1. Патологиялық физиология туралы түсінік, оның маңызы. Патофизиология



бет5/44
Дата17.09.2023
өлшемі111.86 Kb.
#477777
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
1. Патологиялы физиология туралы т сінік, оны ма ызы. Патофизи

Асқын қызыну (гипертермия) екі сатыда өтеді. Бірінші теңгерілген сатысында дене қызымы қалыпты деңгейде ұсталып тұрады. Жоғары екінші теңгерілмеген сатысы дамиды, дене қызымы қалыптыдан көтеріліп температура организмге ары қарай әсер ете беруінен асқын Қызынудың кетеді. Бұл кезде организмде зат алмасуларының қарқыны артады, тыныс алу және қан тамырларының қимылдық орталықтарының, орта лық жүйке жүйесінің қатты қозуы байқалады. Артынан олардың қалжырауынан тыныс алудың, жүрек қызметінің бұзылыстары, артериялық қан қысымының төмендеуі болады, организмде гипоксия дамиды. Асқын қызыну кезінде тердің көп бөлінуі организмнің сусыздануына, сумен бірге хлоридтердің т.б. электролиттердің сыртқа көптеп шығарылуына әкеледі. Бұл кезде қанның қоюлануы оның тұтқырлығын жоғарылатып, журек қызметін қиындатады, қанайналым жеткіліксіздігі дамиды. Осыдан организмде оттегінің үдемелі жетіспеушілігінен адамның жан тапсыруы болады. Дене қызымы тез көтерілуіне әкелетін қауырт қызынуды ыстық соғуы дейді.

8.Организмге төмен температураның әсері.


Суық температура адам денесінің жалпы мүздауына немесе дене мүшелерінің үсуіне әкеледі. Суық температураның организмге өсері оньщ ылғалдығынан, түрінен (суық ауа, суық су), мөлшерінен, ауада желдің болу-болмауынан, адамның үстіндегі киімінен, тері астындағы шелмайының қалындығынан т. б. көптеген жағдайлардан байланысты. Дененің мұздауы — дене кызымының төмендеуіне (гипотермияға) өкелетін организмдегі жылу реттелуінің бүзылуы. Бүл кезде дене қызымының төмендеуі (гипотермия): • жылудың сыртқа шығарылуы көбейіп кетуден; • жылудың өңдірілуі азайып кетуден; • жылу өндірілу мен оның сыртқа шығарылуының біріккен бұзылыстарынан болуы мүмкін. Адамда гипотермия жылудың организмде қалыпты мөлшерде өндірілуіне қарамай оның сыртқа артық шығарылып кетуінен дамиды. Сондықтан суық температура эсер еткенде терінің қан тамырларының жиырылуы болады, тер бөліну тоқтайды, тыныс алу сирейді. Осы жолдармен жылудьгң организмнен сыртка шығарылуы азаяды. Ары қарай суық температураның өсеріне жауап ретіңде бүлшықеттердің қалтырауы, бауыр мен бұлшықеттерде гликогеннің ыдырауы, қанда глюкозаның көбеюі, тіндермен оттегін пайдаланудың артуы, зат алмасуының күшеюі болады. Осыдан организмде жылу өндірілу артады. Осылай суық температураның өсеріне организм жылуды сыртқа шығаруды азайтып, оның денеде өндірілуін артгырып, дене қызымын қалыпты деңгейде ұстап түрады. Бұл сатыны теңгерілген саты дейді. Суық температура ары қарай эсер ете берсе, онда организмнің икемделу-теңгеру мүмкіншіліктері азайып, гипотермияньщ теңгерілмеген сатысы дамиды. Бүл кезде дене қызымы төмендейді, бұлшыкеттердің қалтырауы болмайды, зат алмасуларының қарқыны азаяды, терінің қан тамырлары кеңіп кетеді. Қан тамырларының қимылдық орталығы тежеліп, жүрек соғуы, тыныс алу сирейді, артериалық қан қысымы төмендейді. Терең гипотермия кезінде орталык жүйке жүйесінің тежелуінен адам терең үйқыға батады, біртіндеп тыныс орталыгы мен қан тамырларының қимылдық орталығы әлсіреуінен адам жан тәсілімін тапсырады. Сонымен бірге, шамалы гипотермия ішкі ағзалар мен тіндерде зат алмасу қарқынын төмендетіп, оттегінің жетіспеушілігіне олардың төзімділігін көтереді. Бұл кезде организмнің түрақтылығы уыттарға, жүқпаларға, механикалық жарақатгарға, электр соққыға т. б. қолайсыз ықпалдарға жоғарылайды. Сондыктан дене қызымын жасанды түрде төмеңдету (гибернация) организмнің оттегіге мүқтаждығын азайту үшін, мидың ишемияға төзімділігін арттыру үшін клиникалык, медицинада кеңінен қодданылады. Суық температураның жергілікті әсері дене мүшелерінің үсуімен көрінеді. Үсудің бірінші дәрежесінде үсіген мүіиенін қызаруы, екінші дэрежесінде күлдіреуі, үшінші дәрежесінде өлепенуі болады Бүлай ажырату шартты түрде ғана дүрыс. Бірінші дәрежесі ары карай суық температураның әсері тоқгағанына қарамай екінші, үшінші дөрежелеріне ауыса беруі мүмкін. Үсудің даму патогенезі тіндердегі нөруыздардың өзгерістерімен, қылтамырларда қан ағымы мен оның реологиялық қасиеттерінің бұзылыстарымен түсіндіріледі
9.Аурудың химиялық себептері. Экзо-, эндогендік улану.
Барлық ауру туындататын себепкер ыкдалдар сырттан эсер ететін, экзогендік және организмнің өзінде болатын немесе эндогендік болып екідрдка бөлінеді. Экзогендік себепкер ыкпалдарға: • физикальщ (ыстьпс, немесе суық температуралар, иондағыш сөулелер, электр соққы, электромагнитгік толқындар, барометрлік қысым т.б.) ықпалдар; • механикалық (жарақат, жаншылу, созылу т.с.с) ыкдалдар; • химиялық (улы химиялык заттар мен газдар, ауыр метаддар, гербицидтер мен пестицидтер т.б.) ықпалдар; • биологиялық (микроорганизмдер, вирустар, қарапайым жөндіктер, қүрттар т.с.с.) ыкдалдар; • әлеуметтік (психогендік, ятрогендік) ықпалдар жатады. Адам үшін сөздің маңызы үлкен. Эндогендік себепкер мклалдарға: • организмнің тектік ерекшеліюгері; • оның қоздырғыштарға жауап қайтару қабілеті (реактивтілігі) мен дене бітімшің айырмашылықтары; • жүйкелік және эндокриндік ретгелулерінің бұзылыстар • иммундық жүйесінің өзгерістері; • зат алмасу үрдістерінің бастапқы бүзылыстары т.б. жатады.
Аурулар химиялық заттардың әсерінен пайда болуы мүмкін. Мұндай аурулар улану деп аталады, ал улануды тудыратын заттар улар деп аталады. Экзогендік улар бар (сырттан организмге енеді) және эндогендік (дененің өзінде пайда болады). Экзогендік улар бейорганикалық (қышқылдар, сілтілер, қорғасын тұздары, сынап, мышьяк) және органикалық (алкоголь, эфир, хлороформ, цианид қосылыстары) болып бөлінеді. Өз кезегінде органикалық улар өсімдік тектес уларға (алкалоидтар, глюкозидтер) және жануарларға (жыланның уы) бөлінеді. Уларды олардың басым әсеріне байланысты жеке мүшелер мен жүйелерге жіктеуге болады (қан улары — бертолет тұзы, көміртегі тотығы; бауыр улары — флоридзин; жүйке улары — мышьяк, стрихнин және т.б.).
Білім беру механизміне сәйкес экзогендік улардың келесі топтары бөлінеді:
1. Улар организмге дайын күйінде келеді (қышқылдар, сілтілер, мышьяк,).
2. Азық-түлікпен ағзаға енетін улар (саңырауқұлақ уы).
3. Бактериялық өнімдер (бактериялардың, вирустардың, құрттардың токсиндері).
Эндогендік улар 3 топқа бөлінеді:
1. Секреторлық және экскреторлық улар.
2. Тіндердің аутолизі (өзін-өзі қорыту) өнімдері.
3. Энергетикалық деградация өнімдері-әртүрлі энергия түрлерінің әсерінен пайда болатын заттар.
Улар тікелей және рефлекторлық әсер бере алады. Тікелей әсер жергілікті және резорбтивті болуы мүмкін, яғни әсер қанға сіңгеннен кейін пайда болады. Рефлекторлық әсер удың ағзаға түсетін жерінде де, оны қанға сіңіргеннен кейін де сезімтал жүйке ұштарының тітіркенуі нәтижесінде пайда болады.

10.Патогенез туралы түсінік


Патогенез (гр. pathos — бүліну, ауру, genesis — даму) аурудын даму жолдарынын жалпы зандылыктарын, онын өтуі мен салдарларын зертгейтін ілім. Ол аурудың этиологиясымен өте тығыз байланысты. Бүл кезде дене мүшелерінің кез-келген бөлшектерінде организмнід себепкер ықпалмен өзара әсерлері нәтижесінде алғашқы бүліністер пайда болады. Қандай да болмасын дерттің негізінде белгілі қүрылымдық өзгерістер жатады. Бұл бүліністерге организм жағынан жауап ретінде қорғану-икемделу үрдістері дамиды. Аурудың даму кезіндё бүліну және калпына келу үрдістері тығыз байланыста жөне өзара эсер етуде болады. Себепкер ықпалдың қарқыны тым қатгы болғанда немесе олар ұзақ мерзімде эсер еткенде организмнің қорғану-икемделу жолдары жегкіліксіз болады. Қоргану-икемделу жолдары ауруға организмді азды-көпті бейімдеп түрғанда аурудың теңгерілген сатысы болса, кейін олардың жеткіліксіздігі кезінде аурудың теңгерілмеген (декомпенсациялык) сатысы дамиды. Патогенездін негізгі және ен жалпы зандылыгы — өзін-өзі дамыту, өзінөзі ретгеу зацдылыты болып табылады. Демек, дерт бір кезде пайда больш, содан ары қарай тізбектеліп отетінін көрсетеді. Мөселен, басталған сыздауық немесе уеріскен барлық сатыларынан отпей аяқталмайды. Ауру ұдайы дамып, өзгеріп, қүбылып түратьш динамикалық үрдіс. Осыған байланысты аурудың әрбір даму сатыларына сәйкес “себеп-салдарлық” арақатынастар пайда болады. Мөселен, дененің жарақатгануы бүлінген тіндердің сезімтал рецепторларын қоздырып, ауыру сезімтатзыгьша әкеледі. Ауыру сезімі орталық жүйке жүйесінде қантамырларының қимылдық орталығын өлсіретеді, содан артериалық кан қысымы төмендейді. Артериалық қан қысымы төмендеуі қанмен отгегінің тасымалдануы бұзылуына, тіндерде оттегінің жеткіліксіздігіне (пшоксияға) әкеледі. Ары қарай гипоксия зат алмасу үрдістерінің бұзылуына, қышқьілдық-сілтілік үйлесімдітіктің метаболизмдік ацидоз жағьша ыкысуына т. с. с. өзгерістерге өкеледі. Бүл көрсетшгендер жарақаттану дертінің патогенезіне жатады. Мүнда алғашқы бірінші себепкер ықпал болып жарақатгану есептеледі, оның ты патогенез 68 салдары ауыру сезімі. Артынан ауыру сезімі қан айналымының бүзылыстарына себепкер ықпал болады. Қан айналым бұзылыстары гипоксия дамуына өкеледі. Осылай жаракаттық ауру дами береді. Сонымен, бірінші себеп, белгиті бір салдарға өкеліп, екінші реттегі себептің пайда болуына, екінші себеп үшінші ретгегі себептің дамуына өкеліп, дерт ары қарай тізбектеліп өтеді. Аурудың дамуындағы осындай арақатынастарды себеп-салдарлык аракатынастар дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет