52
ККЖ
ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
7. Қауіпті материалдар, сондай-ақ
төгіндіні болдырмау және тойтару
7.1 Жалпы мәлімет
Қауіпті материалдармен жұмыс істеу, төгілуін болдырмау,
тойтару және есеп беру үшін әрбір ККЖ қызметкері мен мердігер
ұйымы жауапты. Бұл бөлімде төгінді
орын алған жағдайда оны
болдырмау және тойтару бойынша негізгі тапсырмалар мен
процедуралар сипатталған. Жіті мәлімет пен тиісті процедуралар
ККЖ ЭЕӘ, ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ пен апатты жағдайды басқару
бөлімдерінің Share Point сайтында берілген.
Мердігер ұйымның отынды дербес қамтамасыз ету
стратегиясына қатысты талаптар 8-бөлімде берілген.
Төгінділер мен жоспарсыз таралудың ұзақ мерзімді және зиянды
әсері болуы мүмкін, атап айтқанда:
f
Қауіпсіздік техникасы тұрғысынан әсері-жарақат, өрт, жарылыс
f
Қоршаған ортаға әсер - су
немесе топырақтың ластануы,
жануарлардың жарақаттануы немесе өлімі
f
Активке әсері - өнімділікті жоғалту, жабдықтың жоспардан тыс
тоқтап қалуы
f
Адам сағат санын жоғалту-алаңда
жоспардан тыс жөндеу
жұмыстары (цехтағы жоспарға сәйкес жөндеу жұмыстарына
қарама қайшы)
f
Қосымша шығын- тазалау, сынама алу,
тасымалдау, қалпына
келтіру, зерттеу-тергеу жұмыстары
f
Құқықтық тұрғыдан әсері- айыппұлдар, ұйғарымдар
f
Бедел- Компания беделіне нұқсан келтіру.
Төгіндіні
және оқиғаны болдырмау, ол орын алғаннан кейін
артынан тазалаумен салыстырғанда әлдеқайда қарапайымдау,
шығыны аз және тиімдірек болып табылады. Бұл бөлімде
аталмыш іс-әрекеттерді қалай
орындау керек екендігінің
нұсқаулығы / талабы берілген.