1. ОҚытушы туралы мәліметтер


«Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» – жаңа Қазақстан философиясы



бет43/59
Дата14.03.2024
өлшемі6.76 Mb.
#495467
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59
umkd filo2024

15.«Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» – жаңа Қазақстан философиясы
Дәріс мақсаты: Кеңістік-уақыттық континуумдағы «Мәңгілік Ел» және «Ұлы Дала» категориялары мен қазіргі Қазақстандағы жаңғыру: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырларын ашу.
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын айқындап берді. Шын мәнінде, бұл ұлттық идея біздің халқымыздың сан ғасырлық арманына ғана емес, сондай-ақ Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның дамуының нақты нәтижелеріне негізделетін мемлекетіміздің мемлекеттік идеологиясы.
Бүгінде біздің еліміздің осы даму кезеңінде нақты тұжырымдалған «Ұлттық идея» неге қажет болды деген сұрақтар көптеп қойылуда.
Жаһандану жағдайында полиэтникалық Қазақстанның болашақта бәсекеге қабілетті болуы, 2050 жылға қарай елдің әлемдегі ең дамыған отыз мемлекеттің қатарына кіруі осы ұлттық идеяның қалыптасып, дамуына байланысты. Қазақстанда бұл процесс тәуелсіздік алған сәттен басталды. Кейінгі жылдардың стратегиялық құжаттары Қазақстанның болашақ құрылысы моделінің мүмкін нұсқаларын және мемлекеттік идеология үшін қажетті құндылықтарын қарастырады.
Жаңа саяси жағдайларда 2010 жылы қабылданған «Қазақстанның ұлттық бірлігі доктринасы» маңызды құжат болды. Доктринада ұсынылған ұлттық бірлік қағидалары біздің мемлекетіміздің ұлттық идеясын қалыптастыру негізіне алынды. Бұл қағидалар:
- «Бір ел - бір тағдыр»;
- «Әртүрлі шығу тегі-тең мүмкіндіктер»;
- «Ұлттық рухты дамыту» болып табылады.
Уақыт көрсеткендей, ең ақылға қонымды жол – этникалық күрделі құрылымға қарамастан, елдің барлық азаматтарының мүдделерін біріктіру. Елдің азаматтық қоғам жағдайына көшуі және Қазақстанда бірыңғай халықтың қалыптасуы – ұлттық идеяның өзегіне айналды.
«Ұлы Дала» ұғымына келер болсақ, ол ертеден бар ұғым. Дешті Қыпшақ деген сөз – қыпшақтың даласы деген сөз. «Ұлы Дала ұғымына мынау Алтайдан Қара теңізге дейінгі даланы атайтын болған. Оның негізгі аумағы – біздің қазақтың жері. Біздің даламызда кен де болған, темір де болған, қолөнер де болған, бәрі болған», - деп атап өтті Елбасы. Осы орайда ҚР Президенті мұндай ұғымның көптеген елдерде бар екендігін атап өтіп, жапондар күншығыс еліміз, қытайлықтар аспан асты еліміз, кәрістер таңғы шық еліміз деп санайтындығын мысалға келтірді. «Бізде де сондай ұғыммен теңестіретін болсақ, бізге «Ұлы Дала еліміз» деп айтқан келеді. «Ұлы Дала» мен «Көк аспан» деп те айтуға болар еді. Кең дала - біздің жеріміз.
Дамыған елде руханият бірінші орында тұрады. Ол – барлық адамға азық. Рухани байлығы мол адам ғана шын мәдениеттің дамуына үлес қоса алады. Рухани байлық бар жерде елдің бірлігі де нығая түседі. Мәселен, бәрі санадан басталады.
Өскелең ұрпақты өз өлкесін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Балабақша бағдарламалары да рухани құндылықтарды өз жоспарларына енгізіп, жұмыс істеуде.
Ауыл-аймақтарда экологияны жақсартуға және елді-мекендерді абаттандыруға баса мән беріліп, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіру жұмыстары нақтыланды.
Үлкен қалаларға көшіп кетсе де, туған жеріне қамқорлық жасап жүрген, ауылын көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, музейлер мен мәдениет ошақтарына демеушілік жасап жүрген кәсіпкерлер туралы көріп, естіп жүрміз. Аймақтардағы өнер ошақтарын өз есебінен жөндеуді қолға алып жатқан мәрт азаматтарды баспасөз бетінде насихаттап, үлгі етудің артықтығы жоқ деп ойлаймын.
Рухани байлықтың кемел де қуатты болғаны – жеке азаматтарымыз үшін де, еліміз үшін де маңызды. Бұл мақсат болашақта жүзеге асса, ақыл-ойы толысқан, отбасын, Отанын риясыз сүйетін, рухани бай ұрпақ – өркениет бәсекесіне қабілетті болатыны анық.
Қоғамдық сананы жаңартудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. XXI ғасырда ұлттық сананы қалыптастыру.
«Рухани Жаңғыру» - мазмұны терең, ауқымы кең, ұлт руханиятын ғасырлар биігіне көтеретін өте маңызды бағдарлама. Елбасы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап берді. Жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын атады.
Бүгінгі мақсатымыз – Ұлы Дала елінің бойында белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын отаршылдық, кембағалдық, бойкүйездік комплекстерінен арылту. Мемлекет басшысы қазақтың ежелгі «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» қағидасын мықтап ұстануға шақырды.
«Ұлттық код» және «Ұлттық мәдениет»: осы екі маңызды мәселеге ерекше ден қойды. Халықтан соларды сақтауды талап етті. «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деп нақтылап айтты. Ең бастысы, сананың ашықтығын, яғни әлемдік озық жаңалықтарға, ғылым-білімге құшақты айқара ашу керектігін нақтылады.
Еуразияшылдық және Қазақстан дамуы. Еуразияшылдықтың әлеуметтік-мәдени, идеологиялық, геосаяси негіздері. Жаһандық әлемдегі Қазақстанның өркениеттік идентификациясы.
Қазақ халқының тарихы мен мәдениеті әлем­дік өркениет пен мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде өзіндік табиғи-ландшафттық жағ­дай­ларда – ерте кезден Батыс пен Шығыс мәде­ниеттерін байланыстырып келген Еуразияның орталық территориясындағы Ұлы Дала аума­ғында қалыптасты.
«Еуразия», «еуразиялық кеңістік» термин­дері­нің тек құрлықтың ұғымын ғана білдір­мей­тіні белгілі. «Еуразияшылдықтың» географиялық және семантикалық шеңберлерін анықтар бол­сақ, бұл түсінік ұзына бойы жеті жарым мың ша­қырым болатын Алтай тауынан бастап Карпат тауы­на дейін созылып жатқан Ұлы даланы білді­реді. Ол өзіне үш аймақты енгізеді: Жоғарғы Азия (Алтай тауы, Тува, Моңғолия), Орталық Азия және Шығыс еуропалық жазықтық. Сон­дықтан Еуразия ауқымына ену мен енбеу өзіндік тарихи қисынға сәйкес келетін мүдделерге байланысты. Сонымен қатар ол халықтардың діліндегі сұх­баттық қатынастарға бейімділікке де көп байланысты құбылыс болып табылады.
Еуразия – бұл тек географиялық ұғым емес, ол мәдени-өркениеттік бірегейлікке деген ұм­тылысты да білдіреді. Еуразиялық кеңістікті баяғыдан осы жердің табиғи ландшафтына бейім­деліп, шаруашылықтарын жүргізген халықтар – түркілер, моңғолдар, финугорлар және славяндар мекендеді.
Еуразияның тұтастығы, оның мәдени-тарихи бірлігі туралы айт­қан­да, бұл мәдени-өрке­ниеттік типтің көшпенділік тамыры тура­лы міндетті түрде сөз қозғалуы керек. Оның үстіне «Ұлы даланың көшпенділері адамзат­тың тарихы мен мәдениетінде еуропалықтар мен қытай­лар­дан, мысырлықтардан, ацтектер мен инктерден бір де кем емес рөл ойнады. Тек олардың бұл рөлі, басқа да әрбір этнос­тың немесе, суперэтностың рөлі сияқты, ерек­ше, төлтума болды және ұзақ уақыт бойы оның құпиясы танылмай келді» (Л.Н.Гумилев. «Еуразия ырғақтары»).
Көшпенділік қазақ халқының этномәде­ние­тінің де негізін құрайды және күні кешеге дейін, өткен ғасырдың отызыншы жылдарын­дағы жаппай ұжым­дастыруға дейін қазақ­тар осы өмір сүру тәртібі мен мал шаруашылығы дәс­түрін берік ұстанып келді. Бұл тұрғыдан алғанда, қа­зақтар – ұлы көшпелі өр­кениеттің заңды мұрагер­лері екені сөзсіз және еуразия­шылдық идеяның қа­зақстандық қоғамда ке­ңі­­нен сөз болуы да осы тамырға байланыс­ты.
Еуразиялық идеяны практи­ка­лық түрде іске асыру барысында Еур­азиялық экономика­лық қоғам­дас­тық, Еуразиялық даму банкі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет, Еуразия уни­вер­ситеттерінің ассоциациясы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ортаазиялық одақ, Тәуелсіз Мем­ле­кеттер Достастығы, Кеден одағы сияқты жаңа құрылымдар өмірге келіп, өздерінің өміршең­дігін бар­шаға көрсетіп отыр. Болашақта еуразиялық аймақтың, еуразиялық аймақтық интеграцияның, еуразия­лық идеяның рөлі арта түспек. Әсіресе, қазіргі ұзаққа созылатын әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс­тан еліміз жүйелі түрде жа­ңарып барып, орнықты даму жо­лына түсуі үшін біздерге әлеуметтік тұрақтылық, халықтардың бірлігі ауадай қажет. Еуразия аймағындағы елдер арасындағы экономикалық интеграцияны өрістету арқылы ғана өзіміздің ұлттық тәуел­сіздігімізді одан әрі нығайтып, дағдарысты те­зірек еңсере түсеміз. Дағдарыс дамудың бір сәті. Сондықтан оны жеңе білу, алға қарай ұмтылу негізгі парызымыз.
Бүгінгі күнгі жаһандану зама­нында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан Шы­ғыс пен Батыстың жақын­дасуы Еуразия құрлығы мемлекеттерінің дүниеге деген қатынасы мен инте­гра­циясы іспетті аса тарихи қажет­тілікке айналуда. Жа­һандану зама­нында адам мен табиғат, техника мен адамгершілік, ислам мен хрис­тиандық, ұлттық пен жалпы­адам­заттық құндылықтар арасындағы теңсіздік аса зор әлемдік күй­реуге, барлық адамзаттың жойылуына апарып соқтыруы ықтимал. Еур­азияшылдықты дүниеге айрықша қатынас түріндегі мәдени-фило­со­фиялық доктрина ретінде жүзеге асыру осы теңсіздікті жоюдың бас­ты жолы, адам тіршілігінің әр түрлі тараптарын үйлестірудің бірден-бір тәсілі болар еді. ХХІ ғасырда еуразиялық идеяның кең де терең мәнге ие болуы да сондықтан. Ен­де­ше Еуразиялық идея Еуразия құрлығындағы мемлекеттер ара­сындағы күрделі қайшылықтарды шешудің бірден-бір үйлесімді фор­масы, сонымен қатар көп деңгейлі интеграциялық үдерістердің қайнар көзі, ендеше, аймақтық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етудің бірден-бір құралы болып табылады.
Аймақтық еуразиялық интегра­ция, Еур­азия кеңістігіндегі мемле­кет­тердің өзара интеграциялық қауым­дастығы олардың әрқайсы­сы­ның ұлттық егеменділігі мен тәуел­сіздігін, тұрақтылығы мен қауіп­сіздігін одан әрі қамтамасыз ету үшін өте қажет. Прези­дент Н.Ә.Назарбаев ұсынған еур­азиялық идея мен әлемдік дағда­рыс­тан шығудың көрсеткен қазақ­стандық жолы арасында тығыз байланыс бар. Сондықтан еуразия­шыл­дық­тың, еуразиялық эконо­ми­калық интегра­ция­ның болашағы өте зор. ХХІ ғасыр – оны Еуразия кеңістігіндегі халықтардың көп­ші­лігі мойындап, болашақта еур­азиялық идея үлкен материалдық күшке айналып, Еуразияда, бүкіл дүние жүзінде өзара түсіністік пен ру­хани келісім салтанат құрған ғасыры болмақ.
«Мәңгілік ел» идеясы. «Рухани жаңғыру» жобасы – ХХІ ғ Қазақстан дамуы болашағын айқындайтын маңызды құжат.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


1. «Мәңгілік Ел» және «Ұлы Дала» категорияларының мәні?


2. Қазіргі Қазақстандағы жаңғырудың әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырларының бүгінгі жағдайын сипатттаңыз?
3. «Рухани жаңғыру» ұғымының философиялық мәні неде?
4. «Ұлттық сана» үғымының мәні неде?
5. Жаһандық әлемдегі Қазақстанның өркениеттік жағдайы туралы айта аласыз ба?
6.«Рухани жаңғыру» жобасының нәтижелерінің бірі – «Санасы ашық» жастарды тәрбиелеу деген тұжырымды қалай түсінесіз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет