1 тақырып. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуын сипаттау және оны мемлекеттік реттеу



бет1/5
Дата31.01.2022
өлшемі50.08 Kb.
#454968
  1   2   3   4   5
1 тақырып 1


1 тақырып. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуын сипаттау және оны мемлекеттік реттеу

Дәріс жоспары:

1 Ұлттық экономика. Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық салалық құрылымы. Салаларды топтастыру

2 Нарық мәні. Нарықтық механизм. Нарықтың артықшылығы мен негативтігі

3 Нарықтық экономиканы реттеудің әдістері мен мәні. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тұтқасы

4 Өнеркәсіптің салалық ерекшелігі. Жоспарлаудың салалық ерекшелігі

Дәрістің қысқаша мазмұны:

1 Ұлттық экономика. Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық салалық құрылымы. Салаларды топтастыру

2 Нарық мәні. Нарықтық механизм. Нарықтың артықшылығы мен негативтігі

Қазіргі уақытта экономиканы ұйымдастырудың екі әдісін бөліп қарастырады. Біріншіден, экономиалық шешімдерді үкімет қабылдаған кезде. Екіншіден, субъектілер өз беттерімен ресурстар мен соңғы өнімді сату кезінде ақшалай қаражаттың, нарықта экономикалық шешімдерді қабылдау болып табылады.



Нарықтық экономика – бұл әр түрлі тұлғалар мен компанияларының үлкен бөліктерін өндіріс және қажеттілік кезінде ұйым экономикасының түрі. Нарықтық экономикаға қарама-қарсы кезінде, командалық экономика - өндіріс және бөліс кезінде барлық шешімдерді мемлекет қабылдаған кездегі экономикалық ұйымның әр түрлілігі. Қазіргі қоғам бұл жоғарыда айтылған категориялардың ешқайсысына жатпайды. Елде аралас экономика – яғни, нарықтық элементтері бар және басқарудың командалық түрі болып отыр.

Нарықтық экономика – бұл баға жүйесі мен нарықтың арасындағы өндіріс пен олардың әр түрлі қызметтерінің адамдар координациясының күрделі механизмі; адамдар білімдері мен әр түрлі массалық қызметтердің біріктіру үшін коммуникация орталығы болып табылады. Қандай да орталандылыған ақпарат немесе нарықтағы арнайы есептерді шешу мәселелер, оның ішінде рұқсаты жоқ өндіріс мәселелерін шешуде, ауыспалы және бағынышты белгісіз сандарды бөлу кезіндегі мәселелерді шешуде қолданылды. Ешкімде нарықты құрастырмайды, бірақ бәрібір ол қызмет етеді. Егер оны кеңінен қарастыратын болсақ, онда нарықтағы сатушы мен сатып алушылар арасында тауар мен қызметтер баға құнын анықтаушы болып табылады. Нарық бағалы қағаздар нарығы сияқты, орталықтандылыған және жылжымайтын мүлік және еңбек нарығы тәрізді деорталықтандылыған. Электрондық орталықтар көмегімен қаржы активтері мен қызметтерін сату кезінде пайдаланылатын электрондық түрі ретінде танылады.

Нарық – тауарлар мен қызметтер саныны мен нарық анықтаған бағалар үшін әрекет ететін сатушылар мен сатып алушылар арасындағы механизм болып табылады.

Нарықтық жүйеде барлығына қатысты баға бар және ол ақшалай қаржы ретінде болады. Баға шарттарды көрсетуші негіз бола отырып, әр түрлі тауарлар мен оған көрсетілетін қызметтер үшін өз еркімен айырбастауда болатын жағдайларда қарастырады. Әрбір уақыт кезеңінде, бір субъектілер сатып алып жатса, екінші субъектілер сатып жататындығы белгілі, сондай-ақ, осы уақытта фирмалар жаңа өнім шығарады, осы уақытта нарықта шығарылған тауарлар жөнінде мемлекеттік басқару тарапынан, үкімет жаңа заңдарды өңдеп шығарып жатады. Соңында нарық әрқашанда мәселелерге қатысты шешімдер қабылдайды: не, қалай және кім үшін сияқты сауалдардың жауапртарын қарастырады. Экономикадағы барлық күштерді ескере отырып, нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе-теңдікті теңдестіреді. Нарықтық теңдік, сатушы мен сатып алушылар арасындағы теңдік болып табылады. Үй шаруашылығындағы қызметте де, фирмалар да, анықталған тауарлар санының бағасына байланысты сату мен сатып алумен айналысады. Нарық сатушы мен сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырған кезде теңдік бағасына жетеді. Бағаның төмендеуі өте үлкен көлемдегі өнімді нарыққы шығаруды білдірсе, бағаның жоғарлауы – дефицит болғандығын білдіреді.

Осыған байланысты, баға әр түрлі нарықтағы сатушы мен сатып алушы арасындағы теңдікті белгілеу үшін көмегін тигізеді. Барлық мүмкіншіліктегі нарықтар түрлерін біріктіру кезінде өндіріс көлемі мен жалпы теңдік бойынша бағалар анықталады.

3 Нарықтық экономиканы реттеудің әдістері мен мәні. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тұтқасы

Концептуалды негізде, ағымдық мақсаттар мен құралдардың жиынтығы қолдану үшін қажетті мемлекеттік басқарудың екі үлгісін экономиканы мемелекеттік басқару шегіндегі.

Біріншіден, нарық өзі ұсынатын ережелерді орындау түрлерінің экономикалық жүйесі болса, соңында – тұтынушы өз ережелерін ұсынатын жүйе ол классификалық үлгілеу болып табылады. Кейбір жағдайда, нарық реакциясының жауабы жеткіліксіз немесе аяқталмаған болып шығады. Онда мемлекет осы басталған нарықтың жетіспеушілік жағдайларын толтыруға немесе жалпы қоғам мүддесі үшін пайдалы іс-әрекеттер ұсынуға мәжбүр болады. Алғашқы осы орайға қатысты жолды А. Смит өзінің «Табиғатты іздестіру мен халық байлығының себептері» атты кітабында, автор нарықты басқару кезінде жеке әрбір атқарылған немесе қойылған ережелерге қатысты мемлекеттің басқарылуында және бақылауында қандай-да бір шектеу болуға тиісті екендігін жазған болатын. Экономикадағы мемлекеттің атқаратын ролін анықтауда классикалық үлгілеу кезінде нарық механизмдерінің талаптарына сәйкес болу қажеттілігі туындайды. Мемлекетке тек қана атқарушы роль беріледі, себебі, әр ұсынушылар өз позицияларынының дәлелдемелерін араластырулары қажет. Мемлекет мағынасы жағынан есеп жүргізу көмекші фирмалар нарықта өндіретін өнімдері жөніндегі орындалатын қызметтер мен талаптарына сай өз ұсыныстарын, есептеулерін қажет етеді.

Екіншіден, неоклассикалық үлгі, яғни 20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың басында экономика нәтижесінен дағдарыс болғандығы белгілі. Дж. М. Кейнс мемлекеттік басқару тәжірибесі бойынша “толық қамту” теориясы негізде немесе “капитализмді басқару” теориясымен негізделіп жасалынған. Кейнсиандық үлгісіндегі мемлекетті басқару басты мағынасы: мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың басым бөлігінің көп көлемде болуымен; мемлекеттік және аралас кәсіпорынның негізінде қаланған мемлекеттік кәсіпкерліктің кеңейтілген түрін құруда; экономика стабилизациясы үшін несие-қаржылық және бюджеттік-қаржылық регуляторларды кеңінен қолдану болып табылады.

Мемлекет және нарық – экономиканың екі қолы тәрізді бола отырып, екеуі де бір-бірімен тығыз байланыста екендігін айқындауға болады. Бірақ, нарық мемлекет сияқты, өзінің арнайы мәселелерімен ерекшеліктерінің өзіндік құрылымымен анықталынады. Нарықтық механизм бәсекелестікте көптеген артықшылықтарымен ерекшеленді, себебі оның мүмкіншіліктері кең ауқымды, бірақ шектеусіз емес болып табылады. Кейбір аймақтарда, механизмнің кең ауқымда бәсекелестік жасай алмағандығынан мемлекеттік басқарудың араласуына тура келетіндігі аңғарылады. Біріншіден, бұл ұйымның ақша қаражаттарының айалымдылығының дұрыстығын көрсетсе, екіншіден, коллективтік қолданылудағы мемлекеттің қоғамдық тауарлар мен қызметтердің ұсынылуымен, үшіншіден, нарықтық теңдікті және ресурстардың дұрыс бөлінуі жөніндегі мемлекеттің тиімді ішкі саясат бағдарламасының дұрыс жүзеге асуы болып қарастырылады.

Таңдалған критерийлерге байланысты мемлекеттік қызметтер жіктелуінің бірнеше нұсқаулары әрекет етеді. Бәрінен бұрын, олар тікелей және жанама түрде әрекет етеді.

Тікелей әсер ету әдісі өздері таңдап алынбаған экономикалық негізде әрекет ететін субъектілер шешімдерін қабылдауда мемлекет араласуын қажет етеді, ал мемелекеттік жазбаларда (салықтар, амортизациялық аударымдар мөлшерін және т.б.). Тікелей әдістерді экономикалық нәтижиесінің оперативтік жетістіктерінде тиімділікті жоғарылатуда қолданады, бірақ тікелей әдіс нарық үрдістерінің даму жағдайын өзгертеді.

Жанама әдістерді қолданған кезде, өздері таңдап алынбаған экономикалық негізде әрекет ететін субъектілер шешімдерін қабылдауда мемлекет тікелей араласуын қажет етпейді. Онда тек қана өзіндік таңдаудың экономикалық шешімдерді қабылдау барысында субъектілердің экономикалық саясаты толығымен сәйкес болса жеткілікті. Осы қарастырылған әдістің ең басты қорытындысы нарықтық жағдайда қарастылатындығымен ерекшеленеді. Бұл әдістің кемшілік жағы, анықталған уақытта жүзеге асу керектігінде, сондай-ақ уақыт аралықтарына мемлекеттің қабылдаған шешімдері, шаруашылық қызметтер нәтижесінің өзгерістеріне экономика мен шынайы өзгерістерге деген реакцияның болу түрлері жатады.

Егер критерий бөлу кезінде ұйымдық-институционалды түрі қолданылатын болса, онда мемлекеттік басқару әдістері әкімшшілік, экономикалық және институционалды түрлеріне бөлінеді.

Әкімшілік әдісте мемлекеттік басқару инфрақұрылым заңдарымен тығыз байланысты болады. Қолданылатын іс-шаралар мақсаты-бөлік секторлары үшін жақсы жағдайларды туғызды қарастырады, олардың функцияларын-стабилді болу үшін, бәсекелестіктен қорғауда, экономикалық шешімдерді қабылдаудағы жекешелік пен еркіндікпен қамтамасыз ету мәселелерін қарастырады. Әкімшілік әдістер шектеу, бөлу, жеткіліксіз жағдайларын да қарстырады.

Экономикалық әдістерге мемлекеттің қызығушылығына арналған және нарық дамуы бағытындағы анықталған жағдайларға көмектесетін мемлекеттік әрекеттердің іс-шаралары жатады. Бұл әдістер өзіндік құн сұранысы мен ұсынысының әсер етуші, капитал деңгейінің орталықтарын, экономиканың әлеуметтік және құрылымдық аспектілерін де қарастырады. Экономикалық іс-шараларға қаржылық-несиелік саясат, бағдарламалау және болжамалар түрлері де қарастырылады.

Институционалды әдіс заңдық, экономикалық, психологиялық, ұйымдық мөлшерлік және ережелік бойынша анықталған негізде дамуда, сондай-ақ, заңды елдерде осы фактілермен байланысты әдістердің барлығын жоғалтады.



4 Өнеркәсіптің салалық ерекшелігі. Жоспарлаудың салалық ерекшелігі

Жоспарлау – жақын және біршама болашақ уақыт мерзімдеріндегі объектілердің шаруашылықтағы келешектерін нақтылау немесе болжау негізде өңделген немесе жинақталған жоспардың түрі болып табылады. Кәсіпорынның жоспары, бұйрықтарға сәйкес кәсіпорын құрылымдары мен оны орындаушылар күштері бекітілген жұмыскерлердің жұмысын және ресурс қозғалысын қарастырады. Сондай-ақ, жоспарда нақтылай және шынайы түрде мыналар анықталып жазылуы тиіс:

- жоспарлы периодтқа арналған кәсіпорын қызметінің мақсаты және құрылымы, жұмыс мәні мен шығарылатын өнім түрлерінің нақты көрсетілген жүйедегі саны бойынша жүзеге асрылуы тиіс;

- мақсатқа жету жолдары;

- мақсаттар әдістері мен оны іске асыру мерзімдері;

- жұмыс түрі мен уақытының жоспарлы орындалуы;

- әдістерді, кезеңдерді және жоспарды бақылау.

Жоспарлау – барлық өндірісітік операциялардың орындалуының баланстыру негіздегі мақсаттарға жету жолдарын анықтайды. Бұл шикізаттарды, материалдарды, комплектіленген заттарды, құралдар мен жабдықтарды дайындау үшін кететін өнімдер мен олардың қорларымен қажеттілігімен қамтамасыз ету үшін маңызды.

Технологиялық жоспарлау мынанларды қамтамасыз етеді:

- кәсіпорынның анықталған және негізделген негізігі есептерін;

- қойылған мақсаттарорындау үшін қажетті нақты көрсеткіштер мен есептерді бекітуді;

- детализацияланған тапсырманың, жұмыстың түрлері мен көлемі бойынша, нақты жұмыс орынның қарстырылған мерзімдері негіздеуде;

- барлық жоспарланған периодттардағы алынатын нәтижиесінің бөлшектік есептеулері мен шығындарын қарастырады.

Кәсіпорынның мақсатқа жетудегі жоспарлау жүйесі келесідей ережелермен орындалуы тиіс:

- жоспардың әрбір элементтері мен әрбір кезеңдері пунктуалды негізде болуы тиіс;

- жоспарлық тапсырмаларды орындауда ондағы барлық қатысушылардың нақтылай түрде болуы;

- жоспарды орындауда бақылаулар мен жинақтауда үздіксіз түрде жұмыс жүргізілуі тиіс.

Жоспарды орындау мерзімі бойынша мынадай топтарға бөлінеді: оперативтік-күнтізбелік, ағымдық, ортамерзімдік, ұзақмерзімдік, стратегиялық.

Жоспардың функциялық мағынасы бойынша өндірістік; коммерциялық; инвестициондық; еңбек бойынша; қаржылық түрлері бойынша топтастырылады.

Кәсіпорынды басқару деңгейі бойынша жоспарлар мынадай түрлерге бөлінеді: жалпыфирмалық, цехтік, жұмыс учаскелерінің жоспары (бригадалары).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет