Олар жентінде біз партиялардың жіктелуінде айтқан болатынбыз, сондықтан қазір тоқталмаймыз). Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады: қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы; үгіт-насихат, әрекет ету сатысы; дамыған жұмыс кезенді; саяси қозғалыстың өшу сатысы.



Қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады)

Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қазіргі заманда ондай ұйымдар мен қозғалыстар өте көп. Ол қоғамның саяси емсіріне катысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандығын білдіреді.

Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпы мемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.

Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді. Оған: партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчестволық) одақтар, әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту, спорттық, қорғаныс және т.б.) жатады. Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді катысып, емсір мектебінен өтеді.

Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Қоғамдық-саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.

2.  Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар.

3.  Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы).

4.  Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық қорғаныс, діни, т.б.).

Кеп шілік ұйымдардың ішінде айрықша көзге түсетіні — кәсіподақтар. Кәсіподақ — бір мамандықтың немесе өндіріс тін бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге тұнғыш аяқ басқан Англияда XVIII ғ. басында пайда болды. Кейінірек олар енер кәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің әкелген аяусыз қанауына төтеп беру үшін жалданушы жұмыскерлер бірігіп, ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғауға мәжбүр болды. Кәсіподақтар олардың енбегі мен тұрмысын жақсарту, жоғын жоқтау жолында өкілі, қорғаны болды. Кәсіподақтар өзіне мүше болса да, болмаса да еңбекшілерден экономикалық жөне әлеуметтік   мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның өмір сүруіне қажет ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі. Кәсіподақтар өз қызметінде жұмысшы табына сүйенген саяси партиялармен тығыз ынтымақтастықта болып, солармен бірлесе жұмыс істеген елдерде ең үлкен рөл атқарады. Кәсіподақтар мен партиялар арасында мұндай келісе қимылдау, әсіресе, Ұлыбритания, Германия, Скандинавия елдеріне тән. Бұл елдерде жұмысшы табынын арасында социал-демократтардың ықпалы жоғары. Олар кәсіподақтарға айтарлықтай идеологиялық және саяси әсер етеді. Кәсіподақтар қамқоршы партияны күшейте түсуге және олардың өкімет басында ұзағырақ болуына мүмкіндік жасауға тырысады. Бұл үшін олар жұмыс берушілермен ымыраға келіп, енбек қарқында тыныштықты сақтауға күш салады. Осының нәтижесінде олар капиталистік жүйемен біршама экономикалық одаққа кіргендей болады. Мұндайларды "жауапты" кәсіпорындар деп атайды.

Сонымен қатар үкіметке қарсы күрес жүргізуші партиялармен сыбайласқан кәсіподақтар да болады. Олар мемлекетін әлеуметтік-экономикалық. саясатына тікелей әсер етпейді. (Мысалы, Италияда). Мемлекет тарапынан олардың күресіне кемек жасшімайды. Сондықтан олар өкіметке қаймықпай қарсы тұрып, өз жақтастарын батыл шараларға шақыруы мүмкін. Мұндайларды "жауапсыз" кәсіподақтар дейді.

Біздің республикамызда кәсіподақтар мемлекеттік және коғамдық істерді шешуге араласады. Еңбекшілердің еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту, олардың материалдық және мәдени дәрежесін арттыруға басты кеңіл беледі. Олар еңбек және демалыс жағдайларын жүйеге келтіретін заңдар мен қаулыларды, ұжымдық шарттарды жасауға тікелей қатысады, әлеуметтік қамсыздандыру ісін басқарады, еңбек сақтау мен техника қауіпсіздігінің ережелері сақталуын қадағалауды іске асырады. Шаруашылық басшыларын тағайындау мен босату мәселелері кәсіподақтармен келісіп шешіледі.

Кәсіподақтар өз міндеттерін үш түрлі жолмен шешеді. Біріншісі — жұмысшылардың экономикалық, әлеуметтік тұрмыс жағдайын түзетуде өкіметтен жекелеген жеңілдіктерге жетуі. Бірақ бұл жолдан үлкен өзгерістер күтуге болмайды.

Екіншісі — үздіксіз ереуілге шығып, өкіметке күшпен қысым жасау. Бірақ бұдан экономикаға нұқсан келеді.

Үшіншісі — кәсіподақтардың өз көзқарасын өкімет тін саясатымен сәйкестендіріп, мемлекет, кәсіпкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, өзара тиімді шешім іздестіру.

Аталған үш жолдың ішінде қазіргі кезде пайдалысы үшінші жол деп жүр. Мұны, әсіресе, өкімет басында социал-демократтар отырған елдерде кеңінен қолданады.

Қоғамдық бірлестіктердің көпшілігі саяси емсірде белсенділік танытқанымен, тікелей саясатқа араласа қоймайды. Шет елдерде солардың ішінде белдісіне қысымшы топтар (группы давления) жатады. Іс жүзінде олар парламент пен үкіметке кеңес беру және оларды арнаулы нормативтік кызмет мәселелері бойынша тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін құрылады. Қысымшы топтар өз аттарынан сайлауға қатынаспайды. Олар мемлекеттік органдарға идеологиялық ықпал жасаудан бастап, сатып алуға дейінгі қысым көрсетудің алуан түрлерін пайдаланады. АҚШ-та бұларды лоббистік ұйымдар, мүдделі топтар деп атайды. Ұлыбританияда оларды парламент агенттері дейді. Олар кебінесе мүдделерінің ортақтығы негізінде және бұл топ пен билік органдарының арасында байланыс болғанда пайда болады.

Қоғамдық қозғалыстардың ішінде кең тарағанының бірі — "Халық майдандары". Оларға жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік таптардың барлығының немесе кепшілігінін мүддесін қамтитын мәселелерді шешуге бағытталған бірлестіктер жатады. Олар жалпы демократиялық принциптердің негізінде кұралады және жұмыс істейді. Онда қатал айқындалған ұйымның түрі мен мүшелігі болмайды. Оның кұрамына қалың бұқара халықтың мүддесін көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар, жастар және т.б. ұйымдар да кіруі мүмкін. Халық майдандарының мынадай түрлері болады:

1. Қоғамда терең батыл өзгерістер кезінде саяси күштер дүниеге келіп, қалыптасады. Сол саяси күштерден пайда болған халық майдандары. Бұған мысал ретінде Африка, Азия елдерінде ұлттық азаттық алу барысында пайда болған халық майдандарын келтіруге болады. Олардан кейін әлеуметтік топтардың бөлшектенуі және саяси партиялардың мақсатының өзгеру барысьшда басқа қозғалыстар шығуы мүмкін.

2.  Өздерінің саяси ықпалы жетіспегенде маңызды мақсатқа жету, саяси билікті алу үшін саяси партиялардың немесе олардың көсемдерінің бастауымен құрылған халық майдандары. Мысалы, оған 80 жылдары КСРО-да пайда болған халық майдандарын жатқызуға болады.

3.  Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшін интернационалдық негізде қалыптасқан халық майдандары. Олар осы ғасырдың 30 жылдарыңда капиталистік елдерде пайда болып, соғыс алдындағы жылдары фашизмге қарсы күресті басқарады. Мысалы, Францияда халық майдандары 1936 жылдың көктемінде парламент сайлауында және оған сүйенген үкімет бұл елде фашизмнің дамуына жол бермеді. 1936—39 жылдары Испанияда халық майдандары бұқара халықты топтастырып, оларды фашизм мен реакцияға қарсы күреске жұмылдырды. Жалпы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында фашизм мен реакцияға қарсы күресте көптеген елдердің халық майдандары асқан зор рөл атқарды. Халық майдандарының ерлігі 1991 жылы тамыз айында Ресейде төңкеріс жасауға тырысқан бүлікшілерден демократияны қорғауда да айқын көрінді. Бейресми бірлестіктер жастардың, студенттердің арасында да кең орын алады. Олар алдына қойған мақсаты мен түрі, іс-әрекеті мен тұрақтылығы, оған катысушылардың жасы мен жынысы жағынан әр алуан.

Олардың ішінде қоғамдық-саяси, экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, спорттық т.б. мәселелермен айналысатындары да бар. Бірақ көбі мәдени-шығармашылық және бос уақыттарын қалай еткізуге арналады. Оған өуесқой ән шығарушылар, орындаушылар клубтары, өнер, театр, кино, би және т.с.с. төңірегіндегі шығармашылык, бірлестіктер, кейбір орындаушылар мен спорт клубының жанкүйерлерінің бірлестігі жатады.

Белгілі жастар қозғалысына "металлисттер", "фанаттар", "панкілер", "хиппилер", "рокерлер", "брейкерлер", "пацифистер" және т.с.с. жатады.

Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады:

1)  экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға жататындар: "Невада-Семей" қозғалысы," Арал — Азия— Қазақстан" халықаралық коғамдық комитеті, "Табиғат" комитеті жөне т.б;

2) ұлт мәселелерін шешуге тырысқан топтар. Оларға: Қазақстанның "Азат" азаматтық қозғалысы, славяндардың республикалық қоғамдық "Лад" қозғалысы, "Русская община", "Единство" қоғамдық бірлестігі, республикадағы қазақтар қозғалысы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс және т.б. мәдениет орталықтары;

3)  тарихи-ағартушылық қоғамдар: "Мемориал", "Әділет", "Ақиқат" және т.с.с;

4)  әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: "Атамекен", "Алтын бесік", "Жерұйық", "Шаңырақ" және т.б.

Бұлардың көбі заман талабына сай пайда болып, ез мақсаттарын орындауына байланысты ем ір сахнасынан кетті, бірталайы іс-әрекеттерін әлі де атқаруда.

Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар. Осылардың бәрі, сайып келгенде, әрқайсысының ез ерекшеліктері болуына қарамастан еңбекшілердің белсенділігін арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек.



 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет