1 тапсырма Металл, диэлектрик және жартылай өткізгіштердің негізгі физикалық қасиеттері материалдардың қасиеттерінен құрам мен алу технологиясының әсер ету заңдылықтарын жеңілдетіп түсіндіру үшін мақсатты түрде қарастырылады



бет1/7
Дата12.10.2023
өлшемі61.3 Kb.
#480546
  1   2   3   4   5   6   7
1 тапсырма


1 тапсырма
Металл, диэлектрик және жартылай өткізгіштердің негізгі физикалық қасиеттері материалдардың қасиеттерінен құрам мен алу технологиясының әсер ету заңдылықтарын жеңілдетіп түсіндіру үшін мақсатты түрде қарастырылады.
Практикалық қызығушылығы көп материалдардың қасиеті, сондықтан жартылай өткізгішті электротехникада қолданылатын неғұрлым маңызды материалдар үшін қасиеттерді қарастырамыз. Бұл қасиеттер тобын келесі үлгілермен классификациялауға болады.


1.1-кесте. Жартылай өткізгіштердің, диэлектриктердің және металдардың негізгі физикалық қасиеттері



Қасиеттер класы

Аталған қасиет класындағы негізгі құбылыстар мен үдерістер

1. Электрлік қасиеттер

Заряд тасымалдаушылар қозғалысы мен олардың өзара және ортамен әсерлесуі

2. Электрооптикалық қасиеттер

Оптикалық сәулелердің генерациясы мен тіркеуі (қармалуы), орта мен түрлі өрістермен өзара әсерлері, электрлік және оптикалық дабылдарды өзара түрлендіруі

3.Электроакустикалық қасиеттер

Акустикалық тербелістердің генерациясы мен тіркелуі (қармалуы), электромагнитті энергияның серпімді толқынға түрленуі

4. Магниттік қасиеттер

Магнетизм түрлерінің пайда болуы. Магнитті моменттердің электрондармен, қозғалатын электрлік зарядтармен және ортамен өзара әсерлесулері.

5. Жылулық қасиеттер

Атомдар тербілісі (фонондар қозғалысы), олардың бір-бірімен және ортамен әсерлесулері

6. Механикалық қасиеттер

Серпімді және пластикалық деформация

Жалпы жағдайда материалдар қасиеттері 3 сипаттамаға:


1.Химиялық байланыстар табиғатына;
2.Химиялық құрам және фазалық күйге;
3.Атомдық құрылымдардың туынды дәрежесіне тәуелді.
Құрылымдық ақаулардың қасиеттеріне эффективті әсері бойынша қасиеттерін былай топтауға болады:
а) құрылымдық – сезімтал емес қасиет – табиғатымен және химиялық байланыс беріктігімен анықталынатын құрылымдық дефектілерге практикалық түрде тәуелсіз немесе аз мөлшерде тәуелді;
ә) құрылымдық сезімтал қасиет – құрылымдық ақаулардың әсерінен, олардың түрлері және концентрациясы әсерінен айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Бұл қасиеттер бөлшектер немесе квазибөлшектердің – атомдар, электрондар, фонондар, дәннің шегі, магнитті және электрлік домендер және т.б. орын ауыстыруымен күшті өзгеріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет