1 теңіз кен орнындағы ккж экология, ЕҢбекті қОРҒау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі


Кесте 15. Жанармай құю алаңы мен екінші қорғаныс қабатына



Pdf көрінісі
бет45/71
Дата10.09.2024
өлшемі4.32 Mb.
#503531
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   71
FB20180194-001 TCO ELC Field Handbook KAZ FINAL crops

Кесте 15. Жанармай құю алаңы мен екінші қорғаныс қабатына
 
қойылатын талаптардың сипаттамасы
Шекті көрсеткіштер
Салдарды азайту шаралары
Мердігер тәулігіне >100 көлікке 
жанармай құяды; немесе
құрылыс жұмыстарының бір 
жылдан астам уақыт бойы тұрақты 
бір жерде жүргізілуі (мысалы ҮБЗ/
ШГАҮБ); немесе
қотармалы резервуарынан 
жанармай құю.
Жанармай құятын орын бетон 
төсемімен қамтамасыз етіледі.
Жанармай құю алаңы айналасында 
жинағыш/коллектор қамтамасыз 
етіледі. 
Үнемі босатылып тұратын 
судан майды айырғыш немесе 
тұндырғыш қамтамасыз етіледі.
Құрылыс жұмыстарының бір жылға 
жетпейтін уақыт бойы тұрақты бір 
жерде жүргізілуі.
Жанармай құятын жерде қиыршық 
таспен үйілген су өткізбейтін төсем 
қамтамасыз етіледі.
Құрылыс жұмыстарының бір 
жылға жетпейтін уақыт жүргізілуі, 
және жанармай құю тұрақты бір 
жерде іске асырылмаса (мысалы: 
жұмыс алаңындағы жылжымалы 
жанармай құю жабдығы).
Жанармай құю кезінде май 
жинағышты пайдалану.
8.4 Жанармай құю жұмыстары
Мердігер жанармай құю жұмыстары бойынша келесі талаптарды 
орындауы тиіс:
f
Егер үнемі алаңдағы арнайы белгіленген жерде орындалатын 
болса, жанармай құю жұмыстары бетон төсемінің үстінде 
немесе су өткізбейтін тығыз құрылымның үстінде іске 
асырылуы тиіс.
f
Қозғалтқышы іске қосулы техниканың және жабдықтың 
жанармай багына жанармай құюға тыйым салынады.


73
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
f
Құрастырмалы бұйымдардан, бөлшектерден және байланысу 
жерлерінен жанармай ағып тұрса немесе бензин айдауыш 
бүтін болмаса немесе бүлінген болса оны қолдануға 
болмайды.
f
Жылжымалы резервуарлардан жанармай құю кезінде 
тамшыларға арналған науаны пайдалану.
f
Мердігердің жанармай құю операторлары бүкіл процесті 
бақылаулары қажет. Жанармай құю пистолетін орнына қою 
кезінде (шүмегін жоғары қаратқан кезде) төгілуді болдырмас 
үшін мұқият болу қажет.
f
Жанармай құю құбыршегі біртұтас ешбір жалғануларсыз болуы 
қажет.
f
Жанармай құю пистолеттері мен құбыршектер қосылыстары 
тез жалғанатын муфта және фиттингтер түрінде жасап 
шығарылуы тиіс. Бұрандалы қосылыстарды қолдануға рұқсат 
етілмейді.
f
Көліктің, агрегаттың немесе жабдықтың багының шамадан 
тыс толуын болдырмау үшін жанармай құю пистолеттері 
автоматты айырғышпен жабдықталуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет