1 Тақырып Қылмыстық-атқару қҰҚЫҒының ҰҒымы, МӘНІ, мақсаты мен міндеттер мақсаты



бет3/7
Дата17.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#143346
1   2   3   4   5   6   7

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Қылымсытқ атқару заңдарының түсінігі

  2. Неше түрге бөлінеді және қандай?

ӘДЕБИЕТТЕР:

1) Каиржанов Е.М., Накипов Б., Рецидивная преступность: состояние и профилактика. Алматы; АВСШ ГСК РК, 1996

2) Багалиева О.Г., Сизянкин В.М., «Правовое регулирование труда лиц, отбывших условное наказание без лишения свободы и меры админстративно-медицинского характера (уч. Пособие М. МВД СССТ 1979г)


3-тақырып. ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ТҮЗЕУ ШАРАЛАРЫН ЖАСАУ

МАҚСАТЫ: Қылмыс жасаған тұлғаға тағайындалған қылмыстық жаза түрлерін айқындап оны тағайындаудың маңыздылығын анықтау
1. КЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЫҚПАЛЫ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ

Кылмыс жасаған адамды кылмыскер деп танып, кінәсіне қарай оны жазаға тарту, барлык кәсіпорындар, мекемелер, үйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға тиісті де міндегті.

Қылмыстық жаза заң тарапынан алғанда жазаға тартылған азаматтардың қүкыктық жағдайын өзгертетін қосымша кұкык шектеу болып есептеледі. Қылмыстык жазаның мадызы мемлекеттің мәжбүр етуінің айрыкша түрі, жасаған кылмысы-на орай тарткан сазайы болады. Кұқык шектеуді колданғанда жазалап әсер ету жеке мақсат емес, онын, міндеті белгіленген максатқа жету үшін жазаны атқаруды қамтамасыз ету. Жаза-лаудын максаты — әлеуметтік әділеттілікті калпына келтіру, сотталғандарды түзеумен катар сотталғандардың және басқа адашардың қылмыс жасауын болдыртпауды ескерту екендігі баршаға мәлім.

Көрсетілген мақсатгар кылмыспен күресу талабына бағы-нуы керек, өйткені түзеу жүйесі кылмыспен күресу органда-рынын жүйесіне кіреді.

Кейінгі кездерде кейбір заңгерлер "сазайын тарттыру'1 сөзін бүрынғы КСРО-дағы болған тоталитарлық мемлекеттің жаза-лау саясатына куғын-сүргінге баламалап, оны колданыстан шығарып тастауға талаптануда. Бұл жағдайда ол мемлекеттін. кандай да болмасьш кылмыстык жазаны орындату саласын-дағы саясаты, философиялық категория ретінде жазанын. ма-нызына әсер ете алмайтыны еске алынбайды.

Әлеуметтік тұршдан қарағанда жаза — әсер ету шарасы; психология түрғысынан карасак, ол кемтарлык, қайғы-Касіретпен бірге оған психологиялык, бейі^щену; педагогика түрғысынан — айрықша мәселені шеше алатын, яғни қылмыс істеген ада\щарды түзететіндей әсер ету. Кұкык тұрғысынак — ол қылмыс жасаған адамдардың мінез-қүлкын бағыттап түзетіп отыру және жанадан қылмыс істеуді болдырмауды ескертетін қүкык шектеу жиынтығы.

Жазалау кылмыс істеушінің кұкығына кысым жасалуды көрсетеді. Мемлекеттің атынан сот үкім шығарып, сотталған-ды заңмен белгіленген касіретке ұшыратады: коғамнан онаша-лайды, кұқығы мен бас бостандығынан айырады, соитіп әлеуметтік өкілеттілікті орнатады, баска адамдарға қылмыс жасауға болмайтындығын ескертедІ. Соньшен, жоғарыда ай-тылғандай кылмыстык жазанын маңызды элементі жасаған Кылмысына карай тарткан сазайы болып есептеледі. Айта кетерлік жайт қьшмыстық жазаларды жеке-жеке карағанда, бүл басқа кылмыстык-кұкықшаралары әсерінен ажыратканда ай-ыра білудің белгісі.

Баскаша да мәжбүр ету сияқты кьілмыстык-кұкык шарала-ры жазаны басынан кешіру сезімін оятпай, кайта олар мәжбүрліктен болған шаралар екенің, коғамның талабын, онын азаматтарын қорғауға бағытталғанын сезіну керек.

Мысалы, егер де жазалау дәрежесіне жасаған зиянды түзеу міндеттеме, ал сотталған шын мәнінде зиянды түзе^де, онда бүл процесті жаза ретінде қабьтлдауы тиіс. Сонымен катар жасаған зиянды түзеу адамгершілік-этикалық жағынан алғанда жаза-ны басынан өткізу емес, қайта кайғысына ортақтасканындай болып сезінуі тиіс.

Баскалай қылмыстық-кұкыктык шаралар — олар басқа түрдегі кұқық шектеу. Олардын. максаты да жпзалаудікіндей, бірақ оларды жасаған кылмысы үшін қудалау деп есептемеу керек немесе сазайы оның мазмұны, құрайтын элементі бола алмайщы. Сонымен, жазалау кылмыстық-кұкык жүйесінде басқа дәрежеге, косымша элементке иеленіп жасаған дәрежесіне карай тартқан сазайы болады.

Жазаны сазайын тарту деп есептемесе, оны коғамның кауіпсіздігін камтамасыз етудің мәжбүр шарасы ретіндегі үсы-ныс тартымды болуы мүмкін. Жазаға мүндай тәсіл колдануға карсы дәлелдін бірі, бүл жағдайда қауіпсіздіктің жалпы тұжы-рымдамасындағыдай, байқаусызда істелген кылмысқа берілген жазаның сәйкес келмеуі. Бұл қатардағы адамдарға бас бостан-дығынан айыруды қолдану қауіпсіздік талабына сәйкес келмейтІн, өте катаң шара болып есептеледі.

Сондықтан, Қазақстан Республикасынын Кылмыстық кодексіндегі жазалау жүйесі ғылыми түрғыдан алып карасак әлі жетілмеген. Онда жазалаудың 12 түрі белгіленген. Жаза жүйесінің шамадан тыс кеңеюінің теріс салдары бар. Кылмыс-тык-кұкыктык реттеу әдісі баска кұқык салаларына тән әдістерден өзгешелігі болуы тиіс, себебі әңгіме басқадай кұкык бұзудан маңызды түрде айырмашылығы бар кылмыс үшін жа-залау женінде болып отыр. Шын сот тәжірибесі кылмыстык жазанын әр түрлілігін кабылдамауы ғажап емес, ол негізінен мыналармен шектеледі. Бас бостандығынан айыру, түзеу жүмыс-тары, шартқойып соттау, айып салу, өлім жазасымен токтала-ды.

Егер де біздің заманымызға сәйкес жазалау туралы заңдар-ды реформалаудың талаптарын қыскаша көрсетуге үмтылсак, онда алдымен әр түрлі жазанын калыптаскан тәжірибесін кол-дануды есепке алып және жаза жуйесін шетелдердікіне лаі-і-ыктап келтіруді атап айтқан жөн.

Сонғы он жылдын ішінде жер ауыстыру, әсіресе жер ауда-ру тәжірибеде колданылған жоқ. Бұрын жер аударатын шалғай жерлер енді мәнісін жоғалтып, ондай болудан калды. Одан баска мұндай жерлерде үнемі түратындар езінен-озі екі ойлы жағдайға үшырап калады. Сонымен, жер аудару кара-пайым түрған жерін езгертуге айналдь[. Бүған үлкен аумакта хаіықтын шашьыып түратын мүндаіі адаңдарға дұрысында шын бакылау болмайтынын, сотталғандардың омір сүруге жағдай жоктығын коссак, онда олар жағынан қайталанба (рецидив) кылмыстык істелуін түсінуге болады. Өмір сүруге лажы бол-мағандыктан, тұратын баспана, жұмыс жоктығынан, бүл адам-дардын көтпілігі кылмыс жасай бастайды. Уксас жағдай жер аударылғандарда да болды. Бүлжағдайда жалғыз мүмкін бола-тын дұрыс шешім — ол жер аудару мен айдауды жазалау жүйесінен шығарып тастау.

Бас бостандығынан айырудан міндетті түрде еңбекке тар-тып шартты босату мен бас бостандығынан айыру орындары-мен міндетті түрде енбекке тартып шартты босату инсті-ітутта-ры жоііылған болатын.

Жүмыс күшІ жетпейтін шиеленіскен кезде көптеген өндірістер, мүндай сотталғандарға арнайы комендатура мекемелерін ұстауға шығынына қарамастан мәжбүр болған.

Жұмыссыздык пайда болған жаңа шаруашьтлык кезеңінде арнайы комендатураларды ұстауға, көлікке, жатакханаға, сот-талғандарды бакылайтын кызметкерлерге еңбек акы төлеу пай-дасыз болдьг. Кәсіпорындар сотталғавдардаы бас тартып, ІІМ-мен жасаған шартты бұза бастады. Олардын маманданған ерікті жалдамалы адаадардыжұмысқа тандап алуға мүмкіндігі пайда болды. Сотталғандар жұмыссыз калды, сондықтан олар өмір сүруге бейімсіз күйде қалдьг. Сондыктан шартты сотталғандар мен енбекке міндеттІ түрде тартылу мен шартты босату инстм-туттары таратылды.

Каңғыбастық, қайыршылыкпен шүғылданғандарға немесе арамтамақтыкпен емір сүргендерге қылмыстык жауапкершілік тоқтатылды. Алимент төлеуден бұлтарғандар немесе төл күжат жүйесінің ережесін бүзғаны үшін сотталғандар саны шамалі,: болатын. Сондыктан, криминалды әрекетіне байланысты бүрын кылмысқа тартылғандарды бағып-қағу және оларды еңбекке баулу үшін күрылған еңбекпен тәрбиелеу профилакторшіла-ры жүмыс істеуін токтатты.

Әрі карай жазалар жүйесін кыскарту мен жаза ретінде көпшілік алдыида ұялтудан бас тарту болжануда. КөпшілІк алдында ұялту, тәжірибеде сотталғаннын күкығы мен бас бостандығына шектеу қойылмайды. Тәжірибеде кол-данылмащы. Сот бұл "жазаны" белгілей калса, онда ол сотгал-ғаннын жазадан түгелдей босатылғанын білдіредІ.

Казакстан Ресгтубликасы қылмыстық Кодексі авторлары-нын қылмыстық жазалау ретінде көгапілік алдында үялту, ла-уазымынан босату, келтірген зиянын жуып-шаюды міндеттеу түрлерін шығарып тастағандарымен келісуге болады. Тәжірибеде олар кылмыстык жазалау ретінде көптен бері кол-данылмайды. Шынында істелген қылмыс кылмыстық түрде КУДалауға сәйкес келмейді.

Негізінен қылмыстық жазалау жүиесімен келісе отырып. Қазакстан Республикасы Кылмыстык кодексін дайындаған-дарға теория жағынан кейбір тілек айтқымыз келеді, біздін. ой-ымызша оларды жүйеге келтіруін жаксарта түссек болар еді.

Казақстан Республикасы қылмыстық Кодексін дайындаған-дар жаңа жаза түрін — қамауды енгізді, оны бас бостандығы-нан айырумен байланыстырмайды, дұрысында ол қылмыстық-кұкыктық шара болғандыктан бас бостандығынан айыру бо-лып кала береді.

Қамау жазасы "састыру" рөлін атқарып, сотталғандарға ыыкты сазаі-іын тарттыратындай әсер етуі керек. Сонымен бірге ұзақ емес мерзімге сотталғаңдарға жұмыс орнын, мекен-жай-ын, әлеуметтік-пайдалы байланыстарын сактауға мүмкіндік береді.

Бірақ жуык арадағы жылдарда қамауды енгізу өте кмыыга соғып отыр. Қазақстанда қамайтын мекемелер жоқ. Тергеу қапастарынын толы, көбінесе сотталғандарға заңмен кепілденген ұйыктайтын орындары жоқ, олар кезекпен ұйык-тауға мәжбүр болады.

Қамау сияктьт жазаны орындау үшін арнайы қапас тәріздес ғимарат тұрғызу керек. Экономика ахуалын есепке ала оты-рып, жазанын бұл түрін 2001 жылдан, яғни оны орындау мүмкіндігіне карай енгізілуі мүмкін.

Бас бостандыкты шектеу тәрізді жазаның коғамдык жагы белгіленіп, онын әр түрлері ескерілуі тиіс: бұл түзеу жүмыста-ры, баска жерде белгіленетін жұмыстар. Жазаның бүл түрі теориялык жағынан жана түрлерімен байытылуы мүмкін. Дүниежүзілік тәжірибе бас бостандыкты шектеудің баска да түрлерін біледі. Мысалы, сотталғанның бас бостандығынан айыру орнында кешкі уақыттан бастап таңертеңгіге дейін, ал баска уакыттарда жүмыста, белгілі бір сағаттарда отбасында болу түрі сияктыға ықылас аудару керек. Жазаны коныстан-дыру колониясында өткеру бостандыкты шектеуде, айыруға қарағанда, одан артыкшылығы бар.

Казакстан Республикасы қылмыстык Кодексінде заң шы-ғарушы жазаның келесі түрлерін айтады: а) айып; ә) кейбір лауазымды орындарда істеу немесе тиісті жүмыспен айналысу күкығынан айыру; б) когамдық жүмыстар; в) түзету жұмыста-ры; г) әскери кызметке шектеу; д) бостандықты шектеу; е) камау; ж) тәртіптік әскери белімде үстау; з) бас бостанды-ғынан айыру; и) өлім жазасы.

Кылмыстык жазалауды орындату саласында заңдылықты қамтамасыз ет>' үшін режим ережесін, жазаны ажарушы орган-дардын өкілеттілігін, сотталғандарға лауазымды адамдардың қарым-қатынас ережесін дәл реттеуді талап етеді және оларды түзеу шараларын орындау тәртібін колдануға әсер ету және т.б.

Түзеуге әсер ету түсінігіне толык тоқталған жен болар.

Түзеу әсерінің жалпы тәрбиеден айырмашылығы бар. Оның объектісі ретінде, әдетте әлеуметтік-кұкыктык жағына салақ қараған, сол себепті коғамға белгілі қпуіп туғызатын адамдар есептеледі. Сот үкімі түзеу әсерін қолдану шарасына негіз бо-лады да қылмыстық-атқару құқығы шеңберінде іске асырыла-ды. Жазаны атқаруды түзеу шараларьшен әсер етуді қосқанда біртүтас жазалау-тәрбиелеу продесін кұрастырады.

Сонымен түзеуге әсер ету тәрбиелеу процесінін ерекше түрін көрсетеді. Ол сотталғандарға азап шегу негізі болмау ке-рек. Түзеуге әсер ету педагогиканың жалпьі приндаптері мен әдісіне негізделеді.

Біздер жазалаудьщ аддына мақсат пен мІндет қойғанда онын. кейбір жағымсыз жағда^ілардан құтылмағандығын еске алуы-мыз керек, себебі бас бостандығынан айыру орындарында аза-маттардың шамальглау бөлігі біріктірілген. Соттапғандар озінше мәдениетқұрамакшы (субкультура) болады. Сотталғандардың бұзакылары дүрыстау жағына зорлык көрсетіп, өздерінше "тәрбиелеу үшін" кысым жасамды. Бас бостандығынан аиыру әлеуметтік-пайдалы байланыстардьщ үзілуіне, от басынын ыдырауына әкеліп соғады. Осыньщ бәрі тәрбиелеу процесіне, сотталғандарды түзету әрекетіне карсы әсер етеді.

Кылмыстық-аткару кұкығы теориясында түзеу әсерінің маңызьш кұрайтын негізгі элементтерінін есебіне кіретіндері мыналар: коғамдык пайдалы еңбек, сотталғандармен тәрбие жұмысы, жалпы білім мен мамаңдыққа үйрету. Ұстауда отыр-ғандағы режимдІ сөз етсек, онда түзеуге әсер ету шаралары-ның ұсталғандарға жазасын тарттырмайтын жағын жаткьпуға болады, атап айтсак, ол қоғамдык тұрмыс ережесін сақтау (мүлікке ұкыпты қарау, жеке басьгаың тазалығын сақгау, тұрғпн бөлмесі мен аула ішін таза ұстау т.б.)-

Әрине жазаны атқару шеңберінде колданылатын түзеуге әсер ету, тиісті шегінде іске асырылады және күкыкпен белгіленеді. Бас бостандығынан айыру орындарындағы соттал-ғандарға педагогикалық әсер еткенде оның түрін, әдісін, тәсілін тәрбиешінің өз бетімен еркін таңдауына қамаудағы ұстау режимінің ережелерін шек кояды. Мысалы, жольтқтыру, демалыс беру, телефонмен сөйлестіру занмен белгіленген және олартәрбиеқұралы ретіндекаралады. Бірақоларды беру мезгілі және т.с.с. режим ережесінде кәрсе^гіліп катпң реттеледі. Сон-дыктан кылмыстык-аткару кұқығыньщ нормалары түзеу әрекетін үйымдастыруда белсенді әсер ететін тәрбиенің кейбір түрлерін, әдісін, тәсілін қолдануға рұқсат етілетіндерін белгілейді.

Түзеу әрекеті шараларының кұкыктық реттеуі, әркайсысын-да әр түрлі. Сотталғандарды тәрбиелеу жұмысы, оларға жалпы білімберу және мамандыкка үйрету күкыкден жалпылама түрде реттелген. Кұкык нормасы үйретуге тиісті адамдарды және сотталғандарды жүмыстан босату тәртібі мен жағдайын, өтетін уакытын т.б. белгілейді. Кұкықтык реттеудің көлемі шектелгендіктен, психология мен педагогиканың қарамағына әдістерін іске асыру үшін тиісті кеністік береді.

Құқык нормалары мен сотталғандардың еңбегі толығырақ реттелген, солай болғандыктан қоғамдык катынастардың бүл категориясы жазаны өтеушілердің ете маңызды талабын козғайды. Кұкык нормасы сотталғандардың міндетті түрде еңбек етуін, оларды еңбекке тартудың жагдайын және акы төлеудің тәртібін белгілейді.

Сотталғандарды түзеуге бағытталған тәрбие процесіне кыл-мыстык жазаны аткартушы органдармен бірге жалпы коғам катысады. Қылмыстык жазаны колданудың теріс салдарын ескере отырып, оны кылмыспен күресудің универсалды амалы ретінде қарауға болмайды. Сондыктан тәрбиелеу процесіндегі жолын қуушылық жазаны откеру кезіңпе де, одан босатылғаннан кейінде әлеуметтік бақылау өте маңызды.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:


    1. Қылмыстық жаза түрлерін атаңыз?

    2. Қылмыстық жазаны өтеу негіздері мен орындау тәртібінің ерекшелігін көрсетіңіз?

4 тақырып. ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕГІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ.
МАҚСАТЫ: Сотталғанның іс әрекетінде тиісті бір құқық бұзудың құрамы болса немесе жауапкер іс-қимылымен нақты құкық нормасында көрсеткенді (қасақаналықпен болмаса абайсызда) бұзған болса соны анықтау және сотталғандардың құқықтық жағдайын анықтау болып табылады.

3.1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАСЫМЕН СОТТАЛҒАН АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ТҮСІНІГІ

3.2 СОТТАЛҒАҢДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.

БАС БОСТАҢДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛУҒА СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ

ТӘРТІПТІК, МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

3.1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАСЫМЕН СОТТАЛҒАН АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ТҮСІНІГІ

Заң бойынша адам тендігін оған занды құқық пен бостандық беру негізінде тану азаматтық қоғамның басты белгісінің бірі.

XX ғасырдағы дүние жүзі қоғамдастығының дамудағы едәуір прогресі адамның жеке тұлғасының бағалылығын түсінушілік, оның құндылығы үздіксіз байланыс керектігінде, күнелту мен еркін дамуға ең аз да болса кепілдікті қамтамасыз етуінде болып табылады.

Жеке тұлғаның кұқықтық мәртебесі негізін конституциялық құқық, бостандық пен азаматтар міндеттері жатады. Жеке тұлғаның кұкыктық мәртебесінің ерекше айырмашылығы — оның тұрақтылығы мен біршама өзгермейтіндігі.

Азаматтың құқығы дегеніміз — қандайда бір игілікті кепілді түрде пайдаланудың мүмкіндігі. Бұл адамның мемлекеттің ұйымдасқан қоғамындағы мінез-құлқының ресми өлшемі.

Адам құқығы — ол субъективті құқық шамамен емес, қайта жеке тұлғаның Конституцияда және заңда бекітілген нақты мүмкіндігі. Заң шығарушы тек қана шын қоғамдық қатынастардан шығатын, алдын ала құрылған әлеуметтік-экономикалық және саяси мүмкіндігі бар құқықты бекіте алады.

Көбірек тараған топтастырулар төмендегідей болады:


  • саяси құқықтар — ол адамның мемлекеттік және қоғамдық-саяси өміріндегі оның саяси тағдыры мен еркіндігін өзі шешуді камтамасыз ету мүмкіндіктері, мемлекетті басқаруға қатысуы;

  • жеке азаматтық құқығы мен бас бостандығы;

  • ол адамның заңсыз жән орынсыз жеке өміріне, ішкі сезіміне араласпау, жеке басының тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мүмкіндігі;

  • әлеуметтік-экономикалық құқық пен бас бостандықтар — ол өндіріс пен материалдық игілікті бөлу саласындағы жеке адам мүмкіншілігі, экономикалық және оған байланысты рухани талаптардың сай келуі және адам қалауына байланыстылығы;

  • мәдениет құқыктары мен бас бостандықтары ол адамның рухани, мәдени игіліктері, яғни жетістіктерді пайдалану мүмкіншіліктері, оларды өзіне лайықты ынтасы мен қабілеттілігіне қарай жасауға қатынасу.

Қазакстанда адам құқығын сақтаудың маңызды компонентінің бірі — оған сотталғандардың құқын бұзуды ескерту және бақылау жатады.

Жазаны өтеп жатқан адамдар, мемлекет азаматтары ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей, белгілі құқықтық шектеуге қарамастан, адамның азаматтық құқығы мен бас бостандығына ие бола алады. Соның ішінде барлық сотталғандар жалпыға бірдей Адам құқығы Декларациясы баяндаған адам құқыктарымен және бас бостандығын пай-даланады, тек оның шектелу тиістілігіне, бас бостандығынан айыру орындарына анық қамалғаны себеп болады.

Қамаудағы адам деп — ол қандай да болмасын құқық бұзғаны үшін сотталып, жеке бас бостандығынан айырылған кез келген адамды айтады.

Сотталған азаматтарға жазаны өтеу кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандығына кепілдік берілуі тиіс, оған тек қылмыстық, қылмыстық-атқару және басқа да Қазақстан Республикасы заңдарымен алып тасталған, сондай-ақ шектелу белгіленгендер жатпайды.

Сотталғандармен жұмыс жасау барысында, олар қоғамнан шығарылып қалғандар емес, қайта оның мүшесі болып қала беретіндігіне ерекше кеңіл аудару керек.

Сондықтан сотталғандарды қоғам өміріне қайтару мақсатында қоғамдық ұйымдарды түзеу органдарымен бірге қызмет етуге (мүмкін болған жерде) жұмылдыру керек.

Қазақстанда бұл бағытта адам құқығы мен зандылықты сақтау жөніндегі Қазақстан-Америка бюросы мен реформаға көмектесетін Қылмыстық әділ сот орталығы сиякты үкіметтік емес қоғамдык ұйымдар жұмыс істейді.

Сотталғандарды заңмен тікелей белгіленген жағдайдан басқа кезде азаматтык міндетін атқарудан босатуға болмайды.

Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға. соңдай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды (Қазақстан Республикасы Конституциясы, 10-бап, 2-тармақ).

Сотталғандардың құқы мен бас бостандығы сот үкімімен және Қазақстан Республикасы заңында көрсетілген мерзімге ғана шектелуі мүмкін.

Мемлекет сотталғандардың және олардын туысқандарының, жақындарының сондай-ақ басқа да жеке тұлға мен заң ұйымдарының, егер де сотталғандар олармен әр түрлі заңдық қатынастарда байланысты болса барлығының құқығы мен заңды талаптарын сақтауға және қорғауға кепіл болуы тиіс.

Сонымен қатар сотталғандардың құқықтық мәртебесіне шек қоюды бұзбауға байланысты еңбекпен түзеу мекемелерінде, тергеу қапасында отырғандарға спирттік ішімдіктерін, естен тандырарлық әсері бар дәрілер мен басқа заттарды, ақша, ас тағамдарын, бұл мекемеде сақтауға, пайдалануға рұқсат етілмейтін бұйымдар мен затгарды заңсыз бергендер әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

Сот үкімімен сотталғандар кейбір жағдайда сотталған атағына ие болады, егер де ол адам қылмысты қайта жасаса жауапкершілік ауырлайды.

Сотталғандардың кейбір категориясына рецидивті қылмысты ескерту үшін әкімшілік қадағалау койылады.

Сотталғанның меншік құқығы Қазакстан Республикасы Конституциясьшың 26-бабы арқылы қорғалады, онда: "Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды", — делінген.

Сотталғанды жазаны өтеу кезінде азаптауға, оған зорлык-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдык қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды (Қазақстан Республикасы Конституциясы, 17-бап).

Тіпті ең ауыр өлім жазасы белгіленген адамға Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабына сәйкес кешірім жасауды арыздау құқығы кепіл етіледі. БҰҰ 1984 ж. 25 мамырындағы "Өлім жазасына кесілгендердін құқын қорғауды кепіл ету шаралары" құжатына сәйкес өлім жазасын орындау кезінде бұл процедура мүмкіндігіне қарай жеңіл азап шектіруі тиіс.

Бас бостандығынан айырылған адамдардың бәрінің де, олармен адам баласына тән имандылықпен айналысуға, абыройын сыйлатуға құқы бар. 1966 ж. 16 желтоқсанындағы "Азаматтық және саяси кұкықтар туралы Халықаралық пактіде" былай көрсетілгең-. "Пенитенциар жүйесінің қамаудағы адамдарға режим қойғандағы мақсаты — оларды түзеу және өлеуметті етіп кайта тәрбиелеу". "Барлық қамаудағылар адамгершілік қасиеті ретінде өздерімен сыйлы қарым-катынаста болуды пайдалануға тиісті" (1990 ж. 14 желтоқсаңдағы қамаудағылармен айналысудын негізгі принциптерінен алыңды).

Мемлекет жағынан сотталғандардың құқықтық жағдайы жақсара қалса, ондайда заңның кері күші болуы тиіс. Егер де заңмен қандай да болмасын құқық бұзғаны үшін сазайын тарту (немесе жазалау) жеңілдетілсе, тіпті бұл әрекеттің заңға қайшылығы жойылса, мұндай заңның міндетті түрде кері күші болады.

Жазаны орындау — мәжбүрлеу акциясы, ол мемлекет жағынан күш қолдану арқылы қамтамасыз етіледі, ол тиісті кұқық шектелу қиыншылығына апарып соқтырады.

Сотталғандар заң жүзінде тиісті құқыққа ие болғандықтан, ол олардың заңды мінез-құлқына күш қолданбаудың кепілі болып есептеледі.

Сотталғандарға жаңа міндеттер жүктеледі, оны объективтік қажеттілік, тиісті оның мінез-құлқы деп түсіну керек. Мемлекет сотталғанның мінез-құлқын белгілей отырып, талап қояды және оның заңды міндеті болғандықтан оған кепіл болады.

Бұл міндеттерді бұзғаны үшін оған сәйкес тиісті жауапкершілік жүктеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының қылмыстык заңында, егер бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза атқарып жатқандардың басқа түзелу жолына түскендерді қудалағаны немесе қамаудан қашқаны, бас бостандығынан айыру жазасын өтеуден бас тартқаны, енбекпен түзеу мекеме әкімшілігінің талабына қасақаналықпен көнбегені үшін қылмыстык жауапкершілікке тарту қарастырылған.

Сотталғанның мұндай құкық шектеулер көлемі жынысына, азаматтығына, жасына, жаза түріне, бұрын сотталғандығына байланысты. Мысалы, Конституциялық күші бар 1995 ж. 28 қазандағы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының 4-бабына сәйкес, сот үкімімен еркінен айыру орындарында отырған Қазақстан азаматтары сайлауға қатыса алмайды, яғни актив, пассив сайлау құқығынан айырылады.

Сотталған әйелдердің құқық жағдайының басқа сотталғандарға карағанда өзгеше айырмашылығы бар. БҰҰ 1985 жылғы 6 қырқүйектегі Ең аз үлгі Ережеде кәмелетке толмағандарға әділ сот қолданылғанда жеңіл жазалау жағын карау сияқты түзеу мекемелеріне орналастырылған, құқық бұзған жас әйелдерге де айырықша көңіл бәлуді ұсынады. Сонымен бірге Кұқық бұзушы әйелдерде, әдетте, ерлерге қарағанда аз назар аударылатындығы көрсетілген.

1990 ж. 14 желтоқсандағы БҰҰ Ережесі бас бостандығынан айырылған кәмелетке жетпегендерді қорғауға байланысты оларға ашық түзеу мекемелерін көбірек құруды ұсынған. Онда қауіпсіздік шаралары колданылмайды немесе шектеулі болып келеді.

Сотталған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар құкықпен қорғалады және олардын өзіндік жауапкершіліктері де бар, мысалы, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар құқығы жайында көрсетілген, бірақ оларға Республика заңдарына сәйкес алып тастаумен шектеулер қойылған.

БҰҰ 1985 ж. 13 желтоқсанындағы Адамдардың құқығы туралы Декларациясына сәйкес тұрып жатқан немесе уакытша келген шетелдіктер сол мемлекеттің заңдарын орындауға міндетті. Ешбір шетелдік азамат заңмен белгіленген негізсіз және тиісті процедураға сәйкессіз бас бостандығынан айырылуға тиісті емес.

Қазақстанда тұратын шетелдіктер сонымен қатар азаматтығы жоқ адамдар құқықтық мәртебеге шектелген көлемде ғана ие болады.

Сотталған шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқық шектелу көлемі аз болады, тек олар, мысалы, жалпы әскери міндетті емес, сайлау құқығымен пайдаланбайды. Шетелдіктерге Қазақстан Республикасында тұру орнын тандауға және оны ауыстыруға белгілі шектеулер қойылады.

Сотталған шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының және басқа да ТМД елдерінің сотталған азаматтарынан бөлек отырады. Сотталған шетелдікке жазасын өтеп шықпайынша немесе жазадан босатылмайынша Республикадан кетуге рұқсат етілмейді.

Ең аз үлгі Ережесіне сәйкес қамаудағы отырған шетелдік ұсталғандармен айналысқанда өз елінің елшілік немесе консулдық өкілдерімен байланысын мүмкіндігіне қарай жалғастыруды қамтамасыз ету тиіс.

Қазақстан кейбір халықаралық-құқықтық шарттарға қосылған жоқ. Соның бірі — бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жаза өтеуге азаматы болып есептелетін мемлекетіне беру Конвенциясы. Осы кұжатқа сәйкес сотталғандар жазаны өткергенге дейін кез келген уақытта өзінің бастауымен немесе шет мемлекеттің құзыретті органдарының сұрауымен және сотталғанның немесе оның туысқандарының өтініші бойынша беруі мүмкін. Бұл жағдайда үкімді қайта қарау үшін жазаны аткаруға жіберілген адам сот үкім шығарған мемлекеттің құзырлы органына баруға болады.

Сотталғанның құкық жағдайын тежеу себебі ғылыми әдебиетте бір түсінікке келмейді. Кейбір авторлардың ойынша сотталған азаматтар тек қана сотпен айырылған құқықтарынан басқа өздерінің барлық құқығына ие бола алады. Сонымен қылмыстық-атқару құқық нормалары құкықтын басқа салаларының нормаларына, әсіресе сотталғанның қимылына шек қою жағына ықпал етіп, өз әсерін тигізеді.

Екінші көзқарасты М.И. Федоров айтқан. Оның ойынша сотталғанды құкық шектеу тек қарапайым азамат құқығы көлемінің саңдық азаюы жағынан қарау емес, оны қылмыс жасағаны үшін сотталғанның айрықша құкыктық жағдайының элементі ретінде қаралуы тиіс.

Осы көзқарасқа ортақтасқан — Н. А. Стручков. Ол сотталғанның құкықтық жайын, оған жүктелген субъективті міндеттердің жиынтығы және жазаны аткару кезіндегі ие болған құқығы ретінде түсінеді.

Біздің ойымызша, жаза өтеп жатқан адамдардың құқықтық жағдайы — ол әр түрлі құқық салалары нормаларында бекітілген және қылмыстық жазаны атқару (өтеу) кезіндегі сотталғандардың құқықтық жиынтығы арқылы айтылған жағдайы, заңды талаптары мен міндеттері.

Сонымен қатар жеке адамның заңды талаптары, азаматтардың тікелей құқық маңызы, бас бостандығымен қамтылмайды. Бұл — заңнын маңыздылығы және заңмен ақталған адамның әлеуметтік игілікке талаптануы.

Сотталғандарды құқыкпен қорғау мынадай кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі: сотталғандардың ұсыныс, арыз, шағым жіберуге және оны қарау тәртібі туралы құқығы; мемлекеттің үкімет органдарының бақылауы; соттық және мемлекеттік бақылау; прокурорлық қадағалау; жазаны өтейтін мекемелер мен органдар әкімшілігінің заңнын сақталуын қарайтын қоғамдық бақылау; халыкаралық және ұлттық құқық қорғау ұйымдары өкілдерінің осы мекемелерге қатысы.

Қазіргі заманда адам құқығы туралы халықаралық нормалар әділ сот жүргізу саласында жеке адам құқығының мәртебесіне елеулі түрде әсер етеді. Қазақстанның халықаралық шартты бекіту акті мемлекет үшін заңдарын өзіне алған міңдеттеріне сәйкестендірудің қажеттілігін көрсетеді. Халықаралық құкық бірте-бірте жан-жақты болуда, ал оның нормалары мен принциптері халықаралық бірлестіктің барлық мемлекеттеріне міндетті.

1987 ж. Еуропа кеңесі министрлер комитетінің қабылдаған Еуропадағы түрмелер туралы "Ережесі пенитенциарлы мекемелерінің сотталғандарға қатысы бар негізгі мақсатының бірі — олардың денсаулығын сақтау мен жеке басының адамгершілігін сезіндіру және жаза атқару мерзімі кезінде мүмкіндігіне қарай жауапкершілік сезімін ояту және бейімділігі мен дағдысын дамыту. Бұлар сотталғандардың босатылғаннан кейін өз бетімен өмір сүруіне және занды сақтауға мүмкіндік береді.

1985 ж. 6 қыркүйегіндегі Әділ соттың негізгі принциптері қылмыс кұрбаны және билігін пайдаланып киянат жасағандар туралы Декларацияға сәйкес БҰҰ-на мүше мемлекеттерге мінез-құлық пен әдеп Кодекстерін, атап айтқанда мемлекет қызметкерлеріне, сондай-ақ түзеу мекемелерінің құқык қорғау қызметкерлеріне халықаралық үлгілерді сақтауға көмектесуді ұсынады.

Адамның құкықтық жағдайын анықтай отырып, құкық шығармашылығы мен заңға, оның қорытындысы ретінде өмірде алдын ала пайда болатын теңденциялармен және құкық реттеудің қажеттілігімен мемлекет есептесуі тиіс. Құқықты орнату шындыққа негізделуі тиісті, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуынын заңдылығы мен кажеттігін есепке алуы тиіс, ол тиісті мен мүмкіндіктің бірлігін сақтай білу деген ойдан туындайды.

Дүние жүзі пенитенциарлық мекемелерінің көптеген проблемалары ұқсас: ол алдымен құқық бұзушыны қамауға алып күзет қоюдың мақсатына нақты жауаптың болмауы, қоғам жағынан пенитенциарлық мәселелерге түгелдей көңіл қойылмауы, қамауда отырғандарға халықаралық нормалардың сақталынбауы.

Қазақстан Республикасы 1992 жылы БҰҰ-ның толык құқықты мүшесі болды, сонымен өзінін халықаралық құқық принциптер негіздерінің жолын ұстайтындығын дәлелдеді.

Біздін елді дүние жүзінің 117-ден астам мемлекеті таныды, олардың 105-і мен елшілік қатынас орнатылды. 800-ден астам мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар мен келісімдер жасалды.

Егеменді Қазақстан дүние жүзі қоғамдастығының толық құқықты мүшесі, оның ажырамас бөлігі бола отырып, сонымен бірге БҰҰ-ның халықаралық құқықтық құжаттарының орындалуын бақылауға, алдыменен адамқкұқын сақтауға, оның ішінде әділ сот пен жаза атқару саласында өзіне міндеттемелер алды. Қазақстан алдында жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде қоғам өмірін демократизациялауда қым-киғаш қиын жолдан өту кезегі тұр. БҰҰ-ның құқықты сот саласындағы халықаралық құкық құжаттарына қосылу және оны бекіту мемлекеттін қылмыс саясатын жасауда жақсы жол көрсеткіш болады.

Қазақстанда қазіргі уақытта 74 түзеу мекемелері бар, онда 76173 сотталғандар отыр. Жалпы қамауда отырғандардың 3,5 пайызы — әйелдер. Қазақстандағы тергеу мекемесі мен еңбекпен түзеу мекемелері (ЕТМ) Ережесі маңызды өзгертуді және жетілдіруді талап етеді.

Материалдық қордың жетіспеуі, құкық жүйесінің оралымсыздығы, қоғамдық сананың дайын еместігі қамаудағыларды бүгінгідей жағдайда ұстау ақтауға келмейді, оларды аурудан немесе дистрофиядан (жүдеуліктен) қаза болуға әкеліп соқтырады.

Олардың арасында туберкулезбен ауыратындар көбейіп келеді, олардың саны бүгінде 17,5 мың адамға жетті, бұл елдегі басқа аурулар денгейінен 40 есе көп.

1995 жылы туберкулезден 1273 сотталғандар өлді. Барлық түзеу мекемелері аса қиындап кеткен қаржыландыру мәселесінен кемтарлық көруде, азық-түлікті несиеге алуда, кохммуналдық т.б. қызметтерге бере жактарымен есептесе алмауда. Колонияларда төсек-орын, киім-кешек мүліктерін алуға мүмкіндік жоқтың қасы. Сотталғандарға жеткілікті дәрігерлік көмек көрсету мүмкіндігі де аз.

Қазакстанда бұлтартпау шаралары ретінде негізсіз күзетке алу және бас бостандығынан айыру жазалары кең колданылады. Біздін елде 100 мың адамға 500-ден астам қамауда отырғандар келеді, бұл көрсеткіш Беларустан, Литвадан, Украинадан, Өзбекстаннан, Молдовадан әлдеқайда жоғары болып тұр.

Қазақстанның түзеу басқармасы мен тергеу изоляторлар бастықтарынын бағалауынша қамаудағылардың санын халықтың қауіпсіздігіне зиян келтірмей, ең кемінде үштін біріне қыскартуға болады.

Құкығы ең жиі бұзылатындардың бірі, ол тергеуде жүргендердің қорғану құқығы. Кейбір жағдайда тергеуде жүргендерге және ұсталғандарға ұсталған кезінен бастап адвокат қатысу құқын хабарламайды немесе адвокатты алмауға мәжбүр етеді. Адвокатты корғалушыларымен кездесу үшін тек бір жолға ғана рұқсат беріледі, сондықтан олар тергеу изоля-торындағы "клиентімен" кездесу үшін кезекте сағаттап тұруға мәжбүр болады. Қорғаушылардың тілегі жиі-жиі себепсіз қабылданбайды. Мұндай жағдай халықаралық үлгіге, жекелеп айтсақ, 1990 ж. тамызында БҰҰ қылмыстарды алдын ала ескерту туралы 8-конгресінде қабылданған адвокаттар рөлі жөніндегі негізгі ережелерге қайшы келеді. Онда үкіметтің құзыретті билікшілері әрбір адамға оның ез қалауымен қамауға алғанда, ұстағанда немесе түрмеге отырғызғанда, сондай-ақ қылмыс жасаған деп жауаптағанда адвокат комегін алуды хабардар етіп, мүмкіндік туғызуды қамтамасыз етуі тиіс. Ұсталуға ұшыраған, қамауға алынған адамдар адвокатпен жиі кездесуге мүмкіндік алуы керек, қайткенде де мерзім 48 сағаттан аспауы тиіс. Ұсталғанға, қамалғанға немесе түрмеге отырғы-зылғанға керекті жағдай жасалып және адвокатпен кездесу үшін уақыт белгіленіп, байланыс құралдарымен тоқтаусыз, кедергісіз, цензурасыз құпиясы толык қамтамасыз етілуі керек.

1990 ж. қыркүйекте Халықаралық заңгерлер конференциясында қабылданған (ХАЗ) ассоциациясы зан маманының тәуелсіздігі Үлгілеріне сай бас бостандығынан айрылған адамдардың ісін жүргізгенде адвокаттар тәуелсіздігін кепіл етуі керек, оларға еркін, әділетті және құпия (конфиденциальность) заң көмегін беруді, соның ішінде ол адамдарға бару құқығын қамтамасыз етуі тиіс. Кепілдік етіп және сақтық шараларын қамтамасыз еткенде билікшілермен қандай да болмасын жасырын ымыраласу мүмкіндігін болдырмау, заңгерді олардан тәуелді болудан сақтау және заңгердің еркінен айырылғандар мүддесіне қызмет істеп жүргенін жасатпау қажет. Адвокат "клиентімен" карым-қатынас жасаған уақытында оның құпиялылығы қамтамасыз етілуі тиіс. Оған қоса қарапайым және электронды жүйені, барлык адвокаттық іс жүргізуін және адвокат қүжаттарын алу мен қарауды қорғау тиіс. Сонымен бірге электронды байланыс кұралы мен хабарласу жүйесін пайдаланғанда кіріспеуді қамтамасыз ету керек.

Басқа да тергеуде жүргеңдердің құқығын сақтамаудын ең көшірілмейтіні — ол тергеу жүргізіп жатқан кезде, әсіресе жауап алу кезінде зандылық режимін бұзушылық.

Қазақстанда қылмыстық-атқару жүйесін реформалау Алматыда өткен 1993 ж. "Қазақстандағы қылмыстық-атқару жүйесінің реформасы", 1995 ж. "Сот және пенитенциарлық жүйелерін реформалау кезіндегі адам құқығының Концепциясы" туралы халықаралық конференцияларда талқыланды. Пе-нитенциарлы жүйені реформалау үкімет бекіткен Қазақстан Республикасының 2005 ж. дейінгі қылмыстық-атқару жүйесінің даму Концепциясын жүзеге асыруды болжайды. Жаңа қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық-атқару кодекстерінде БҰҰ-ның әділ сот жүргізу және сотталғандармен айналысу саласындағы Халықаралық актілері өзінің лайықты орнын табуы керек.

Кұкықтық мемлекет құру мақсатын қойған Қазақстанда заңға негізделген ведомстволық актілерді салыстырмалы түрде өзгертуге болады және олай ету қажеттілігі бүгінгі күн талабынан туындап отыр.

Қазіргі кезде құқық жүйесіндегі қайшылықты жеңіп шығу, ішкі біртұтас, қарама-қайшылықсыз заң құру өте қажет.

Кейбір жағдайларда заң сотталғандарға негізсіз тыйым салады да, олардың түгелдей жалпы азаматтық құқын қамтамасыз ете алмайды. Көптеген мәселелер ведомстволык актілермен реттеледі, ал олар кей кезде занды бұрмалайды. Нормалардың кейбіреуі халықаралық үлгіге сәйкес келмейді.

Бас бостандығынан айырылғандардың жазаны өтеу жағдайы сотталғандардың әр түрлі категориясына қарай жеткілікті дараланған. Түзеу амалы мен посшенитиенциарлы механизмдері құкық бұзушы адамға дұрыс емес бағытталған. Оңда оның тиісті шамасын, жеке басының өзгешелігін адамгершілік дәрежесінің төмендегенін, істеген әрекетінің ауырлығын есепке алмайды.

Қылмыстық жазаны атқарудың жаңа заңын қабылдау қажеттік себебі, оны біздің елдің өзіне алған халықаралық құқық міндеттемелеріне сәйкестендіруге байланысты.

Құкықты мемлекеттің сипаты — ол азаматтардың өмір сүру кезінде құқы мен бас бостандығының кепілдігі және мызғымастығы, және азамат пен мемлекеттің өзара жауапкершілікті орнатуы мен қолдау принципі болып табылады.

3.2 СОТТАЛҒАҢДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ. БАС БОСТАҢДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛУҒА СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ТӘРТІПТІК, МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарына сәйкес сотталғандар тиісті мәртебеге ие бола алады, онын негізі субъективті құкық, заңды міндеттері және олардың Қазақстан Республикасы азаматтары үшін белгіленген заңды талаптарымен қоса қылмыстық-атқару заңдары, сот үкімімен шығатын режим мазмұны қойған шектеулер болып есептеледі.

Норманың мазмұнынан (Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 8-бабы) сотталғандардың құқық жағдайын орнатумен бірге тікелей де, жанамалы да шектеулер байқалады.

Мысалы, Заң нормасы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды Қарулы Күштерде қызмет ету, сайлау, сайланылу, мемлекет аумағында еркін жүру құқын тікелей шектейді. Тікелей шектеулер сот үкімінде қосымша жаза ретінде көрсетілуі мүмкін, яғни тиісті бір лауазымды орында жасау немесе белгілі қызметпен шұғылдану құқынан айыру, арнаулы немесе әскери лауазымнан айыру т.с.с. Тікелей шектеулер тұрақты қорғау мен бақылау орнату режим ережесін т.б. білдіреді.

Жанама — ол соттың да үкімі және жазаны атқару режимі. Сондықтан бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазаны атқару кезінде айрықша міндетіне байланысты өне бойы тұйык кеңістікте тұрады, оны бұзғаны үшін тәртіп жауапкершілігіне тартылады.

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық-атқару Кодексінде (ҚАК) Заңда бірінші рет, қылмыс жазасын атқару, ондағы тәртібі мен жағдайын, сотталғандардың құкықтық жағдайын реттейтін жеке тарау берілген. Сонымен жазаны атқару заңдылығын, сотталғандардың заңды талабы мен құқын қамтамасыз етуге көңіл бөлінген. Қылмыстық-атқару кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясын адам мен азамат құқын жалпы танылған халықаралык принциптер мен нормаларды, соның ішінде қылмыстық жазаны өткеріп жатқандардан құқық айырмашылығына қарай сәйкестендіріліп анықтай түседі. Мемлекет сотталғандардың заңды талабы мен бостандық құқын құрметтеп, оны мойындап қана қоймайды және оларды жүзеге асыру мүмкіндігіне кепіл болады.

Субъективті құқық деп мемлекет кепіл болатын және құқық нормаларымен қамтамасыз етілген адамның белгілі бір кезеңдегі ісіне немесе тиісті игілікке ие болып пайдалануды айтамыз. Субъективтік деп аталу себебі: оның тек қалай пайдаланатыны субъектінің еркіне байланысты. "Бостандық" категориясы заңның "құқық" категориясына барабар. Заңды міндет — ол құқық нормаларымен алдын ала жазылып қойылған объективті қажеттілігі, құқық қатынас субъектісінің құқықты өкілеттік адам тілегіне лайықты сипаты. Заңдылық міндет белсенді, жағымды әрекет жасауымен қатар, қандай да болмасын әрекеттен тартынуы да мүмкін. Заңды мүдде түсінігі дегеніміз — ол заңмен белгіленген құқық пен бостандықтын мазмұнын қамтымайтын, бірақ мемлекет жағынан қорғалуға тиісті және құқық нормаларымен сақталатын жеке адамның қажетті талабы.

Қылмыстык-атқару кодексі сотталғандардың негізгі міндеттерін былай белгілеген:

1. Сотталғандар осы Кодекспен, өзге де нормативтік-


құкықтық актілермен және үкіммен белгіленген құкықтық
шектеулерден туындайтын талаптарды сақтауға міндетті.

2. Сотталғандар өздеріне белгіленген мінез-құлық ережесін,


жазаларды атқарушы мекемелер мен органдар әкімшіліктерінің
заңды талаптарын орындауға міндетті.

3. Сотталғандардың өздеріне жүктелген міндеттерді, сон-


дай-ақ жазаларды атқарушы мекемелер мен органдар
әкімшілігінің заңды талаптарын орындамауы Қазақстан Рес-
публикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке
әкеліп соқтырады.

Аталған міндеттер сотталғандарға жүктелген міндеттердің бір құрамдасы болып есептеледі. Негізгі міндеттер деп аталу себебі: олар жаза атқарып жатқандардың жаза түріне қарамастан барлығына таралады және сотталғандарға қойылатын маңызды талаптарын бекітеді. Сотталғандар міндеттерінің көпшілігі құқық нормаларында бекітіледі де жазаны өтеу тәртібін нақты түрде реттейді.

Сонымен қатар, әсіресе айта кетерлік жайт, ол сотталғандар жаза атқаратын мекемелер мен органдар әкімшілігінің кез келген талабын емес, тек заңдыларын ғана орындауы тиіс. Яғни алдын ала заңдарда негізделіп жазылған талаптар (Конституцияда, Қылмыстық-атқару кодексінде, заң күші бар Президент Жарлықтарыңда) және заңға негізделген нормативтік актілерде соның ішінде жазаны өткеру мен атқару тәртібіне байланысты; Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдері; ІІМ бұйрықтары, нұсқаулары, ережелері, өкімдері; Қорғаныс министрлігі шығаратын сотталған әскери қызметкерлердің жазаны атқару жағдайлары мен тәртібі жөніндегі нормативтік актілер және т. б. Бұл анықтама соттал-ғандардың құқықтық жағдайын білу үшін маңызы зор, себебі: ол сотталғандарға талап етілетін заң өрісін шектейді. Сотталғандар жүктелген міндеттерін орындау үшін оларға әр түрлі заң салаларында белгіленген санкция қолдану мүмкіндігі кепіл бола алатындығы (мысалы, жаза қолдану шаралары КазССР ҚАК-нің 72-бабында көрсетілген), жарлық құкықтың қандай саласына жататынына және ол адамның орындамағанына немесе тәртіп бұзғанына байланысты болмақ.

Сотталғандардың негізгі құқықтарына кіретіндер:



  1. Сотталғандардың сот тағайындаған жаза түрін өтеудін тәртібі мен жағдайлары, өздерінің құкықтары мен міндеттері туралы ақпарат алуға құқығы бар. Ақпаратты жазаны атқарушы мекеме немесе орган береді.

  2. Сотталғандар жазаны атқарушы мекеменің немесе органның әкімшілігіне, жазаны атқарушы мекемелер мен органдардан жоғары тұрған басқару органдарына, сотқа, прокуратура органдарына, басқа мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ адам құкығы мен бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға ауызша және жазбаша ұсыныстар, өтініштер жасауға, шағымдануға құқылы.

  3. Сотталғандар түсініктеме беруге және хат алысуға, сондай-ақ осы баптын 2-тармағында аталғанындай ана тілінде немесе өзі білетін кез келген басқа тілде ұсыныстар, өтініштер жасауға және шағымдануға, қажет болған жағдайларда аудармашының қызметін пайдалануға құқылы. Сотталғандарға жауап өтініш жасаған тілінде қайтарылады. Өтініш жасаған тілде жауап қайтаруға мүмкіндік болмаған жағдайда ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде немесе халықаралық қолданыстағы орыс тілінде беріледі. Жауапты өтініш жасаған тілге аударуды жазаны атқарушы мекеме немесе орган қамтамасыз етеді.

4.Сотталғандар адвокаттардың, сондай-ақ осындай көмек беруге уәкілетті басқа адамдардың заң көмегін пайдалануға құқылы.

5.Сотталғандар әлеуметтік қамтамасыз етілуге, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнет ақы алуына құқығы бар.

6.Қамауға немесе бас бостандығынан айыруға сотталғандар өздерінің денсаулығын сақтау үшін кажетті материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық қамтамасыздандырылу құқығын пайдаланады.

7.Соттың үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдарды қоспағанда, сотталғандардың мемлекеттік органдарды және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.

8.Жазасын өтеген және сотталуына байланысты атқарып жүрген қызметінен босатылған адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбекке орналасуға және тұрмыстық жағынан, әлеуметтік көмектің басқа түрлерін алуға құқығы бар.

9.Жазасын өтеп жүрген адамдардың қызметкерлер тарапы-


нан сыпайылық көру құқығы бар. Олар қатаң немесе адамшы-
лық қасиетін қорлайтындай жағдайға ұшыратылмауға тиіс. Сот-
талғандарға мәжбүрлеу шараларын заң негізінен өзгеше қол-
дануға болмайды.

  1. Қамауға, бас бостандығын шектеуге немесе бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктер өз мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдерімен және консулдық мекемелерімен, ал Қазақстан Республикасында дипломатиялық және консулдық мекемелері жоқ елдердің азаматтарының мүдделерін қорғауды өз мойнына алған мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен немесе оларды қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдармен байланыс жасауға құқығы бар.

  2. Сотталғандардың құқықтарын іске асыру тәртібі Қылмыстык-атқару кодексімен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік-құқықтық актілермен, Қазақстан Республикасы бекіткен мемлекет аралық шарттармен белгіленеді.

Мұнда Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексі ережелерінде Халықаралық-құқыктық актілер мен үлгілердің жазаны атқару саласындағы және сотталғандармен айналысу кезіндегі жарлық-бұйрық пен ұсыныстарын жүзеге асырудың жалпы бағыты бейнеленіледі. Сотталғандардың құқығы көпшілік таныған халықаралық құкық принциптері мен нормаларына және Қазақстан Республикасының халқаралық шарттарына негізделгендіктен, оның ұлттық заңдардан артықшылығы сонда болып отыр.

Мемлекет Халықаралық актілерге сәйкес қылмыскерді жазалай отырып, оның құқын қаншалықты жаза мақсатына жету үшін сонша дәрежеде шектеуі тиіс. Сотталғандар соттың айыптау үкімі заңды күшіне еңгеннен кейін де Қазақстан Республикасының азаматы болып қала береді, соған байланысты олардың түгелдей жеке басының ар-ождан конституциялық құқы сақталады. Бұл әр адамның ажырамас құкы және оны ешкім шектей алмайды.

Сотталғандармен айналысу — ол адам әрекетінің құкық нормалары саласындағы толық, әбден реттелгендерінің бірі. Құкық қорғау мен адамның бас бостандығына арналған барлық негізгі Халықаралық құкықтық актілер тәжірибеде оған айрықша кеңіл бөледі.

Мысалы, адам кұкының жалпыға бірдей Деклараииясынынң (1948 ж.) 5-бабы, Халықаралық азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт (1966 ж.) 7-бабы, азаптау және басқа да адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысын қорлап айна-\лысу және жазалау түрлеріне қарсы Конвенциясының (1984 ж.) 2-бабы, адам құқымен негізгі бостандыктарды қорғау туралы Еуропа Конвенциясының (1959 ж.) 3-бабы және баска да халықаралық құкық құжаттар азаптау мен мейірімсіздік қана емес, басқа да адамгершіліктен тыс түрлерін немесе адамгершілік абыройын қорлап айналысуға тыйым салады. Сотталғандардың бәрі бірдей және бар уақытта да режим талабын орындамайтыны сөзсіз. Осыған байланысты, жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың дербес қызметкерлеріне тиісті уәкілдік міндет жүктеледі, соның ішінде тәртіп бұзушыларға ескерту шарасын қолдану мүмкіндігі беріледі. Мұнда міндетті шарт — ол заңда шара мен процедураны бекіту болып есептеледі.

Сотталғандардың жеке басының қауіпсіздігіне құқы бар. Бірнеше Халықаралық құқықтық актілер (адам құқының жалпыға бірдей Декларациясы, адам құқы мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропа Конвенциясы, сотталғандармен айналысқандағы Ең аз үлгі Ережесі және т.с .с.) адамның негізгі құқын белгілей отырып, сотталғандардың бас бостандығынан айыру жағдайындағылардың қауіпсіздігінқкамтамасыз етудің жайын көрсетеді, жеке тұлғаның негізгі құқын бекітеді.

Жазаны атқарушы мекемелерде сотталғандардың жеке басының қауіпсіздігі сотталғандардың мінез-құлқын қадағалау, олардың өздерін, меншікті заттарын, жайларын, сәлемдемемен алған заттарын тінту мен тексерулер жүргізу, жедел — іздестіру жұмысы, сонымен бірге басқа да аталған ұйымдар әкімшіліктерінің түрлі әрекеттерімен қамтамасыз етіледі. Ерекше жағдайларда сотталғандар мен дербес қызметкерлердің қауіпсіздігін сақтау үшін түзеу мекемелерінде төтенше режим жағдайын енгізуге рұқсат етіледі (резин сойылы, қол кісен, жуасыту көйлегі, жас ағызатын газ т.с.с). Жеке бас кауіпсіздігін қамтамасыз етуге шара қолданудын заңды негізі ол сотталғанды шын қорқытып қауіп төндіруінен пайда болады. Қылмыстық құқықта қорқыту түсінігін сөзбен жеткізу немесе өзгеше тәсілмен басқа бір адамға қарсы ойын білдіруді айтады.

Сонымен қатар сотталғанға қорқытқаны жөнінде әр түрлі тәсілмен ескертіледі, яғни ауызша жеке өзіне, баска бір адамдар арқылы, жазбаша, ымдау арқылы, қару көрсету т.с.с. Сотталғанның жеке басына озбырлық жасаумен қатар, қауіп-катер төндірудің негізі баска да сотталғандардың, дәрежелі қызметкердің немесе бөтен біреудің заңсыз әрекеттері болуы әбден мүмкін. Сотталғанның жеке басына кауіп төнгенін қылмыстық жазаны атқаратын мекеме әкімшілігінің өз бетімен білуі мүмкін (мысалы, бақылау жедел-іздестіру шараларын жүргізген кезде). Сотгалғанның жеке басынын қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасының (формальды негіз) себебі болып сотталғанның жеке басы кауіпсіздігіне қатер төнгенін аныкта-ған қылмыстық жазаны атқаратын мекеме қызметкерінің (ауызша немесе жазбаша) өтініші есептеледі.

Сотталғанды қауіпсіз жерге ауыстыру міндеті қылмыстық жазаны атқаратын мекеме бастығына жүктеледі (мысалы, айып қапасына, карцерге т.с.с. немесе жеке басына қауіп тудырмайтын шаралар қолданылады). Көрсетілген негізде белгілі бір себептермен сотталғанды қауіпсіз жерге ауыстыру жаза болып есептелмейді. Мұндай сотталғандардың жолығуға, тағам және кажетті бұйымдар, сәлемдеме, тамақ, заттар алуға т.б. құқы сақ-талады. Сотталғанның кауіпсіз жерде қанша болатындығы заңда көрсетілмеген.

Сотталғанның қауіпсіз жерде болуын тоқтатудың негізі — оның жеке басына төнген қауіпті жағдайдың жойылуына байланысты.

Қылмыстық-атқару кодексі сотталғандарға ар-ождан бостандығы мен дін ұстану бостандығына кепілдік береді. Ар-ождан еркіндігінің жеке бастың демократиялық еркіндігіне қатысы бар. Ол қоғамдағы жеке адам жағдайын белгілейді және ол саяси, құқықтық нормаларда бекітілген. Діни сенім бостандығы Қазақстан Республикасы Конституииясына сейкес негізгі адам құқығының бірі болып танылады. Азаматтардың теңдігі туралы соның ішінде діни тұрғыдағы Конституция нормасын бұзу, яғни діни ұйымдардың қызметіне немесе діни ырымдарды жасауына заңсыз кесел келтіру қылмыс болып есептеледі және қылмыстық заңмен жазаланады. Сонымен бірге қылмыстық Және әкімшілік жауапкершілікті жоққа шығармаумен қатар, Қылмыстық-атқару заңы сотталғандардың ішкі ереже тәртібін бұзғандарына, діни ырымдарды сақтауда тәртіптік Жауапкершілік шарасын қолдану мүмкіндігін де қарастырған. Сотталғандар құқы мен занды талаптары бұзылғаны жөнінде Ұсыныс, арыз, шағым жібере алады. Сотталғандар кез келген мемлекеттік немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарына әр түрлі мәселелер, соның ішінде олардың субъективті құқы мен заңды талаптарына байланысты болмаса да, арыз немесе ұсыныс жіберуге хақы бар.

Азаматтардың жазаны атқару мен өтеуге байланысты емес арызы мен ұсыныстары тиісті хабардар органдарға жіберіледі. Ұсыныстар тек қана қосымша тексеру керек етпейтін болса бір ай мерзім ішінде қаралады, ал ол жөнінде ұсыныс жасаған адамға хабар етіледі. Арыз да бір ай ішінде қаралуы тиіс, ал ол тексеруді керек етпесе, онда кідіртпей, арыз түскен уакыттан бастап 15 күннен кешіктірмей жауап беруі керек.

Шағымның ұсыныс пен арыздан айырмашылығы — оны сотталғандар құқығы мен заңды талаптары бұзылғанда береді. Шағымды жазаны атқарып жатқан мекеме мен органның әкімшілігіне, немесе қарауға құқығы бар басқа да органдарға жібере алады. Ол ауызша да, жазбаша да айтылуы мүмкін. Жалпы шағым, арыз т. б. жазаны атқарып жатқан мекемелер мен органдардың әкімшілігіне жіберілгендер белгіленген мерзім ішінде қаралып қорытындысы немесе шешімі сотталғанға мәлім етіледі. Сотталғандардың сотқа, прокурорға немесе жазаны атқарып жатқан мекеме мен орган қызметін бақылауға хақы бар мемлекеттік органға жіберілген шағымды қарауға рұқсат етілмейді және бір тәуліктен кешіктірілмей (мейрам және демалыс күндері кірмейді) тиісті бағытталған жерге жіберілуі керек. Сотталғандардың жалпы немесе арнаулы өз міндеттерін нақтылы, дәл және сөзсіз орындауы оларды тәрбиелеудің қажетті де алғашкы кезектегі шарты. Заңды сыйлауға дағдыландыру әдетте тәртіпке және өзін ұстай білуге үйрету, тек қатал талап қойып және құкықтық талаптан шегінуден шығатын, жазаны атқару, яғни өтеудегі белгіленген режимді сақтамағаны үшін жаза қолданып отырудан пайда болады. Сотталған режимді бұзғаны үшін оған тәртіптік, матер-алдық немесе қылмыстық жауапкершілік шаралары қолданылуы мүмкін. Жауапкершіліктің нақты түрі құққк бұзудың мазмұнына оның қоғамға қауіптілігіне байланысты.

Сотталғанның іс әрекетінде тиісті бір құқық бұзудың құрамы болса немесе жауапкер іс-қимылымен нақты құкық нормасында көрсеткенді (қасақаналықпен болмаса абайсызда) бұзған болса сонда ғана жауап беру басталады.

Тыйым салынғанды бұзғаны үшін, яғни белгіленген ұстау режимінің міндеттерін орындаудан бұлтарғаны немесе әдейі міндеттерін орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілік басталады. Жалпы міндеттерін соның ішінде, тек қылмыстық-атқару құқық қатынастарының субъектісі ретінде сотталған-дарға тәртіп бұзбауды орындамағаны үшін де тәртіптік жауапкершілік басталады.

Тәртіптік жауапкершілік тек құқық нормаларына негізделген талаптарды ғана орындамағаны үшін болады. Туысқандарымен хат жазысып тұрудан бас тартқаны үшін т.с.с. тәртіптік жауапкершілікке тартуға болмайды. Тәртіптік жазаны қолдануды оған құқығы бар түзеу мекемелерінің лауазымды адамдарына ғана рұқсат етеді (мекеме бастығына, оның орынбасарларына, жасақ бастығына т.с.с.) Ал жаза қолдану шаралары, тек қылмыстық-атқару құқығы нормаларында көрсетілгендегідей болуы тиіс.

Материалдық жауапкершіліктің тәртіптіктен айырмашылығы — ол сотталғандар өздерінің заңға қарсы әрекеттерімен мемлекеттің мүлкіне зиян келтіргені үшін ғана басталады. Келтірілген материалдық зиян мөлшері соттың шешімімен түгелдей немесе жарым-жартылай өндіріледі.

Жалпы сот принципінен алынып тасталынса да қылмыстық-атқару заңы (егер де шығын еңбек-шарттың міндетін атқару кезінде немесе басқа да азаматтық-құқық бұзылған әрекетке жататын болса) шығынды төлеудің әкімшілік түрін белгілейді. Шығынды өндіріп алу, түзеу мекемесі бастығының дәлелді қаулысымен істеледі, бұлардың барлығы жауапкерге таныстырылып және ол оған кол кояды. Бұл қаулы туралы жауапкер жоғары бастыққа шағым етуге хақы бар, бірақ ол зиянды өндіріп алу қаулысының орындалуын тоқтатпайды.

Қаулы бұзылғаннан кейін егер де сотталғанның зиян көлемі еңбек ақысынан заңсыз ұсталған болса, оның дербес шотына жазылып, қайтарылады. Материалдық жауапкершіліктегі істеген шығын, тек қана табыс салығын, тамақ, киім, аяк киім бағасын және үкім қағазы сомасын толегеннен кейін қайтарылады. Егер де сотталған босатылып шығатын кезінде материалдық шығыны өтелмей қалса, онда түзеу мекемесінің әкімшілігі сотқа жалпы талап ретінде беруге хақы бар. Бұл жағдайда соттың шешімімен, заңда белгіленген тәртіппен материалдық шығын төлетіп алынылады.

Сотталғандардың ішінде жазаны атқару кезінде, тағы да Қылмыс жасап қылмыстық жауапқа тартылатын жағдай тәжірибеде жиі кездесіп тұрады. Жауапкершіліктің мұндай дәрежесі тек қана қылмыстың ауырлығынан, жауапкердің жеке басынан емес және тағы басқа жауапты жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларға байланысты болып келеді. Сот жаза тағайындағанда қылмыстың бұрынғы қылмыстық жазаны атқару кезінде істелгенін еске алуы тиіс. Бұл – жауапкершілікті ауырлататын жағдай, сондықтан еске алынып жаза қолданғанда бұрынғы жазаның жиынтығымен үкім шығарады.

Ал сот үкімі жаңа қолданған жазаға түгелдей немесе жарым-жартылай бұрынғы жазаның өтелмеген бөлігін қосады. Жаңа істеген қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адам бұрынғыдан қатал режимді колонияға немесе түрмеге жіберіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет