Мажирова А. «Экономикалық зерттеулер институты» Әлемдік құлдырау: соның ішінде жүрміз ба, әлде оған жеткен жоқпыз ба?



Дата19.07.2016
өлшемі55.51 Kb.
#208917
Мажирова А. «Экономикалық зерттеулер институты»
Әлемдік құлдырау: соның ішінде жүрміз ба, әлде оған жеткен жоқпыз ба?
2007 жылдың тамыз айында басталған қаржылық дағдарыс әлі күнге дейін өз басқыншылық қадамымен әлем бойынша жүріп келеді. Дағдарыстың әсері тиген жағдайлар несиелік нарыққа көп әсерін тигізді. Ұлыбритания банктері 2008 жылдың 6 қарашасында қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 1,5 % -ға дейін төмендетті. Олардың ойынша осы жылғы дағдарыс бұрынғыға қарағанда қатты болды дейді, 1929-33 жылдардағы әлемдік дағдарыс бұған қарағанда әлдеқайда әлсіз болды. Сонымен қатар,тағы айтып кететін жайт, көптеген эксперттердың ойынша әлемдік қаржылық дағдарыс бірнеше жылға созылатын экономикалық дағдарысқа ұласты. Егер бұрын үкімет қаржылық секторды құтқарса, енді экономика секторын құтқару керек болады.

Сондықтан Үкімет мына сұраққа жауап беру керек: дағдарыстың масштабы мен ұзақтылығы қанша мерзімді құрайды? – және қандай шара қолдану тиімдірек болады. Егер әлемдік экономика циклдық құлдырауды басынан кешірсе, онда жұмыс жасайтын қаржылық жүйе саласында стандарттық шара қолдану керек. Егерде бүкіл әлемді экономикалық құлдырауға әкелетін жүйелік дағдарыс орын алса, онда қаржылық жүйені ауыстырып, жаңа қаржылық жүйе енгізуге және уақыт жеңуге байланысты стандарттық жүйені тактика жүзінде ғана қолдану керек.



Кімге сену керек?

Қазіргі таңда дағдарысқа кәсіпқой болжам беретін экономикалық бірнеше ақпарат көздері бар.:



  • ӘВҚ, Әлемдік банк секілді әлемдік қаржылық жүйе институттары;

  • Орталық банктер мен экономикалық блок министрліктері;

  • Экономика бойынша тәуелсіз зерттеулер институты;

  • Өз атынан әрекет жасайтын атақты ғалымдар.

Ұлттық деңгейдегі институттар ұлттық мекемелермен құралатын жаһанды жобалау есебімен өз елінің макрокөрсеткіштерін ғана болжайды. Бұл ұлттық институттар әлемдік қаржылық жүйенің негізгі компоненттері болып табылады, сондықтан олар дағдарыс жағдайын толығымен нақты талдай алмайды. Егер жұмыс жасап жатқан модель сақталған жағдайда, осы институттардың ақпараттарына сүйенген жөн. Егерде осының нәтижесінен түк шықпаған жағдайда басқа да ақпарат көздерін қарастыру керек.

Бұл берілген тезистер ӘВҚ әрекетімен дағдарыс басталған уақыттан бері дәлелденіп келеді.

Алдыңғы жылдың қыркүйек айында қаржылық институттарда бірінші проблемалар туған кезде, ӘВҚ-дың директоры Родриго де Рато «Әлемдік нарықтағы пайда болған дағдарыс алдағы уақыттағы бірнеше аптадан кейін тоқтатылады», деп айтқан болатын. Бірақ бұл сөзге қарама-қайшылық жағдай қалыптасты, яғни алдағы 15 ай ішінде жағдай тым төмендеп кетті, яғни АҚШ елінің 25 банктері банкротқа ұшырады. 2008 жылдың мамыр айында ӘВҚ-дың болжамы бойынша «Әлемдік несиелік дағдарыс 2008 жылдың аяғына дейін созылады» деген болжам әлі күнге дейін созылып келеді. Әлемдік нарықтағы қозғалыс турбуленттілігі нақты болжам жасауға кедергі тигізеді. 2007 жылдың желтоқсанында ӘВҚ басшысы Доминик Стросс-Кан мынандай болжам берді, «АҚШ пен Еуропадағы экономикалық өсудің әлсізденуі өз мойнына масштабтық ерекшелікті мойнымен көтермейді», бірақ олардың өсу темптері сонда да төмен болады. Алайда қазіргі таңда барлық ақпарат көздерінде хабарлағандай, III және IV экономика кварталдарда АҚШ және ЕО кері көрсеткіштерді көрсетті. Сонымен де, екі қарапайым критерияны қарастыруға болады:


  1. ӘВҚ-ға қарағанда нақты болжамды жүзеге асыратын зерттеушілердің көніліне назар аудару керек.

  2. Қалыптасқан дағдарысты ертерек болжаған жағдайда ақпарат көздері тиімді әрі сапалы болады делінен.

Зерттеу орталықтарының арасында, ақпарат көздеріне басылған болжамдардың ішінде сәтті болып шыққан CEMI-EHESS орталықтарының қорытындысы, ол кезде ӘВҚ, дағдарыс бітуге жақын деп жариялаған болатын. Осы болжамға сәйкес, АҚШ және ЕО экономикасына жағымсыз әсер беруі мүмкін. Француздық зерттеушілердің ойынша дағдарыстың бәсеңдеуі 2010 жылдың аяғына қарай байқалады делінген. Сондықтан, «жақсы қалыпқа келу сценарилары, алдағы уақытта мүмкін емес» - деп бекітеді CEMI-EHESS. Ғалымдар арасында нақты болжам жасаған Джонатан Теннебаум[10], Линдон Ларуш[11], Джозеф Стиглиц[12], Михаил Хазин[13] и Сергей Егишянц [14].

Олардың барлығы 5-7 жыл аралығында әлемдік экономика әлемдік экономиканы әлемдік құлдырауға әкелетін экономикалық дағдарыс қаржылық дағдарыстан басталады деп қорытынды жасаған болатын.



Не істеу керек?

Дағдарыс басталғаннан кейін Қазақстанның экономикалық үкіметтері жағдайды одан әрі жақсартуға тактикалық шаралар қолдануға тырысты. Мақсатқа қол жетерліктей болды, алайда жағдай келесі этапты жүзеге асыруды қажет етті, яғни стратегиялық шараны қолдануды.

Экономикалық хабарлар қор нарығындағы көніл күйге көп көніл болды. S&P мәліметтері бойынша әлемнің халықаралық қор биржасы қазан айында рекордтық $5,79 трлн. соманы құрады. Соның ішінде ашық құлдырау көзіне түскен General Motors компаниясы. Орташа есеппен есептегенде қор нарығындағы индексі өз құнының 30-40% - ын жоғалтты. Валюта нарығы да инвесторларын қорқынышын сезген болатын. Осы нарықтың өзінде түсініспеушілік жағдайлар көп болды. Американдық экономика жағымсыз көрсеткіштер көрсетуіне қарамастан, доллар бағамы 15-20% - бен барлық валютаға өскен болатын. Ол несие нарығының күйреуіне байланысты доллардың техникалық жетіспеушілігін құруымен байланысты.

Казіргі американдық экономикаға көмек көрсету бағдарламаларының жалпы құны $7,4 трлн. – ға жетті[15]. Осыған орай, барлық суммалар қаржылай қолдауға бағдарланған, яғни барлық ақшалар тауар массасын құруды қамтамасыз етуге емес, керісінше касса жетіспеушілігі мен шығындарын жабуға бағдарланған. Осыған орай, 2010 жылдың аяғына қарай осындай жағдай тууы мүмкін: егерде берілген ақша массасы валюта нарығында қаптап кетеді, осыған орай инвесторлар резервы қатып, доллар бағамы жаңа тарихи ең төменгі шаманы көрсетуң мүмкін.

Қазақстан Үкіметінің антидағдарыстық шараларына қайта оралсақ, қаржылық секторларына қолдау көрсетіп отырған батыс елдерінен айырмашылығы, Қазақстанда көмек көрсету экономиканың барлық секторларына бағдарланған. Осыған орай, қолдау көрсетудің жалпы құны 2,4 трлн. тенге, немесе $20 млрд. тенгені құрап отыр. Бағдарлама 2009-2010 жылдарға есептелген. Бірақ бірнәрсені еске сала кеткен жөн. Біріншіден, банктер екі жыл ішінде $25 млрд.сомасындағы ішкі займды қайтару керек. Екіншіден, экономикада дағдарысқа дейінгі қажеттіліктер көп болған еді. Барлық бағдарлама ағымдағы жыл деңгейіндегі жағдайды ұстап қалу үшін арналған. Егер бұл бағдарлама болмаған жағдайда экономиканың жағдайы 2008 жылмен салыстырғанда төмендеп кетуші еді. Сондықтанда, осы бағдарламаларды іске асыру жауапкершілігіне сүйену керекпіз. Бірақта, бағдарлама тек екі жылға есептелген болатын. Егерде дағдарыс шынымен де циклдық болып жатса, онда қолданылатын шараларды стратегиялық тұрғыда қарау керек. Ал егерде дағдарыс жүйелі болып табылса, онда бұл шаралар тактикалық болып саналады, ал стратегия ретінде әлемдік дағдарыс үрдісінің ерекшелігін есепке алатын қаржылық жүйенің жаңа моделін құруды қарастырады.

Дамыған елдерді алып қарайтын болсақ, олар үшін антидағдарыстық рецепт деген ұғым жоқ, өйткені дағдарыстың кілтінің себебі – үстеме тұтыну. Дамыған елдер халқы, әсіресе АҚШ елі ақша табуға қарағанда, керісінше көп тұтынуға қабілетті. Казіргі таңда ағымдағы деңгейдің өзінде үстеме тұтынуды ұстап отыруғв күш жепейді.

2008 жылдың қыркүйек айында қаржыландырудың ішкі көзіне сүйенетін қаржылық жүйенің нұсқасы ұсынылған болатын. Модель үш айлық зерттеу нәтижесіне бағдарланған, яғни «Әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайындағы экономиканы тиімді басқару мәселелері». Айтып кететін бір жайт, бұл модель дағдарыс тематикасы бойынша әлемдегі ең мықты эксперттердің бірі, 7-8 жыл бұрын ағымдағы дағдарысты болжаған әйгілі экономист Михаил Хазиннің қолдауын алған болатын.

Соныменде, адамдардың табиғи бейімделуі – жақсыға сенуі, ұсынылған модель экономикалық шешім қабылдауға қатынасы барлармен қаралатынына бізді сендіруге мәжбүр етеді, яғни Қазақстан осы дағдарсыты басынан кешіп ғана қоймай, осы дағдарысты қолдана отырып, күшейе отырып жаңа биәктәктерге ұмтылу керек.

 
 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет