1. Психиатрияның мәні мен міндеттері. Клиникалық психиатрияны дамытудың негізгі кезеңдері


Токсикомания. Тәуелділікті тудыратын химиялық заттар мен дәрі-дәрмектер . Алдын-алу және терапия әдістері



бет34/44
Дата12.12.2023
өлшемі229.11 Kb.
#486212
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44
Психиатрия жауаптары (копия)

32. Токсикомания. Тәуелділікті тудыратын химиялық заттар мен дәрі-дәрмектер . Алдын-алу және терапия әдістері.
. Токсикоманиялар – наркотикалық заттар тізіміне енгізілмеген дәрілік немесе басқа заттарды шектен тыс қолдануға байланысты туындайтын аурулар. Бірақ мұндай заттарды шектен тыс қолдану ауқымды мөлшерге жетсе, бұл дәрілер немесе заттар наркотиктер тізіміне енгізіледі және оның нәтижесінде дамыған ауру наркомания ретінде квалификацияланады.
20 ғасырдың басынан бастап опий препараттарын шектен тыс қолдану тарала бастады, ол кезде оны қолдану едәуір шектеулі сипатта еді. Кейіннен кокаинизм тарала бастады. БҰҰ өз қызметінің алғашқы жылдарында наркотиктер класын анықтады және олардың өндірілуіне және таралуына халықаралық бақылау енгізді. БҰҰ әрбір препаратты патологиялық әдеттену шақыру мүмкіндігіне қарай бағалауға ұсыныс жасады. Қазіргі уақытта ондаған заттар наркотикалық тәуелділік шақыра алады.
Токсикомания - наркотикалық заттар тізіміне кірмейтін заттарды немесе дәрілік препараттарды шектен тыс қолдану нәтижесінде туындайтын ауру.
Токсикомания шақыратын заттардың ішінде психотропты препараттар (антидепрессанттар, транквилизаторлар, антипаркинсондық) үлкен орын алады.
Транквилизаторларды ұзақ уақыт қабылдау нәтижесінде толеранттылық өседі, препаратты қолдануды тоқтатқанда абстененция құбылысы, қол треморы, тершеңдік, ұйқысыздық, қорқыныш сезімі пайда болады.
Экстрапирамидалық жүйе зақымдануында қолданатын антипаркинсондық препараттар эйфориялық, мастандырушы және галлюциногенді әсер тудырады. Бұндай әсер препараттың терапиялық дозасын бірнеше ретке артық қолданғанда болады.
Жедел уланудың 4 сатысын ажыратады: эйфория, өзгерген, жиі тарылған сана жағдайы, галлюцинаторлық және осы күйден шығу. Эйфория сатысы 30-40 минутқа созылады, соңынан сылбырлық, тежелу дамиды, кейде «салмақсыздық» сезімі, дереализация, уақыт пен қоршаған ортаға байланысты бағдарлау бұзылысы болады. Кейде науқастардың айтуынша «мультиктер» деп аталатын көру галлюцинациялары пайда болады. Токсикомандар кейде осы әсері үшін антипаркинсондық дәрілерді қолданады. Созылмалы улану жағдайында психоорганикалық синдром белгілері және психопатия тәрізді жүріс-тұрыс байқалады.
Ұйықтататын дәрілерді шектен тыс қолдандану да токсикомания шақырады (барбамил, нембутал, ноксироннан басқалары).
Ұйықтататын дәрілермен жедел улану жағдайы идеаторлы үрдістердің тежелуімен, әлсіздік күйімен есеңгіреудің жеңіл дәрежесімен көрінеді. Сөзі дизартриялы, қозғалыс координациясы бұзылған.
Ұйықтататын препараттарды кейде наркомандар наркотикалық заттармен бірлестіріп қолданылады.

Созылмалы уланудың клиникалық көрінісі психоорганикалық синдром белгілерімен көрінеді: тітіркенгіштік, мнестико-интеллектуальды төмендеу, тежелу.


Қазіргі кезде жасөспірімдердің арасында кең тараған ұшқыш еріткіштерді қолдану нәтижесіндегі токсикоманиялар болып тұр. Ұшқыш еріткіштермен тыныс алу (тұрмыстық химиялық заттар) иллюзорлы және галлюциноторлы бұзылыстармен бірге жүретін эйфория жағдайына алып келеді. Улану тереңдеген сайын есеңгіреу жағдайы орын алады. Уланудан кейінгі кезең айқын астениямен және бас ауыруымен жүреді. Ұшқыш еріткіштерді қолдану психопатия тәрізді жүріс-тұрыспен органикалық синдромның жылдам түзілуіне, психикалық дамудың күрт артта қалуына алып келеді.
Нашақорлық жағдайында нашақорлықтың алдын алу, ең алдымен, қажет болған жағдайда тәжірибелі психотерапевт немесе психологты тарта отырып, нашақормен қарым-қатынас орнатудан тұрады. Егер сіз өзіңіздің жақын адамыңыздың оны тәуелділікті (есірткі, алкоголь немесе улы) дамытуға итермелеуі мүмкін белгілі бір проблемаларды бастан өткеріп жатқанына күдіктенсеңіз, оған психологиялық қолдау көрсету қажет. Нашақорлықтан емделуден өткен пациенттер үшін нашақорлықтың алдын алу дәрілік терапияны, қолдаушы психотерапияны және тұрғылықты жері бойынша Анонимді есірткі топтарында жұмыс істеуді қамтиды. Бұл рецидивтердің алдын алуға және науқастың психологиялық жағдайын қолдауға бағытталған ұзақ мерзімді жұмыс. Нашақорлық диагнозы қойылған кезде, тәуелділіктің алдын алу өте ұзақ уақыт алуы мүмкін, өйткені психоактивті заттарды пайдалануға қайта оралу қаупі әрқашан сақталады. IsraClinic дәрігерлері мен мамандары әрқашан кез келген тәуелділікті емдеуде ұзақ мерзімді ремиссияға қол жеткізу үшін барын салады, бірақ жеке факторды ешқашан жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан емдеу курсын аяқтағаннан кейін емханамен байланыста болу және жедел әрекет ету және қайталануларды болдырмау үшін психологиялық жағдайдағы кез келген өзгерістер туралы хабарлау өте маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет