№1 тақырыбы: Көмей, кеңірдек, бронхтардың анатомиясы. Қанмен қамтамасыздануы, нервтенуі. Жастық ерекшеліктері



бет6/7
Дата27.04.2022
өлшемі1.9 Mb.
#456782
1   2   3   4   5   6   7
5. Тыныс алу жүйесі-1

Ө кпеқап. Өкпенің сірлі қабығы өкпеқап, pleura, деп аталады. Ол екі жапырақшадан тұрады: висцералды өкпеқап, және париеталды, қабырғалық өкпеқап. Висцералды өкпеқабы, өкпенің өзін жауып, ол өкпе саңылауларына еніп өкпе үлестерін бір-бірінен бөледі. Өкпені барлық жағынан қаусыра, висцералды өкпеқабы өқпенің түбірінде тікелей париеталды өкпеқапқа жалғасады. Қабырғалық өкпеқап өкпенің сірлі қабығының сыртқы жапырақшасы болып табылады. Қабырғалық өкпеқап сыртқы бетімен кеуде қуысы қабырғаларымен тұтасады, ал ішкі бетімен тікелей висцералды өкпеқапқа қарайды. Өкпеқаптың ішкі беті мезотелимен жабылған да, кішкене мөлшерде сірлі сұйықтығымен ылғалданғандықтан, жылтыр болады, соның салдарынан тынысалу қозғалыстары кезінде екі, висцералды және париеалды өкпеқап жапырақшалары арасындағы үйкеліс азаяды (уменьшается трение между двумя плевральными листками). Бір-біріне жанаса жатқан париеталды және висцералды жапырақшалар арасындағы саңылаутәрізді кеңістік өкпеқап қуысы, cavitas pleuralis, деп аталады. Тыныштық жағдайда өкпеқап қуысында 1-2 мл сұйықтық болады, ол капиллярлық қабатпен өкпеқап жапырақшаларының жанасатын беттерін бөледі. Осы сұйықтықтын арқасында қарама-қарсы күштердің, кеуде торының инспираторлық керілуі мен өкпе тінінің серпімді тартылуы әсеріндегі екі бет ілінісіп ұстасады (благодаря этой жидкости происходит сцепление двух поверхностей, находящихся под действием противоположных сил – инспираторного растяжения грудной клетки и эластической тяги легочной ткани). Осы екі қарама-қарсы күштің өкпеқап қуысында теріс қысым пайда болады (наличие этих двух противоположных сил создает отрицательное давление в полости плевры). Қабырғалық өкпеқап өкпені қоршайтын тұтас бір қап болып табылады, бірақ сипаттау мақсатында мынадай бөлімдерге бөлінеді: costalis, diaphragmatica және mediastinalis. Әрбір өкпеқап қабының жоғарғы бөлігін өкпеқап күмбезі деген атпен бөліп көрсетеді. Өкпеқап күмбезі сәйкес өкпенің ұшын жауып, мойын аймағында кеуде торынан I қабырғаның алдыңғы шетінен 3-4 см жоғары шығып тұрады. Қабырғалық өкпеқап- ішкі жағынан қабырғалар мен қабырғааралық кеңістікті жабады. Оның астында, онымен кеуде қабырғасының арасында жұқа фиброзды қабық, fascia endothoracica, жатады. Көкеттік өкпеқап –көкетке тікелей жүрекқап жанасып жататын ортаңғы бөлігін қоспағанда көкеттің жоғарғы бетін жауып жатады. Көкірекаралық өкпеқап алдыңғы-артқы бағытта орналасқан, төстің артқы беті мен омыртқа бағанасының бүйір бетінен өкпенің түбіріне келіп, көкірекаралық ағзалардан латералды шектейді. Өкпе жиектері өкпеқап шекараларымен сәйкес келмейтін жерлерде олардың арасында өкпеқап қойнаулары, recessus p leurales, деп аталатын, өкпеқаптың екі париеталды жапырақшаларымен шектелген қосалқы кеңістіктер қалады. Өкпе оларға тек терен тыныс алғанда ғана енеді. Ең үлкен қосалқы кеңістік, қабырға-көкет қойнауы, recessus costodiaphragmaticus, екі жағында өкпеқаптың төменгі шекарасының бойында көкет пен көкірек торы арасында жатады. Басқа қосалқы кеністіктер: қабырға-көкірекаралық қойнау (алдыңғы, артқы), recessus costo-mediastinalis және көкет-көкірекаралық қойнау, recessus phrenico-mediastinalis. Өкпеқап синустарының өкпеқап қуысының бөлігі болғанымен, одан айырмашылығы болады. Өкпеқап қуысы- бұл өкпеқаптың висцералды және париеталды қабықтары арасындағы кеңістік. Өкпеқап қойнаулары-бұл өкпеқаптың екі париеталды қабықтары арасында жататын өкпеқап қуысының қосымша кеңістігі.


Ө кпеқап және өкпелердің шекаралары. Өкпеқаптың ұштары кеуде торынан жоғарғы тесігінен шығыңқырап, артқы- VII мойын омыртқаның қылқанды өсіндісіне сәйкес келеді, ал алдыңғы I қабырғаның алдыңғы шетінен 3-4 см жоғары тұрады (бұғанадан 2-3 см жоғары). Өкпеқаптың артқы шекарасы –омыртқа бағанасы бойымен созылып XII қабырғалардың бастарында аяқталады. Өкпеқаптың алдыңғы шекарасы екі жағында өкпе ұшынан төс-бұғана буынына өтеді. Одан әрі оң жағында өкпеқаптың жиегі төс-бұғана буынына төс тұтқасы мен денесінің қосылатын жеріне жақын ортаңғы сызыққа келіп, одан тік төмен түсіп, VI- VII қабырғалар немесе семсертәрізді өсіндінің деңгейінде оңға бұрылып, оның төменгі шекарасына ауысады. Сол жақта өкпеқаптың төс-бұғана буынынан қиғаш және төмен жүріп ортаңғы сызыққа келеді. IV қабырға деңгейінде ол латералды қисайып, осы жерде орналасқан жүрекқаптың үшбұрышты бөлігін өкпеқаппен жабусыз қалдырады. Одан кейін, сол өкпеқаптың шекарасы төс жиегіне параллелді VI қабырға шеміршегіне дейін келіп, сол жерде латералды қисайып, төменгі шекараға ауысады. Өкпеқаптың төменгі шекарасы қабырғалық өкпеқаптың көкеттік өкпеқапқа ауысу сызығы болып табылады. Ол оң жақта linea mammillaris бойымен VII қабырғаны, linea axillaris anterior бойымен - VIII қабырғаны, linea axillaris media бойымен - IX қабырғаны кесіп өтеді де, linea axillaris posterior бойымен – X қабырғаны; linea scapularis бойымен – XI қабырғаны; linea vertebralis бойымен – XII қабырғаны. Сол жақта өкпеқаптың төменгі шекарасы оң жақтағыға қарағанда біршама төмендеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет