1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі


Халықаралық валюта – несие қатынастары



бет12/13
Дата23.02.2016
өлшемі2.84 Mb.
#3113
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

14.4. Халықаралық валюта – несие қатынастары
Халықаралық валюта несие қатынастары бөлу, айырбастау, тұтыну салаларына жатады. Өндіріс салаларынан еркін және төлем балансында көрініс тапқан, халықаралық экономикалық қатынастардың барлық формаларының аяқталғандығын білдіреді. Сонымен бір мезгілде олар салыстырмалы түрде дербес болып саналады, ұлттық экономика мен халықаралық экономикалық қатынастардың бүкіл жүйесіне кері әсерін тигізеді.

Әлемдік валюта жүйесі, ұлттық экономиканың өзара тәуелділігінің күшеюімен әлемдік шаруашылық байланыстарымен келісілген, ақша- экономикалық қатынастарының жиынтығын білдіреді. Халықаралық еңбек бөлінісі, тауарлы өндіріс пен әртүрлі елдер арасындағы сыртқа сауда оның базасы болып саналады.

Әлемдік валюта жүйесінің құрамды элементтері:


  • Халықаралық төлем құралдарының белгілі бір жиыны (ұлттық, шетелдік және ұжымдық халықаралық валюта);

  • Валюта бағамы және валюта өлшемі (паритеті) мен еркін айналым жасаушылығын қоса алғандағы, валюта айырбастау тәртібі;

  • Халықаралық айналымды валюта-төлем құралдарымен қамтамасыз етудің тетігі (механизмі);

  • Халықаралық есеп айырысу формалары мен валюта және алтынның халықаралық нарығының тәртібін ретке және жүйеге келтіру;

  • Валюта қатынастарының тәртібін реттеуші, мемлекетаралық институттардың мәртебесі;

  • Әлем шаруашылығының сыртқы экономикалық қызметімен байланысты халықаралық есеп айырысу мен несие операцияларын жүзеге асырушы халықаралық және ұлттық банк мекемелерінің жүйесі.

Әлемдік валюта жүйесіндегі барлық төлем мен есеп айырысу операциялары, аталмыш ұлттық валюта ақша бірлігінің бағасы басқа ел валюталарының ақша бірлігінде көрінетін валюта бағамдарының негізінде жасалады.

Алғашқы беттегі валюта бағамы (курсы) алтын мен және оның құнымен, ұлттық валютаның алтын құрамымен, валюталарды пайдалану арасындағы қарама-қайшылық тереңдей түседі. 60-шы жылдардың ортасында доллар стандарты, капиталистік әлемдегі Батыс Еуропа мен Жапонияның пайдасына өзгеруші күштер арақатынасының сәйкес келушілігін доғарды, әлем экономикасындағы тұрақсыздық империалистік шилініс факторына айналды.

Бреттон-Вуд жүйесіндегі құрылымдық дағдарыс 1971-1973 жылдары оның барлық қағидаларының үзілуіне алып келді: доллардың алтынға бөлшектенуі тоқтатылды, алтынның ресми бағасы алынып тасталды, белгіленген бағамдар тәртібі еркін айналыстағы бағамдармен ауыстырылды.

Жаңа әлемдік валюта жүйесі, алтынның демонитизациялануына белгілеген және валюталардың алтын өлшемдерін жойған, алтындоллар стандартының күйреуі 1976 жылғы Ямай келісімімен заңдастырылды. “Қарыз алудың арнайы құқығы” валюта жүйесі негізінде жарияланды. Әрбір ел, валюта бағамының тәртібін өздерінің қараулары бойынша таңдау құқығын алды. Валюта бағамдарының әртүрлі тәртіптеріндегі валюталар жүйесі қалыптасты. 1979 жылдан бастап әлемдік валюта жүйесі шеңберіндегі аймақтық деңгейде, өзінің есеп айырысу бірлігі – ЕВРО енгізілді. Толыққанды ұжымдық халықаралық валюта болып саналатын ЕВРО Еуропалық валюта жүйесі (ЕВЖ) қызметін жүргізеді. Доллардың өктемдігінен “Ортақ нарықты” қорғау, Еуропалық валюта жүйесінің (ЕВЖ) негізгі мақсаты болып саналады.

Қазіргі кезеңдегі әлем шаруашылығы байланыстарының қалыптасуы мен әлемдік валюта жүйесінің құрылуы аяқталып біткен жоқ және тұрақты жетілдірілу үстінде.
14.5. Технологиялардың әлемдік нарығы
Технология бұл, өнімдердің технологиясы, технология процесі және басқару технологиясы сияқты үш негізгі топ кіретін іс-тәжірибелік мақсаттарға қол жеткізудің ғылыми әдістері. Заттанған (жабдықтар, агрегаттар, құралдар, технологиялық желілер) және заттанбаған (әртүрлі тектегі техникалық құжаттамалар, білім, тәжірибе ) формадағы интеллектуалдық қызметтің нәтижелері технологиялардың әлемдік нарығының объектілері болып саналады.

Мемлекет, университеттер мен фирмалар және жеке тұлғалар технологиялар әлемдік нарығының субъектілері болып саналады. Технология өзінен-өзі тауар болып саналмайды, ол белгілі бір жағдайларды ғана тауар бола алады. Мәселен, жоғарғы технологиялы тауарлармен, капитал сыйымды тауарлар мен халықаралық сауда жасау жағдайында әлемдік экономикадағы тауарлармен өндірістің басқа да факторлары технологиялардың таратушылары болып қатысуы мүмкін.

Идеяларды коммерцияландыру нақты сезілгенде, сараптау жүргізілгенде, оны пайдалануға болатын салалар айқындалған кезде ғана технология тауарға айналады.

Технологиялардың халықаралық берілуі - бұл ғылыми-техникалық жетістіктердің коммерциялық немесе өтеусіз негіздегі мемлекет аралық орналасуы болып табылады. Халықаралық технологиялық айырбасқа – ғылым, техника, өндіріс және басқару сияқты адамның өмірлік қызметінің барлық аясы кең түрде тартылған. Технологиялардың халықаралық берілуі құқықтық қорғаумен, бір немесе бірнеше құқықтық құралдармен, яғни патенттермен, лицензиялармен, копирайттармен, тауар белгілерімен қамтамасыз етіледі.

1. Патент – жаңалықты пайдаланушының (монополиялық) құқын растаушы және құзырлы үкімет органдарының өнертапқышқа (жаңалық енгізушіге) беретін куәлігі. Іс жүзінде тауарлардың барлығы патенттелген болып саналады. Патент күшінің мерзімі 15-20 жылмен шектеледі және ол берілген елдің аумағында ғана әрекет етеді. Патентті ұстап тұру үшін, заңдар жоғары патенттік салымдарды уақытылы төлеп отыруды талап етеді, сондықтан да патент иелері жаңалықтарды коммерциялық мақсатқа пайдалануға болатын елдегі оны пайдалану құқына маңызды түрде артықшылық береді.

2. Лицензия – технологияға иелік етушілердің (лицензиялар) қорғалған немесе қорғалмаған патенттермен оған мүдделік танытушы (лицензиат) жақтарға осы технологияларды белгілі бір уақытқа және белгілі бір ақыға беретін рұқсат.

3. Копирайт - өз өнімдерін шығару және әдеби, аудио немесе бейне шығармаларды көрсетуге автордың эксклюзивті құқығы.

4. Тауар маркасы (таңбасы) - иесінің ресми рұқсатынсыз басқа ұйымдар пайдалана алмайтын және тауар өндірушіні даралап тұру үшін қолданылатын, белгілі бір ұйымдардың белгісі. Бұл негізінен сурет, кескінді бейнелер, әріп тіркестері және т.б. болып келеді.

Технологиялардың берілісі мынадай негізгі формаларда жүзеге асады:

а) патенттік келісім - патент иесінің патентті сатып алушының жаңалықты пайдалануына өзінің құқын беруі арқылы жасалатын халықаралық сауда келісімі;

ә) лицензиялық келісім - жаңалықтың иесі немесе техникалық білімдер екінші жаққа белгілі бір шекте өзінің құқықтарын технологияға беретін, халықаралық сауда келісімі;

б) “ноу-хау”- технологиялық, экономикалық қаржылық сипаттағы мәліметтерден тұратын техникалық тәжірибе мен өндіріс құпияларын беру;

в) инжиниринг - сатып алынған немесе жалдауға берілген машиналарды алу, құрастыру және пайдалану үшін қажетті технологиялық білімдердің берілуі.

Ғылыми – техникалық жарияланымдар, жеке байланыстар арқылы зерттеу нәтижелерімен алмасу, өндірістік - техникалық жетістіктермен өзара танысу, көрмелер, ғылыми конференциялар және т.б. технолгияларды берудің коммерциялық емес формаларына жатады.

Жаңа технологияларды жасаудың басты мақсаты - өндірілген өнімдердің әлемдік нарыққа еркін өтіп, бәсекелестікте басқаларды артқа тастауы болып саналады.

Технологиялардың халықаралық берілуіне мелекеттік реттеу мен бақылауды енгізу мынадай себептерден туындауы мүмкін:



  • технологиялық тепе-теңдікті ұстап тұруға деген ұмтылыс;

  • ұлттық қауіпсіздік;

  • халықаралық келісім шарттары және т.б.

Технологияларды сыртқа шығару мен әкелуді тікелей мемлекеттік реттеу сараптық бақылау органдары мен кедендік және шекаралық бақылау әдістері арқылы жүзеге асырылады. Жанама реттеулер патенттер мен сауда белгілерін тіркеудің мемлекеттік жүйесі арқылы іске асады.

Қызмет көрсетудің әлемдік нарығы. Тауарлардың, капиталдардың, жұмыс күштерінің, технологиялардың әлемдік нарығы, сондай - ақ қызмет көрсетудің әлемдік нарығы өмір сүреді және өзара байланыста әрекет етеді. Қызметтер – бұл бақа институционалдық бірліктермен өзара келісімдер кезінде және іс-әрекеттер нәтижесінде болған, институционалды бірліктердің ережелеріндегі өзгерістер.

Қызметтер көрсету тауарлармен халықаралық сауда жасаудан кейін ғана барып дами бастады. Осыдан 3,5 мың жылдан аса бұрын, басқа елдердің саудагерлері үшін тауарлар саудасымен айналысқан финикиндіктер қызмет көрсетудің алғашқы негізін салды, мысалы философ Пифогор мен тарихшы Геродот дүниені танып-білу мақсаттарымен басқа елдерге сапар шекті.

Әлемдік шаруашылықтағы аса ауқымды әрі тез өсіп отырған қызмет көрсету саласы қызметтердің әлемдік нарығының негізі болып саналады. Еңбектің тұтыну құнын өндіретін, еңбек қызметінің алуан түрлерін көрсететін сала түрінде түсіндіріледі. Қызмет көрсету аясының тез өсуі, экономикалық өркендеуінің жоғары дәрежесімен және халықтың өмір деңгейінің дәрежесінен көрінеді. Бұдан басқа халықаралық еңбек бөлінісі қызметтердің жаңа түрлерінің, ең алдымен қызмет көрсету аясындағы қызметтердің жаңа түрлерінің пайда болуына әкеледі.

Сауданы ырықтандыру туралы халықаралық келіссөздер жүргізу кездерінде, өзіне қызмет көрсетудің 600-ден аса түрін енгізетін сыртқы сауда ұйымдарының жіктелуі пайдаланылады. Қызметтер жіктелуін әлемнің басым көпшілік елдері таныған және БҰҰ-да қабылданған, халықаралық стандартталған өнеркәсіп жіктелуіне негізделген.

Тауарлар мен қызметтер нарығы және олармен сауда жасау аралығында сапалық айырмашылықтар өмір сүреді:



  • біріншіден, тауарлардан қызметтердің айырмашы-лығы сезілмейді және көрінбейді;

  • екіншіден, қызметтер негізінен бірмезгілде өндіріледі және қолданылады, сақтауға жатпайды. Сондықтан қызметтердің басым көпшілік түрлері тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы тікелей байланыстарға негізделеді;

  • үшіншіден, көрсетілген қызметтер арқылы жасалатын халықаралық сауда, оларды өндірумен тікелей байланысты. Шетелдерге тауарлар жеткізу үшін, нарықтарға талдау жасаудан басталып, тауарларды тасымалдаумен аяқталатын қызмет көрсетудің барлық түрлері қатыстырылады. Қызметтер арқылы жасалатын халықаралық сауда, капиталдардың халықаралық сауда, капиталдардың халықаралық қозғалуымен, жұмыс күштерінің нарығында орналасуымен тығыз байланысты өзара әрекет етеді;

  • төртіншіден, тауарлардан өзгешілігі, қызметтердің барлық түрлері шаруашылық жүргізудегі халықаралық айналымға кең түрде қатыстыру үшін жарамды емес болып саналатындығы, мысалы, жеке тұтыну үшін қызметтер және т.б;

  • бесіншіден, қызмет көрсету аясы, метериалдық қызмет аясына қарағанда, негізінен шетел бәсекесінен мемлекет арқылы көбірек қорғалады.

Сатылатын қызметтер түрлі белгілері бойынша топтастырылады.

Қызмет көрсету көпшілік жағдайларда, тауарларды сатумен немесе белгілі бір елдерде қаржы салуды жүзеге асырумен бірмезгілде болады. Сондықтан:



  • инвестициялармен байланысты банкілік, қонақ үйлердегі және кәсіптік қызметтер;

  • саудамен байланысты көлік, сақтандыру қызметтері;

  • бірмезгілде инвестициялармен және саудамен байланысты байланыс, құрылыс, компьютерлік және ақпараттық қызметтер бөліп көрсетіледі.

Экспорттық қызметтер көлемінің жартысынан көбі халықаралық көлік пен халықаралық жеке іскерлік сапарлар үлесіне келеді. Қызметтердің құндық көлемінің 75%-на жуығына индустриялды дамыған елдер, 24%-ын дамушы елдер және 1%-ын халықаралық ұйымдар пайдаланады. ССҰ (ВТО) секретариатының берген бағалары бойынша қызметтердің әлемдік экспортының 16,2%-ы АҚШ - тың үлесіне келеді, Францияға 10,2%, Италияға 6,5%, Германияға 6,4%, Ұлыбританияға 5,5%, Жапонияға 5%, тиеді Соңғы жылдары туризмнің үлесі арта түсуде, басқа қызметтердің көлемі өсуде. Жергілікті нарықта қызмет түрлерін көрсетушілерден басып озушылық пен шетел фирмаларының нарыққа кіру мүмкіндігін шектеу немесе тыйым салу мына тармақтардан тұрады:

1. Қызметтермен сауда жасауды шектеу;

2. Шетел қызметтері импортына сандық квота енгізу;

3. Ішкі нарықта шетел компанияларының фирмаларын құруды шектеу;

4. Қызмет көрсетулердің алға жылжуын шектеу;

5. Көрсетілген қызметтердің тұтынушыларға жылжуын шектеу

Қызметтермен халықаралық сауда жасайтын бүгінде қырықтан аса халықаралық ұйымдар: ГАТТ БСҰ (ВТО) ОЭСР, ЮНК-ТАО және т.б. бар.

ТМД аймақтарындағы қызмет көрсету саласының бүгінде дамуын, экономистер бұл аймақтағы саяси жағдайдың тұрақсыздығымен, өтпелі кезеңмен байланыстырады. Қазақстан Республикасында бұрын дамымаған немесе нашар дамыған қызмет түрлері дамуда, мысалы, ғылымды көп қажетсінетін тауарларды, шетел тауарларын, жабдықтарды, машиналарды және т.б. сатудан кейінгі қызмет көрсетумен байланысты қызметтер және т.б.


14.6. Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде
Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 160-тан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 250-дей біріккен кәсіпорын құрылды. Соңғы үш жылда (2002, 2003, 2004) инвестицияның келуі өсіп, 182 доллардан асып отыр, адам басына шаққанда.

Өнеркәсібі дамыған елдермен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т.б.) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе – Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Ынтымақтастық Таяу және Орта Шығыс елдерімен дамуда. Оларға: Түркия, Иран, Сауд Аравиясын жатқызамыз. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен, экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады.

Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қзақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда.

Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізуде.

Қазақстан экономиканы реформалауда шетел капиталын бәсекелестік негізде тартуды алға қоюда. Ол экономиканың күрделі мәселесін шешіп қана қоймайды, жаңа технологияны әкелуді, экпорттық өнімнің өзімізде шығарылған тауар мен толтырылуын мақсат етеді.

Жоғарыда атап өткеніміздей, экспорттық өндірісті дамыту Қазақстанда басым бағыттарға ие болуда. Қазақстан Республикасы ТМД елдерімен кең көлемде экономикалық байланыстар жасап келеді. Демек, республика үшін ТМД елдері негізгі серіктес болып саналады, оның ішінде біріншісі-Ресей. Республикадағы экспорттық құрылымның негізін ірі-тонналық өнімдер – мұнай, астық, көмір, руда және концентраттар, қара металл прокаты, мыс, мырыш, қорғасын құрайды. Осы өнімдерді алыс жаққа тасу экономикалық жағынан тиімсіз, себебі оларды қымбаттатып жібереді. Сондықтан, Қазақстан үшін таяу көршілермен сауда-саттық жасау пайдалы.

Тұжырымдамада интеграциялық процесті дамытудың мынандай қағидалары қаралған: кеден кедергілерін жоюуы, салық, акциз алымын төмендету, отандық тауар өндірушілерді қорғау шараларын жасау. Осы процестерге – “микродеңгейдегі интеграция” деген айдар тағылды.

Шаруашылық субьектісінің әр түрлі осы аталған негізінде “микродеңгейдегі интеграцияны” жүзеге асы-рады. Бұл Ресей мен Қазақстан жобасында тәп-тәуір ескерілмек. Біріккен кәсіпорындар мен қаржы - өнеркәсіп топтары құрылып, керек жобаларды мұнай өндіру және газ салаларында, көмір өндіру, машина құрылысында өткеру жүзеге асырылуды.

Қазақстанның егемен ел ретінде БҰҰ – ны және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы, ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынасына интеграциялауға обьективті жағдайлар жасады.

Қазақстанның жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік:

1. Теңге тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы теңге доллармен салыстырғанда 28,8% төмендеген болса, 1996 жылы 4,5% ғана төмендеді.

2. Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты ұлттық банктің қайта құру ставкасы егер 1995 жылдың ортасында жылдық 75% болса, сол жылдың аяғында 52,5% ал 1996 жылда 30% болды.

3. Өндірістің құлдырауы тежеліп, макроэкономика-лық ахуал барынша түрақтанып, келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім 1996 жылдың бірінші жарты жылында 1995 жылғы сол кезеңмен салыстырғанда 100,1%, соның ішінде өнеркәсіп өнімі 100,2% болды. Соңғы жеті жылдың ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өндірістің құлдырауы тоқтатылып, біршама экономикалық өсуге қол жеткізілді.

4. Экспорт өнімдері тұрақты түрде ұлғаюда, егер 1995 жылы оның өсімі 154,5% болса, кейінгі жылдары да едәуір өседі деп күтілуде.

Солардың ішінде:


  • Облыстардың лицензиялар беру құқығын жойып, сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бөліп, олардан монополиялық сауда жасау құқығын алу қажет;

  • Барлық лицензиялар мен үлестерді аукциондарда сатуды заңдастыру керек. Мұның өзі пайданың бір бөлігін мемлекет қазынасына алуға, меншіктік әртүрлі нысандағы кез келген кәсіпорынның лицензиялар мен квоталарға ашық және бәсекелестік түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Экспорттық салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре беру мен ынталандыру мақсатында экспорттың салық салу жүйесінде тұрақты түрде талдаулар жасап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу бүгінгі – күннің талабы. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы орнын тұрақтандырып, рөлін мейілінше арттыру бағыттарында қолға алатын жұмыстар жеткілікті. Бұл жұмыстардың негізгілерінің ішінде аяқталған кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыстар саласын, республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестіндіре білу қажет. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталған техникалық кешендер құрып, өндіру салаларын экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіріп, дүниежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды мақсат тұту керек.

Аталған салалар мен өндірістерді шұғыл дамыту мемлекеттердің экспорттық әлеуетін ұлғайтып қана қоймай, жұмыспен толық қамту мәселесіне де қолайлы жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығы мен қолда бар шикізатты, мысалы, өндірістік қалдықтарды жеңіл және тез іске асыруға болатындығын ескерсек, олардың экономикалық тиімділік деңгейі жоғары екендігі түсінікті. Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлін күшейту үшін, оған тән ерекшеліктерді байқап бағдарлау қажет. Қазақстанның ерекшелігі оның дамыған, сондай-ақ дамушы елдер қатарында бірдей болуы.

Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосатын факторларға халқының жаппай сауаттылығы, ғылыми-зерттеу мекемелерінің кең жүйесі – ғарыштық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері жатады.

Экономиканың шикізаттық бағыты, шетел инвестициялары мен жаңа технологияларға деген қажеттілік, инфрақұрылымның төмен дәрежесі, Республиканың дамушы ел екендігінің дәлелдері. Ал, дамушы елдердің өз экспортына қолайлы база жасау бағытындағы іс-қимылдары көптеген кедергілерге кездесетіні белгілі.

1997 жылдың басында Мәскеуде интеграциялық комитетте Белорусьтің, Қазақстанның, Қырғызстанның және Ресей Федерациясының сарапшы топтарының бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәслесі жөнінде жұмыс басындағы кеңес болып өтті. Егер экономикалық құбыластарды зерттейтін ғылымдардың жиынтығын алып қарастырсақ, олар бір зәулім дарақтың тамырынан тарап өскен желектері тәрізді болып көрінер еді.

Халықаралық экономикалық қатынастар теориясы да өз бастауын экономикалық теориядан алады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні, осы қатынастарды жүзеге асыру тетіктерін талдап оқытады.

Халықаралық экономикалық қатынастар жекеленген елдердің салалық аймақтық шаруашылығының субьектілері.

Халықаралық экономикалық қатынастың қалыптасып орнығуы, оны өз заңдары, қызмет нысандары, ішкі тетіктері бар дербес құбылысқа айналдырады.

Халықаралық экономикалық деңгейде оны жекелеген елдер мен аймақтардың халықаралық экономикалық белсенділігі мен шетелге шығуға ұмтылыстары айғақтайды. Макроэкономикалық деңгейде мұны фирмалар мен кәсіпорындардың күші нарықтың шеңберінен шығып, әлемдік нарықтың кеңістіктеріне ұмтылыстары байқалады. Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады.

Қазақстанда кәсіпкерлік басым мөлшерде халықаралық экономикалық қатынас негізінде дамуда. Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын, оның қатарында шет ел кәсіпорындарымен біріккен түрлері. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан кәсіпорын заңдылық құқықтары бар дара шаруашылық суьектісі, өзіне бекітіліп берген мүліктерді пайдалана отырып, өнімдерді өндіреді, жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет түрлерін көрсетеді.

Дүниежүзілік тәжірибе негізінде кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Оларға әрдайым заңды мәртебе беріледі, осыған сай мүліктері болады, міндеттемеге сәйкес оған жауапкершілігі болады. Сөйтіп кәсіпорындар азаматтық процесте, сотта, шаруашылық сотында және аралық сотта да өз мүдделерін қорғайды.

Қазақстанда қолданып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық – құқықтық формалары бар:



  • мемлекеттік кәсіпорын;

  • толық жауапкершілікті серіктестік (толық серіктестік), аралас жауапкершілікті (араласа серіктестік), шектеулі жауапкершілікті (шектеулі серіктестік);

  • акционерлік қоғам;

  • ашық және жабық типтері.

Орын алып келген мынадай түсініктер: шағын кәсіпорын, бірлескен кәсіпорын, “кооператив”, бұлар шын мәнінде кәсіпорынның заңды мәртебесін бейнелейді, оның экономикалық мазмұнының кейбір жақтарын ғана түсіндіреді. Мысалы, шағын кәсіпорын атауы мұнда жұмыс істейтіндердің санына қарай берілген анықтама. Бүкіл әлемде оның ішінде, біздің елде де кіші бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламасы бар. Шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктер берілген, бірінші жылы салықтың толық мөлшерінің төрттен бірін, екінші жылы жартысын төлейді. Дүниежүзілік экономикалық байланыстағы Қазақстанның орны ерекше. Неге десеңіз, ұлтаралық өзара тығыз қарым – қатынастар, әсіресе экономика саласында кең қанат жаюда. Соңғы қырық жылда дүниежүзі мемлекеттерінің халықаралық саудасы олардың жиынтық өнімімен салыстырғанда 7,5 есе өскен, ал 2000 – жыл басында дүниежүзінде өндірілген өнімнің 30 пайызы халықаралық саудаға түсетін болады.
Түйін

Экономиканың салалық құрылымы – бұл қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі өндірістің жағдайымен сипатталатын, сапалы түрде шаруашылық жүргізуші бірліктердің бірыңғай топтарының жиынтығы. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, салааралық байланыстарды жасаудың базалық салалары болып саналады.

Әлемдік нарық – ұлттық нарықтың, мемлекеттер арасындағы шекаралардың, сыртқы экономикалық қызметтердің, әлемдік бағалардың ықпал ететіндігімен ерекшеленеді. Әлемдік нарық пен сыртқы сауда тығыз байланысты.

Халықаралық валюта – несиелік қатынастар дербестікке ие бола отырып, экономика мен саясаттың дамуына ықпалын тигізеді және сонымен бір мезгілде олар бөлу, айырбастау, тұтыну салаларына жатады. Халықаралық валюта түріндегі барлық операциялар валюта бағамы негізінде жүзеге асырылады.

Экономикалық және басқа сипаттағы себептермен туындаған, еңбекке қабілетті халықтың бір елден екінші елге бір жылдан аса мерзімге қоныстану процесі жұмыс күштері көші – қоны болып табылады. Жұмыс күштерін орналастыру (МОТ) халықаралық көші-қоны жөніндегі ұйыммен реттеледі.

ҒТР – дың дамуымен байланысты әрбір мемлекет өнімдерді әлемдік өндіріс нарығына шығару мен бәсекелестікте озып шығу үшін жаңа технологияларды жасауға тырысады. Әрбір ел технологияны ұлттық шеңберде ұстап тұруға ұмтылады.

Тауарлардың, капиталдардың, жұмыс күштерінің әлемдік нарығымен қатар әлемдік шаруашылықтың бір бөлігі болып саналатын қызмет көрсетудің әлемдік нарығы өмір сүреді. Тауарлардан қызметтердің өзгешілігі - өндіріле отырып бірден сатылумен байланысты, сондай-ақ сауда саласына қарағанда мемлекет арқылы көбірек қорғалған.
Қайталауға арналған сұрақтар


  1. Халықаралық экономикалық интеграция деген не?

2. Халықаралық экономикалық интеграцияның обьективті негізі неде?

3. Сауда экономикалық одақтардың түрлерін атаңыз?

4. Батыс Еуропа экономикалық интеграциясының даму ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

5. Аймақтық экономикалық интеграцияның негізгі белгілері қандай?

6. Дүниежүзілік шаруашылық, оны қалай түсінесіз? Оның ерекше тетігі мен даму дәуірі қандай?

7. Халықаралық еңбек бөлісі, ол дегеніміз не және оның маңыздылығы қандай?

8. Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы XVI – шы ғасырдың аяғында басталды. Ұлттық мемлекеттің феодалдық шеңберін қандай экономикалық күш бұза алады?

9. XX – шы ғасырдың басында дүниежүзілік шаруашылыққа өзінің салалық дамуымен қандай мемлекеттер енді?

10.Қазіргі жағдайда дүниежүзілік шаруашылық дамуы қандай ерекшелігімен сипатталады?

11.Өндіргіш күштерді интернационалдандыру, дегеніміз не?

12. Өндірісті интернационалдандыруға қандай обьективті себептер алып келеді?

13.Трансұлттық корпорация (ТҰК), оның экономикалық табиғаты қандай?

14.Макро-микро деңгейдегі интеграция дегеніміз не?

15.Қазақстанның әлем шаруашылығындағы алатын орны қандай?

16.Елбасы 2015 жылда Қазақстан қандай ел болады дейді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет