1 Қоршаған ортада химиялық процестерді зерттейтін біп қатар ғылыми пәндер кешені қазіргі заманда қалыптасқан. Оларды «Қоршаған орта химиясы» жалпы тақырыбымен біріктіреді. ҚО


Топырақты тұздану мен батпақтанудан қорғау



бет36/57
Дата19.01.2022
өлшемі269.24 Kb.
#454685
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57
ЭКОЛ.ХИМИЯ КАЗ УМК

Топырақты тұздану мен батпақтанудан қорғау. Топырақтың тұздануына себеп болатын факторлар түрлiше. Олардың бiрi - құрғаған теңiздерден пайда болған тұздың жел арқылы таралуы. Суда ерiген тұздар атмосфералық жауын-шашын арқылы да таралады. Галофит-өсiмдiктер тұзды ортаға жақсы бейiмделiп, топырақтан тұзды сiңiруге қабiлеттi, соның нəтижесiнде топырақтың жоғары қабаттарының одан əрi тұздануына себеп болады. Галофиттер тiршiлiгiн тоқтатқан соң жəне олардың жапырақтары түсiп, олар минералданып, суда еритiн тұздардың мөлшерi көбейiп, топырақтың одан сайын тұздануына мүмкiншiлiк жасайды. Галофит — өсiмдiктердiң əсерiнен суда еритiн тұздардың топырақта жинақталуы 1 га жерде 500 кг дейiн жететiн жағдайлар байқалған. Көбiнесе топырақтың тұздануы грунт суларының құрамында болатын тұздар есебiнен жүретiндiгi жиi байқалады. Егер олар тереңде болмаса, капилляр арқылы булану нəтижесiнде топырақтың жоғарғы қабатында тұздар жинақталады. Климат неғүрлым құрғақ жəне топырақтың механикалық құрамы ауыр болса, соғұрлым бұл процесс қарқынды жүредi. Екiншi реттiк тұзданудың алдын алу шараларының бiрi тереңдiгi 1-1,8 м етiп террриторияда дренаждар жасау. Сол сияқты жаңбырлатып суғару ирригациялық эрозияға қарсы күрес шараларының бiрi. Тұзды топырақтарды натрийдiң тұздарын

гипстеу арқылы тазартады. Суарудың жетiлдiрiлген технологияларын қолданумен қатар, жер асты суларының деңгейiнiң көтерiлуiне байланысты грунт суларын сорып алу арқылы жəне топырақты шаю арқылы да тұзданумен күресуге болады. Бiрақ бұл кезде де мiндеттi түрде грунт суларын алып кету керек. Кейбiр жағдайда химиялық əдiс те жақсы нəтиже бередi. Мысалы, топырақ  бетiнде жиналған зиянды тұздарды нейтралдау үшiн гипстеу жүргiзiледi. Бiрақ бұл əдiс қымбат жəне қоршаған ортаның тазалығы үшiн тиiмсiздеу. Жер ресурстарына үлкен зиян келтiретiн үшiншi бiр фактор — жердiң азуы. Оның орын алу себептерi — өнiммен бiрге қоректiк заттардың топырақтан əкетiлуi. Гумустың жойылуы, су режимiнiң жəне басқа да қасиеттерiнiң топырақтың азуының нəтижесiнде, құнарлылығы жойылып, шөлге айналады.Өнiммен бiрге əкетiлетiн қоректiк заттарды топыраққа қайтарудың ең тиiмдi əдiсi органикалық тыңайтқыштарды (көң, компост, жəне т.б.) қолдану, шөп себу, пар жүйесi арқылы топырақты тынықтыру. Топырақтың азуы ең алдымен органикалық заттардың, оның iшiнде негiзгiсi қарашiрiктiң кемуiмен байланысты.                                Топырақ құнарлылығының жойылуы топырақты интенсивтi өңдеуге, ауыр ауылшаруашылық техникаларды қолдану нəтижесiнде топырақтың тығыздануы, ластануға, ең алдымен қышқыл жаңбырлар мен минералдық тыңайтқыштарды тиiмсiз пайдалануға байланысты туындап отыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет