1. Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз



бет14/47
Дата12.04.2023
өлшемі181.56 Kb.
#472102
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47
Suraktar-2023 2

38. Жүйнек қаласы туралы не білесіз?
Жүйнек қала орны – Қазақстандағы көне қаланың орны, атақты ақын Ахмет Жүйнекидің туған қаласы. Түркістан ауданында, Іркемсай (Еркемсай) өзенінің жағасында орналасқан. 1970 жылы Отырар археологиялық экспедицияда (жетек. К.А. Ақышев) зерттеген. Қаланың тарихы 2 мыңжылдықты қамтиды. Оның төменгі қатпары біздің заманымыздың 1-ғасырынан мағлұмат береді. Бертінгі орта ғасыр кезеңінде бұл өңірде Жүйнек қонысы ірге тепкен, бұл қоныс жайындағы дерек 16 ғасыр жазбаларында кездеседі. Ежелгі қаланың үштен бір бөлігін су шайып кеткен. Су шайған жарлауыттан мәдени қабаттар ізі аңғарылады. Қабат ауқымы 10 – 12 метр. Судан аман қалған қала орны сопақша төбешік болып жатыр, биіктігі 10 метр. Қала қақпасы оңтүстік қорған қабырғаның орта тұсында болса керек, құлап жатқан жалдың ені 10 метр. Төбешіктің өлшемі: оңтүстік-шығыс жағы 70 метр, шығыс жағы 150 метр. Табылған керамиканың ең байырғылары – саз қамырға құм мен шамот қосып, қалыпсыз жасаған үшбұрышты, ернеуі сыртына қайырылған тостағандар, ернеуі үшкілденіп келген кең мойын құмыралар болып табылады. Құмыралар қызғылтым және қошқыл қызыл ангобпен сырланған, қызыл-қоңыр ангоб қаптырып, жылтыратылғаны да кезігеді. Ақ ангоб үстінен мөлдір бояу жалатқандары да бар. Нақыштары көгеріс өрнек ырғағында жасыл, қоңыр, қызыл және сары бояумен сырланған. Табылған заттар Қазақстанның Археология музейінде сақтаулы.[1][2]


39. Иқан қаласы туралы әңгімелеңіз
Е.И.Агеева мен Г.И.Пацевичтердің 1951ж. монографиясында қалашықтың бүлінбей тұрған кезіндегі жоспары мен топотүсірілімі бар. Жоспарда төбенің оңтүстік-шығыс жағында цитадельдің қалдықтары сақталған. Қазіргі таңда төбе өлшемдері солтүстік жағы -200м, ОБ-210м, ОШ-240м, СБ-85м. Төбенің жалпы ауданы 4,6га. 1947ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық эскпедициясы (А.Н.Бернштам) зерттеген. 1999 жылы Түркістан археологиялық экспедициясы (М.Қ.Тұяқбаев) екінші рет зерттейді. Шахарістанына үш барлау қазбасы, цитаделіне екі барлау қазбасы түсірілді. Цитаделдегі қазбаның біріншісі 3 құрылыс қабатынан тұрады, көлемі 2,5х2м, екіншісі 6 құрылыс қабатынан тұрады, көлемі 4,5х2м. Алайда, шурфтар ІХғ. деңгейінен әрі қарай қазылмады, себебі төменгі қабаттар тоқтаусыз ағып тұрған дренаж құдығының кесірінен лай-батпаққа айналып кеткен. 1994 жылғы «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресінің» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жинағына №631 санды нөмірімен енгізіліп мемлекет қарауына алынған. Жалпы жер көлемі 4,7 га.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет