Оқу жұмыс жоспары
Бөлім (отделение) Күндізгі
Курс
Топ (группа)
Уақыты (дата)
Пән (предмет/дисциплина) Ежелгі дәуір әдебиеті
Оқытушының аты-жөні (ФИО преподавателя) Иманбеков Қайрат Берікболұлы
1. Сабақтың тақырыбы (тема занятия): «Қорқыт ата кітабы». Ақиқат пен аңыз
2. Сабақтың түрі және типі (тип и вид занятия) Дәріс сабақ
3. Сабақтың мақсаты (цель занятия):
а) Білімдік міндет (обучающая задача): «Қорқыт ата кітабы». Ақиқат пен аңыз туралы толық мәлімет бере отырып, мысалдар арқылы тақырыпты ашу.
б) Тәрбиелік міндет (воспитывающая задача) Өз пікірін қорғайды, өзгенің пікіріне құрметпен қарайды. Оқушылар адалдыққа, еңбексүйгіштікке, тарихын, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.
в) Дамытушылық міндет (развивающая задача): Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.
4. Күтілетін нәтиже (ожидаемые результаты):
а) Оқушылар түсінуі тиіс (учащиеся должны понимать) Жаңа тақырыптың негізін түсіну
б) Оқушылар білуі тиіс (учащиеся должны знать) «Қорқыт ата кітабы». Ақиқат пен аңызды түсіну.
в) Оқушылар жасай білуі тиіс (учащиеся должны уметь) «Қорқыт ата кітабы». Ақиқат пен аңыз туралы жалпы түсінік бойынша ой қорытынды жасай білу дағдысының болуы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шежіресінде” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады.
Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Ә.Марғұланның еңбектерінде ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, [[|Абыз (адам)|абыз]]. Екіншіден –күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты. Қорқыт - түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыршылық өнерлерінің атасы болып табылады.
Қорқыт Ата кітабы (“Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан”) – қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақдәуірінің жазба мұрасы. ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған. 19 ғасырда бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен академик В.В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма “Деде Горгуд” (Баку, 1950), “Книга моего деда Коркута” (М.–Л., 1962) деген атпен жарық көрді. Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 жылы тұңғыш рет басылды. Әдеби әрі тарихи этникалық мұра ретіндегі ‘’Қорқыт Ата кітабында” қазақ эпосына тән көркемдік кестелермен қатар қазақ тарихымен мәдениетіне қосатын деректер де мол. Сондай-ақ жазбада оғыз тайпаларының этникалық тегі, этнографиясы, мекені, әлеуметтік жағдайы, т.б. мәліметтер көп сақталған. Осы деректерден оғыздардың бірде Сыр бойындағықыпшақтармен, бірде Кавказ шегіндегі гәуірлермен жауласқаны көрінеді. Жырдағы ерлік сарындары аса елеулі. Қара Бодақ бірде қыпшақ ханына қан құстырған қара күш иесі (3-жыр), енді бірде Хамид, Мардин қамалдарын қиратқан батыр. Қазан – оғыз елінің көсемі. Кітап кейіпкерлеріне Бәмсі-Бейрек, Қара Көне, Қара Бодақ, Қан Төрәлі, Қазан-Салор, Құлбаш, Оқшы, Ораз, сондай-ақ Аруз, Әмен, Әмран Бекіұлы, Бисат, Дүлек Боран, Дондаз, Қиян Селжүк, Қаңлы, Қанық хан, Рүстемдер жатады. “ Қорқыт Ата кітабы” оғыз тайпаларының қонысына қатысты Тана (Танаис –Сырдария), Бану Шешек (Баршын-салор-Гүлбаршын, Баршындария, Баршынкент), Камбура (Байбөрі) секілді атаулар да сақталған. Олар қазақ эпосынан да елеулі орын алған. Жырдың бас кейіпкері – Қорқыт. Ол оғыз елінің ақылшысы, данасы, үлкен жырауы. Оның есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ, тарихи-этникалық атауы да айқын. Бір кездері Қорқыт жинақталған фольклорлық бейне деп ұғынылса, бертін келе оны тарихи тұлға ретінде тани бастады (қазіргі Қорқыт ата). “Қорқыт Ата кітабы’’ Қазақстанда М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев,Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов, М.Жолдасбеков, Ш.Ыбыраев, Т.Қоңыратбай, т.б. еңбектерінде зерттелді. Кітаптың 1300 жылдығы 1999 жылы ЮНЕСКО тарапынан халықар. деңгейде атап өтілді, “Қорқыт ата” энциклопедия жинағы жарыққа шықты (1999).
Қорқыт ата түркі халықтарының бәріне ортақ ұлы ойшыл-кемеңгер, жырау, күйші, қобызшы.Ол туралы деректер 3 түрлі жолмен жеткен:
1.Ел аузындағы аңыздан.
2.Тарихи шежірелерден.
3.«Қорқыт ата кітабынан».
«Қорқыт ата кітабы»- түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық әрі тарихи мұра.Қорқыт ата хикаясы-VII-VIII ғасырларда Сырдария бойын мекен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби, тарихи, этнографиялық т.б. мәнін жоймаған, аса құнды көркем туынды.
Мазмұны жағынан сан қилы болып келетін аңыздардың бірінде де Қорқыт ата ажалдан қашып, мәңгі өлмейтін өмір ізейді. Сол үшін өзінің желмаясына мініп алып, дүниенің төрт бұрышын түгел аралайды. Ол қайда барса да алдынан көр, яғни мола қазып жатқан адамдар шыға береді. Олардан: «Бұл кімнің көрі?» -деп сұрайды. Бәрі де бірауыздан: « Қорқыттың көрі»-деп жауап береді. Қазақтың қиындық көрген кездегі сәттерде « Қайда барсаң да Қорқыттың көрі»-деп айтатыны осыдан қалса керек. Қорқыттың өлімге қарсы болған идеясы қазақтың бірнеше жазуында суреттеліп отырады. Ол әсіресе «Қорқыт пен ажал» деген халық аңызын суреттейтін поэмада толық айтылған. Ол былай басталады:
Қорқыт қашып ажалдан,
Аңыратты қобызын.
Қобызында көп арман-
Тоқсан толғау әдемі үн.
Желмаясын желдіртіп,
Ілгері басып келеді.
Тасы құлап жартастың
Жаңғыртты даланы.
Құйын боп та ұйытқыды,
Ну орманды шулатып,
Дауыл боп та жүйткиді.
Көл-өзенді тулатып,
Қас қаққанша кенеттен
Баурап бәрін биледі,
Боздағандай беубеулеп,
Жас төгеді күй легі.
Қорқыт ата мұрасын жан-жақты зерттеу ісі соңғы жылдары мықтап қолға алына бастады. Бұл сөзімізге дәлел: 1999 жылы « Қорқыт ата» деп аталатын энциклопедиялық жинақ жарық көрді. « Қорқыт ата кітабының» екі қолжазба нұсқасы сақталған. Солардың бірі-қазір Германиядағы Дрезден қалалық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы тұр. Екінші нұсқасы Византиядағы Аростолика кітапханасында сақталып келеді. Бұл қолжазба алты жырдан құралған.
«Қорқыт ата кітабының» Дрезден қаласында сақталған толық нұсқасын зерттеу, Еуропа тілдеріне аудару ісі ХІХ ғасырдың бірінші жартысын бастаға еді. 1815 жылы немістің белгілі ориенталист ғалымы Г.Ф.Диц бұл шығарманың бір тарауын- сегізінші хикаясын неміс тіліне аударып, баспасөзде жариялады. Екінші неміс ғалымы Теодор Нельдеке « Қорқыт ата кітабын» неміс тіліне толық аударып шықпақ болды. Бірақ ол аяғына жеткізе алмады. Еңбекті өз шәкірті В.В.Бартольдке тапсырды. Ол кітаппен ондаған жылдар айналысты. Сөйтіп, 1922 жылы орыс тіліне аударып шықты.Бірақ ғалымның көзі тірісінде аудармасы жарық көрмеді. Бұл аударма 1962 жылы академик В.М.Жирмунский мен А.Н. Кононовтың редакциясымен басылып шықты.
Қазақстан ғалымдарынан зерттеу, аудару, насихаттау ісіне Ә.Марғұлан,Х.Сүйіншәлиев, Ә.Қоңыратбаев, Б. Ысқақов , М.Байділдашев, Ш. Ыбыраев белсене ат салысып келді.
Кітап 12 жырдан, басқаша айтқанда 12 оғыз-намеден тұрады.«Қорқыт ата кітабындағы» теңдесі жоқ алыптардың бірі-Оғыз Қазылық баласы Игенек.
Кітаптағы 12 жырдың әрқайсысы өз алдында жеке жыр болып, соңында жинақталып, бір жинақ болып, еңбек болып шықты. « Қорқыт ата кітабының» көне түркі тіліндегі түпнұсқасындағы сөздің ритмикалық құрылысы мен эмоциялық интонациясы үйлесіп,тұтасып жатады.
Сонымен, кітап Көк түріктер дәуірінің сан қилы қоғамдық-әлеуметтік көріністерін, салт-санасын, діни сенімін, әдет-ғұрпын, көркем сөз үлгілерін, ертедегі аңыздарын біздің заманымызға жеткен ғажайып туынды болып табылады.
Кейіпкерлер
Қазан – оғыз елінің көсемі. Кітап кейіпкерлеріне Бәмсі-Бейрек, Қара Көне, Қара Бодақ, Қан Төрәлі, Қазан-Салор,Құлбаш, Оқшы, Ораз, сондай-ақ Аруз, Әмен, Әмран Бекіұлы, Бисат, Дүлек Боран, Дондаз,Қиян Селжүк, Қаңлы, Қанық хан, Рүстем|Рүстемдер жатады. “Қорқыт Атаның кітабында” оғыз тайпаларының қонысына қатысты Тана (Танаис – Сырдария), Бану Шешек (Баршын-салор-Гүлбаршын, Баршындария, Баршынкент), Камбура (Байбөрі) секілді атаулар да сақталған. Олар қазақ эпосынан да елеулі орын алған.
Қорқыт ата кітабынан үзінділер
Жырдың бас кейіпкері – Қорқыт. Ол оғыз елінің ақылшысы, данасы, үлкен жырауы. Оның есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ, тарихи-этник. атауы да айқын. Бір кездері Қорқыт жинақталған фольклорлық бейне деп ұғынылса, бертін келе оны тарихи тұлға ретінде тани бастады (қ. Қорқыт ата). “Қорқыт Атаның кітабында” Қазақстанда М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов,М.Жолдасбеков, Ш.Ыбыраев, Т.Қоңыратбай, т.б. еңбектерінде зерттелді. Кітаптың 1300 жылдығы 1999 ж. ЮНЕСКО тарапынан халықараралық деңгейде атап өтілді, “Қорқыт ата” энциклопедиялық жинағы жарыққа шықты (1999).[1]
Достарыңызбен бөлісу: |