Осыдан біраз жылдар бұрын компьютер арқылы ақпарат жіберуді тек тәжірбиелі қолданушылар ғана білген болса, қазірде әлемдік желіні пайдалану компьютердің өзі қандай танымал болса, дәл солай танымал бола бастаған. Қазіргі таңда компьютер комуникацияларын пайдалану үшін аса білімді қажет етпейді. Кез-келген қарапайым қолданушыға түсінікті және еш қиындықсыз интернет желісін пайдалануы веб технологияның жетістігі десе болады. Себебі интернет желісіндегі ақпараттар белгілі бір технология негізінде құрылады. Қарапайым тілмен түсіндірсек, кітапханадағы кітаптар жік-жігімен қалай реттеліп, қол жеткізгенге оңай орналастырылса, интернетте де дәл солай реттеліп, web порталдар, web сайттар, web парақтар түрінде келеді [4].
Web-сайт немесе сайт (ағыл. website, web – өрмек және site – орын) – ол HTTP/HTTPS протоколдары арқылы іске асырылатын және тек бір ғана адреске бағытталған бір немесе бірнеше web-беттердің жиынтығы. Сайт беттері ортақ түпкі адреспен, сонымен қатар, әдетте, басты атаумен, логикалық құрылымымен, авторымен және бет келбетімен біріккен [5]. Барлығына қол жететін сайттар жиынтығы дүниежүзілік өрмекті құрады.
Web-сайт – ол жарнама орны. Онда мекеме жайлы барлық керекті ақпаратты (мекеме қызметі, орындалған жұмыстары, байланыс телефондары, реквезиттер және т.б.) орналастыруға болады.
Сайт тәулік бойы жұмыс істейді және ақпаратты тұтынушыларға ыңғайлы уақытта жеткізуге мүмкіндік береді.
Сайт адресін барлық жарнамалық материалдарда (визитка немесе билбордта, әр түрлі анықтамалық кітаптарда және т.б.) орналастыруға болады. Әрдайым өзгертулер енгізу, жаңалықтарды жаңарту, хабарламалар орнату жылдам және оңай орындалады. Сонымен қатар, өте аз уақыт, күш және қаражат жұмсалады.
Сайтқа кіруші тұтынушы болып саналады. Тұтынушы санына қарай сайт мәртебесі артады. Web-сайт арқылы потенциалды тұтынушылар шеңбері кеңейеді. Тұтынушылар іздеу серверлері арқылы сайтты таба алады, ол арқылы мекеменің қызметтерімен танысып, хабарласып, нағыз тұтынушыға айналады.
Сайттағы пайдаланушылар интернет арқылы қажетті деректерді көрсетіп, сұраныс жасап және тапсырыс беруі мүмкін. Сондай қызмет жасау арқылы пайдаланушылар сайттан керек деректерін тез тауып ала алады [6].
Web-сайт – пайдаланушылармен қарым-қатынас орнату үшін керек. Сайт көмегімен пайдаланушыларға жаңалықтарды және т.б. жеткізуге болады. Сонымен қатар, сайтта «Сұрақ-жауап» бөлімін құруға болады, онда пайдаланушылар өз сұрақтарын, ойларын жазады және сол сұрақтарға толық, жоғары квалификацияланған жауап жазуға болады.
Міне, алда айтылған жағдайларға қарасақ, Web технологиясының біздің өмірімізде алатын орны ерекше. Қандай салада болмасын адамдардың тез және оңтайлы жұмыс істеуіне көмек береді. Инновация заманына сай бұл салада ерекше қарқынмен дамуда. Енді бұл технологияның басқа да қырлы жақтарынан көрінуін уақыт өте келе күтудеміз [1].
Достарыңызбен бөлісу: |