|
1. Технология. Макроскопиялық, микроскопиялық және нанометрлік объектілер. Нанотехнология.
Наномотордың принципті сызбасы.
Технология дегеніміз – бұл өнім шығару процесінде материалды өңдеу, жасау, оның қалпын, қасиеттерін, формасын өзгертуге арналған құралдар мен әдістерінің жиынтығы. Оптикалық құралсыз көзге көрінетін объектілер макроскопиялық (macro – үлкен) деп аталады.Макроскопиялық денелер көптеген атомдардан құрылады, мысалы
тас балта немесе авиалайнер. Кесе, балта мен орындықты жасау технологиялары – бұл макроскопиялық дүниенің технологиялары
Микроскопиялық объектілер (micro – кішкентай) деп 1-100 мкм мөлшерлі объектілер аталады. 1 мкм=10–6 м=0,0001 см. Биологиялық клетка, қанның эритроциты және т.т. – бұл микродүниенің
объектілері.
Нанометрлік объектілер (nannos – карлик, торбық) деп 1-100 нм мөлшерлі объектілер аталады. 1 нанометр=1 нм=10–9 м.
Н анотехнологиялар дегеніміз – бұл нанометрлік мөлшерлері бар материалдарды, құрылғыларды және жүйелерді жасау және қолдану. Нанотехнологиялар атомдық және молекулалық мөлшерлі объектілермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Төмендегі суретте осы құрылғының принципипті сызбасы көрсетілген. Бұл суреттегі наномотордың статоры қозғалмайтындай етіп бекітілген.Келесі екі қабат ротор болып келеді.Статор мен ротор бірге айналу наноподшипнигін құрайды.Қабаттардың шетіндегі зарядтар химиялық адсорбция кезінде алынуы мүмкін және наномоторды электрлік өріс арқылы басқаруға көмектеседі
4.Құрылым.Наноқұрылымды материалдар. Нанокомпьютерлер туралы түсінік.
Наноэлектроника қазіргі таңда жаңа есептегіш техника – нанокомпьютерлер шығара бастады.
Нанокомпьтерлер, айтып кететін бір жайт, әр түрлі бағытта дами түседі және оның генетикалық, молекулалы-биологиялық т.с.с. түрлері болады. Соның бірі кванттық есептеулер теориясынан пайда болатын құрылғы – кванттық компьютерлер.
|